«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Азамат асулары

Өңірімізде ерен еңбегімен, биік беделімен жерлестерінің, ағайын-туыстың құрметіне бөленген, атқарған қызметі, жеткен жетістігі жастарға үлгі болатын жандар аз емес. “Жақсылар жақсымын деп айта алмайды” дегендей, олар өздерін абырой асқарына шығарған мінездерін, айтулы істерін айтып, мақтанудан аулақ жүреді. Содан да болар көбіміз жанымызда жүрген жақсы адамдардың өмірдарияларынан хабарсызбыз. Сондай ардақты жанның бірі – Мәркен Еңсегенов. Адам …

Азамат асулары Read More »

АЛАШ АРЫСТАРЫНЫҢ АКАДЕМИЯЛЫҚ ЖИНАҒЫ

2024 жылғы 28 қарашада Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасында Алаш қайраткерлері Ахмет Байтұрсынұлы мен Мағжан Жұмабайұлының мұрасына арналған “Алаш мұраты – түркі бірлігі” атты маңызды іс-шара өтті. Іс-шара барысында Мұхтар Әуезов атын­дағы Әдебиет және өнер институтының дайындауы­мен және Түркі Академиясының қолдауымен жарияланған Ах­мет Байтұр­сынұлы мен Мағжан Жұ­мабайұлының көп­томдық академиялық шығармалар жи­на­ғы­ның тұсаукесері өтті. Жиында Түркі …

АЛАШ АРЫСТАРЫНЫҢ АКАДЕМИЯЛЫҚ ЖИНАҒЫ Read More »

Көктемгі егісті қаржыландыру басталды

Елімізде Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша фермерлердің өтініш-тілектерін ескере отырып, осы жылдың 29 қарашасынан бастап 2025 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді қаржыландыру басталды. “Президенттің тапсыр­ма­сын орындау шеңберінде 2025 жылғы көктемгі егіс жә­не егін жинау жұмыстарына 700 млрд. теңгеге дейін ба­ғыт­талады, оның 560 млрд. теңгесі капиталдың нарық­тық көздерінен тартылатын болады. Бүгіннен бастап “Аг­рарлық несие корпора­ция­сы” …

Көктемгі егісті қаржыландыру басталды Read More »

Заң мен тәртіп – әділеттіліктің басты шарты

1991 жылғы 6 желтоқсанда Жо­ғарғы кеңес төралқасы “Қазақ КСР прокуратура органдарының бірыңғай жүйесін құру, олардың дербестігі мен тәуелсіздігін қам­тамасыз ету туралы” қаулы қа­былдап, бас прокурордың 2004 жылғы 25 ақпандағы бұйрығымен бұл күн прокуратура органдары­ның мерекесі ретінде белгіленді. Тәуелсіздік жылдарында қо­ғамдық дамудың әртүрлі кезеңдерін бастан өткерсек те, Конституцияда бекітілген заңдылықты сақтау, адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау …

Заң мен тәртіп – әділеттіліктің басты шарты Read More »

ЖЕР ҚОЙНАУЫН МЕМЛЕКЕТТІК КОМПАНИЯЛАР ЗЕРТТЕУІ КЕРЕК

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында геологиялық саланы дамыту мәселесі қаралды. Сондай-ақ ауылдық мектептерді дамыту жайы да күн тәртібіне шықты. Президенттің 2026 жылдан бастап геологиялық зерттеу ала­ңын 1,5 млн.-нан 2 млн. 200 мың шаршы шақырымға дейін ұлғай­ту жөніндегі тапсыр­масын орын­дау мақсатында Үкімет инвести­циялық ахуалды жақсарту, жер қойнауын пайдала­ну саласындағы заңнаманы жетілдіру және деректерді өңдеу …

ЖЕР ҚОЙНАУЫН МЕМЛЕКЕТТІК КОМПАНИЯЛАР ЗЕРТТЕУІ КЕРЕК Read More »

Әлеуметтік сала басымдыққа ие

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте баяндама жасаған Тайынша ауданының әкімі Берік Әлжанов өз сөзін Президенттің мемлекеттік саясаттың басты мақсаттарының бірі – халықтың барынша қолайлы өмір сүруіне жағдай жасау, жергілікті билік тарапынан ұдайы қолдау көрсете отырып, әлеуметтік мәселелерге жете көңіл бөлу қажет деген талабынан бастап, аудан тынысына жаңа леп, соны тыныс әкелген жаңалықтармен бөлісті. Бюджетті нақтылаудың …

Әлеуметтік сала басымдыққа ие Read More »

Сәтті инвестициялық жобалар

Петропавлда облыс әкімінің орынбасары Рүстем Құрмановтың қатысуымен жаңа жобалар бойынша инвестициялық тур ұйымдастырылды. Өңірде қазіргі уақытта жалпы сомасы 755,5 млрд. теңгенің 46 жобасы жүзеге асып жатыр. Инвестициялық жобалардың жалпыұлттық пулы аясында қолға алынған бұл жобалардың 16-сы биыл іске қосылмақ. Тартылған инвестиция – 35,9 млрд. теңге. Бұл жобалар өңірдің экономикалық дамуына оң әсерін тигізіп, жаңа жұмыс …

