39 мың оқушы тегін тамақтанады

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңірімізде жаңа оқу жылынан бастап бастауыш сынып оқушылары тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.  Облыстық білім басқармасының басшысы Нәзір Жәшібековтың айтуынша, 1 қыркүйектен бастап барлық бастауыш сынып оқушылары – 39 мыңға жуық бала тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Осы мақсатта облыстық бюджеттен 990 млн. теңге қаражат бөлінген.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау барысында барлық өңірлердің оқушыларын тегін тамақпен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізіліп, жаңа оқу жылынан бастап 100 пайыз көрсеткішке өол жеткізіліп отыр.

Облыс  орталығындағы Ә.Бөкейханов атындағы №25 орта мектепте 680 оқушы білім алады. Оның 300-ге жуығы  –  бастауыш сынып оқушысы. Биыл олардың барлығы ыстық тамақты тегін ішіп жүр. Сонымен қатар, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан 5-11 сынып аралығындағы 25 оқушыға да мектеп тарапынан тегін тамақ беріледі.

–  Биылғы оқу жылында бастауыш сынып оқушыларын тегін тамақтанатынын естіп, қуандық.  Себебі мен көпбалалы отбасыдан шыққанмын. Бұрындары  ата-анам інім екеумізге көп ақша жұмсайтын. Ал биыл ол ақшаға кітап, дәптер алып берді. Асхана тамағы өте дәмді, –  дейді Ә.Бөкейхан атындағы №25 орта мектебінің 4-сынып оқушысы Арслан Арман.

Қоғам тарапынан  мектепалды даярлық сыныптарындағы балаларды да тегін астық тамақпен қамтамасыз ету мәселесі де көтерілген болатын.  Облыстық білім басқармасының мәліметі бойынша  бұл  сыныптарындағы балалардың оқу сағаты аз болғандықтан олар үшін мұндай мүмкіндік қарастырылмаған.

Биыл облыс бойынша асхана жабдықтарын жаңғыртуға 200 млн.теңге көлемінде ақша бөлінген. Бұл қаражатқа тоңазытқыштар, мұздатқыштар мен электр плиталары сынды керек жабдықтар сатып алынған.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp