«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Балықтың бабын тапсаң – табыс

Облыста биыл 62 су айдынын зерттеуге бюджеттен 19 млн. теңге бөлінді. Мақсат – тауарлық балық өсіру шаруашылығын дамыту үшін қолданыстағы көлдердің санын арттыру. Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды рет­теу басқармасының басшысы Бейбіт Исманов өңірлік коммуни­кациялар қызметінде өткен брифингте балық шаруашылы­ғының жай-күйі мен даму перс­пективалары туралы айтты. Аймақта балық шаруашылы­ғына жарамды 589 көл бар. Оның …

Балықтың бабын тапсаң – табыс Read More »

СУ БАСҚАН ЛАГЕРЬ БАЛАЛАРДЫ ҚАБЫЛДАУҒА ДАЙЫН

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов су тасқынынан зардап шеккен Қызылжар ауданындағы Большая Малышка ауылында болды. Бұл ауылда 321 үйді су басқан, оның 66-сы тұруға жарамсыз. Қазірдің өзінде 19 үй сүрілген. Апатты үйлерді бұзу және үйлерді жөндеу жалғасуда. Құрылыс жұмыстарын мехбригадалар жүргізуде, ауыл тұрғындары өз күштерімен де үйлерін қалпына келтіріп жатыр. Өңір басшысы тұрғындармен сөйлесіп, атқарылып жатқан …

СУ БАСҚАН ЛАГЕРЬ БАЛАЛАРДЫ ҚАБЫЛДАУҒА ДАЙЫН Read More »

ЖАСТАР “ҚУАТ БЕРЕТІН” СУСЫНҒА НЕГЕ ҚҰМАР?

Энергетикалық сусынды күні бойы қуатты әрі сергек жүруді көздеген кез келген адам пайда­ланады. Дегенмен де оның ден­саулық­қа зиян тигізетінін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Сергіткіш сусындардың зия­ны туралы әңгімені алғаш рет 2010 жылы ақпанда сол кездегі Пар­ламант Мәжілісінің депута­ты Владимир Нехорошев көтер­ген еді. “Энергетикалық сусындар­­дың құрамында адам ағзасына өте қауіпті химикаттар бар. Оларды ХХ ғасырдың …

ЖАСТАР “ҚУАТ БЕРЕТІН” СУСЫНҒА НЕГЕ ҚҰМАР? Read More »

Қандастарға қажет орталық

Өңірімізде “Қандастар мен қоныс аударушыларға арналған ақпараттық-түсіндіру орталығы” ашылды. Оның мақсаты – теріскейге қоныс аударғысы келетін жандарға кеңес беріп, көші-қон үдерісін түсіндіру. Осылайша солтүстікке көшіп келуге ниеттенгендер аталған орталықтың өкілдеріне хабарласып, қажетті ақпаратты біле алады. Орталықтың төрағасы Әнуар Тоқпанның айтуынша, “Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері” ұлттық жобасы шеңберінде мемлекет елдің оңтүстік өңірлері тұрғындарының солтүстікке …

Қандастарға қажет орталық Read More »

ҚЫДЫРЫП ЖҮРІП, ҚАН ҚЫСЫМЫН ТЕКСЕРДІ

Облыс орталығында “Денсаулық” акциясы өтті. Бұл – емханаға баруға уақыт таппай жүрген жандар үшін өте тиімді шара. Ұйымдастырушылар маңызды шараны халық көп жүретін орындарда өткізді. – Қордың бастамасымен үш күннен бері “Денсаулық” акциясын өткізіп жатырмыз. Бұл шараның мақсаты – халықты өз мәртебелерін тексеруге үйрету, адамдарға ақпарат беру, төлем жасауды түсіндіру, – дейді “Әлеуметтік медициналық сақтандыру …

ҚЫДЫРЫП ЖҮРІП, ҚАН ҚЫСЫМЫН ТЕКСЕРДІ Read More »

Бірлескен жұмыстың нәтижесі

Жыл басынан бері облыс аумағында полиция департаменті құрамындағы криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері ТМД елдеріндегі әріптестеріне 24 қылмыскерді анықтап, ұстап берді. Мысалы, Омбы және Қорған облысының екі тұрғыны есірткі заттарының заңсыз айналымы, тағы екі тұрғыны шекараны заңсыз кесіп өткені үшін іздестірілген. Олардың барлығын біздің полицейлер ресейлік әріптестеріне табыс етті. Ал ТМД елдерінің ішкі істер органдары облыс …

Бірлескен жұмыстың нәтижесі Read More »

ТУҒАН ЖЕРДІҢ ТАРИХЫМЕН ТАНЫСТЫ

“Ардос Жүрек” қоғамдық бірлестігі мүмкіндігі шектеулі жандар үшін облыстық тарихи-өлкетану музейіне экскурсия ұйымдастырды. Музейде олар туған өлкенің тарихымен танысты. Қонақтардың назарына бірегей жәдігерлер мен құжаттар ұсынылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл экскурсия барысында мүмкіндігі шектеулі жандарға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, отансүйгіштікке тәрбиелеу басты мақсат болды. – Біз ерекше санаттағы жастар үшін кешенді шараларды жүзеге асырудамыз. Аталмыш шара аясында …

