«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Руханият

МЕН БІЛЕТІН МӘЛІК МҰҚАНОВ

Мақтаныш үшін айтқалы отырған жоқпын, журналистика саласында 52 жыл қызмет істеген кезеңде менің де алдымнан талай жас өтті. Солардың арасында бірден оза шауып, төске ұрғандар да болды, үйірінен адасқан қаздай қайда келгенін түсіне алмай тәжірибесі толысып, пісіп-жетілгенше газеттің ауыр да күрделі қызметінің ғажабынан гөрі азабын көбірек тартқандар да кездесті. Осындай сәттерде менің ойыма көп жыл …

МЕН БІЛЕТІН МӘЛІК МҰҚАНОВ Read More »

Басқармада – жаңа басшы

Облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және ар­хив ісі басқар­ма­сын енді Ержан Құлымбетов басқарады. 39 жастағы Ержан Мей­рам­бек­ұлы Қызылорда қаласында дүние­ге келген. Ресейдің Мәскеу қаласын­­да­ғы театр өнері универ­ситетін ак­тер­лік шеберлік маман­дығы бойын­ша тамамдаған. 2008-2010 жыл­дар ара­лығында Италияның Ми­лан қа­ласындағы му­зыкалық театрда тә­жі­­ри­бе жина­ған. Еңбек жолын 2005 жылы Бай­қоңыр қала­сындағы Мәде­ниет са­райында музыкалық сүйемел­деуші болып бас­тады. Түрлі жыл­дары …

Басқармада – жаңа басшы Read More »

Мәскеуліктер ықыласы

Ресей астанасы Мәскеуде “ГИТИС – шеберлік сағаты” деген атаумен ТМД елдерінің театр фестивалі ұйымдастырылды. Өнер салтанатына қатысушылардың арасында – облысымыздағы Ермек Серкебаев атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттың оқушылары да болды. Талантты студенттер Мәскеуге жазушы Мұхтар Әуезовтің әңгімесі бойынша сахналанған “Қорғансыздың күні” спектаклін апарған. Қойылымда ойнайтын әртістердің жасы 18-де. – “Қорғансыздың күні” – психологиялық шығарма. Туынды …

Мәскеуліктер ықыласы Read More »

ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ ТӨЛ НЫШАНЫ

“Абылай хан резиденциясы” музей кешенінде “Теңге – тәуелсіздік келбеті” деген атаумен Ұлттық валюта күніне арналған жылжымалы көрме ашылды. Шараға қатысқан Ұлттық банктің облыстық филиалының мамандары мен еңбек ардагерлері төл теңгеміздің тарихына жан-жақты тоқталды. Облыстық мәдениет, тілдерді да­мыту және архив ісі басқармасы бас­шысының міндетін атқарушы Ер­нияз Сұлтан Ұлттық валютаны енгізу ел экономикасының қалыптасуы­ның алғышарты екенін айта …

ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ ТӨЛ НЫШАНЫ Read More »

ОТАРЛАУҒА ҚАРСЫ КҮРЕС

ХІХ ғасырдың алғашқы ширегінен бастап жер мәселесі қазақ қоғамында ең күрделі жайтқа айналады. 1819 жылы Уәли хан қайтыс болады. Яғни Ресей патшалығы хандық билікті жояды. Кейін бұл тарихи оқиға қазақ сахарасында толқулар туғызады. Патша әкімшілігі қазақ даласына біртіндеп тереңдей түсуді жеделдете отырып, оны жаулап алу бойынша белсенді саясат жүргізуге кірісті. Бұл Қазақстан аумағында әскери бекіністер, …

ОТАРЛАУҒА ҚАРСЫ КҮРЕС Read More »

АРНАЙЫ ҚЫЗМЕТТІҢ АРЛАНДАРЫ

Петропавлда толықметражды “Бүркіт” фильмінің тұсаукесері өтті. Туындының режиссері – Данияр Ибрагимов. Арнайы жасақтың жұмысы көрсетілген  фильмді тамашалауға Ұлттық ұлан академиясының курсанттары мен офицерлері және әскери қызмет ардагерлері шақырылды. Бұл кинокартина Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша  Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қаржыландыруымен түсірілген. – Ұлттық ұлан академиясы – Қазақстан Қарулы күштері және “Бүркіт” сияқты ерекше …

АРНАЙЫ ҚЫЗМЕТТІҢ АРЛАНДАРЫ Read More »

Байырғы атаулардың сыры

Дәстүрге сай оқырмандарымызбен кездесу үшін Айыртау ауданына арнайы бардық. Алғашқы кездесу Саумалкөл ауылындағы №2  мектеп ұжымымен өтті. Облыстық газеттің журналистерін құшақ жая қарсы алған білім ошағының ұстаздары мектептегі жақсы жаңалықтарымен бөлісті. Бұл мектептің аралас мектепке айналу тарихының куәгерімін деп әңгімесін бастаған директор Раушан Тілеубаева: “Әр қақпаны қағып жүріп, мектепке қазақ балаларын жинадық. Өз ана тілінде …

