«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОТАНСҮЙГІШТІКТІҢ БЕЛГІСІ

Ту, Елтаңба және Әнұран – мемлекетіміздің мызғымас ірге­тасы, Тәуелсіздігіміздің басты ны­шандары. Ал оны құрметтеу – отансүйгіштіктің белгісі. Өңірімізде атаулы мереке күні су тасқынымен күрескен сол­түстікқазақстандықтар мара­патталды. Қарапайым тұрғын­дар­дың су тасқынына қарсы кү­реске белсене қатысуы – отан­сүйгіштік пен азаматтық ұста­нымның жарқын мысалы. “Солтүстікқазақстандықтар бірігіп, табиғи апатпен күресте шынайы патриоттық пен қаһар­мандық танытты. Мереке күні баршаңызға береке …

ОТАНСҮЙГІШТІКТІҢ БЕЛГІСІ Read More »

БІРЛІК ПЕН ДАМУ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси бағдарының басты негіздері

І. ƏДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ МƏНІ НЕДЕ? Ішкі саясат саласында ақпа­рат ағыны əрдайым жылдам ал­ма­сып отырады. Белгілі бір ке­зеңде саяси реформалар, сай­лаулар мен кадрлық ауыс-түйістер ел назарында болды. Содан соң отбасылық зорлық-зомбы­лық, қарғын сумен күрес мəселе­сі күн тəртібіне шықты. Дегенмен билік құрылымдары түгелдей күн­делікті мəселелермен айналы­сып жатқанына қарамастан, мем­лекеттік саясаттың негізгі бағда­рына сəйкес ілгерілеу үшін жүйе­лі жұмыс …

БІРЛІК ПЕН ДАМУ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси бағдарының басты негіздері Read More »

ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ МҰҚАЛМАС РУХЫ

Мемлекеттік рәміздер Ту, Елтаңба және Әнұран – Қазақстан Республикасының дербестігі мен Тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі. Сондай-ақ рәміздер – халқымыздың мұқалмас рухын, қаһармандылығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін құнды белгілер. Ел азаматтарының патриотизмінің көрінісі, бүкіл қоғамды біріктіретін фактор, кез келген ұлт пен мемлекеттің болмысын қалыптастырудың …

ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ МҰҚАЛМАС РУХЫ Read More »

ЖАРАМСЫЗ ҮЙЛЕР СҮРІЛУДЕ

Облыс орталығында су тасқыны салдарынан баспанасыз қалған тұрғындардың кейбірі жаңа пәтерлерге көшіп үлгерді. Ал олардың апатты деп танылған үйлері сүріле бастады. Бүгінгі таңда Петропавл­дағы Ойқалада үш ауданнан келген механикалық бригада­лар жұмыс істеп жатыр. Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның құрылысшылары табиғи апаттың салдарымен күресіп жүр. Оларға бекіткен аумақта 198 жеке тұрғын үй бар. Соның 137-сі апатты деп …

ЖАРАМСЫЗ ҮЙЛЕР СҮРІЛУДЕ Read More »

БІЛІМ САЙЫСЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІМЕН ЖҮЗДЕСТІ

Облыс әкімі Ғәуез Нұрмұхамбетов мектеп пәндері­нен республикалық олимпиа­далардың жеңімпаздары және жүлдегерлерімен кездесті. Өңір басшысы Мағжан Жұмабаев атындағы ІТ мек­теп-лицейінде болып, Халық­аралық балаларды қорғау күні­не арналған “Көңілді старттар” спорттық іс-шарасы финалының жеңімпаздарын марапаттады. Мектепте Мағжан оқуларына дайындалып жатқан әдеби үйірме мүшелері­мен де жүздесті. Білімді жетіл­діру, тұлғалық өсу және рухани даму үшін кітап оқудың маңыз­дылығын атап өтіп, …

БІЛІМ САЙЫСЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІМЕН ЖҮЗДЕСТІ Read More »

БАҚЫТТЫ БОЛСЫН БАР БАЛА

Өңірімізде Халықаралық балаларды қорғау күні өзіндік сән-салтанатымен ерекше аталып өтті. Орталық алаңда сурет, ән, би байқауы өтіп, жиналған қауым бүлдіршіндердің өнерін тамашалады. Бұл қызықты да тартымды шараларды тамашалауға келген кішкентай көрермендерге түрлі аниматорлар ерекше көңіл күй сыйлап, демеушілердің қолдауымен тәттілер таратылып, 18 жасқа дейінгі балалар қоғамдық көлікте тегін жүрді. Елдің болашағы – өскелең ұр­пақтың төл …

БАҚЫТТЫ БОЛСЫН БАР БАЛА Read More »

