«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Руханият

Хамзат ҚАЖЫМҰРАТҰЛЫ: “ДІН – ҰСТАЙ АЛСАҢ ҚАСИЕТ…”

– Хамзат Қажымұратұлы, мұсылмандар үшін қасиетті са­налатын Рамазан айының бас­талуымен құттықтаймын! Әң­гімеміздің әлқиссасын осы та­қырып төңірегінде бастасақ. Оразаны тамақтан ғана тыйы­лу деп түсінетіндер көп. Неге? – Ораза араб тілінде “саум” деп аталады. Саум сөзінің тілдік ма­ғынасы барлық нәрседен ты­йылу деген ұғымды берсе, ша­ри­ғаттағы мағынасы – таң атқан­нан күн батқанға дейін ораза ниеті­мен ішіп-жеуден тыйылу де­генді …

Хамзат ҚАЖЫМҰРАТҰЛЫ: “ДІН – ҰСТАЙ АЛСАҢ ҚАСИЕТ…” Read More »

Көрісу – көктемнің басы

Кеңес билігі 1926 жылдан бастап Наурыз мейра­мын тойлауға ресми түрде ты­йым салса да, ел ішінде атап өтілетін. Үлкендер жағы “Ұлыс­тың ұлы күні келді” десіп, бір-бі­рімен төс қағыстырып, көрісу рә­сімін жасайтын. “Ақ мол бол­сын, қайда жүрсең, жол болсын!” деген игі тілектер айтылып, көп­тен көріспеген ағайын құлын-тайдай шұрқырасып, арқа-жар­қа болатын. Әбден тоң болып қатқан жер-ана бусанып, жыл …

Көрісу – көктемнің басы Read More »

Ұлтын жанындай сүйген тұлға әлі күнге дейін еленбей келеді

Қазақ радиосын үзбей тың­дай­мын. Бас-аяғы жұмыр ке­зек­ті хабар республикамызды ши­рек ғасырға жуық басқарған Дін­мұхаммед Қонаевқа арна­лып­ты. Қала, көше, мектептерге есі­мі­нің берілуі әбден құптар­лық. Есіме біреуді-біреу біліп бол­майтын аласапыран, қиын-қыстау кезеңде елімізге жетекшілік еткен, қазақтан шыққан тұңғыш бірінші хатшы Жұмабай Шаях­метов оралды. Әлі күнге дейін мемлекет қайраткеріне лайық құрмет көрсетілмей, ұлықтал­мауының себеп-салдарына қан­ша үңілгенмен, шешуін таппаған …

Ұлтын жанындай сүйген тұлға әлі күнге дейін еленбей келеді Read More »

Қаһарман қыздар

Достық үйінде “Жұлдызды қыздар” көрмесі ашылды. Көр­ме білімді, еңбекқор, батыл әрі өжет әйелдерге құрмет көрсету, оларды еске алу үшін ұйымдас­тырылуда. Көрмеге суреті қойылғандардың басым бөлігі – қазақстандық әйелдер, соның ішінде “Социа­листік еңбек ері” атағына ие бол­ғандар. Қазақстанда бұл жоға­ры атаққа 1803 адам, оның ішін­де 227 әйел ие болған. Көрме сөресіне егінші­лер, мал өсірушілер, мұнайшы­лар, электровоз …

Қаһарман қыздар Read More »

АНА – ТІРШІЛІКТІҢ ТІРЕГІ

Күннің қабағы ашылып, табиғат-ананың бауыры жібіген көктемнің жаймашуақ күнінде Қызылжар жұрты Халықаралық әйелдер күнін атап өтті. Бұл күннің мереке екенін жанға жайлы ауа райының өзі айтып тұрғандай. Қала көшелері қолына қызғалдақ ұстаған аруларға, жақынын құттықтауға асыққан ер адамдарға толы. Аналар мерекесі күнделікті қарбалас тіршілікті бір күнге болсын ұмыттырып, көңілге жайлылық пен қуаныш сыйлағандай. Облыс орталығындағы …

АНА – ТІРШІЛІКТІҢ ТІРЕГІ Read More »

ҚОЖАБЕРГЕН БАТЫР ҚОЛ БАСТАП…

1757-1758 жылдар Абылай бас­таған қазақ әскерлерінің жоңғар қалмақтарынан азат бол­ған жерлерді қайтарып, қазақтарды қайта қоныстандыру шаралары­мен өткен еді. Бірақ шығыстағы алпауыт Қытай мемлекеті “бұл жерлер жоңғарлардың ата қоны­сы, ал жоңғарлардың түбіне жет­кен біз – қытайлар, ендеше жер де қытайдікі” деп есептеп, өздері иемденгісі келді. Бұл арада жоңғар тағына таласушылардың бірі Қалдан Сереннің жиені Әмір­сананың қылығын …

ҚОЖАБЕРГЕН БАТЫР ҚОЛ БАСТАП… Read More »

