«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СЕРВИСТІК ҚЫЗМЕТТІҢ САПАСЫ СЫН КӨТЕРМЕЙДІ

Жаз айларында демалушылардың саны күрт артатыны – қалыпты құбылыс. Отандық, шетелдік туристердің аңсарын аударатыны, қарадай қызықтыратыны – сұлу табиғат, таза ауа, мөлдір су, бұдан бөлек, сервистік қызметтің қолжетімділігі. Жыл өткен сайын туризмнің әлеуеті артып, экономиканың табыс әкелетін пайдалы саласына айналып келеді. Бүгінде оның әлемдік жалпы өнімдегі үлесі 9 пайызға жуықтап, жұмыс орындарының шамамен 10 пайызы …

СЕРВИСТІК ҚЫЗМЕТТІҢ САПАСЫ СЫН КӨТЕРМЕЙДІ Read More »

Ақын өмірінің айнасындай

Дәстүрлі ән дегенде ойға ең алдымен сал-серілер шығармашылығы оралады. Шынында да осы кезеңді қазақ әнінің дамып, жаңа деңгейге көтерілген кезеңі десек болады. Алайда біз Біржан сал, Ақан серілерден кейін де өнер әлемінде өз ізін қалдырған дарындар болғанын ұмытпауымыз керек. Солардың бірі – ақын Қапез Байғабылұлы. Ел Қапездің “Үш Меркі”, “Ай­хай”, “Дүние-ау”, “Қоштасу” әнде­рін жақсы білгенімен, …

Ақын өмірінің айнасындай Read More »

Жол апатына көбіне жүргізуші кінәлі

Бас прокурордың №131 бұйрығы негізінде құ­қықтық статистика және арнайы есепке алу органдары 2015 жылдан бері адамдардың жа­рақаттануына немесе қаза болуына соқтыра­тын жол-көлік оқиғаларының (ЖКО) есебін элек­трондық ақпараттық жүйе бойынша жүргізіп келеді. Деректерге сәйкес, осы жыл­дың 5 айында облыс аумағында 146 ЖКО тіркеліп, 222 адам зар­дап шекті, оның ішінде 16 адам қайтыс болды. Түрлі дене жара­қаттарын …

Жол апатына көбіне жүргізуші кінәлі Read More »

Біржан ЖАЛҒАСБАЕВ: “ШЫҒАРМАШЫЛЫҚПЕН ЕРКІН АЙНАЛЫСҚАН КҮНДЕРДІ САҒЫНАМЫН”

– Біржан Нұрмаханұлы, әңгімемізді жуырда ХХV мау­сымын жапқан Сәбең театры­ның ты­ныс-тіршілігінен баста­сақ. – Біз ХХV маусымды жаңа ғимаратта бастадық. Жұмысты зәу­лім театрда бастаудың өзі үл­кен жауапкершілікті талап етеді екен. Өнер ұжымы жиырма жылдан астам уақыт бұрынғы энер­ге­тик­тер сарайын паналап, осы жыл­­дар ішінде түрлі жанрда қо­йылымдар сахналап, халықара­лық, республикалық байқаулар­да жүлдегер атанды. Бірақ екі театрдағы атмосфера …

Біржан ЖАЛҒАСБАЕВ: “ШЫҒАРМАШЫЛЫҚПЕН ЕРКІН АЙНАЛЫСҚАН КҮНДЕРДІ САҒЫНАМЫН” Read More »

Құрылысшылар кеңесі

Облыстық кәсіпкерлер палатасында құрылыс­шы­лардың салалық кеңесі құрылды. “Атамекен” кә­сіпкерлер палатасының ғи­маратында кеңестің ал­ғашқы отырысы өтіп, оның құрамы белгілі болды. Бұдан былай өңірдегі ірі құрылыс компаниялары­ның өкілдері ортақ мәсе­лелерді аталған кеңесте тал­қылайтын болады. – Салалық кеңестер бизнес қауымдастық пен мемлекеттік ор­гандар арасындағы байланысқа серпін береді. Жаңадан құрылған кеңес құрылыс саласындағы өзекті түйткілдерді анықтап, кә­сіп­керлердің құқығын қорғап, …

