«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖҮСІПБЕКТІҢ ӘН-ҒҰМЫРЫ

Қазақ музыка өнерінде Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Жүсіпбек Елебековтің орны ерекше. Ол – дәстүрлі кәсіби ән мектебінің негізін қалағандардың бірі. Дара дарын иесінің тағылымды өмір жолы өзгелерге өнеге. Қазақтың классикалық ән өнерін насихаттауға зор үлес қосқан дара тұлғаның туғанына биыл 120 жыл толып отыр. Сан ғасырдан бері қазаққа құтты қоныс болған, Алашқа айбын …

ЖҮСІПБЕКТІҢ ӘН-ҒҰМЫРЫ Read More »

Шын бақыттың мекені

Қыркүйек айының екінші жексенбісінде елімізде отбасы күні аталып өтілді. Отбасы – адамзат баласының дүниеге шыр етіп келгенде есігін айқара ашып енетін үйі, өсіп ержететін, тәрбие алатын аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі. Қай заманда, қай елде болмасын отбасының адамзат ұрпағына ықпалы мен әсерін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайды. Отан отбасынан басталатын­дықтан, елдегі отбасы …

Шын бақыттың мекені Read More »

ШАҢЫРАҚ ШАТТЫҒЫ

Астанада “Мерейлі отбасы – 2024” республикалық байқауында еліміздің әр өңірінен жиналған 20 үздік отбасы марапатталды. Айтулы шарада Ақжар ауданынан қатысқан Хасеновтер әулеті де жеңімпаз атанды. “Мерейлі отбасы” – отбасы­лық құндылықтарды дәріптейтін бірегей жоба. Биыл бұл шараға қатысуға 3 мыңнан астам өтінім түскен. Байқауға қатысу бойын­ша Қарағанды, Жетісу, Астана, Алматы өңірлерінің тұрғындары белсенділік танытқанын айтып өту …

ШАҢЫРАҚ ШАТТЫҒЫ Read More »

Қара қазанның қасиеті

Балалық шағымның мәңгі ұмытылмас ізі қалған туған ауы­лымды елжірей еске алсам, кез алдыма тезек жағып, бәтір нан пісіріп, қара қазанды қайнатып, жұмыстан қалжырап келетін әкеме тамақ әзірлеудің қамымен, одан босаса, таң азаннан кеш батқанға дейін тынымсыз тірліктен қолы босамайтын анамның мейірімге толы әжімді жүзі келеді. Тете өскен біздер сабақтан шыға сала үйге жет­кенше құлдыраңдай жүгіреміз. …

Қара қазанның қасиеті Read More »

МИНИМАЛИЗМ НЕМЕСЕ “АРТЫҚ” ЗАТТАРДАН АРЫЛУ ҚАҒИДАСЫ

Кітапханада жаңа кітаптар сериясы сөресінде тұр­ған пышақтың қырындай ғана туындыға еріксіз көзім түсті. Авторы – жазушы Лира Қоныс. “Қазақша мини­мализм неме­се үйде бәрі бар” деп аталатын кітап алғы­сөзін оқы­ғаннан-ақ ішкі иіріміне тарта жөнелді. Қаламгер қазақ қоғамында­ғы, қазақ отбасындағы үнемшіл­дік, адам өміріне пайда әкел­мей­тін арттық заттардан толық­тай арылу мәселесін сөз етіпті. Бұл өте ауқымды мәселе. Неге …

МИНИМАЛИЗМ НЕМЕСЕ “АРТЫҚ” ЗАТТАРДАН АРЫЛУ ҚАҒИДАСЫ Read More »

Атомдық энергия – көмір мен мұнайға қарағанда қауіпсіз

Қазақстан халқы үлкен таңдау алдында тұр. Ол – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм” атты Жолдауында атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты белгіленген 6-қазанда өтетін жалпыұлттық референдум. Президент бұған дейін де АЭС құрылысына орай өз ойын ашық білдіріп: “Еліміздің энерге­тикалық қауіпсіздік мәселелерін шұғыл шешуіміз керек. Таза атом энергиясы болмаса, …

Атомдық энергия – көмір мен мұнайға қарағанда қауіпсіз Read More »

Әскерден қашатындар көп

Биыл күзде облыстан 500-ге жуық жігіт әскер қатарына алы­нуы тиіс. Олардың алғашқы тобы бірер күнде Отан алдындағы бо­рышын өтеу үшін Алматыға ат­танады. Облыстық қорғаныс істері жө­ніндегі департаменттің мерзімді әскери қызметке шақыру бөлімі­нің бастығы Әнуар Ибраевтың ай­туынша, қазіргі уақытта облыста 14 мыңнан астам жігіт әскерге ша­қырылушы ретінде есепке алын­ған. Биыл көктемде өңірден 478 жігіт әскерге алынуы …

Әскерден қашатындар көп Read More »

