«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“ҚОҒАМДА МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА ҚАТЫСТЫ НЕМҚҰРАЙЛЫЛЫҚ БАР”

НЕ ҮШІН ДЕПУТАТ БОЛДЫМ? Мені қала тұрғындары мүм­кіндігі шектеулі жандардың мүд­де­лерін қорғап жүрген адам ре­тінде таниды. 2009 жылдан бері депутат ретінде түрлі іс-шаралар­ға қа­ты­сып, мүмкіндігі шек­теулі жан­дардың жағдайын жақ­сартуға қатысты көптеген ұсы­ныстар айтып келемін. Сайлау­­­ға түсер алдында біраз ой­ла­нып, маған өтініш-тілектерін жет­­кізген жан­дарға көмектесу үшін депутат болуға бел будым. Мен әлеу­мет­тік желілерде де бел­сенді­мін, сол …

“ҚОҒАМДА МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА ҚАТЫСТЫ НЕМҚҰРАЙЛЫЛЫҚ БАР” Read More »

ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТЫҢ ТАРИХЫ ТЕРЕҢДЕ

Тоғызқұмалақ – әлемдік интеллектуалдық ойындардың озық үлгілерімен бой теңестіре алатын зияткерлік ойын, логикалық ойлау өнері. Бұл ойынның басты қасиеті – адам санасын жетілдіруге ерекше күш салады. Сан ғасырлар бойы халқымызбен бірге жасап келе жатқан ұлттық ойын шахмат, дойбымен деңгейлес болса да әлі күнге халықаралық дәрежеге көтеріле қойған жоқ. Оның үстіне елімізде де тоғызқұмалақ ойнай білетіндердің …

ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТЫҢ ТАРИХЫ ТЕРЕҢДЕ Read More »

БЮДЖЕТТІ ИГЕРУДЕ ІРКІЛІС ЖОҚ

Облыстық қоғамдық кеңесте қаржы басқармасының басшысы Наталья Дышкант 2023 жылғы облыс бюджетінің орындалуы туралы есеп берді. Маманның айтуынша, ол 99,9 пайызға орындалған. Бұл – республика бойынша жақсы көрсеткіш. Басқарма басшысы әр саланы қаржыландыруға егжей-тегжейлі тоқталды. Мәселен, былтыр денсаулық сақтау саласына 11,7 млрд. теңге бөлінген. Бұл қаражаттың 5,9 млрд. теңгесі емдеу мекемелерінің материалдық базасын нығайтуға жұмсалыпты. …

БЮДЖЕТТІ ИГЕРУДЕ ІРКІЛІС ЖОҚ Read More »

Әлеуметтік қызмет талапқа сай ма?

Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің негізгі мақсаттарының бірі – мүгедектерді әлеуметтік қорғау, арнаулы әлеуметтік қызметтер саласындағы заңнаманың сақталуына мемлекеттік бақылау жүргізу. Ведомство мүгедектердің медициналық-әлеуметтік мекемелерде және әлеуметтік қызметтер көрсететін басқа да ұйымдарда арнаулы әлеуметтік қызметтерді сапалы, толық және уақтылы алуын бақылауды жүзеге асырады. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің мемлекеттік …

Әлеуметтік қызмет талапқа сай ма? Read More »

БАТЫР БАУЫРЖАН

Мемлекет басшысының Жарлығымен қызметтік борышын атқаруда жанқиярлығы, сондай-ақ су тасқыны кезінде көрсеткен ерлігі үшін Бауыржан Жаулетбаев Рахымжан Қошқарбаев атындағы үшінші дәрежелі “Айбын” орденімен марапатталды. Аға сер­жант Бауыржан Жау­летбаев азаматтық қорғау ор­ган­дарын­да 2018 жылдан бас­тап қызмет етуде. Бірнеше рет ірі және күр­делі өрттерді сөнді­руге, сондай-ақ су тасқынына қатысты іс-шараларға атса­лысқан. Ол 2024 жылдың 28 науры­зы мен …

БАТЫР БАУЫРЖАН Read More »

Үздік журналистер

Өңірімізде жыл сайын қазақ тілін дамыту және оның қолданыс аясын кеңейту мақсатында “Мемлекеттік тіл және бұқаралық ақпарат құралдары” атты байқау ұйымдастырылады. Биылғы дәстүрлі шараға 8 қатысушы өз туындыларын жіберіпті. – Бұл байқауға қатысушылар­дың арасында аудандарда қызмет ететін тілшілердің көбейіп отыр­ға­ны қуантады. Алдағы уақытта оның ауқымын кеңейтуді, талап­кер­­лер қатарын ұлғайтуды жос­пар­лап отырмыз, – дейді облыс­тық мәдениет, …

Үздік журналистер Read More »