Сәтті инвестициялық жобалар Read More »

Жөнделген жол

Солтүстік Қазақстан облы­сында республикалық маңызы бар Мамлютка – Қостанай А-21 автожолының Жамбыл және Мамлют аудандары арқылы өте­тін ұзындығы 28 шақырым учас­кесі жөнделіп бітті. Жөндеу жұ­мыстары жолдың 0-4, 18-31 және 35-46 шақырымдарында жүргі­зілді. Жөндеу барысында суық ресайклинг әдісімен жол негізін ор­нату, екіқабатты асфальт-бетон жа­бынын төсеу, жол жиектерін ны­ғайту, 162 жол белгісін жаңарту, екі жаңа автопавильон орнату, …

Жөнделген жол Read More »

АСТЫҚТЫ ӨҢІРДІҢ АСУЛАРЫ

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов елордадағы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қызылжар өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндап, үстіміздегі жылы атқарылған жұмыстарға, алда тұрған міндеттерге тоқталды. Өңір басшысы өз баяндама­сын биылғы көктемгі су тасқыны­ның зардаптарын жою бағытын­да атқарылған шаруалардан бас­тады. Әкімнің айтуынша, об­лыс­қа 3,5 млрд. текше метр қызыл су келіп, өңірдің инфрақұрылымы біршама зардап шеккен. – Қиын …

АСТЫҚТЫ ӨҢІРДІҢ АСУЛАРЫ Read More »

“МЕКТЕПТЕ СПОРТЗАЛ, МЕДПУНКТЕ ҒИМАРАТ ЖОҚ”

Бұл жолы Айыртау ауданындағы Қамсақты ауылдық округіне жол түсті. Округ құрамындағы бірқатар ауылдарды аралап, тұрғындармен тілдестік. Бұл елді мекендерді толғандырып отырған мәселелер аз емес екен. Олардың айтқандарын қойын дәптерімізге түртіп алып, ауылдық округ әкімі Қайсар Махметовпен кездесуге асықтық. Өткен жылы сайланған әкіммен өзінің туып-өскен жерінің бүгінгі тіршілігі, болашағы жайлы сөйлесіп, тұрғындар көтерген мәселелердің анық-қанығын сұрадық. …

“МЕКТЕПТЕ СПОРТЗАЛ, МЕДПУНКТЕ ҒИМАРАТ ЖОҚ” Read More »

Айыппұл мөлшері көбейе ме?

Облыс орталығының Серік Әбдікерімов есімді тұрғыны редакцияға жолдаған сауалында былай дейді: “Келесі жылдан бастап Қазақстанда айыппұл мөлшерінің өсетіні әрқилы пікірталас тудырып жатқаны жасырын емес. Бұл шара адамдарға қаржылық ауыртпалық түсірмей ме? Осыны білгім келеді”. Сұрақ иесіне облыстық поли­ция департаменті әкімшілік полиция бас­қармасының бас­тығы, полиция подполковнигі Серік Әлжанов жауап берді. “Қазір елімізде бір айлық есептік көрсеткіш …

Айыппұл мөлшері көбейе ме? Read More »

Сорғы стансасы жаңғыртылды

Көктемде су тасқыны кезінде зақымданған Петропавлдағы бірінші көтергіш сорғы стансасы қайтадан жаңғыртылды. “Қызылжар су” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Жеңіс Сұлтановтың айтуынша, әлі де атқарылар жұмыс аз емес. Жел­тоқсанның бірінші онкүндігінде бе­кіту арматурасының агре­гаттарын жеткізу жоспарланған. “Біздің өңірде алғаш рет нығайту жұмыстарына габион қолданылып жатыр. Ол – темірден жасал­ған тордың ішіне толтырылған тас. Өткен ғасырдың басында …

Сорғы стансасы жаңғыртылды Read More »

СӘНДІ ӘРІ САПАЛЫ

Өңірдегі өндірістің ең елеулі салаларының бірі – жиһаз шығару. Талғам мен талаптың өзгеруі, құрылыстың қарқын алуы тұрғын үйлер мен кеңселерге қажет жиһазға деген сұраныстың артуына әкелді. Бүгінде тұтынушылар жиһаздың қолайлылығына ғана емес дизайны мен сапасына, жасалған материалы мен технологиясына да мән береді. Сондықтан жиһаз шығарушылар үнемі өндіріс жұмысын жетілдіріп келеді. Соның арқасында былтыр елімізде 82 …

СӘНДІ ӘРІ САПАЛЫ Read More »