Құрылысшылар кеңесі Read More »

Сұранысқа ие өнім

Суға аса төзімді фанера шы­ғаратын комбинат заманауи кә­сіпорын саналады. Мұнда шикі­зат ретінде қайың ағашы мен шетелдік жабдықтар қолданы­лады. Құрылысқа, жиһаз жасауға қажет шикізатты өңдейді. Қайың бөренені өңдегеннен кейін қал­ған жаңқаларынан ағаш түйір­шіктері жасалады. Облыс аумағында ламинат­талған фанер өңдейтін зауыт ая­сында ағашты терең өңдеумен ай­налысатын кәсіпорын салын­бақ. Жобаның құны – 8 млрд. тең­ге, оны түркиялық инвестор …

Сұранысқа ие өнім Read More »

Бүлінген баспаналар жөнделуде

Көктемгі су тасқынынан зардап шеккен елді мекендерде өңіріміздің он ауданынан келген арнайы бригадалар жұмыс істеуде. Уәлиханов ауданының жұмыс тобына Петропавлдағы Ойқала шағынауданын қалпына келтіру міндеті жүктелген. Светлана Вишнивецкая Ойқала шағынауданында тұрады. Тасқын кезінде екі қабатты үйі бір ай бойы суда тұрыпты. – Әкімдік мамандары келіп, үйді жөндеу құнын 20 млн. теңгеге бағалап кетті. Бұл сома …

Бүлінген баспаналар жөнделуде Read More »

Әуе рейсі

Осыдан жарты ай бұрын Петропавл – Шымкент бағытындағы әуе қатынасы қалпына келтірілді. Карантин уақытында жұмысын тоқтатқан әуе кемесі қазір күніне 150-ден астам адамды тасымалдайды. – Бұрын үйіме пойызбен баратынмын, әуе рейсі қалпына келтірілгесін ұшаққа билет алдым. Бұл – менің бірінші рейсім. Шымкентке тура баратын рейстің болғанына қуанып тұрмын, – дейді жолаушы Айжан Мұқанбетқали. Петропавл – …

Әуе рейсі Read More »

АУЛАЛАР АБАТТАНДЫРЫЛАДЫ

Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов Петропавл қаласындағы нысандарды аралады. Облыс орталығында теміржол арқылы өтетін жаңа өткелдің құрылысы жүргізілуде. Бұл жоба жүзеге асырылса, көлік ағынын басқа бағытпен жіберуге, Жұмысшы кентіндегі жол өткеліндегі көлік ағынын азайтуға және қажет болған жағдайда қалалықтарға қолайсыздық туғызбай, жөндеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді. Көпір құрылысына бюджеттен 5,3 миллиард теңге қарастырылып, 80 пайызы мердігерге …

АУЛАЛАР АБАТТАНДЫРЫЛАДЫ Read More »

АЙМАҚТАҒЫ АҒАЙЫНҒА — АЙРЫҚША НАЗАР

Облысқа жұмыс сапарымен келген Парламент Сенатының депутаттары Ләззат Қалтаева, Әсем Рахметова және Ольга Перепечина алдымен “Қамқорлық” орталығының жұмысымен танысты. Биыл ақпан айында өз жұмысын бастаған мекеме аз уақыттың ішінде жүзге жуық баланы қабылдап үлгерген. Әсел Айдарханованың ана атанғанына үш айдан асыпты. Екі аптадан бері ұлы Жалғасты осында әкеліп жүр. Сәбидің бұлшық етін дұрыс жетілдіру үшін …

АЙМАҚТАҒЫ АҒАЙЫНҒА — АЙРЫҚША НАЗАР Read More »

