«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Уақыт қалтарысында қалған тұлға

Өткен ғасырдағы ұлт тарихына көз жүгіртіп қарайтын болсақ, ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басы қазақ халқы үшін жаңа идеялар мен қозғалыстар кең өріс алған, азаттық үшін күрестің жаңа толқыны елдің санасын оятқан, өзгерістер мен қақтығыстарға толы уақыт болғаны байқалады. Бұл бірнеше ғасыр бодандықта болып, басқадан артта қалып, қалың ұйқыда жатқан халықтың бас көтерер оқығандарының …

Уақыт қалтарысында қалған тұлға Read More »

“ӨЗГЕНІҢ ӨМІРІН ТАЛҚЫЛАУ — ӨЗ МӘСЕЛЕМІЗДІ ҰМЫТТЫРАДЫ”

Бүгінгі қоғамның келбеті жайлы сөз қозғалғанда түрлі пікірлер айтылады. Сынаушылар да бар, үмітпен қараушылар да көп. Себебі қазіргідей аумалы-төкпелі заманның құндылығы қым-қиғаш. Осының әсерінен болар біздің қоғамды түрлі мәселелер толғандырады. Оларға жауап табу да қиын. Өңірімізге белгілі клиникалық психолог, “Рух” психология және тұлғаны дамыту орталығының басшысы Резеда Баймұхаметовамен жанымызды ауыртқан кейбір жайттар жайлы сұхбаттасқан едік. …

“ӨЗГЕНІҢ ӨМІРІН ТАЛҚЫЛАУ — ӨЗ МӘСЕЛЕМІЗДІ ҰМЫТТЫРАДЫ” Read More »

“ЖАЙЛЫ МЕКТЕП” ЖОБАСЫ АУЫЛДАРДА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ КЕРЕК”

Не үшін депутат болдым? Депутаттық – қоғамдық қыз­мет. Қарапайым халық арасын­да өмір сүріп жатқан адамға қо­ғамдағы өзекті мәселелер мен көкейкесті сұрақтар етене та­ныс. Мәселелер мен қажеттілік­терді жете білем дегеніммен, жергілікті өкілетті органдардың қызметін түсініп, олармен жұ­мыс істеу тәсілдерін үйрену ке­рек. Сонымен қатар бойыңда стратегиялық көзқарас, кому­никативті қарым-қатынас, ме­диа және саяси сауаттылық сияқ­ты дағдыларды жетілдіру қажет. …

“ЖАЙЛЫ МЕКТЕП” ЖОБАСЫ АУЫЛДАРДА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ КЕРЕК” Read More »

Жол ережесіндегі өзгеріс

“Жол жүрісі туралы” заң­ға және Әкімшілік құқық бұ­зу­шылық туралы” кодекске мопед­терге қатысты жаңа ереже енгізілді. Мопед жүр­гі­зуші­лері жол қозғалысы­ның толыққанды қатысу­шыла­рына теңестірілді. Әкімшілік құқық бұзушылық ту­ралы кодекске тиісті өзгерістер енгі­зілді. Енді мопед тізгіндеген­дер де уәкілетті органда міндетті тіркеуден және жыл сайынғы техникалық бай­қаудан өтуі ке­рек. Сонымен қатар азаматтық-құқық­тық жауапкершілі­гін мін­детті сақ­тандыруы тиіс. Мопед жүргізушілеріне қойыл­­ған …

Жол ережесіндегі өзгеріс Read More »

ЖАУЫНГЕР ҰСТАЗ

Ұлы Отан соғысының қанды шайқастары мен жеңісті жылдары тарих қойнауына енсе де, Отанымызды қорғаған жауынгерлеріміздің есімдері ешқашан санамыздан өшпейді. Өйткені олар – қан майданда жау оғына кеудесін тосып, ерліктің ерен үлгісін көрсеткендер. Жыл өткен сайын соғыс ар­да­гер­лерінің қатары сиреп ба­рады. Жеңісті жақындатқандар қатарында соғыстан оралған­нан кейін ел экономикасын қал­пына келтіру үшін барын сала жұмыс істеген …

