Суға батып кетті
Қызылжар ауданы, Прибрежное елді мекенінің маңында орналасқан “Черное” көліне суға шомылуға барған 20 жастағы жігіт мерт болды. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға 1 шілде күні кешке болған. “Белгісіз жағдайда жоғалған 2003 жылы туған ер адамды іздеуге төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан 3 адам, 5 құтқарушы жұмылдырылды. Сондай-ақ оқиға орнында полицияның 5 …