«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қоғам

АУЫЛ ӨМІРІНІҢ ЖАРШЫСЫ

Қызылжардың құйқалы топырағынан түлеп ұшқан қаламгерлердің қатарында Зейнел-Ғаби Иманбаевтың есімі ерекше ілтипатпен аталады. Біз жазушының ауыл адамдарының өмірін, табиғаты мен тұрмыс-тіршілігін суреттеп жазған маржандай асыл сөздерін оқып, зердемізге түйіп өстік. Зейнел-Ғаби Иманбаев 1924 жы­лы Шал ақын ауданындағы Ортақкөл ауылында дүниеге келген. Зеректігі­нің, өмірге құштарлығының арқасында алдынан кезіккен қиындықтарға мойымай, қазақ әдебиетінің дамуы­на өзінің үлесін қосты. …

АУЫЛ ӨМІРІНІҢ ЖАРШЫСЫ Read More »

МӘМС жүйесі үмітті ақтай ма?

Қазіргі кезде “сақтандырылма­саң, дәрігер қарамайды” деген тү­сінік халық арасында кеңінен тара­ған. Соңғы үш жылда денсаулық сақтау са­ласына МӘМС жүйесі енгізілгелі түрлі шағымдар толастамай тұрғаны жасырын емес. Қарапайым халық міндетті әлеу­меттік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінің мамандар айтқан пайдасы мен тиімді тұстарын түсін­бей дал. Себебі ақылы жүйенің шикі­лігі қоғамның наразылығын тудырып отыр. Мәселен, өткен жылы бір топ …

МӘМС жүйесі үмітті ақтай ма? Read More »

ТЕРІСКЕЙГЕ БЕТ АЛҒАН КӨШ

Бағдарламаның артықшылықтары мен кемшіліктері Биыл облысымызға 2300-ге жуық адам қоныс аударды, оның 138-і – қандас. Өңірге қоныс аудар­ғандардың 31 пайызы Түркістан облысынан келген. Оларға материал­дық көмек көрсетуге және тұр­ғын үймен қамтамасыз етуге рес­публикалық бюджеттен 2,1 млрд. теңге қаражат бөлінді. Еңбек ре­сурстарының ұтқырлығын арттыру, яғни жұмыс күші артық өңірлерден кадр тапшы өңірлерге тұрғындарды көшіруді мақсат еткен …

ТЕРІСКЕЙГЕ БЕТ АЛҒАН КӨШ Read More »

“Түркия турындағы” жеңіс

Солтүстікқазақстандық велошабандоз Алексей Луцен­ко “Түркия туры” көпкүндік веложарысының жеңімпазы атанды. Бірнеше күнге созылған веложарыстың соңғы күнінде “Alpecin-Deceuninck”-тің намысын қорғаған бельгиялық Йеспер Филипсен мәре сызығын бірінші болып кесті. Екінші орын “Астананың” өкілі нидерланд­тық Кейс Болға бұйырса, үздік үштікті италиялық Джованни Лонарди түйін­деді. “Астана” капитаны Алексей Лу­ценко жарыстың аталған сатысында сегізінші келді және велокөпкүндіктің бас квалификациясын бірінші …

“Түркия турындағы” жеңіс Read More »

Ел үмітін ақтағандар

Қытайдың Ханчжоу төрінде дүбірлеп өткен ХІХ жазғы Азия ойындарының аяқталғанына бір аптаға жуық уақыт өтті. 17 күнге созылған байрақты бәсекеге 45 мемлекеттің 11 мыңға жуық спортшысы қатысты. Ел құрамасы сапынан 525 атлет қатысып, қазақстандықтар қоржынға 10 алтын, 22 күміс, 48 қола салды. Жалпыкомандалық есепте үкілеген үміттеріміз 11-орынды иеленді. Ал медальдар саны жөнінен 80 жүлдеге қол …

Ел үмітін ақтағандар Read More »

Парақорлыққа дін де қарсы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның негізгі ба­сым­дықтарының бірі – оған қарсы мәдениет деңгейін қалып­тастыру. Сыбайлас жемқорлықтың жаппай сипатқа ие болуы қоғамның барлық саласына әсер етеді. Онымен мін­детті түрде күресіп, жою керек. Біз бұған мемлекет пен азамат­тар­дың әріптестігін, қоғамның сы­бай­лас жемқорлықты жоюға деген ние­тін, мемлекеттік аппарат қыз­ме­тінің сапасы мен ашықтығын арт­тырғанда ғана қол жеткіземіз. Со­нымен қатар өткір, …

Парақорлыққа дін де қарсы Read More »

Озық тәжірибе

Отандық медицина заман ағымына сай дамып, озық тәжірибе өңірлерде де қолданысқа енгізіліп жатыр. Мәселен облысымыздағы кардиологиялық орталыққа жылына 3 мыңға жуық сырқат қаралып, дәрігерлер мыңнан астам, ал тәулігіне орта есеппен 20 шақты түрлі ота жасайды. Соның бірі – аорто коронарлы шунттау отасы. Кемінде 3 сағатқа созылатын бұл операцияның кімдерге жасалатындығы және отадан кейінгі оңалту жайында …