ЖАУЫНГЕР ҰСТАЗ Read More »

ЗАЛАЛ ТОЛЫҚ ӨТЕЛЕДІ

Өңірімізге жұмыс сапары­мен “Атамекен” ұлттық кәсіп­керлер палатасының басқарма төрағасының орынбасары Ти­мур Нақыпбеков пен Ұлттық экономика министрлігі депар­та­ментінің директоры Нұрбол Жаңабеков келді. Олар Петро­павлда су тасқыны салдары­нан бизнес субъектілеріне кел­тірілген залалды өтеу жөніндегі өңірлік комиссияның отыры­сына қатысты.  Петропавлдағы Косогор ша­ғын­­­ауданында жеке кәсіпкер Лю­бовь Афанасованың “Наш” дү­ке­­ні орналасқан. Жарты жыл­дан соң зейнет демалысына шыға­тын қала тұрғыны су …

ЗАЛАЛ ТОЛЫҚ ӨТЕЛЕДІ Read More »

ЕЛОРДАЛЫҚ КӘСІПОРЫНМЕН КЕЛІСТІ

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Астанада ірі панельді баспана салуға маманданған “Үй құрылысы комбинаты GLB” зауытының басшылығымен кездесті. Олардың көмегімен “Kaspi” АҚ-ның қаражатына “Солнечный-2” шағынауданында 300 тұрғын үй салынады. Аталған кәсіпорынмен ынтымақтастық тасқыннан зардап шеккендерге тез арада үй салуға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда аталған шағынауданда “Қазақстан халқына” қорының қаражатына 100 үй салынып жатыр. Сондай-ақ “Kazakhmys” корпорациясы …

ЕЛОРДАЛЫҚ КӘСІПОРЫНМЕН КЕЛІСТІ Read More »

СУ БАСҚАН ЖОЛДАРДЫҢ ЖАЙЫ ҚАЛАЙ?

Су тасқыны автомобиль жолдарын басып, өңір тұрғындарының аудан мен қалаға қатынауына біраз қиындықтар тудырғаны белгілі. Әсіресе кейбір республикалық маңызы бар жолдардың жиектері көлік жүргізушілері үшін қауіп төндірді. Су тартылысымен аталған орындарда жөндеу жұмыстарын бастаған “ҚазАвтоЖол” ұлттық компаниясы облыстық филиалының басшылығымен хабарласып,  мән-жайды білдік. “ҚазАвтоЖол” ұлттық компаниясы облыстық филиалы  директорының орынбасары Қанат Өсербаевтың айтуынша, үстіміздегі жылдың …

СУ БАСҚАН ЖОЛДАРДЫҢ ЖАЙЫ ҚАЛАЙ? Read More »

Қалпына келтіру жұмыстары — журналистер назарында

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов БАҚ қызметкер­лерімен бірге облыс орталығын аралап, журналистерді тас­қыннан кейінгі зардаптарды жою, шеткері аудандар­дан су сору, жаңа үйлердің құрылыс жұмыстарымен таныс­тырды. Баспасөз туры тұрғындар үшін 500 үй бой көтеретін “Солнечный-2” шағынауданы­нан басталды. Мұндағы алғашқы 100 үй салынып жа­тыр. Құрылысты маусым айын­да аяқтау жоспарланған. “Зерт­теу СК”, “Основание”, “ADA Групп”, “Петроремстрой” сын­ды жалпы саны …

Қалпына келтіру жұмыстары — журналистер назарында Read More »

БОЙ ТҮЗЕЙДІ ЖАҢА ҮЙЛЕР

“Қазақстан халқына” қоры, “Ka­zakhmys” корпорациясы және облыс әкімдігі 100 үй салу туралы меморандумға қол қойды. Меморандум су тасқынынан зардап шеккен отбасыларды бас­панамен қамтамасыз ету қа­жеттілігін ескере отырып жасал­ған. Құжатқа сәйкес, облыс әкім­дігі ұсынған типтік жоба бойын­ша Петропавл қаласының “Сол­нечный 2” шағынауданында 100 тұрғын үй салынбақ. Меморандум аясында “Kazakhmys” корпорациясы 100 үйдің құрылысы аяқталғаннан кейін мердігерлерге …

БОЙ ТҮЗЕЙДІ ЖАҢА ҮЙЛЕР Read More »

МӘМС-тегі мәртебеңіз қандай?