Бірлікке шақырған форум

Облыс орталығындағы Достық үйінде “Қазақ халқына – мың алғыс” этностар форумы өтіп, айтулы іс-шара Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына және Алғыс айту күніне арналды. “1995 жылдың 1 наурызында Қазақстан халқы Ассам­блея­сы құрылып, Қазақстанды мекен­дейтін қазақ халқы мен өзге этнос­тарды бір шаңырақ астына топ­тас­тырып, айқын мақсаттар мен армандарға жетелеп келе жатқан бірегей құрылым ретінде таныл­ды. Бұл күні …

Бірлікке шақырған форум Read More »

Дәстүр дәріптелді

Достық үйінде Халықара­лық әйелдер күніне орай Ас­сам­блея жанынан құрылған ана­­лар кеңесінің аудандық фи­лиал­дары арасында сайыс өт­ті. Облыстық байқауға Аққа­йың, Шал ақын, Тимирязев, Ақ­жар, Жамбыл, Айыртау, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан­дар­­дағы аналар кеңестерінің мү­шелері қатысты. Екі кезең­нен тұратын жарыстың ал­ғаш­қы сатысында қатысушылар әр аудандағы аналар кеңесте­рі­нің жұмысымен таныстырып, жү­зе­ге асырылып жатқан жо­ба­ла­ры туралы баяндады. Екін­ші ке­зеңде қазақтың …

Дәстүр дәріптелді Read More »

ОН ЕКІ АЙДЫҢ СҰЛТАНЫ

Қазақ халқы ежелден Рамазанды ерекше қастерлеп: “Он екі айдың сұлтаны”, – деп атаған. Берекесі мол айда ағайын-туыстар, көрші-қолаң бір-біріне жарапазан жырын айтып, оразаның келгенін қуанышпен жеткізіп, насихат­таған. Ал ауызашар дастарқаны рухани сұхбаттың, бата мен ізгі тілектің қайнары болған. Ауыз бекіткен адамды айрықша қадірлеп, оған ауызашар беру – бағзыдан келе жатқан салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрпымыз. Қазақстан мұсылмандары …

ОН ЕКІ АЙДЫҢ СҰЛТАНЫ Read More »

ҚАЗАҚТЫҢ САРЫ БАЛАСЫ

Облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері №17 ұлттық өркендеу орта мектеп-ке­шенінде жазушы, публицист, облыстың құрметті азаматы Герольд Бельгердің туғанына 90 жыл толуына орай “Сөз зергері – Бельгер” атты еске алу кешін өткізді. “Асыл мұра” орталы­ғының мамандары, Петропавл гуманитарлық-техникалық кол­леджінің оқытушылары мен студенттері, мектеп оқушылары қатысқан іс-шара қаламгердің өмірінен сыр шертетін бейне­материалмен басталды. Г.Бельгер 1934 жылы 28 қа­зан­да …

ҚАЗАҚТЫҢ САРЫ БАЛАСЫ Read More »

ЕСІЛ АҒАДЫ МАҒЖАННЫҢ ЖҮЙРІК ЖЫРЫНДАЙ…

Өзіміз күнделікті ортасында жүрген, аптабымен күйдіріп, аязымен тоңдыратын, бірде арқаңнан қағып марқайтатын, қызығы да, қыжылы да көп қым-қуыт мына дүние әуен мен әуезге, сарын мен сазға тұнып тұр. Тереңінен толқып көтеріліп, бір жотаның омырауын иненің көзіндей тесіп, жылт-жылт етіп ағып жатқан ерке Есілдің сылқ-сылқ күлген сылқым сылдырына құлақ түріңізші. Одан заман мен уақыттың дүбір мен …

ЕСІЛ АҒАДЫ МАҒЖАННЫҢ ЖҮЙРІК ЖЫРЫНДАЙ… Read More »

Оқырман олжасы

Кітапхана – бірнеше дәуірдің тарихын, этнографиясын, өнерін ұрпақтан-ұрпаққа жалғап отыра­тын мәдени орталық, ақыл-ойдың кені іспеттес. Кітапхана­шы­лардың міндеті – әдеби шығармаларды насихаттай оты­рып, өскелең ұрпаққа тәрбие беру. Жыл басынан бері аудандық орталық кітапхана мемлекеттік тапсырыспен келген жаңа кітаптармен бірнеше рет толықтырылды. Солардың бірі – белгілі композитор, мәдениет зерттеушісі Илья Жақановтың “Інжу – маржан” кітабы өте қы­зықты …

Оқырман олжасы Read More »

Сұлу сөздің сүлейі

Облыстық тарихи-өлкетану музейінің мамандары Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернатында жазушы Сәкен Жүнісовтің туғанына 90 жыл толуына орай “Қарасөздің майталманы” атты еске алу кешін ұйымдастырды. Тағылымды іс-шараға “Асыл мұра” орталығының қызметкерлері мен М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің студенттері шақыртылды. “Өткен ғасырдың 60-жылдары қазақ әдебиеті аспанында небір жұлдыздар жанды. Алайда сол жұлдыздардың ішінде ең …

Сұлу сөздің сүлейі Read More »