ТУҒАН ЖЕРДІҢ ТАРИХЫМЕН ТАНЫСТЫ Read More »

СТУДЕНТТІ БОПСАЛАҒАН

Облыс орталығының 20-23 жастағы төрт тұрғыны полиция қызметкерлерінің назарына іліккен. Олардың үшеуі бұрын сотталған. Жедел ақпаратқа сәйкес, бұл топ колледждердің бірінің 18 жастағы оқушысын қорқытып ақша алған. Ал жас жігіт өз өміріндегі болып жатқанның барлығын әлеуметтік желілерге салып жүрген. Нәтижесінде оның бұл әрекеті басқалардың көзіне түскен. Жәбірленушіні жалдамалы пәтерге заңсыз жолмен қамап, ақша бопсалаған, психологиялық …

СТУДЕНТТІ БОПСАЛАҒАН Read More »

Екі жылдан кейін жазаланды

Облыстың мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы броконьерді жауапкершіліктен заңсыз босату фактісін анықтады. Өңір тұрғыны сібір елігін атып алып, мемлекетке 1,2 млн. теңге шығын келтірген. Облыстық прокуратураның мәліметінше, броконьер 2022 жылы қолға түсіп, қылмыстық қудалау органы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған. Оның нәтижесі бойынша қылмыстық құқық бұзушылық құрамын таппай, сотқа дейінгі тергеп-тексеру тоқтатылған. Жануарлар әлеміне залал келтірілгенімен, қылмыстық …

Екі жылдан кейін жазаланды Read More »

ЛОКОМОТИВ ТІЗГІНДЕУ – ҮЛКЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК

Пойыз вагонындағы әр жо­лау­шының тағдырына темір тұл­парды тізгіндеген машинист жауапты. Ал жолаушылардың діттеген жеріне аман жетуі локо­мотив бригадасына өткізілген техникалық сабақтардың сапа­сына байланысты. Көлік қызметкерлерінің кәсі­би мерекесі қарсаңында Петро­павл қаласындағы Локомотив депосына арнайы барып, ондағы қайнаған тірлікпен та­нысқан едік. “Оңтүстік-Орал те­мір­ жолы” ашық акционерлік қо­ғамы Петропавл құрылымдық бө­лімшесінің Петропавл локомо­тив депосын­да 1080 адам еңбек етеді. …

ЛОКОМОТИВ ТІЗГІНДЕУ – ҮЛКЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК Read More »

Мал санағы

Елімізде ендігі жылы ұлттық ауыл-ша­руашылығы санағын өткізу жос­пар­­ланған. Әдістемені тексеру мақ­сатын­да биыл тамыз айында қа­нат­қақты жо­ба іске қосылады. Об­лыста санақ Қы­зылжар ауданының Бескөл, Айыр­тау ауданының Сырым­бет ауылында және Петропавл қала­сында жүргізі­леді. Облыс орталығында 500-ге жуық жеке үй мен саяжай учаскесі ірік­теліп алынды. Сауалнама барысында тұр­ғындар мал басының, ауыл шаруа­шы­лығына байланысты әртүрлі құры­лыстар, техникалар сонымен қатар …

Мал санағы Read More »

Қатерлі ісікке қарсы екпе

Қазақстанда жатыр мойны обы­ры – әйелдер арасындағы он­кологиялық аурулар статис­ти­ка­­сы бойынша сүт безі обы­рынан кейін екінші орында тұр. Қатерлі ісіктің алдын алу мақ­сатында биыл жасөспірім қыз­дарға адам папилломасы виру­сына қарсы екпе салынады. Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау де­партаменті баспасөз қызметі­нің мәліметінше, адам папил­лома­сы вирусына қарсы екпе егу биыл қыркүйек айында бас­тала­ды. Негізінен 11 жастағы қыздар қамтылмақ. Олар …

Қатерлі ісікке қарсы екпе Read More »

ӨТЕМАҚЫЛАРЫН АЛДЫ

Өңірімізде су тасқынынан зардап шеккен кәсіпкерлер өтем­ақы ала бастады. Облысқа республикалық бюджеттен ал­ғаш­қы транш 23 шілдеде түсті. Бұл туралы шағын және орта бизнес субъектілеріне келтірілген мү­ліктік шығынның орнын толты­руды анықтау жөніндегі облыс­тық комиссияның мүшесі, об­лыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Есжан Ораза­лин мәлім етті. Нақты мәлімет бойынша өңірде су тасқыны салдарынан 140 кәсіпкер зардап шекті. Бұл – …

ӨТЕМАҚЫЛАРЫН АЛДЫ Read More »