Пайдаланбаған ақшаны қайтаруға бола ма, неге МӘМС жүйесі жинақтаушы емес, жеке клиникада МӘМС есебінен қалай емделуге болады? Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының облыстық филиалы солтүстікқазақстандықтардың жиі қоятын бірқатар сұрақтарына жауап берді. Жуырда филиал маманда­ры­на “Мен жұмыс істемейтін жүкті әйелдер” жеңілдік санатына кіре­мін, бірақ тіркелген жеке кәсібім бар. Жеңілдік санатына кіретін­дер жарна төлеуден босатылады деп естідім. Жеке …

МӘМС-тегі мәртебеңіз қандай? Read More »

Су орталығы құрылмақ

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан универ­ситетінің агротехнологиялық факультеті Аризона және Қытайдағы Солтүстік-батыс ауыл және орман шаруашылығы университеттерімен халықаралық су ресурстары ғылыми орталығын құру туралы үшжақты меморандумға қол қойды. Серіктес университеттер ор­на­ласқан аймақтардың климат­тық жағдайлары ұқсас. Жауын-шашын деңгейі төмен аймақтар­да орналасқандықтан ғалымдар ауыл шаруашылығы мен қалалық агломерациялар үшін су ресурс­тарын пайдаланудың ұтымды технологияларын әзірлейтін бо­ла­ды. М.Қозыбаев атындағы …

Су орталығы құрылмақ Read More »

Құмар ойыннан шектеу

Туризм және спорт министрлігінің туризм индуст­риясы комитеті – еліміздегі құмар ойындар саласына жауапты уәкілетті орган онлайн форматта ойынқұ­мар­лықтан бас тартуға өтініш беретін функцияны ой­лап тапты. Ведомствода құмар ойын­дарға қатысудан және цифрлық форматтағы бәс тігуден өз бе­тінше шектеу бойынша опция әзірленіп, іске қосылды – мұны қазақстандықтар “eGov mobile” қосымшасы арқылы жүзеге асы­ра алады. “МТС eGov” арқылы …

Құмар ойыннан шектеу Read More »

Педагогтарды жаңаша аттестаттау

Биыл аттестаттаудан өткен мұғалімдерге біліктілік санат­тары беріледі және соған сай ең­бекақысына үстемеақы қосыла­ды. Ашық НҚА порталында Оқу-ағарту министрлігінің педагог­тарды аттестаттаудан өткізу қа­ғи­далары мен шарттарын бекі­ту туралы бұйрық жобасы жа­рия­ланды. Құжатта ЖОО-дан кейін автоматты түрде берілетін “пе­дагог” санаты үшін тестілеу нә­ти­жесі, біліктілік санатын мер­зімінен беру тәртібі алынып тас­талды. Мүгедектігі бар адам­дарға көмекші тағайындау тура­лы шарттармен толықтырылды. …

Педагогтарды жаңаша аттестаттау Read More »

“ТАБИҒАТ ӘРДАЙЫМ ЖОМАРТТЫҚ ТАНЫТА БЕРМЕЙДІ”

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев “Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары” Жолдауында шаруаларды жер жағдайы немесе ауа райы емес, инновациялық амал-тәсілдер табысқа жеткізетінін айта келіп, заманауи ғылымға сүйену міндетін қойған болатын. Бұл орайда, жоғары технологияны қажет ететін ауыл шаруашылығы саласында өте жауапты және де уақыт күттірмейтін науқан саналатын дала жұмыстарын ұйымшылдықпен әрі сапалы атқару тиісті ведомстволар мен ауыл шаруашылығы …

“ТАБИҒАТ ӘРДАЙЫМ ЖОМАРТТЫҚ ТАНЫТА БЕРМЕЙДІ” Read More »