ЖОШЫ ХАН ЖӘНЕ ОНЫҢ ҰЛЫСЫ

Кешегі қилы заманда елін, жерін ақ білектің күші, ақ найзаның ұшымен қасық қаны қалғанша қорғаған бабаларымыздың ерлік істері бүгінгі жастарымызға үлгі-өнеге, мақтаныш. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа жылдың басында есімі елімізге белгілі ғалым Дихан Қамзабекұлына берген сұхбатында биыл Жошы ұлысының 800 жылдығы ел көлемінде аталып өтілетінін айтқан болатын. Жошы хан – қазақ тарихының бастауында тұрған тұлға. …

ЖОШЫ ХАН ЖӘНЕ ОНЫҢ ҰЛЫСЫ Read More »

Ұлы дала мәдениеті

Облыстық тарихи-өлкетану музейі “Қазақстан жолы” жобасы аясында Астана қаласындағы Президенттік орталықта “Ботай – Ұлы дала мәдениеті” көрмесін ашты. Көрменің мақсаты еліміз­дің ең маңызды жетістіктерінің бірі – “Ботай қонысы” архео­ло­гиялық ескерткіші мен қазақстан­дық, шетелдік суретшілердің шы­ғармашылығын насихаттау. Ұлы дала әлемге жылқы ша­руашылығы мен ат спорты мәде­ниетін сыйлағаны белгілі. Алғаш рет адамның жылқыны қолға үй­ретуі Қазақстан аумағында …

Ұлы дала мәдениеті Read More »

Сахнада — сарбаздар

“Ұлттық өнерді дәріптеу” жобасы аясында Ұлттық ұлан “Орталық” өңірлік қолбасшылығының 6637 әскери бөлімінде “Ұлыларын ұлықтаған Ұлттық ұлан” атты ақындар айтысы ұйымдастырылды. Әскери қызметшілер туған өлке мен кең-байтақ Отанды, қазақтың жыр алыптарын, тіл мәселесін, бейбіт күннің батырларын жырларына арқау етті. Сахнаға шыққан 3 жұп та сөзден сүрінбеді. “Бақ шаба ма, бап шаба ма”, демекші айтыскерлердің барлығы …

Сахнада — сарбаздар Read More »

ҰЛТТЫҚ САНАНЫҢ МӘЙЕГІ

Биыл Жошы ұлысының іргесі қаланғанына 800 жыл. Осы ретте 7 томдық “Қазақстан тарихы” академиялық басылымы жарық көреді деп жоспарлануда. Бұл еліміздегі көптеген тарихшы ғалымдарының еңбегінің нәтижесі болмақ. Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының бас директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Зиябек Қабұлдиновтың басшылығымен 5-6 томдарды басып шығару бойынша белсенді жұмыстар жүзеге асырылып жатыр. Бұл ауқымды зерттеуге …

ҰЛТТЫҚ САНАНЫҢ МӘЙЕГІ Read More »

“АРЗАНҚОЛ ӘНДЕР АҚСҮЙЕК ӨНЕРДІҢ ҚҰНЫН ТҮСІРЕДІ”

Қызылжар өңірі өнерімен елді тамсантып, көрерменді аузына қаратқан өнерпаздардан кенде емес. Түрлі додаларда топтан озып, бәйге алып жүрген дарынды жастар да бар. Со­лардың бірі – Махамбетәлі Әбілда. Талапты жас бірнеше жылдың ішінде “X Factor”, “Qazaqstan дауысы” сынды мега жобаларда бақ сынап, көзге түсті. Өнерге деген көзқарасы жаңашыл, ойы еркін, болмысы бөлек әншімен болған сұхбатты назарларыңызға …

“АРЗАНҚОЛ ӘНДЕР АҚСҮЙЕК ӨНЕРДІҢ ҚҰНЫН ТҮСІРЕДІ” Read More »

Театр апталығы

Қай өнер саласының болма­сын өркендеуіне әсер ететін ең үл­кен күш – сын. Сын әлсіре­се өнер құлдырайды. Сыншылар өнер­ді тура жолға бағыттап, ұсақ­талудан, әлдебір ағым­­дар мен бағыттардың жетегінде ке­ту­ден сақтайды. Сол сияқты тек­ті өнер – театр­дың да өз сыны бар. Жуырда аталған саланың ма­мандары С.Мұқанов атында­ғы облыс­тық қазақ сазды-драма теат­рына жиналып, жергілікті әртістердің өнерін сүзгіден өткізді. …

Театр апталығы Read More »

СӨЗІНЕ ЖҰРТЫН ҰЙЫТҚАН

Биыл мемлекет қайраткері, би, шешен Әйтеке би Бәйбекұлының дүниеге келгеніне 380 жыл толып отыр. Осыған орай Ғабит Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында әдеби-сазды кеш өтті. Әйтеке би Бәйбекұлы – Тәу­ке хан тұсында Хан кеңесінің құ­рамына кірген, Кіші жүздің “Орда биі”, қазақтың аса көрнекті мем­лекет қайраткері. Ол Төле би, Қаз дауысты Қазыбек би сияқты …

СӨЗІНЕ ЖҰРТЫН ҰЙЫТҚАН Read More »