ТАРИФ САЯСАТЫ ТҮБЕГЕЙЛІ ӨЗГЕРУІ ТИІС
“Әділетті Қазақстанның жаңа экономикалық бағдары” Жолдауында тариф саясатын түбегейлі қарап, жаңа әдістемесіне көшу, инвесторлардың қызығушылығын арттыру, соған сәйкес табиғи монополия субьектілерінің бәріне 5-7 жылға дейін көңілге қонымды нарықтық тариф енгізу міндеті қойылды. Президент баға тұрақты болса, инвестицияны нақты жоспарлауға болатынын, қаржы ұйымдары кәсіпорындарға нық сеніммен несие бере алатынын атап өтті. Сонымен қатар монополистердің жауапкершілігі артатынын, …