Әдептілік әдетке айналуы керек

Ауыл шаруашылығы ми­нистрлігі мемлекеттік инспекция комитеті облыстық аумақтық инс­пекциясында “Қазақстан Респуб­ликасы мемлекеттік қызметші­лерінің Әдеп кодексі” тақыры­бында семинар өтті. Семинар барысында Мемле­кеттік қызмет істері агенттігінің өңір бойынша департаменті мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Диана Салғарина жұмыс­тан тыс уақытта мемлекеттік қыз­метшілердің жүріс-тұрысы мен мінез-құлқының маңыздылы­ғын атап өтіп, әдептіліктің негізгі қағи­даттары туралы хабардар етті. Қа­зақстан Республикасының …

Әдептілік әдетке айналуы керек Read More »

Туристерді таңғалдырды

Сарыарқаның сайын даласын дүбірге бөлеген Дүниежүзілік көшпенділер ойындары жүзге жуық елден келген кіл мықтылардың басын қосып, ауқымды спорт бәсекесіне айналды. Астана төрінде кешегі бабаларымыздан мирас болып қалған ұлттықсайыс түрлері әлемдік деңгейге көтеріліп, байрағымыз биіктен желбіреді. Көшпенділер ойындары тек спортшы­лар бас қосатын шара емес, сонымен қа­тар өнер мен мәдениеттің қайнаған база­рына айналып отыр. Бірінші күндегі ашы­лу …

Туристерді таңғалдырды Read More »

Жария тыңдау өтеді

Петропавл қаласында жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын бе­кіту бойынша жария тыңдау өтеді. “Солтүстік Қазақстан облысы әкімді­гінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқар­масы” КММ тұтынушыларды, жылу­мен жабдықтаушы ұйымдардың басшыларын, тұтынушыларды және өзге де мүдделі адамдарды “Солтүстік Қазақстан облысында есептеу ас­паптары жоқ тұтынушылар үшін жы­лумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну норма­ларын бекіту туралы” Солтүстік Қа­зақстан …

Жария тыңдау өтеді Read More »

Есірткі зертханасын ұйымдастырған

Облыстық полиция департаменті қызметкерле­рі­нің назарына 36 жастағы Астана қаласының тұрғыны мен 46 жастағы қарағандылық түскен. Олар Пет­ро­павл­ға синтетикалық есірткі тарату мақсатында келген. Қызметтік іссапар бары­сында солтүстікқазақстандық жедел уәкілдер күдіктілердің син­тетикалық есірткі өндіре­тін есірткі зертханасын ұйым­дас­тыруға қажетті жабдықтар мен 90 килограмм прекурсорлар жеткізілген Алматы облы­сын­дағы жалдамалы үйлері­нің ор­наласқан жерін анықт­ады. – Алдын ала мәліметтер бойынша зертханада …

Есірткі зертханасын ұйымдастырған Read More »

“АҚЫЛДЫ” КАМЕРАЛАР

Өңірде 11 қыркүйектен бастап жол жүрісі қағида­ларын бұзу фактілерін автоматты түрде тіркейтін құрылғылар іске қосылды. Бүгінге дейін облыста 2022 жылы орнатылған 30 құрылғы жұмыс істеді. Олар орнатылған учаскелерде адамдар зардап шеккен бірде-бір жол-көлік оқи­ғасы тіркелмеді. Жол апаттарын азайту – полицияның маңызды міндетте­рінің бірі. Аппараттық-бағдарламалық кешендердің тиімді­лігіне байланысты және аза­маттардың өтініштерін ескере отырып, облыстық полиция департаменті …

“АҚЫЛДЫ” КАМЕРАЛАР Read More »

Қауіпсіздік ережелері қаперде болсын!

Жылыту маусымының бас­та­луына аз уақыт қалды.  Күн суыта үйлері орталықтан­ды­рылған жылыту жүйесіне қо­сылмаған тұрғындар пеш жа­ғуға кіріседі. Осыған орай тө­тенше жағдайлар департа­ментінің қызметкерлері түрлі рейдтік іс-шаралар өткізіп,  тұрғындарға пешті пайдала­нудың ережелерін түсіндіруде. Жалпы биыл жыл басынан бері облыс аумағында 268 өрт тіркелген. Салдарынан 17 адам қаза тауып, 31 адам әр­түрлі жарақат ал­ған. Оның ішінде иіс …

Қауіпсіздік ережелері қаперде болсын! Read More »

КӨПІР ҚҰРЫЛЫСЫ КЕСТЕГЕ САЙ

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Петропавлдағы темір жол арқылы өтетін жаңа көпірдің құрылысымен танысты. Ол облыс орталығын Жұмысшы кентімен қосатын қазіргі жол өткеліндегі көлік ағынын азайтуға септігін тигізеді. Көпір құрылысына облыс бюджетінен 5,3 млрд. теңге қа­растырылған. Мердігер жыл соңына дейін көпір мен кіребе­ріс жолдарды, ара­лық тірек­терді, аралық құры­лымды салуды, монолитті жа­бын пли­тасын орнатуды және инже­нерлік желілерді …