АШЫҚ АСПАН АСТЫНДА ӨЛЕҢ ОҚЫП, ӘН АЙТТЫ

Қаланың орталық сая­ба­ғында ашық аспан ас­тында балалар байқауы өтті. Онда балғын­дар үш бағыт бойынша өнерлерін ортаға салды. “Туған же­рім – туған өлкем” атты көркемсөз оқу бай­қауын И. Шухов атындағы орта­лық қалалық кітап­хана мен “Мир атрак­цио­нов” серіктестігі бір­лесіп ұйымдастырды. Бала­лар­дың оқуға деген қызы­ғу­шылығын ояту, олар­дың бойында сахна мә­дение­тін қалыптастыру, шы­ғар­машылығына қол­дау көрсету мақсатында ұйым­дастырылған ша­ра­ға 6-15 …

АШЫҚ АСПАН АСТЫНДА ӨЛЕҢ ОҚЫП, ӘН АЙТТЫ Read More »

Суға батып кетті

Қызылжар ауданы, Приб­­режное елді мекенінің ма­ңында орналасқан “Чер­ное” көліне суға шомылуға бар­ған 20 жастағы жігіт мерт бол­ды. Облыстық төтен­ше жағ­дайлар де­партамен­ті бас­пасөз қыз­метінің мәліме­тінше, оқыс оқиға 1 шілде күні кеш­ке болған. “Белгісіз жағдайда жоғалған 2003 жылы туған ер адамды із­деуге төтенше жағдайлар депар­таментінің жеке құрамынан 3 адам, 5 құтқарушы жұмылды­рылды. Сондай-ақ оқиға орнында полицияның 5 …

Суға батып кетті Read More »

Қоқыстан тазарған орман

Өңірдегі еріктілер “Таза Қазақстан” акциясы аясында Петропавл қаласында өткен “Сlear-FEST” экофестиваліне қатысып, Мещан орманын қоқыстан тазартты. Бұл күні “Таза Қазақстан” ак­циясында жастармен бірге ардагерлер кеңесінің мүше­ле­рінен құралған еріктілердің қатары көп болды. Олар қор­шаған ортаның, айналаның тазалығын сақтап қалу үшін аянбай еңбек етіп, белсене жұмыс атқарды. Фестивальге қатысқан­дар­ға қойылған талап та қызық болды. Жиналғандар топ-топ­қа бөлініп, …

Қоқыстан тазарған орман Read More »

Аллергиядан қыста емделген тиімді

Жыл сайын жаз айла­рында дәрігерлерге маусым­дық аллергияға ша­ғым­данған адамдардың саны күрт көбейеді. Әсі­ресе өсім­діктер гүл­дей­тін шілде мен қазан ай­ларының аралы­ғында ал­лергия белгілері өр­ши түседі. Көп жағ­дайда көзі, мұрны мен та­мағы бітеліп, өзін әлсіз сезінуі мүмкін. Аллергиясы барлар дәрі­герге дер кезінде қаралып, ау­рудың алдын алуы керек. Се­бебі, аллергияның соңы созыл­малы демікпеге ұла­сып кетуі ықтимал. “Аллергияны нақты …

Аллергиядан қыста емделген тиімді Read More »

САЛҒЫРТТЫҚ САПАСЫЗДЫҚҚА ӘКЕЛЕДІ

Биыл Петропавлда 53 көше жөнделіп, 40-қа жуығына асфальт төселетіні жөнінде осыған дейін жазған едік. Бүгінгі таңда Ніл Болатбаев көшесінен бастап Шуховқа дейін жол жөнделуде. Жөндеу жұмыстарына мердігер “Гранит Север” 263 млн. теңге бағыттап отыр. Жөндеу жұмыстарының қарқыны мен сапасы мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыс аясында қолға алынған “Бюджеттік бақылау” акциясы барысында қаралды. “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірінші медиа-орталық” республикалық …

