«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ШАЛҒАЙ АУДАННЫҢ ШАРУАСЫ ШИРАҚ

Биыл Уәлиханов ауданында жаңа емхана мен бассейн ашы­ла­ды. Бұл туралы өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетовтің облыс орталығынан шалғай жатқан Уә­лиханов ауданына жұ­мыс сапары барысында белгілі болды. Облыс әкімі алыс аудандағы инфрақұрылымдық жобалар­дың жүзеге асырылу жайын тек­серді. Уәлиханов ауданындағы өзекті мәселелердің бірі – жол. Дәуіт ауылынан Кішкенекөлге дейінгі жолға күрделі жөндеу жүр­гізілуде. Кішкенекөлден Ре­сей Федерациясы шекарасына дейін …

ШАЛҒАЙ АУДАННЫҢ ШАРУАСЫ ШИРАҚ Read More »

АРТЫҚ СОМАНЫ ҚАЙДА ЖҰМСАҒАН ТИІМДІ?

Өңірімізде былтыр шамамен 2,6 мың адам зейнетақы қорын­дағы жинақтың шекті сомадан ас­қан бөлігін пайдаланбақ болды. Олардың 1,7 мыңы 9 млрд. 147 млн. соманы баспана алуға жұм­сау үшін өтініш берген. Елімізде 2021 жылдан бастап зейнетақы жинағының шекті со­мадан асқан бөлігін мақсатты түр­де жұмсауға, яғни баспана алуға немесе ипотекалық не­сие­ні жабуға, емделуге және инвес­тициялауға рұқсат берілген. “Бі­рыңғай …

АРТЫҚ СОМАНЫ ҚАЙДА ЖҰМСАҒАН ТИІМДІ? Read More »

ТӨРТЖЫЛДЫҚТЫҢ БАСТЫ БӘСЕКЕСІ

Франция астанасы – Париждегі жазғы Олимпиада ойындары да өз мәресіне жетті. Төртжылдықтың басты бәсекесінде Қазақстан құрамасы жеті медальға қол жеткізіп, жарысты 43-ші орынмен аяқтады. Биыл Олимпиадаға алғаш рет брейкинг енгізіліп, спорттың бұл түрінен жарыста Қазақстан намысын солтүстікқазақстандық Әмір Зәкіров өнер көрсетті. Жерлесіміз топтық кезеңде екі қарсыласын сенімді ұтып, ширек финалға шықты. Өкінішке қарай, бұл кезеңде …

ТӨРТЖЫЛДЫҚТЫҢ БАСТЫ БӘСЕКЕСІ Read More »

ЖАСТАРҒА ҮЛГІ

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінде салтанатты шара өтті. Онда Петропавл қаласының 20 жастағы тұрғыны Данияр Ахметжанов департамент бастығының Алғыс хатымен марапатталды. Департаменттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2 тамыз күні түнде Данияр Ахметжанов коммуналдық базардың жанынан өтіп бара жатқанда бірінші қабаттың терезесінен түтін шыққанын көреді. Бірден 101 нөмірін теріп, өртсөндірушілердің келуін күтеді. “Солтүстік ӘКК” акционерлік қоғамы коммуналдық базарының …

ЖАСТАРҒА ҮЛГІ Read More »

Ташкентті тамсантты

Өзбекстанның астанасы – Ташкентте халықаралық өнер байқауы өтті. Хореографиялық, вокалдық және аспаптық өнер көрсететін додаға әлемнің бірнеше мемлекетінен жас талапкерлер қатысты. Халықаралық байқауда өңіріміздің намысын қорғаған Жамбыл ауданындағы өнер мектебінің “Нұр шашу” домбыра ансамблі гран-приді қанжығасына байлап қайтты. –Байқауға қатысқан ұжымдардың барлығы мықты. Осалы болмады. Сондықтан да бас жүлде алу оңайға түспеді. Қуанышымызбен бөлісіп, айқара …

Ташкентті тамсантты Read More »

ТАЗАЛЫҚ САҚТАУ – ОРТАҚ МІНДЕТ

Облыс аудандарында полицейлер, экологтар мен жергілікті атқарушы билік өкілдерінің мамандарынан құрылған 77 мобильді топ заңсыз қоқыс тастайтын 94 орындарды анықтады. Арнайы рейдтік шара барысында ең көп қоқыс шоғырланған орындардың 36-сы Қызылжар, 19-ы Мамлют және 14-і Аққайың аудандарында орналасқаны белгілі болды. Сондай-ақ 8-і Петропавл аумағында тіркелді. Қазіргі уақытта облыс аумағында 31 заңсыз қоқыс үйіндісі жойылды. – …

ТАЗАЛЫҚ САҚТАУ – ОРТАҚ МІНДЕТ Read More »

АНАСЫН ӨЛТІРГЕН

Тайынша қаласында 59 жастағы азамат өзінің анасын өлтірді деген күдікке ілікті. Сол күні қария 82 жасқа толыпты. Бұл фактіні облыстық полиция департаменті растап отыр. Қазір күдіктіні полицейлер қолға түсіріп, оны уақытша ұстау оқшаулағышына қамаған. Полицейлер сотқа дейінгі тергеуді бастап, қажетті сараптамаларды жүргізіп жатыр. Әсет ҚАНАФИН.