ЖАНДАНҒАН ЭКОНОМИКА, ТҮЗЕЛГЕН ТҰРМЫС

Облыстық мәслихаттың 19-шы сессиясы өтіп, онда өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетовтің есебі тыңдалды. Облыс әкімі өз сөзін көктемгі су тасқынының салдарын жою бойынша атқарылған жұмыстардан бастады. Табиғи апат кезінде өңірде 4 мыңға жуық үй су астында қалған. Мемлекет басшысы облысымызға сапары барысында табиғи апаттармен күреске атсалысқан барша азаматтарға алғысын білдірген еді. – Бәріңіз білетіндей қаланы сумен …

ЖАНДАНҒАН ЭКОНОМИКА, ТҮЗЕЛГЕН ТҰРМЫС Read More »

ОҢАЛТУДЫҢ ПАЙДАСЫ ОРАСАН

Жыл басынан бері өңіріміздің 716 тұрғыны көпбейінді қалалық ауруханаға қарасты оңалту орталығында ем қабылдады. 344 науқасқа ортопед-дәрігерлер көмек көрсетті. Емдеу мекемесіне жатқызылғандардың 257-сі жарақатына байланысты, 111-і неврологиялық тұрғыдан ем-дом алса, төрт сырқатқа нейрохирургиялық ота жасалған. Қала тұрғыны Сәуле Мұс­та­финаның денсаулығы шілде айында сыр беріп, дәрігерлер науқас­ты ау­руханаға жатқызған. Тізесі ауырған тұрғынға дереу түрде ота жасау …

ОҢАЛТУДЫҢ ПАЙДАСЫ ОРАСАН Read More »

Анасын ұрып өлтірген

Облыстың қылмыстық іс­тер жөніндегі маманданды­рылған ауданаралық соты ту­ған анасын ұрып өлтірген 59 жастағы ер адамды 11 жылға бас бостандығынан айырды. Облыстық соттың мәліме­тін­ше, оқиға биыл 9 тамызда Тайынша қаласында болған. Б. есімді ер адам өз үйінде ана­сын ауыр соққыға шыққан. Сот­талушының кінәсі жәбірлену­ші­нің, куәгерлердің айғақта­рымен, сот сараптамаларының нәтижелерімен және істің басқа материалдарымен дә­лел­денген. Прокурор мен …

Анасын ұрып өлтірген Read More »

Қиял қанатында

Облыстық бейнелеу өнері музейінде өткен көрмеде “Ермек Серкебаев атындағы өнер колледжі – өнерде дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернат кешенінің” студенттері шығармашылық жұмыстарын көпшілікке таныстырды. “Идеядан – іске асыруға дейін” атты көрмеде әртүрлі техникамен салынған 33 картина қойылды. Оның ішінде екінші курс студенті Мерейлі Абайдың да туындысы бар. Ол бұл суретті салу үшін бір жыл бойы үздіксіз …

Қиял қанатында Read More »

Жас толқынның жыр сайысы

Облыс орталығында Ерік Асқаров атындағы жас ақындар мектебінің 5 жылдық мерейтойына арналған әдеби кеш өтті. Шараға мектеп шәкірттері мен көршілес өңірлерден келген жас дарындар қатысты. Осыдан 5 жыл бұрын өнерлі өрендерді қабылдап, қа­зақтың аяулы ақыны Ерік Асқа­ровтың атын алған мектепте бүгінде 30-ға жуық бала бірнеше бағыт бойынша тәрбиеленуде. Мек­теп жетекшісі Жарқын Жұпар­ханның сөзінше, осы уақыт …

Жас толқынның жыр сайысы Read More »

Артық жұмыс атқарған

Облыста биылғы тоғыз айда әдеп жөніндегі кеңес мамандары қараған істердің 64 пайызы заң бұзушылықтардың алдын алуға бағытталса, қалғаны тәртіптік істермен байланысты. Мемлекеттік қызмет істері агенттігі облыс бойынша де­пар­таментінің басшысы Ер­жан Қарымсақовтың айтуын­ша, әдеп жөніндегі кеңестің бү­гінде тәртіптік істерді қарау­дан басқа да функциясы кө­бей­ген. “Кеңестің негізгі мінде­ті – сыбайлас жемқорлықтың жә­не қызметтік әдеп нормаларын бұзудың алдын …

Артық жұмыс атқарған Read More »

ТІРЕК МЕКТЕПТЕР – АУЫЛДЫҢ ТІРЕГІ

Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенованың Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары маңызды әлеуметтік нысандарды аралаумен жалғасты. Кездесулерде Президент тапсырмаларының іске асырылуы, Үкіметте қабылданған шешімдер мен өзекті мәселелер талқыланды. Мектеп пен балабақшадағы кез­десумен қатар вице-премьер жоға­ры құрылыс-экономикалық кол­лед­жінде дуалды оқыту жүйесімен танысты. Колледжде сантехникалық, дәнекерлеу, ағаш өңдеу, тас өңдеу және аспаз мамандықтары бойынша кадрлар даярланады. Вице-премьер колледждің зама­науи …

ТІРЕК МЕКТЕПТЕР – АУЫЛДЫҢ ТІРЕГІ Read More »