«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӘСКЕРИ АКАДЕМИЯ ТҮЛЕКТЕРІ

Облыс орталығының бас алаңында Ұлттық ұлан академиясының жас офицерлеріне диплом тапсыру рәсімі өтті. Әскери оқуды аяқтаған түлектерді облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов пен Ішкі істер министрі Ержан Сәденов құттықтады. Өңір басшысы су тасқынымен күресуге және оның зардаптарын жоюға белсене атсалысқан академия курсанттарын ерекше атап өтті. – Биыл облыс үшін күрделі кезең болды. Академия офицерлері мен курсанттары …

ӘСКЕРИ АКАДЕМИЯ ТҮЛЕКТЕРІ Read More »

Елу үш көше жөнделеді

Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов облыс орталығындағы Лазутин, К.Сүтішев, Болатбаев, Зеленая және Алтын дала көшелерін жөндеу жұмыстарын тексерді. Биыл Петропавлда 53 көшеге асфальт төсеу жоспарланса, соның отыз тоғызында бұрын-соңды асфальт болмаған. Бұл көшелер негізінен Жұмысшы кенті, Борки және Орман сынды шеткі шағынаудандарда орналасқан. Облыс әкімі атқарылған жұмыстардың сапасын қатаң қадағалап, жаз күндерін тиімді пайдалануды тапсырды. “Қала …

Елу үш көше жөнделеді Read More »

ЛАЙЫҚТЫЛАРҒА — МАРАПАТ

Көктемгі су тасқынын еңсеру кезінде ұйымшылдықтың үлгісін көрсетіп, ерекше белсенділік танытқан мекемелердің бірі – “Петропавл ауыр машина жасау зауыты” АҚ. Зауыт қызметкерлері алғашқы күннен су тасқынына қарсы іс-қимыл жөніндегі жедел штабқа енгізіліп, кәсіпорынның 200-ден астам мүшесі қорғаныс бөгеттерін салысты. Ойқала шағынауданында еріктілермен, Астанадан, Қарағандыдан көмекке келген әскери күштермен бірге құм салынған қаптардан бекініс жасады. Бас …

ЛАЙЫҚТЫЛАРҒА — МАРАПАТ Read More »

ЖҰМЫЛА КҮРЕСКЕН ЖЕҢЕДІ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес демократиялық қоғам құрудың құрамдас бөлігі, кез келген мемлекет саясатының басым бағыты болып саналады. Осы себепті түрлі амал-тәсілдер арқылы қоғамдық дертті еңсере білсек, кез келген істің табысты дамуына жол ашылары сөзсіз. Өйткені лауазымдық өкілеттіктерін жеке бас мүддесіне пайдалана отырып, мемлекеттік функцияларды өрескел бұрмалайтын немесе делдалдар арқылы мүліктік игіліктер мен артықшылықтар алуды көздейтін …

ЖҰМЫЛА КҮРЕСКЕН ЖЕҢЕДІ Read More »

Ғибратты ғұмыр

Қазіргі замандастарымыздың көпшілігі мектеп қабырғасында жүргенде газет-журналдардың оқырманы болды десек артық айтқандық бола қоймас. Ол кездері қазіргідей әркімнің қолында ұялы телефон түгіл телевизордың өзі ауылда саусақпен санарлықтай еді. Ауылымыздағы хат тасушы Сапура апайдың екі үлкен сөмкесі болатын. Сол сөмкелеріне газет-журналдарды толтырып алып, мектепке таңертең және түстен кейін келіп, әр отбасының жаздырып алатын басылымдарын балаларына тарататын. …

Ғибратты ғұмыр Read More »

ТІЛ ТАЗАЛЫҒЫ ӨЗІМІЗДЕН БАСТАЛАДЫ

Бүгінде өскелең ұрпақ­ты сөй­леу мәдениетіне, сауатты жазуға тәр­бие­леу жайының түйткілді мәселеге айналып бара жатқаны қынжылтады. Бәрін кінәлаудан аулақ­пыз, дегенмен, жастар­дың көбі теледидар мен әлеуметтік желілердің ықпалында шырма­ты­лып қалғаны талассыз шын­дық. “Жаман әдет тез жұққыш келеді” демекші, соның салда­рынан тілдік нормаға, қарапа­йым сөйлеу ережесіне үш қайна­са сорпасы қосылмайтын “ботқа тілдің” орныққаны соншалық, қалыпты үрдіс ретінде қа­был­дайтын …

ТІЛ ТАЗАЛЫҒЫ ӨЗІМІЗДЕН БАСТАЛАДЫ Read More »