ҚҰРЫЛЫСШЫЛАРҒА ҚҰРМЕТ

Құрылысшы күні қарсаңында облыстық әкімдікте салтанатты жиын өтті. Шараға қатысқан өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов кәсіби мереке иелерін құттықтап, жұмыстарына табыс тіледі. Соңғы жылдары өңірімізде құрылыс қарқыны артты. Нәтижесінде пәтер кезегінде тұрғандар мемлекеттік бағдарламалар арқылы баспаналы болуда. Бұған қоса облыста әлеуметтік нысандар бой көтеріп жатыр. Аудандарда медицина мекемелері мен спорт кешендері тұрғызылса, Петропавлда жаңадан “Бірлік” шағынауданы …

ҚҰРЫЛЫСШЫЛАРҒА ҚҰРМЕТ Read More »

КҮТІМДІ ЕГІН БІТІМДІ

Аққайың ауданындағы Шағалалы ауылында алдағы егін жинау науқаны қарсаңында “Дала күні” өтті. Шараға облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов, ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов, аудан әкімдері, ғылыми қоғамдастық мүшелері, ауыл шаруашылығы кеңесі, серіктестік басшылары, мемлекеттік органдар мен қаржы институттарының өкілдері, ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізушілер қатысты. Мемлекет басшысы 5 жыл ішінде ауыл шаруашылығындағы жалпы өнім көлемін 2 есеге …

КҮТІМДІ ЕГІН БІТІМДІ Read More »

ЕҢБЕК ЕТСЕҢ ЕРІНБЕЙ…

Қалалық жастар ресурстық орталығының еріктілері “Ман­сап” ұйымының мамандары­мен бірлесіп, бос орындар жәр­меңкесін өткізді. Шараға жұмыс­сыз жүрген жүзге тарта жас келді. – Оқуын аяқтаған, қолына дипломын алған жастар көп жағ­дайда жұмыссыз қалады. Бүгінгі жәрмеңке – тұрақты та­быс көзін табуға жақсы мүм­кіндік, – деді қалалық жастар ресурстық орталығының жетекшісі Дамир Әбдин. Жастарды жұмыспен қамтуда мемлекет тарапынан да …

ЕҢБЕК ЕТСЕҢ ЕРІНБЕЙ… Read More »

Аға буын адалдық жағында

“Ел боламын десең бесі­гіңді түзе” деген хал­қы­мыздың даналығының астарында бүтін бір мемле­кеттің болашағы жатыр. Ұрпағын тәй-тәй басқаннан адалдық пен еңбекқорлыққа тәрбиелейтін бабалар тәлімі бүгінде “Адал азамат” жобасының мақсатымен ұштасуда. Осы бағытта Қазақстан халқы облыстық ассамблеясының ақсақалдар кеңесі ауқымды жұмыс ат­қарып жатыр. Бұл жайында Дос­тық үйінде өткен “дөңгелек үстел” басында айтылды. Басқосуға тәртіп сақшылары, ассамблея өкілдері …

Аға буын адалдық жағында Read More »

Грант иегерлері

М.Қозыбаев атындағы СҚУ мамандары құжат қабылдап жа­тыр. Биыл жергілікті білім ор­дасына 1150 талапкер грант­­қа түскен. 500 грант Аризона уни­верситетімен бірлесе қол­ға алынған бағдар­ламаларға бөлі­ніп отыр. Бұл былтырғы жыл­ға қарағанда әл­деқайда көп. М.Қозыбаев атындағы СҚУ қа­былдау департаментінің директоры Гүлмира Оспанованың айтуын­ша, педагогикалық мамандық­тар­ға 200 грант бөлініпті. Жетім балалар мен мүгедектер де назарсыз қал­маған. Грантқа түсе алмаған …

Грант иегерлері Read More »

Мас жүргізуші – қауіпті

Облыста полицейлер “Мас жүргізуші” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді. Екі күн ішінде 617 құқық бұзушылық анықталып, 18 мас жүргізуші ұсталды. Тексеріс барысында На­бережная көшесінде скутер жүргізушісінің қылығы күдік ту­ғызған. Оны тәртіп сақшылары тоқтатқан кезде 44 жастағы аза­маттың көлік құралын бас­қаруға құқығы жоқ екені және ащы судан ұрттағаны белгілі бол­­ды. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608-бабының 6-бөлігі бойынша …

Мас жүргізуші – қауіпті Read More »

ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСУДЫҢ ӨЗІ – ЖЕҢІС

Париж Олимпиадасының қа­тысушысы, солтүстікқазақ­стан­дық велошабандоз Алексей Лу­ценко туған жеріне оралып, жан­күйерлерімен қауышты. Кездесуді облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы Петро­павлдағы Спорт сарайында ұйым­дастырды. Төрт жылда бір рет өтетін бай­рақты бәсекеде Алексей Лу­ценко командалық ве­лододада бақ сынады. Жер­лесіміз 272 шақырым жолды 52-ші болып аяқтады. Ол аталмыш қашық­тықты 6 сағат 26 минут ішінде жүріп өтті. – Олимпиадада …

ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСУДЫҢ ӨЗІ – ЖЕҢІС Read More »

Анықтама қолжетімді

Енді қазақстандықтар “eGov Mobile” мобильдік қолданбасы арқылы өз балаларына сотты­лықтың жоқтығы туралы анықта­ма ала алады. Бұл қызмет кәме­летке толмағандардың ата-аналары мен заңды өкілдеріне қол­жетімді. Пайдаланушылар анықтама форматын электронды немесе апостильмен қағаз түрінде таң­дай алады. Егер сіз апостилмен анықтаманы таңдасаңыз, мемлекеттік корпорация филиалы­ның мекенжайын көрсетуіңіз және мемлекеттік бажды төлеуіңіз керек. Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама …

Анықтама қолжетімді Read More »

Мәртебелі мамандық

Қыстың суығына, жаздың ыс­ты­ғына қарамай тер төгетін құ­рылысшылар қашан да құрметке лайық. Әсіресе, биылғы көктемгі су тасқынынан кейін құрылыс жұ­мысы қызып, осы саланың ма­мандарына сұраныс күрт артты. Баспана салуға да, оларды жөн­деуге де білікті мамандар жер-жерден тартылды. Об­лыс орталығы мен аудандарда­ғы баспаналарды жөндеуге “СК Евростой” ЖШС да кіріскен. Бү­гінге дейін бірнеше баспананы қалпына келтіріп, иелеріне …

Мәртебелі мамандық Read More »

АБЫРОЙ БИІГІНДЕ

Кезінде заңғар жазушы Ғабиден Мұстафин “Жасында көр­ге­ні жоқтың, өскенде айтары да жоқ”, – деген екен. Еңбекпен есейіп, егемендікпен еңсе тіктеп, жауапты қызметте де абырой биігінен аласармай, осы күнге кісілік пен кішіліктің қалпын бұзбай жеткен Амангелді Балмұқановтың жастарға айтары аз емес. Кейінгі ұрпаққа жөн сілтеп, ақылшы болып отырған абыз ақсақалдың мәнді де мағыналы ғұмыры өнегеге толы. …

АБЫРОЙ БИІГІНДЕ Read More »

Мыңмен жалғыз алысқан

ХІХ ғасырдың тарихи-әлеуметтік жағдайы қазақтың өмір сүру деңгейінің көрінісі еді. Дәуір тарихы бұл ғасырда қазақ дала­сына қоңыраудың сылдырын ал­ғаш болып естірткен ағартушы, пе­дагог, ақын, гуманист Ыбырай Алтынсаринді, белгілі саяхатшы, этнограф-ғалым Шоқан Уәлиха­новты, философ, ақын, аудар­машы Абай Құнанбайұлын тарту етті. Қазақ даласын әнімен әлди­леген сал-серілерді сыйлады. Олар қазақтың маң­дайына біткен шоқ жұлдыздары еді. Әрқайсысы дарқан даланың …

Мыңмен жалғыз алысқан Read More »

Орталық Азия ренессансы: орнықты даму және өркендеу жолы

I. ДАМУ МАҚСАТТАРЫНЫҢ ОРТАҚТЫҒЫ Орталық Азия аймағы сан ғасырдан бері біртұтас геосаяси және рухани кеңістік ретінде белгілі. Бұл – табиғи ресурсы мен адам капиталы мол, мәдени-тарихи мұрасы бай өңір. Көшпелі және отырықшы өмір салтының үндестігі мұндағы шаруашылық жүйенің негізі болып қана қоймай, аймақтың өзіндік саяси-құқықтық мәдениетін және кез келген өзгеріске бейімдігімен, төзімділігімен ерекшеленетін құндылықтар жиын­тығын …

Орталық Азия ренессансы: орнықты даму және өркендеу жолы Read More »

Жеке кәсіпкер жарнаны қалай төлейді?

Соңғы кездері МӘМС-ке жарна төлеуі тиіс жеке кәсіпкер­лерден түсетін сұрақтар жиіледі. Сол сұрақтардың негізгілері бо­йынша ақпарат беруді жөн са­надық. Жеке кәсіпкерлер мен жеке практикамен айналысатын аза­мат­тар өзге де әлеуметтік ауда­рымдармен қатар МӘМС-ке белгіленген жарналарды төлейді. Жарна мөлшері ЕТЖ-ның 1,4-еселенген мөлшерінің 5 пайы­зын құрайды, яғни 5% * (85 000 * 1,4) = 5 950 теңге (2024 …

Жеке кәсіпкер жарнаны қалай төлейді? Read More »