Байырғы атаулардың сыры Read More »

КӨРЕРМЕН КӨҢІЛІНЕН ШЫҚТЫ

Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды драма театры “Кукарача” спек­таклін көрермендер назарына ұсын­ды. Грузин жазушысы Н.Дум­бадзенің кейіпкерлерін қазақша сөй­леткен Барзу Абдуразза­ковтың ре­жиссерлігімен сахналанған “Кукара­ча” қойылымындағы тоғыз әртістің өнері көпшіліктің көңілінен шықты. – Осы жылдың шілде айында Гру­­зия мемлекетінің Озургетти қа­ласын­да өткен Нодар Думбадзе атындағы IV халықаралық театр фестивалінде “Кукарача” спектак­лімен қанжыға­мыз­ды майлап, “Ең үздік интерпре­та­ция” аталымында …

КӨРЕРМЕН КӨҢІЛІНЕН ШЫҚТЫ Read More »

Сәбең сыйлаған қалам

Облыстық тарихи-өлкетану му­зейінде ақын Ғалым Малдыбаевтың қаламы бар. Аталмыш жәдігерді қа­ламгердің баласы Шашубай Мал­дыбаев табыстаған. Әкесінің жазу үстелі басында қа­лам ұстап, қағазға қарап отырған сәт­тері әлі күнге дейін Шашубай аға­мыз­дың көз алдында. Өмірінің соң­ғы жыл­дарын Сергеевка қаласында өткізген Ғалым Рахметұлы бір бөлмені жеке жазу кабинеті етіп, шығармашылық кезеңдерін өткізді. – Музейге 1984 жылы табыста­ған қаламның …

Сәбең сыйлаған қалам Read More »

Өнерлі балғындар

Ұлттық қазынамыздан нәр алып, бабадан жеткен құнды мұрамыздың қадіріне жетпеген адам тамырсыз терек сияқты. Тамыры тереңге кет­пеген ағаш табиғаттың қандай сы­нына да әлсіздік танытып, құлап қалады. Өз ұлтының тілі, дәстүрі, му­зыкасын танымаған жан да осындай күй кешіп, кез келген ағымның жетегінде кетіп, бір орында нық тұра алмайды. Өкінішке қарай, өткен ға­сырда қазақ халқының басына түс­кен …

Өнерлі балғындар Read More »

Елін сүйген ер Баян

“Батыр Баян” поэмасы – бізге көп дүние үйретіп, өмірдің мәнін аша­тын туынды. Бұл поэма арқылы жас­тық­тың албырттығын, сезімнің со­қыр­лы­ғы мен ақылға бағынбай­тын асау­лығын, ашу мен ақылдың, сана мен сезімнің таласын, әрі көз­сіз ерлікті көреміз. Поэма сюжеттік жа­ғынан эпостық жырларға өте ұқсас. Реалистік не­гізде жазылған поэма­ны Мағжан та­биғатпен үн­дестіре бізге әсерлі жет­кізе алды. Бір қара­ғанда қызықты …

Елін сүйген ер Баян Read More »

Көкпарды каска киіп тартса қайтеді?

Биыл жазда Қызылжар ау­данында ұлттық спорт түр­лерінен ұйымдастырыл­ған сайыс көпшіліктің есінде бо­лар. Көкпар бәсекесінде оқыс жағдайдың орын алғандығын ұмы­та қойға­ны­мыз жоқ. Тайынша мен Аққайың аудандарының көкпар құрамасы ойыншыла­рының арасындағы тартысты бәсе­кеде небәрі 22 жастағы Заманбек Ер­меков есімді жас көкпаршы қаза тапты. Осынау қайғылы оқиғаның ас­тары­нан көпшілікті алаңдатқан түйткілді мәселенің төркіні қылаң береді. Көкпар – көшпенділердің …

Көкпарды каска киіп тартса қайтеді? Read More »

ҰЛПАН — ЕЛДІҢ АНАСЫ

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрында заңғар жазушы Ғабит Мүсіреповтің романы негізінде сахналанған “Ұлпан” спектаклінің премьерасы өтті. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Болат Ұзақовтың режиссерлігімен сахналанған қойылым “Ерді кебенек ішінде таны” дейтін халық даналығынан туған дарқан мінез, нағыз ерді ардақтау арқылы елдіктің іргесін бекіткен, халқының ризық-берекесін қарақан басының бақытынан артық санаған ақылды, дана, дегдар әйел …

ҰЛПАН — ЕЛДІҢ АНАСЫ Read More »

“АРЫСТАРЫМЫЗДЫҢ ЖАРЛАРЫ ЖАЙЛЫ ЖЕКЕ ФИЛЬМДЕР ТҮСІРІЛУІ ТИІС”