Озық тәжірибе Read More »

ОРМАН – ЕЛДІҢ ДӘУЛЕТІ

Орман – табиғаттың ең қымбат қазыналарының бірі. Алайда уақыт өте келе ғаламшарымыздың биологиялық таза және қауіпсіз жасыл бөлігі қамқор, сенімді көмекшілер мен иелерін қажет ете бастады. Орман қорын күзетуді мемлекеттік орман шаруашылығы кәсіпорындары жүзеге асырады, олардың құрамына мемлекеттік орман күзетшілері, орманшылар, орман шеберлері, орман шаруашылығы инженерлері кіреді. Мамандардың қатарында нәзік жандар аз емес. Олардың жасампаз …

ОРМАН – ЕЛДІҢ ДӘУЛЕТІ Read More »

Дастарқан сәні – нан

“Нан болса, ән болады” дегенді жиі айтамыз. Бұл жалпы қоғам­ға тән түсінік. 2006 жылдан бері 16 қазан – Дүниежүзілік нан күні ретінде аталып жүр. Ал елімізде бұл мереке 2019 жылдан бастап тойлана бастады. Бұл күні көптеген елде нан өнімдерінің түрлі көрмелері, аспаз­дардың, наубайханашылардың және кондитерлердің кездесулері, жәрмеңкелер, шеберлік сыныптары, халықтық серуендер, сондай-ақ барлық мұқтаж адамдарға …

Дастарқан сәні – нан Read More »

ҒАСЫР ЖАСАҒАН КЕЙУАНА

Ұлтымыздың өткеніне көз жүгіртсек, терең ақыл, даналығымен, биік парасатымен ел құрметіне бөленген аналарымыздың аз болмағанын аңғарамыз. Күні кеше өткендей болып көрінетін ХХ ғасыр бұрымдыларымыздың өміріне көп өзгеріс әкелді. Сұм соғыс, тың игеру, қайта құру, тоқсаныншы жылдардың тоқырауы – осының бәріне де қазақ әйелі шыдас беріп, бойындағы асыл қасиеттерін жоғалтпай, ұлтымызды азып-тозудан сақтап қалды. Тарихтың талай …

ҒАСЫР ЖАСАҒАН КЕЙУАНА Read More »

Жан жарасы

Бала күнгі досым – Ерсін қайырымдылықпен айналысады. Қайсыбір жылы екеуіміз Аққайың ауданына бардық. Аудан орталығы – Смирново ауылында қарттар үйінің бар екенін бұрыннан білетінбіз. Осы жолы қамқөңіл жандармен кездесіп, әңгімелесуді, апарған азын-аулақ сый-сияпатымызды үлестіріп беруді ойладық. Біз барғанда аға буын өкілдері есік алдында серуендеп жүр екен. Жүздерінен мұң байқалды. Ә дегеннен ашыла қойған жоқ. “Бұлар …

Жан жарасы Read More »

Виртуалды мектеп

Петропавлдағы Назар­баев зияткерлік мектебі вир­туалды білім алу жобасын іске қосты. Виртуалды мектеп – 5 және 6-сынып оқушыларын “Өркен” білім бе­ру гранты бойынша Назарбаев зият­керлік мектептерінің 7-сыныбында оқуға конкурстық іріктеуге дайын­дайтын тегін білім беру платфор­масы. “Математика”, “Қазақ тілі”, “Орыс тілі”, “Ағылшын тілі”, “Жа­ратылыстану” пәндерінен оқу бағ­дарламалары білім берудің тиімді­лігін арттыруға, баланың ынтасы мен қажетті дағдыларын дамытуға …

Виртуалды мектеп Read More »

“Түркия турында” топ бастады

Түркияда велоспорттан “Түркия туры” көпкүндік жарысы өтуде. Оған “Astana Qazaqstan team” клубының көшбасшысы Алексей Луценко қатысып, сайыстың үшінші кезеңінде жеңіс тұғырына көтерілді. Азия ойындарының төрт дүркін чемпионы 104,1 шақырымдық қа­шықтықты 3 сағат 34 минут 17 се­кунд ішінде бағындырып, Бабадаг шыңына бірінші болып жетті. – Бұл жарыс өте қиынға соқты. Мәре тым биікте болды. Әр метр …

“Түркия турында” топ бастады Read More »

ПОШТАНЫҢ ҚЫЗМЕТ АЯСЫ КЕҢ

Ақпараттық технология дамыған бүгінгідей жаhандану үдерісінде жұртшылыққа сан-салалы қызмет түрлерін көрсететін байырғы байланыс мекемесіне сұраныс артпаса,  кеміген емес. Биыл “Қазпошта” АҚ-ның құрылғанына 30 жыл толып отыр. Жыл өткен сайын пошта қызметінің сапасына қойылатын талаптың да күшейе түскенін байқауға болады. “Tikelei bailanys” айдарының бүгінгі қонағы – “Қазпошта” АҚ облыстық филиалының директоры Нұркен Рүстем газет оқырмандары тарапынан …

ПОШТАНЫҢ ҚЫЗМЕТ АЯСЫ КЕҢ Read More »

Балалардың бронх демікпесін қалай емдеуге болады?

Бронх демікпесі – тыныс алу жолдарының ең жиі кездесетін ауруы. Мамандардың айтуынша, елімізде сырқаттар саны жылдан жылға артып келеді. Болжамға сәйкес, 21 ғасырдың екінші жартысында әрбір екінші бала демікпеден зардап шегуі мүмкін. Қазіргі уақытта осындай сырқатқа шалдыққан өңірлердегі балалар Алматыдағы “Алатау” республикалық балалар клиникалық санаторийінде тегін оңалтудан өте алады. Осы мекеме директорының орынбасары Екатерина Слободенюк …

Балалардың бронх демікпесін қалай емдеуге болады? Read More »

Еңбек адамының еңсесі биік

Үкіметтің қаулысына сәйкес 2019 жылы 10 қазан Қазақстан кәсіподақтар күні ретінде белгіленіп, осымен бесінші рет аталып отыр. “Кәсіподақтар туралы” заң азаматтардың бірлесу бостандығына, кәсіптік одақтарды құруға, олардың қызметіне, оларды қайта ұйымдастыруға және таратуға конституциялық құқығын іске асыру нәтижесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді. Аумақтық кәсіподақтар бірлестігі өңірлік деңгейдегі әлеуметтік әріптестікте мүшелік ұйымдардың өкілетті өкілі болып табылады. …

Еңбек адамының еңсесі биік Read More »

Маусым соңы — мереке

Қызылжар ауданындағы “Құлагер” ипподромында ат спорты маусымының жабылуы өтіп, спорттық сайыс пен мерекелік шара ұйымдастырылды. Мерекелік шараны аудан тұрғындары мен өңірдегі ат спортының жанкүйерлері тамашалады. Салтанатты шарада сөз алған облыс әкімінің орынбасары Рүстем Құрманов ұлттық спортты дамытудың барысына тоқталды. – Қазігі уақытта елімізде ұлттық спортты өркендетуге ерекше көңіл бөлінуде. Аталған спорт түрлерімен айналысатын балалар мен …

Маусым соңы — мереке Read More »

БІЛІМДІ ҰРПАҚ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ

Қазіргі уақытта оқыту мен оқушы­ны тәрбиелеу мемлекеттің жалпыға міндетті білім беру стан­дарттарының негізі және күтілетін нә­тижелердің көпдеңгейлі шарт-талаптары бағдарланған тәсілдер арқылы жүзеге асырылады. Біздің білім оша­ғында сапалы білім, саналы тәрбие беру жүйесінің негізгі идеясы Абай­дың “Толық адам” рухани мұрасында бейнеленген үй­лесімді даму басты бағытқа алынып, тұжырымдамалық бағ­дарламалармен тығыз ұш­тастырылып отырады. Олай дейті­нім, ұлы ойшылдың қара …

БІЛІМДІ ҰРПАҚ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ Read More »

Аурухана ғимараты ескі

Өңір басшысы Ғауез Нұрмұ­хамбетов Тимирязев ауданын­дағы жұмыс сапарын “Атаме­кен Агро Ти­мирязево” ЖШС-дан бастады. Мұн­да майлы дақыл­дарды жинау бары­сымен танысып, агроқұрылым жетекшілерімен кездесті. Серіктестік директоры Иван Са­мошкин жұмыстың жайын баяндады. Ауыл ша­руашылығы егістігінің жал­пы көлемі – 51730 гектар, оның 24765 гектары – дәнді дақылдар. Күз­гі егін орағына 37 комбайн, 57 трак­тор, 21 тіркемелі “КамАЗ” жүк көлігі …

Аурухана ғимараты ескі Read More »

ГАЗЕТТІҢ ТІРЕГІ — ОҚЫРМАН

“Қазпошта” акционерлік қоғамы облыстық филиалын­да кезек­ті мерзімді баспасөзге жазылу науқанына арналған ак­ция өтті. Мамандар мұндай шараны ұйымдастыруды дәстүрге айнал­дырған. Бұл күні оқырмандар өз­де­рінің сүйікті газет-журналдарына жа­зылып, редакция өкілдеріне сауал­дарын қойып, жылы лебіздерін ар­нап, мәре-сәре болып қалды. Алаштың ардақты перзенті Ах­мет Байтұрсынұлы: “Газет – халық­тың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қан­дай керек болса, …

ГАЗЕТТІҢ ТІРЕГІ — ОҚЫРМАН Read More »