ДАМУ МҮМКІНДІКТЕРІ МОЛ

“Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары” Жолдауында алдағы орта мерзімдік жұмыстардың ба­ғыт-бағдары айқындалып, тапсырмаларды жүзеге асы­рудың нақты міндеттері жүктелді. Президент өз сө­зінде мемлекеттің басты мақсаты – әрбір қазақстан­дықтың әл-ауқатын жақсарту дей келіп, кең ауқымды саяси өзгерістермен шектеліп қалмай, оны түбегейлі және жан-жақты әлеуметтік эко­номикалық реформа­мен ұштастырудың қажеттілі­гін айрықша атап көрсетті. Азық-түлік қауіпсіздігі және де­мографиялық тұрғыдан ор­нық­ты даму …

ДАМУ МҮМКІНДІКТЕРІ МОЛ Read More »

Көшет отырғызу – көптің ісі

Мемлекет басшысының тапсырмасына орай биыл өңір­де 6,3 мың гектар аумаққа 39 млн.-ға жуық көшет отырғызу жоспарланған. Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды рет­теу басқармасының мәліметін­ше, өңірдің орман қоры 549,5 мың гектар аумақты алып жатыр, оның 415,5 мың гектары – ор­манды алқап. Өңірімізде 20 мың гектар аумаққа 100 млн. жасыл желек отырғызылуы керек. “2021-2025 жылдарға арнал­ған …

Көшет отырғызу – көптің ісі Read More »

ҚҰРЫЛЫСШЫЛАРДЫҢ ҚИМЫЛЫ ШИРАҚ

Өңір басшысы Ғауез Нұрмұ­хамбетов Ойқала шағынауда­нын­да орналасқан штабта же­дел кеңес өткізіп, тасқын зар­дап­та­рын жою бойынша жауап­ты ведомство басшылары мен осы учаскеге бекітілген аудан әкімдері орынбасарларының есебін тыңдады. Бүгінгі күні Ойқала және Был­ғары зауыты шағынауданында арнайы құрылған механика­лан­дырылған бригадалар 18 үйді жөндеуге жедел түрде кірісіп кет­кен. Бұдан бөлек, аулалар мен жертөлелерден 79 жоғары өнім­ді насостар арқылы …

ҚҰРЫЛЫСШЫЛАРДЫҢ ҚИМЫЛЫ ШИРАҚ Read More »

АУЫЛҒА АСЫЛ ТҰҚЫМДЫ СИЫРЛАР ЖЕТКІЗІЛДІ

Өңірге Германия мен Дания корольдігінен асыл тұқымды ірі қара жеткізілді. Сауын сиырлар жаңадан ашылған тауарлы-сүт фермаларына апа­рылған.  Асыл тұқымды ірі қараның алғашқы партиясы – 34 бас голштино-фриз сиыры Қы­зылжар ауданындағы “Моло­дое-агро” жауапкершілігі шек­теулі серіктестігіне жеткізілді. Қазір ірі қара карантинде тұр. Шаруашылық Архангелка елді мекенінің маңында салы­нып жатқан тауарлы-сүт фер­масының құрылысын аяқтап, жақында пайдалануға бермек. Жаңа …

АУЫЛҒА АСЫЛ ТҰҚЫМДЫ СИЫРЛАР ЖЕТКІЗІЛДІ Read More »

Арман адастырмайды

Оқушылар сарайында белгілі дизайнер, Париж сән апталығына қатысушы, көптеген республикалық және халықаралық байқаулардың қатысушысы және жүлдегері Айжан Колчинамен кездесу өтті. Бұл кездесу “Ұлт мақтанышы” жобасы аясында ұйымдастырылды. Шараға қаладағы білім ордаларының оқушылары жиналды. Кездесу барысында дизайнер өзінің кәсіби жолының қалай басталғаны, өз  жұмысы мен қызметі, сән әлеміндегі танымал тұлғалармен жұмысы туралы баяндады. Италияда өткен “Oriental …

Арман адастырмайды Read More »