ҮЗДІК АУДАНҒА – АВТОКӨЛІК

Биылғы жылы өңірдің мәде­ниет саласында бірқатар жобалар жүзеге асырылмақ. Өткен айда мә­дениет және өнер қызметкерлері күнін атап өту барысында аудан­дардағы өнер ұжымдары арасын­да ауқымды байқау өтіп, соның нә­тижесінде үздік ауданға автокөлік берілетіні туралы айтылғанды. Бүгінде облыстық халық шығармашылығы және мәдени-бос уақыт қызметі орталығының мамандары іріктеуді бастап кеткен. Осы күнге дейін ұйымдастырушылар 12 ауданда болып, мәдениет …

ҮЗДІК АУДАНҒА – АВТОКӨЛІК Read More »

Өндірістегі жарақат

Мағжан Жұмабаев ауда­нының 50 жастағы тұрғы­ны өндірісте жарақат ал­ды. Облыстық денсаулық сақтау бас­қармасы баспасөз қызметінің мә­ліметінше, абайсызда жарақат алған ер адамды аудандық ауру­ха­наға фельдшер жеткізіпті. Жұ­мыс­шының оң қолының басы ас­тық­ жеткізетін иірмекте қалып қой­ған. Ауруханаға түскен кезде ер адам көп қан жоғалтып, қолының басы мыжылып қалған. Дәрігер­лер ота жасап, бі­лек буынының негізін қалыптас­тырды. Травматикалық шок …

Өндірістегі жарақат Read More »

Кене шаққандар

Өңірде 1 сәуірден бастап 350 адамды кене шақты. Десек те, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 1,3 есеге төмен. Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау де­пар­таменті басшысының орын­басары Арман Күшбасовтың айтуынша, былтыр сәуір-мау­сым аралығында 454 адамды кене шаққан. Биыл қансор­ғыштан зардап шеккендердің 29 пайызы, яғни 103-і – 14 жас­қа дейінгі бала. “Кене шағудың эпидемия­лық маусымы қазан айына дейін …

Кене шаққандар Read More »

Неден уланғаны белгісіз

Бұған дейін Қызылжар ауда­нындағы Надежка ауылында кешкі астан кейін бір отбасының екі бірдей баласы көз жұмғаны жайлы хабарлаған болатынбыз. Ал жансақтау бөліміне жатқы­зылған ана мен тағы бір баланың жағдайы жақсарып, палатаға ауыстырылды. Облыстық денсау­лық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Гүлнәр Қалие­ваның айтуынша, қазір әйелмен психолог мамандар жұмыс істеп жатыр. Ал бала жұқпалы аурулар бөлімшесіне ауыстырылған. Отбасы …

Неден уланғаны белгісіз Read More »

Сегіз қойды соқты

Жезқазған – Петропавл авто­жолында Қызылжар ауданының Се­мипалатное және Рассвет ауыл­дары арасында таңғы уақыт­та “Toyota” автокөлігінің алдына күтпеген жерден қойлар шыға келген. Жүргізуші көлі­гін тоқтата алмай жануарларды соғып кеткен. Жол-көлік апаты сал­дарынан сегіз қой өліп, машинаға механикалық зақым келген. Жүр­гізуші зардап шеккен жоқ. Жыл басынан бері облысы­мыз­­дың аумағында мал жаю ере­жесін бұзудың 1204 дерегі тіркелді. Әсет …

Сегіз қойды соқты Read More »

Үш бала суға кетті

Өңірде өткен аптада үш бала суға кетті. 10 жасар бала­ның денесі әлі табылған жоқ. 14 маусым күні ол сағат 15:00 ша­масында Есіл өзенінің Зайсан шағынауданы маңында суға кеткен. Бала достарымен шо­мы­луға барған екен. “Іздеу жұмыстарына облыс­тық төтенше жағдайлар депар­таментінің жеке құрамынан 52 адам және 5 техника жұмылды­рылды. Іздеуге бір су асты дро­ны және ұшқышсыз басқарыла­тын …

Үш бала суға кетті Read More »

НАҚТЫ МІНДЕТТЕР ЖҮКТЕДІ

Ішкі істер министрі, полиция генерал-лейтенанты Ержан Сәденов өңірде болған жұмыс сапары барысында облыстық полиция департаментінің басшылығымен және жеке құрамымен кездесіп, бірқатар міндеттер қойды. Олардың қатарында цифрлық технологияларды қолдану аясын кеңейту, қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алуды күшейту, су тасқынынан кейін қоғамдық қауіпсіздікті сақтау мәселелері бірінші кезекте аталды.  Ведомство басшысы солтүстікқазақстандықтардың жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, …

НАҚТЫ МІНДЕТТЕР ЖҮКТЕДІ Read More »

АЛҒЫС АРҚАЛАҒАН АБЗАЛ ЖАНДАР

Облыс әкімі медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады. Салтанатты шара Жұмағали Тілеулин атындағы Солтүстік Қазақстан жоғары медицина колледжінде өтті. Алдымен өңір басшысы оқу орнының материалдық-техникалық базасымен танысты. Қазіргі уақытта медицина колледжінде 6 мамандық бойынша 1200-ден астам студент білім алады. Оқу ордасында 42 оқытушы жұмыс істейді. Ж.Тлеулин атындағы Солтүстік Қазақстан жоғары медицина колледжінің директоры Айзар Мұқашевтың айтуынша, …