Қуаныштың күлкісі

1 маусым – Халықаралық ба­лаларды қорғау күні мерекесін Қазақстан Республикасы Ұлт­тық ұланының академиясы да ерекше үлгіде тойлап, әскери қызметшілердің балаларына қуаныш сыйлады. Кішкентай қонақтарға әскери техника мен қару-жарақтар таныс­тырылып, аниматорлар мен ака­де­мияның көркемөнерпаздар үйір­месінің ұжымы өз өнерлерін ортаға салды. Сурет, өлең және мәнерлеп оқу бай­қауынан оза шапқан жас жет­кін­шек­терге академия басшы­сы­ның атынан мадақтама қағаздар табыс …

Қуаныштың күлкісі Read More »

Шаңырақтың шырқын бұзғандар

Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөліністерінің қызметкерлері отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтарды тіркеудің өскенін атап өтті. Бұл осындай құқық бұзушылықты тіркеудің анықтау сипатына көшумен байланысты болып отыр. Заңнамадағы өзгерістерге байланысты тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілерін тіркеу үшін жәбірленуші тараптың ары­зы енді міндетті шарт болып та­был­майды. Полицейлер өздері­не белгілі болған әрбір жағдай­ды тексеріп, тиісті шаралар қабылдайды. Жыл басынан бері тұрмыс­тық …

Шаңырақтың шырқын бұзғандар Read More »

Оныншы орында

Футболдан ел біріншілігінің 10-шы турында “Қы­зылжар” клубы өз алаңында семейлік “Елімай” командасын қабылдады. Бұл ойында жеңімпаз анықтал­мады. Бірінші таймда екі команда да есеп аша алмады. Кездесудің екінші бөлімінде жерлестеріміз алға шықты. Матчтың 63-ші минутында Юрий Бушман бірінші голдың авторы атанды. Араға 10 минут салып, “Елімай” ко­манда­сы таразы басын теңес­тірді. Қо­рытынды есеп 1:1. 10-шы турдан соң …

Оныншы орында Read More »

“ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ ЖЕТІЛМЕЙ, КӨП МӘСЕЛЕ ШЕШІЛМЕЙДІ”

Не үшін депутат болдым? Мен Ленинград жоғары саяси училищесін тамамдадым. Сондықтан адамдармен жұмыс істеу маған бұрыннан таныс, жаныма жақын. Кейін өңіріміздегі Ұлттық ұлан әскери академиясында әскери-психология кафедрасының басшысы болып еңбек еттім. Біз ол жерде рота командирлерінің тәрбиелік-әлеуметтік құқық жөніндегі орынбасарларын даярладық. Әскери қызметім аяқталғаннан кейін қоғамдық жұмыспен айналысуға бел будым. Ауылдық округ әкімінің сайлауына да …

“ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ ЖЕТІЛМЕЙ, КӨП МӘСЕЛЕ ШЕШІЛМЕЙДІ” Read More »

Қаржы қайда жұмсалуда?

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаменті мен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының бірлескен бұйрығы негізінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілген. Жоспарды орындау мақсатында басқарманың және ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізілді. Талдау көрсеткендей, кәсіпқой клубтардың қаржылық шығындарына бақылаудың жоқтығынан елеулі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туындайды. Облыста …

Қаржы қайда жұмсалуда? Read More »

Жаңа шағынауданда балабақша салынады

“Таза Қазақстан” республи­калық акциясы аясында облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов құ­рылыс компанияларының бас­шыларымен бірге “Солнечный-2” шағынауданындағы саябаққа көшет отырғызды. Қазір шағынауданда су тас­қынынан зардап шеккендерге 520 үй салынуда. Барлығы 700 үй тұрғызылады. Құрылыспен қатар көшелерді де абаттанды­ру, көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде. Жаңа балабақша­ның құрылысы да басталып кетті. Облыста зардап шеккендер­ді баспанамен қамту мәселесі белсенді жүргізілуде. Бар­лығы 1720 …

Жаңа шағынауданда балабақша салынады Read More »

ЕЛ ТЫНЫСЫ ТҰРМЫСЫНАН ТАНЫЛАДЫ

Алдымызда экономиканы әртараптандыру және монополиядан арылту, инфрақұры­лымды жаңғырту, бизнесті қолдау, инвестиция тарту шараларын жүйелі түрде дамыта отырып, әділ де бәсекелі экономика жүйесін құру, әлеуметтік салада қордаланып қалған мәселелерді біртіндеп шешу міндеттері тұр. Президент өз сөзінде “Осы жұмыстың бәрі 2024 жылы да жалғасады. Біз тиянақты және жоспарлы әрекет жасаймыз, мақсатқа жету үшін үздіксіз алға ұмтыламыз. Бұл …

ЕЛ ТЫНЫСЫ ТҰРМЫСЫНАН ТАНЫЛАДЫ Read More »