Көрер жарығы бар екен

Ақжар ауданында жұмыс іс­теп жүрген 20 жастағы жігіттің үс­тіне бал­шық құлап кетті. Ауру­ха­наға ауыр халде түскен зардап ше­­гу­шіні дәрігерлер аман алып қалды. Оқиға 11 маусым күні болған. Ақжар аудандық ауруханасының мамандары облыстық көпбейінді ауруханаға хабарласып, ауыр сырқат түскендігін айтқан. “Ақжарлық әріптестеріміз ер адам бас сүйек-ми жарақатын алуы мүмкін, кеудесі қысылған, мидың гипоксиясы тіркелгендігін айтты. Жігіт …

Көрер жарығы бар екен Read More »

Грант саны артқан

М.Қозыбаев атындағы СҚУ-да құжат қабылдау ко­мис­сиясы жұмысын бастады. Талапкерлер шығар­ма­шылық емтихан тапсыратын мамандықтарға, атап айтқанда журналистика, дизайнерлік, дене шынықты­ру мұғалімі және бастапқы әскери дайындық маман­дық­тарына құ­жат өткізеді. Аталған мамандықтарға түсу үшін түлек­терге ҰБТ-дан 10 ұпай алса жеткілікті. М.Қозыбаев атындағы СҚУ қа­былдау департаментінің дирек­торы Гүлмира Оспанованың ай­туынша, өңір түлектері үшін ар­найы жеңілдіктер қарастырылған. Мәселен, талапкер төрт …

Грант саны артқан Read More »

Еңбектің өтеуі — марапат

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты марапаттау рәсіміне қатысып, Президенттің атынан қызметтік және азаматтық борышын орындап, су тасқыны кезінде көрсеткен ерлігі үшін бірқатар солтүстікқазақстандыққа “Құрмет” және III дәрежелі “Еңбек даңқы” ордендерін, “Ерен еңбегі үшін” және “Шапағат” медалдарын табыс етті. Мемлекеттік қызметті жетілдіруге қосқан елеулі үлесі үшін бірқатар мемлекеттік қызметші және төтенше жағдайлар …

Еңбектің өтеуі — марапат Read More »

АУЫЛДАҒЫ МӘДЕНИ-САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Тимирязев ауданында болып, ауыл шаруашылығы, өндірістік және әлеуметтік нысандарды аралады. 500-ден астам адам тұратын Дмитриевка ауылында бой көтерген жаңа мәдени-сауықтыру орталығының ашылу салтанатына қатысты. Нысан “Ауыл – ел бесігі” бағдарламасы бойынша 79 млн. 540 мың теңгеге салынған. Мұнда конференция, тренажер залдары, мұражай, кітапхана, шахмат, дойбы үйірмелері жұмыс істейді. Мұндай нысандар Ақсуат …

АУЫЛДАҒЫ МӘДЕНИ-САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ Read More »

ТЫНЫШТЫҚ САҚШЫСЫ

Биыл өңірімізде болған су тасқыны солтүстікқазақстандықтар үшін оңайға соққан жоқ. Тілсіз жаумен күресуде Петропавл стансасындағы желілік полиция бөлімі қызметкерлері де аянып қалмады, ел басына қиын күн туғанда тәртіп сақшылары су тасқыны қауіп төндірген шағынаудандарды, учаскелер мен ауылдарды патрульдеуді күшейтті. Су тасқынына қарсы іс-шаралар кезінде Петропавл стансасындағы желілік полиция бөлімі қызметкерлері облыстық полиция департаментінің қызметкерлерімен бірге …

ТЫНЫШТЫҚ САҚШЫСЫ Read More »

ҚУАНЫШ ҚҰШАҒЫНДА

Қала шетіндегі жаңадан бой көтеріп келе жатқан “Бірлік” шағынауданында тағы да қуаныш. Бұл жолы құрылысы аяқталған 47 баспана өз иелерін тапты. Осыған дейін су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға 53 үйдің кілті берілген еді. Тұрғындарды қоныстойымен Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев пен өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов, сондай-ақ демеушілер мен тұрғын үй құрылысына жауапты тұлғалар арнайы құттықтап келді. …

ҚУАНЫШ ҚҰШАҒЫНДА Read More »

Халыққа қызмет – мерейлі міндет

Мемлекеттік қызмет – халықтың сенімін ақтау, ұлтымыздың абыройын асырып, асқақтату. Сондықтан да ұлт мәртебесін көтеретін, ел абыройын асқақтататын мемлекеттік қызметші болу – мәртебелі міндет. Мемлекеттік қызметші – мемлекеттің айнасы. Мемлекеттік қызмет – бұл мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын жүзеге асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттіктерді орындау бойынша мемлекеттік органдардағы мемлекеттік қызметшілердің қызметі. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі қоғамдық …

Халыққа қызмет – мерейлі міндет Read More »