САЛҒЫРТТЫҚ САПАСЫЗДЫҚҚА ӘКЕЛЕДІ Read More »

Ауылдарды көркейтуге уағдаласты

Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық әкімдігі мен “Намыс”, “Ақселеу”, “Буденноек СК” және “Астық-Привольное” ЖШС басшылықтары елді мекендерді әлеуметтік-экономикалық дамытуға, сондай-ақ жеке инвестиция құюға белсене қатысуға арналған өзара түсіністік және ынтымақтастық меморандумына қол қойды. Шаруашылықтар қабылдаған 49 міндеттеме бойынша 1,6 млрд. теңге мөлшерінде инвестиция тарту белгіленген. Қос тараптық құжатта елді мекендерді абаттандыру, жолдарды жазғы және қысқы маусымдарда …

Ауылдарды көркейтуге уағдаласты Read More »

ОҢ ӨЗГЕРІС БАР

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов жұмыс сапарымен Жамбыл ауданына барып, шаруашылықтарды аралады, еңбек ұжымдарымен кездесті. Благовещенка ауылында орналасқан бірнеше кәсіп иелері мал шаруашылығымен жүйелі түрде айналысып келеді. Солардың бірі – “Екпін-2002” шаруа қожалығы асыл тұқымды еділбай қойын өсіреді. Қожалық директорының орынбасары Өмірсерік Әбиевтің айтуынша, Шопан ата түлігі 2016 жылы Батыс Қазақстан облысының Бірлік ауылынан сатып алыныпты. …

ОҢ ӨЗГЕРІС БАР Read More »

Темекі қымбаттап, несие беру талабы қатаяды

1 шілдеден бастап елімізде бірқатар өзгерістер болады. Солардың бірқатарын оқырман назарына ұсынуды жөн көрдік. Дәрі-дәрмектер таңбаланады Шілде айынан бастап дәрі-дәрмектер таңбаланып, препараттың сыртқы қорабына “Data Matrix” атты арнайы коды енгізіледі. Жаңа қосымшаның көмегімен кез келген тұрғын дәрі-дәрмектің шығу тарихымен толық танысу мүмкіндігіне ие бола алады. Ол үшін смартфонның камерасын қосып, препаратта көрсетілген кодқа өтсе, тауар …

Темекі қымбаттап, несие беру талабы қатаяды Read More »

“Менің жолымды ашқан Мағжан”

Алаштың ең аяулы перзенттерінің бірі Мағжан Жұмабаевтың ғұмырнамасын зерттеген қызылжарлық қаламгерлерді атағанда тізімнің басында жазушы-журналист Жарасбай Сүлейменовтің тұрары сөзсіз. Өзгесін айтпағанда оқырман қауымға “Мағжан” энциклопедиясын сыйлаған қаламгердің бұл еңбегі тұтас ғылыми институттың жұмысына пара-пар. Оның сыртында жазған зерттеулері мен құрастырған кітаптары бір төбе. Жуырда жазушы өзі көптеген еңбектеріне арқау еткен ұлы ақын Мағжан Жұмабаевтың есімін …

“Менің жолымды ашқан Мағжан” Read More »

САЛМАҚТЫ АСЫРҒАНДАРҒА — АЙЫППҰЛ

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы жыл басынан бері 2 мыңнан астам көлікті тексеріп, 475 әкімшілік іс қозғады. Ведомствоның міндеті – қозғалыс қауіпсіздігін арттыру және автомобиль жолдары желісінің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында бақылауды жүзеге асырады. Бұл жұмысты 3 жылжымалы бекет арқылы инспекцияның 11 маманы жүзеге асырады. “Жыл басынан бері барлығы 2095 автокөлік құралы тексерілді, …

САЛМАҚТЫ АСЫРҒАНДАРҒА — АЙЫППҰЛ Read More »