АУҚЫМДЫ ЖОБА

Айыртау ауданының Арық­балық ауылында “Meat ecology products” жауапкершілігі шек­теулі серіктестігі мал борда­қы­лау цехын ашты. Бауыржан Баймурзин бас­қаратын серіктестіктің бизнес жобасы ауыл тұрғындары мен жергілікті атқарушы билік тарапынан қолдау тапқанын айтып өту қажет. – Бұл – барлық та­лаптарға сай ашылған ауданда­ғы алғашқы мал бордақылау цехы. Ауданда шаруа қожалық­тары көп болса да барлығында осындай цех ашуға мүмкіндік …

АУҚЫМДЫ ЖОБА Read More »

Естеліктер сыр шертеді

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада жерлесіміз, білім беру саласының ардагері Ғабит Қоңырбаевтың “Есіме алсам, ойыма салам” атты кітабының тұсаукесері өтті. Шараға зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, қоғам қайраткерлері, журналистер, автордың достары, туған-туысқандары қатысты. Алғашқы болып кітаптың жарық көруіне себепкер болған, оған өз үлесін қосқан кітаптың редакторы, заң ғылымының докторы Қайыртай Шигиров сөз сөйледі. Кітаптың таспасын жерлесіміз …

Естеліктер сыр шертеді Read More »

КӨҢІЛДІ ДЕМАЛЫС

Шал ақын ауданындағы “Аютас” балалар лагері биыл 5 маусым бойы жұмыс істейді. 750 балаға шақталған аудандағы жалғыз сауықтыру орнында бүгінге дейін 650 бала демалып үлгерді. Қазір мұнда өңірдегі табиғи апатқа байланысты тасқыннан зардап шеккен аудандардың балалары демалып жатыр. Жалпы жыл сайын Уәлиханов пен Ақжар, Тимирязев аудандарының балалары демалуға келеді. Әр ауысымда балаларды қызықтыратын түрлі бағдарламалар …

КӨҢІЛДІ ДЕМАЛЫС Read More »

ЕРЕКШЕ СПАРТАКИАДА

Өңіріміздегі этносаралық келісімді нығайту және саламатты өмір салтын насихаттау мақсатында Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы этномәдени бірлестіктер арасында спартакиада өткізді. Қатысушылар арасында тек дене жаттығулары мен көңілді старттар, ұлттық ойындар мен тимбилдинг қана емес, сондай-ақ психология және қаржылық сауаттылық бойынша шеберлік сағаттары өткізілді. Спартакиада соңында облыстық ассамблея мүшелері мен белсенділері осы күндері Парижде ел намысын қорғайтын …

ЕРЕКШЕ СПАРТАКИАДА Read More »

БОЗКІЛЕМДЕ — ҚҰТҚАРУШЫЛАР

Петропавлда қазақ күресінен “Бейбіт күннің батырлары” атты республикалық турнир өтті. Жарыс қызметтік міндеттерін орындау кезінде ерлікпен қаза тапқан азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерін еске алуға арналды. Биыл қазақ күресінен жарыс осымен екінші жыл қатарынан ұйымдастырылды. Оған еліміздің қалаларынан 14 команда қатысты. Бозкілемге бірнеше салмақ дәрежесі бойынша 100-ден астам спортшы шықты. – Жарыстың ерекшелігі – турнирге құтқарушылардан …

БОЗКІЛЕМДЕ — ҚҰТҚАРУШЫЛАР Read More »

АУЫЛДАСТАРЫН САН СОҚТЫРҒАН

Полиция қызметкерлері Тайынша ауданының 30 жастағы тұрғыны алаяқтықтың 16 эпизоды бойынша күдікті деп танылған қылмыстық істі тергеп жатыр. Бұрын сотталмаған ер адам алаяқтық жолмен ауылдастарының ақшасын иемденген. Жалпы шығын 140 миллион теңгеге жуықтаған. Полицияға Тайынша ауданының тұрғындарынан 2022 жылдың жазынан 2024 жылдың мамырына дейінгі аралықта олардың ортақ танысы несиеге алған ақшаны алдап иемденгені туралы бірнеше …

АУЫЛДАСТАРЫН САН СОҚТЫРҒАН Read More »

Мұхаммедәлі ИСПАНОВ: “АГРОНОМ МЕН СПОРТШЫ БАСҚАРҒАН МӘДЕНИЕТ ОҢБАЙДЫ”

– Мұхаммедәлі Нұрманұлы, театр сахнасынан кетіп, қазір қалалық Мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі қызметінде жүрсіз. Өнер адамы ретінде іздегеніңізді таптыңыз ба? – Көркемдік жетекші – аса бір үлкен қызмет емес. Бірақ өнерпаздардың сахнаға не алып шығатынын жоспарлау, болатын концерттің сценарийін құру, айтатын әндерді таңдау сияқты көзге көріне бермесе де, үлкен жауапкершілікті талап ететін жұмыстары көп. Мәдениет …

Мұхаммедәлі ИСПАНОВ: “АГРОНОМ МЕН СПОРТШЫ БАСҚАРҒАН МӘДЕНИЕТ ОҢБАЙДЫ” Read More »