КӨПІР ҚҰРЫЛЫСЫ КЕСТЕГЕ САЙ Read More »

Департамент басшысы ауысты

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Солтүстік Қазақстан об­лысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы қызметіне Ержан Қа­рымсақов тағайындалды. Ержан Қарымсақов 1980 жы­лы Қызылорда қала­сында дүниеге кел­ген. 2001 жылы Қазақ мемле­кет­тік заң акаде­мия­сын “заңгер”, 2014 жылы Қорқыт ата атындағы Қызыл­орда мемле­кеттік универ­ситетін “экономика және бизнес бакалав­ры” маман­дығы бойынша бітірген. 2001-2005 жылдар аралығын­да Құқықтық статистика және ар­найы …

Департамент басшысы ауысты Read More »

Шуақты күндер – шаруаға сеп

Өңірде орақ науқаны қызу жүргізілуде. Бүгінге дейін 590 мың гектар жерден өнім жиналды. Жиналған астық көлемі бір миллион тоннадан асты. Орташа өнімділік гектарына 17,3 центнерден айналуда. Бүгінге дейін астықтың шамамен 17,8 пайызы орылды. – Диқандар қолайлы ауа райын пайдаланып, орақ науқа­нын дер кезінде аяқтауға тыры­суда. Шаруашылықтардағы тех­никаның бәрі алқаптарда жұ­мыс істеп жатыр. Мемлекет та­ра­пы­нан күздік …

Шуақты күндер – шаруаға сеп Read More »

Мейіржанның мерейі үстем

Астана қаласында өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер  ойындарынан ақжолтай хабар жетті. Қазақ күресінен 60 килограмм салмақ дәрежесінде Қазақстанның намысын қорғаған “Қызылжар арландары” клубының мүшесі  Мейіржан Берекетов алтыннан алқа тақты. Ол финалда Әзірбайжан балуанының жауырынын бозкілемге тигізді. Мейіржан барлық қарсыластарын айқын басымдықпен жеңгенін айта кеткен жөн.    Біз “Қызылжар арландары” клубының директоры  Алтынбек Аусағитовпен телефон арқылы хабарласып, шәкіртінің …

Мейіржанның мерейі үстем Read More »

БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ СЕРІКТЕСТІК

Өңірге АҚШ-тың Аризона универ­ситетінің вице-президенті Шейн Берджесс бастаған деле­гация келді. Шетелдік әріптестерді облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов қабылдады. Кездесуде жоғары білім саласындағы стратегиялық серіктестік және аграрлық ғылымды дамыту мәселелері талқыланды. “Қазір М.Қозыбаев атын­да­ғы Солтүстік Қазақстан уни­верситеті Аризона универси­те­тімен бірге қос дипломдық бағдарламаны жүзеге асырып жатыр, соның арқасында біз­дің студенттер америкалық жоғары оқу орнының білім бе­ру ресурстарына …

БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ СЕРІКТЕСТІК Read More »

Ботагөз АҚМАҒАМБЕТОВА: “ЖАСТАРДЫҢ БӘРІ ДАҢҒАЗА МУЗЫКАНЫҢ ЖЕТЕГІНДЕ ЖҮРГЕН ЖОҚ”

– Ботагөз Жағыпарқызы, әңгімеміздің әлқиссасын Ақан сері атындағы облыстық фи­лармонияның тыныс-тіршілі­гінен бастасаңыз. Жалпы жаз­ғы маусымды қалай өткізді­ңіздер? – Жаз маусымында филар­мо­ния сахнасында концерттер саны азайғанымен, жұмыс үздік­сіз жүреді. Жалпы кез келген ша­ра мәдениет саласы қызметкер­ле­рінсіз өтпейді. Сондықтан біз­дің жұмысымыз жыл бойы, ап­та­ның жеті күнінде де қауырт. Қазір филамонияда 300-ден астам адам еңбек етеді. Соның 80 …

Ботагөз АҚМАҒАМБЕТОВА: “ЖАСТАРДЫҢ БӘРІ ДАҢҒАЗА МУЗЫКАНЫҢ ЖЕТЕГІНДЕ ЖҮРГЕН ЖОҚ” Read More »

АДАМ ҚҰҚЫ МА, АДАСУ МА?

Түрікшіл ұлы ақын Мағжан Жұмабаевтың “Пайғамбар” өлеңіндегі: “Күнбатысты қараңғылық қаптаған, Жалғыз жан жоқ қараңғыда лақпаған. Білген емес иман деген не нәрсе, “Қарын” деген сөзді ғана жаттаған”, – деген сияқты айыптауларды оқығаны­мыз­да өркениеті биік, де­мо­кратиясы озық деп жүрген Еуропа елдеріне көзқарасы­мыздың ұлттық мүдде тұр­ғысынан дұрыс-бұрыстығы хақында ойлануымызға ту­ра келеді. Себебі, “кәрі құрлықтың” көп мемлекетінде “адам құқы” …

АДАМ ҚҰҚЫ МА, АДАСУ МА? Read More »