АЛҒЫС АРҚАЛАҒАН АБЗАЛ ЖАНДАР Read More »

Кәсібі — көлік жуу

Өңірде ауылдардағы кәсіп иелеріне арналған “Ауыл аманаты” бағдарламасы бойынша бірқатар жеңілдетілген несиелер берілген. Бүгінде олардың алды қаржыны игеріп, кәсіптерін дөңгелетіп отыр. Солардың бірі – Қызылжар ауданындағы Бескөл ауылында тұратын Айман Байділдаева. Ол өз ауылында көлік жуу орнын ашқан. Айман Байділдаеваның көлік жуатын өз-өзіне қызмет көрсету орны жобасы бағдарлама аясында алғаш болып мақұлданған. Кәсіпкердің сөзінше, ол …

Кәсібі — көлік жуу Read More »

Қауіпсіздікке салғырт қарайтындар бар

Өңірде өрттің қауіпті кезеңіне дайындық жұмыстарының жайын облыстық мәслихаттағы “Amanat” депутаттық фракциясының және партиялық бақылау комиссиясының мүшелері талқылады. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Аслан Ахметжановтың айтуына қарағанда, жергілікті басқару органдарының салғырттығынан 285 елді мекенде сумен қамтамасыз етудің балама көздерін орнату мәселесі тиісті деңгейде шешілмей келеді. Сондай-ақ су алу үшін өрт пирстерін …

Қауіпсіздікке салғырт қарайтындар бар Read More »

Тікелей эфирде — тәртіп сақшылары

Солтүстікқазақстандық полицейлер “Жолда қабыл­дау” акциясын әлеуметтік желілерде тікелей эфир өткі­зуден бастады. Облыстық полиция департаментінің ме­диастудиясынан департаменттің “Instagram” желі­сіндегі ресми аккаунтында өткен тікелей эфирге бас­қармалар мен бөлімдердің басшылары қатысты. Желі қолданушылар жол және техникалық инспек­ция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Назар Байматовқа Петропавл­дағы автокөлік жүргізушілерінің көкейінде жүрген қаланың кейбір көшелеріндегі, әсіресе Н.Назар­баев көшесіндегі қосарланған тұ­тас таңбалау сызығы …

Тікелей эфирде — тәртіп сақшылары Read More »

ӘДЕП САҚТАУ – МІНДЕТ

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 22 ақпандағы №814 Жарлығымен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі жаңа редакцияда бекітілді. Әдеп кодексі мемлекеттік қыз­меткерлердің менталитетін жаңа­ша қалыптастыруға зор үлес қо­са­ры сөзсіз. Атап айтқанда, қо­ғамдық кеңістіктегі мемлекеттік қызметшілердің азаматтармен және әріптестерімен қызметтік қарым-қатынастағы, қызметтен тыс уақыттағы әдебінің стандарттарын қалыптастырады. Әдеп кодексі жалпы ереже­лер, мінез-құлықтың жалпы стан­дарттары, қызметтен тыс …

ӘДЕП САҚТАУ – МІНДЕТ Read More »

ЕКІ ДҮРКІН ЖЕҢІМПАЗ

Грекияның Патрас қаласында муайтайдан өтіп жатқан әлем чемпионатында солтүстікқазақстандық Шәміл Ермағамбетов алтыннан алқа тағынды. Ол 54 келі салмақта финалдық кездесуде ресейлік Меджит Тимаевты жеңді. Осылайша жерлесіміз екі дүркін әлем чемпионы атанып отыр. Өткен жылдың мамыр айында Бангкок қаласында (Тайланд) өткен жаһандық жарыста ол алғаш рет жеңімпаз болған. Шәмілдің жаттықтырушысы Иван Ван-Хон-Тун шәкіртінің жеңісіне қуанышты екенін …

ЕКІ ДҮРКІН ЖЕҢІМПАЗ Read More »

БАЯНАУЫЛ ТУРАЛЫ БАЯН

Облыстық тарихи-өлкетану музейінің 100 жылдығын мерекелеу аясында бірқатар музейаралық жобалар іске асырылуда. Мәдениет ошағына Г.Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінің мамандары арнайы келіп, көпшілікке “Тау тұлғаларға тұғыр болған қасиетті Павлодар өңірі” көрмесін ұсынды. Іс-шараның шымылдығын Ақан сері атындағы облыстық филармонияның “Әдемі-ау” қазақ би ансамблі ашты. М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің профессоры Жанар Таласпаева көрменің жастарға …

БАЯНАУЫЛ ТУРАЛЫ БАЯН Read More »