Алаш ардақтысы Темірбек Жүргеновтің 125 жылдығына орай өңірімізде ұйымдастырылған Қазақстан драма театрларының республикалық фестиваліне алыс-жақын облыстардан есімдері елімізге белгілі актерлер келді. Солардың бірі – “Мағжан” қойылымында Гүлсімнің, “№37”-де Зейнептің рөлін сомдаған, “Міржақып. Оян қазақ” кинотуындысында Ғайнижамал болып елдің көзайымына айналған “Серпер” сыйлығының лауреаты, Қазақстан Театрлар қауымдастығы “Сахнагер” Ұлттық театр сыйлығының иегері, актриса Зарина Кармен. Өнер …

“АРЫСТАРЫМЫЗДЫҢ ЖАРЛАРЫ ЖАЙЛЫ ЖЕКЕ ФИЛЬМДЕР ТҮСІРІЛУІ ТИІС” Read More »

ҚҰЛАҚТАН КІРГЕН СУЫҚ СӨЗ көңілге барып мұз болар

Бір адамның бойындағы кем­шілік­тердің басқа біреуге оның сыртынан айтылуы “ғайбат” делі­неді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) ғайбаттың не екенін ұқтыру үшін айнала­сындағылардан: “Ғайбаттың не еке­нін білесіңдер ме?” – деп сұрайды. Олар “Алла мен оның елшісі жақсы біледі”, – деп сөзді өзіне аударады. Сонда Пайғамбарымыз: “Аралары­ңыздағы біреуіңіздің ұнамайтын сөз­­дермен өз бауыры жайлы сыртынан айтуы”, – дегенде: “Егер ол айт­қан­дарымыз …

ҚҰЛАҚТАН КІРГЕН СУЫҚ СӨЗ көңілге барып мұз болар Read More »

Жас қырандар – балапан

Біздің өңірімізде айтыс өнеріне ден қойып жүрген оқушылар аз емес. Солардың денінің аудандарда шоғырланғаны қуантады. Облыс орталығында “Туған жерім – мақтанышым” деген атаумен өткен оқушылар айтысына қатысқан 30 талапкер жырдың отын маздатып, жиналғандарды шуақты шумақтарымен сүйсінтті. Сөз додасына барлық аудан­дар мен Петропавл қаласынан ірік­телген оқушылардың қатысқа­нын айта кеткен жөн. Ерік Асқаров атын­дағы облыстық ақындар мек­тебінің …

Жас қырандар – балапан Read More »

Өнерлі студенттер

Айыртау ауданының Саумалкөл ауылындағы агротехникалық колледжде “Төрт тоқсан – төрт өнер” жобасы аясында және Республика күніне орай жас ақындар айтысы өтті. Бұл жобаның басты мақсаты – студенттерді ұлттық мерекелер, халықтық әдет-ғұрыптар негізінде адамгершілікке тәрбиелеу, ұлттың рухани игілігін мұра ету, тұлға­ара­лық және этносаралық қатынастар мәдениетіне қол жеткізу. Агротехникалық колледжде өткен ақындар айтысында өнерлі студенттер екі кезең …

Өнерлі студенттер Read More »

Тарихы терең

Өңіріміздегі Жәлел Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруа­шылығы колледжі өзінің 100 жылдық мерейтойын атап өтті. Салтанатты шараға еңбек ардагерлері, педагогтар мен сту­денттер, колледж түлектерімен қатар белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері жиналды. Елдің болашағын көркейтіп, өс­келең ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беруде өзіндік орны бар білім ордасының тарихы терең. Бүгінгі таң­да іргесі бекіп, керегесі кеңейген кол­ледж – …

Тарихы терең Read More »

ТАЛАПТЫҢ МІНГЕН ТҰЛПАРЫН

Абай атындағы қазақ мектеп-гимназиясының “Өнер” орталығында V-ші облыстық “Сайра домбыра” атты байқау өтті. Бұл жобаны әнші, Петропавл қаласының құрметті азаматы Дәмеш Құрманкина екі жылда бір рет өткізіп келеді. “Сайысты өткізудегі басты мақсат дарынды жастарды тауып, олардың талаптарын ұштау. Биыл жерлесіміз, ақын, сазгер, әнші, халқымыздың маңдайына біткен жарық жұлдызы Ақан сері Қорамсаұлының туғанына 180 жыл толып …

ТАЛАПТЫҢ МІНГЕН ТҰЛПАРЫН Read More »

ЕГЕМЕНДІК – ЕҢ ҚАСТЕРЛІ ҰҒЫМ

“Егемен болмай, ел болмас” деп, ата-бабаларымыз армандап айтып кеткен егемендікке қол жеткізіп, әлемнің саяси картасынан ойып орын алған мемлекет құру бақыты бізге бұйырды. Бұған мерейіміз тасып, еліміздің егемендігі мен тә­уел­сіздігі жарияланған күндердің екеуін де мерекелейтін болдық. Ал Тәуелсіз Мемлекеттер Дос­тас­тығы елдерінің ішінде Ресей Фе­дерациясында тәуелсіздік күні жоқ. 1990 жылы осы елдің халық депутат­тарының бірінші съезі …

ЕГЕМЕНДІК – ЕҢ ҚАСТЕРЛІ ҰҒЫМ Read More »