МЕССЕНДЖЕР АРҚЫЛЫ ЖАСАЛАТЫН АЛАЯҚТЫҚ

Қазақстан Ұлттық банкі жеке тұлғаларға қызмет көрсетпейді, халықпен ақшалай есеп айырыспайды және соңғы кездері алаяқтық жиілеп кеткенін ескертеді. Алаяқтар өзінің “құзыретін” дәлелдеу үшін жалған құжат көрсетеді. Алаяқтар азаматтарды ал­дап, ақша жымқыру мақсатында өзін Ұлттық банктің қызметкері ре­тінде таныстырып жүргенін есте­ріңізге саламыз. Сонымен қатар бұл схемада “құқық қорғау неме­се арнайы органдардың қызмет­керлері” де айтылады. “Арнайы операция” …

МЕССЕНДЖЕР АРҚЫЛЫ ЖАСАЛАТЫН АЛАЯҚТЫҚ Read More »

ШЕБЕР ШАШТАРАЗ

Біз өмір сүріп жатқан қоғам бір орында тұрған жоқ, адамзат баласының қажеттілігіне сай үздіксіз өзгеріп, жаңарып, түрленіп отырады. Адамдардың киім кию, тамақтану мәде­ниеті де сол өзгерістерге бейімделіп, жаңаша сипат алуда. Өзгесін айтпағанда бір ғана тазалық, яғни адамның өзін-өзі, сырт келбетін күтуі, шаш қою үлгісінің сан тараулы түрі бар. Қасым Амангелдин 2019 жыл­дан бері ерлердің шашын …

ШЕБЕР ШАШТАРАЗ Read More »

Қарашаңырақта қадір қалмады

Үш жүз жыл бодандықта бо­лып, жетпіс жыл құдайсыз өмір кешсек те қарашаңырақты қадір тұтқан ұлт едік. Қазір айдың-күннің аманында қағынан жері­ген құландайын ұл үйінен, қыз тө­сегінен безіп, тіл ділінен, дін құ­дайынан жиіркеніп, әке үйден қа­шып, ана баласын далаға лақ­тырды. Қарашаңырақты қастер­лі, қасиетті үй санамағандықтан қазір елдің сиқы қашты. Алдымен шаңыраққа сәлем бе­ріп кірмеген мейманын үйіне …

Қарашаңырақта қадір қалмады Read More »

Үздік мектеп

Облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен “Үздік орта білім беру ұйымы” байқауы өтті. Жылда дәстүрлі түрде өткізілетін іс-шараға биыл өңірден 11 білім беру ұйымы қатысты. Байқаудың аудандық кезеңіне 50-ге жуық мектеп қатысса, сараланып шыққан үздіктер облыстық кезеңде бақ сынады. Он жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан байқаудың мақсаты – педагогтар мен білім беру ұйымдары басшыларының кәсіби дағдысын дамыту. …

Үздік мектеп Read More »

Жоқ көлікке салық төлеген

Петропавлда республикалық “Халық заңгері” акциясы өтті. Құқықтық көмекті тегін алуға келгендер әділет органдары, прокуратура, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандарына жүгінді. Петропавл тұрғыны Жанат Қариев осыдан 20 жыл бұрын халық арасында “копейка” аталып кеткен “Жигули” автокөлігін сатқан. Бірақ осы күнге дейін жоқ машинаның салығын төлеп келеді. Басында 6 мың теңге болса, қазір салығы 9 мың теңгеге …

Жоқ көлікке салық төлеген Read More »

Аңсатқан сәбилер

Өңірде биыл 1,5 мыңнан астам нәресте дүниеге келсе, 22 бала – “Аңсаған сәби” бағдарламасы аясында өмір есігін ашқан. Облыстық перинаталдық орталықтың мәліметінше, өңірге “Аңсаған сәби” бағдарламасы іске қосылғалы 608 квота бөлінген. Экстракорпоральды ұрықтандыру 194 жағдайда сәтті аяқталып, ерлі-зайыптылар жылдар бойы күткен сәбилерін бауырларына басты. Осы жылдар ішінде ЭКО арқылы туған нәрестелердің 25-і – егіз, олардың …

Аңсатқан сәбилер Read More »

Пойызға соғылды

Петропавлда “Foton” маркілі жүк көлігі мен жүк пойызы соқтығысты. Салдарынан екі адам зардап шекті. Апат Жұмысшы кенті жақтағы айналма жол бойындағы темір жол өткелінде болған. Зардап шеккен көліктің жүргізушісі 27 жастағы азаматты “Жедел жәрдем” мамандары тексеріп, үйіне жіберді. Ал 46 жастағы жолаушы қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. – Зардап шеккен адамға жарақаттану пунктінде медициналық көмек көрсетілді. …

Пойызға соғылды Read More »