ҚАЗАҚТЫҢ БІР ДӘУІРІ
Облыста академик-жазушы Сәбит Мұқановтың 125 жылдық мерейтойына орайластырылған шаралар легі бастау алды. Ең алдымен, мерейтой меймандары қаламгердің атын иеленген облыстық ғылыми-әмбебап кітапхана алдындағы ескерткішке гүл шоқтарын қойып, руханият ордасының бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысты. Кейін Оқушылар сарайында «Сәбит Мұқанов: Тұлға. Дәуір. Мұра» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды. Жиынды ашқан облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов қызылжарлықтарды қазақ әдебиетін шоқтығы …