Күшейтілген жұмыс

Қазақстан полициясы күні қарсаңында облыстық полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов гарнизондық жиналыс өткізді. Таңғы сағат 08.00-ден бастап Петропавлда Тәуелсіздік стелласының алаңында облыстық полиция департаменті аппаратының қызметкерлері, мамандандырылған күзет қызметі полиция басқармасының қызметкерлері, учаскелік инспекторлар мен қалалық полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының мамандары, Ұлттық ұланның әскери қызметшілері сап түзеді. Облыстық полиция департаменті мәдени орталығының оркестрі мен …

Күшейтілген жұмыс Read More »

Көлікті қайта тіркеу жеңілдеді

Бұған дейін көлік құралдарын қайта тіркеу үшін автокөлікті сатып алу-сатудың нотариалды куәлан­дырылған шарты қажет болатын. Енді мамандан­дырылған ХҚКО қызметкері электрондық құжатты жүйеде қалыптастырады, ал сатушы мен сатып алушы “eGov mobile” қосымшасының көмегімен QR кодты сканерлеу арқылы құжатқа қол қояды. Айта кету керек, қызмет “Азаматтарға арналған үкіметке” тиесілі. Бұл жаңашылдық қызмет алушылардың ыңғайлылығы мен жайлылығы үшін …

Көлікті қайта тіркеу жеңілдеді Read More »

Қызылжардың мәдени орталығы

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада руханият ордасының 90 жылдығына орай мерейтойлық шара өтті. Шараға елордалық меймандар мен өңір кітапханашылары қатысты. Олар ХХІ ғасырдағы кітапханалардың жұмыс бағыттарын талқылап, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру туралы сөз қозғады. Кітапхананы тоқсан жылды­ғы­мен құттықтаған Қазақстан мәдениетін ғылыми-зерттеу ор­талығының директоры Үмітхан Мұңалбаева бүгінде дамыған әлем елдерінің бәрі кітапқа бет бұрғанын, еліміздің …

Қызылжардың мәдени орталығы Read More »

ТӘУЕЛСІЗ СОТ – МЕМЛЕКЕТ ТҰҒЫРЫ

Еліміздің бас құжаты – Конституцияның 77-бабында “судья сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және Конституция мен заңға ғана бағынады” деп айқын жазылған. Демек, сот төрелігін іске асыру жөніндегі соттың қызметіне қандай да араласуға жол берілмейді және ол заң бойынша жауапкершілікке әкеп соғады, нақты істер бойынша судьялар есеп бермейді деген сөз. Судьялар заңды қолданған кезде мына …

ТӘУЕЛСІЗ СОТ – МЕМЛЕКЕТ ТҰҒЫРЫ Read More »

Тың идеяларға — қаржылай қолдау

Биыл елде волонтерлік бас­та­ма­ларды жүзеге асыруға 70 млн. теңгеден астам қаржы бө­лінді. Аталған қаражатқа жастар бастамаларын іске асыру үшін 240 грант тағайындалып отыр. Жуырда аталған грант иегерлері жария болды. Мәдениет және ақпарат ми­нистрлігінің тапсырысы бойын­ша Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының мемлекет­тік гранты аясында 8 үкіметтік емес ұйым өтініштер қабылдап, үздіктерді анықтады. Осылайша елдегі 8 үкіметтік емес …

Тың идеяларға — қаржылай қолдау Read More »

Бағдар айқындалмай, болашаққа жол ашылмайды

Тәуелсіз мемлекеттің шынайы қуаты баршаға мәлім. Әрбір мемлекеттіліктің негізгі саяси құралы – бұл қоғам. Ал қоғам адамдардың жиынтығынан құралғандықтан, елдегі кез келген әлеуметтік-экономикалық үрдіс сол қоғамның бейімділік және әрекет ету қабілетінің жоғары деңгейде болуымен өлшенеді. Бұл кезекте қо­ғамның дамуына әсер ететін стратегиялық құрал жайлы айтып кеткен жөн. Идеология – адамзат тари­хында көптеген тарихи процес­тер мен …

Бағдар айқындалмай, болашаққа жол ашылмайды Read More »

Үздік түлектерге тарту

Жылдағы дәстүрге сай Жамбыл ауданын­да­ғы үздік түлектерге биыл да сый-сияпат та­бысталды. Игі шараның қолдау­шы­сы – жергілікті кәсіп­кер Екпін Әбиев. Биыл ол үздік мектеп бі­тіруші­лерге “Отбасы” банктің 100 мың теңгелік серти­фикаттарын сый­лады. 2018 жылдан бастап жыл са­йын кәсіпкер мектептердің үздік түлектеріне 100 мың теңгенің сертификатын беріп келеді. Бүгінде бұл игі дәстүрге айнал­ған. Алты жыл ішінде Екпін …

Үздік түлектерге тарту Read More »