«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БЕКЗАТ БОЛМЫС

“Жаным Отан, сырың – сан. Өлшемің – мың Сен – бір ғарыш, мен – сенің жер серігің. Сен деп соққан жүрегі, жаны – сенде, Перзентіңмін – бір түйір бөлшегіңмін!”, – деп жырлаған жерлесіміз, мемлекет және қоғам қайраткері, жазушы, публицист, рәмізтанушы Ербол Шаймерденовтің қазақ мәдениетінде, қазақ сөз өнерінде, қазақ журналистикасында есімі ерекше аталады. Сәулелі ғұмырында саналы, …

БЕКЗАТ БОЛМЫС Read More »

Адалдық пен әділдікті ту еткен

Айыртау – мен үшін баға жетпес, асыл мекен. Әлбетте әр адамға туған жері қымбат. Атажұртқа, туған жерге әр пенденің адал да алаң көңілі осылай болуы заңды ғой. Арайлы Айыртау өзінің көз тоймас көркем табиғатымен ғана ерекшеленбеген. Бұл жерде табиғат сұлулығына үндесе туған тума таланттар шоғыры аз емес. Осынау ән мен жырдың, сал-серілердің құтты мекені болған …

Адалдық пен әділдікті ту еткен Read More »

“ҚАЛҒЫП-МҮЛГІП ОТЫРАТЫН ДЕПУТАТТАРДЫҢ ДӘУРЕНІ ӨТТІ”

Сапар Сәниев – Уәлиханов аудандық мәслихатының төрағасы, №4 сайлау округі бойынша депутат, “AMANAT” партиясының мүшесі. Не үшін депутат болдым? Депутат – бұқара мен биліктің арасындағы алтын көпір. Қай жерде не мәселе бар оның шешілу жолдары жөнінде жергілікті билікке халық атынан ұсыныс беруші. Олар мемлекеттік бағдарламаларды насихаттайды, аудандық комиссиялардың құрамында жұмыс істейді. Ұзын сөздің қысқасы, депутат …

“ҚАЛҒЫП-МҮЛГІП ОТЫРАТЫН ДЕПУТАТТАРДЫҢ ДӘУРЕНІ ӨТТІ” Read More »

ЖАТАҚХАНА ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН

М. Қозыбаев атындағы Сқу бакалавриат, магистратура және докторантура бағыттары бойынша білікті мамандарды даярлайды. Университетте 5600-ден астам студент білім алуда. Білім беру бағдарламасында бакалавриаттың – 85, магистратураның – 71 және PhD докторантураның 7 бағдарламасы қамтылған. Оған қоса университетте қос дипломдық бағдарлама бар. М.Қозыбаев атындағы сқу Аризона университетімен серіктестік орнатқан. Бүгінде қос дипломды бағдарлама бойынша 2-курста – …

ЖАТАҚХАНА ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН Read More »

Салық түсімі артқан

Өңірде биыл жарты жылда салық және басқа міндетті түсімдер есебінен мемлекеттік бюджетке 91,8 миллиард теңге түскен. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен бір миллиард теңгеге артық. Облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметі бойынша қаражаттың 30 миллиард теңгеге жуығы республикалық қазынаға, қалғаны жергілікті бюджетке түскен. Нәтижесінде жергілікті бюджет түсімі 10,9 пайызға артқан. Өңірде республикалық мониторингтегі екі ірі салық төлеуші …

Салық түсімі артқан Read More »

Жылыту маусымына дайынбыз ба?

Өңірде жылыту маусымы әдетте қыркүйек айында басталады. Суықтың түсуіне бірер апта ғана қалғанымен, өңір тұрғындарының тек 41 пайызы ғана қажетті көмірді түсіріп алған. Облыстың жылыту маусымына дайындығы барысы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте пысықталды. Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Данияр Қуанышбаевтың айтуынша, биыл жылыту маусымына дайындалу үшін 31 млрд. теңге, соның …

Жылыту маусымына дайынбыз ба? Read More »

Жауапты науқан

Биыл өңірде ауа райының жауынды-шашынды болуына байланысты жайқала өскен астыққа орақ кештеу түскелі отыр. Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының мамандары агро-құрылымдар егін жинауға тамыз айының үшінші онкүндігін-де жаппай кіріседі, қазір ішін-ара дестелеу жүріп жатыр, ауыл шаруашылығы техникасы мен элеваторлар жауапты науқанға толық әзір деген ақпарат берді. Иә, әр жылдың өзіндік ерекшелігі болса да, диқан …

Жауапты науқан Read More »

АЭС: ТҮБЕГЕЙЛІ ШЕШІМДІ ХАЛЫҚ ҚАБЫЛДАЙДЫ

Бүгінгі күні қоғамды жер сілкінгендей тербетіп тұрған елімізге АЭС керек пе деген толғақты мәселе күн тәртібіне өткір қойылып, өркениетті елдерге тән демократиялық дәстүрмен қызу талқылануда. Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының тапсырысы бойынша 7-8 тамыз аралығында телефон арқылы сауалнама жүргізілді. Іріктемелі жиынтық көлемі 1200 респондентті құраған сауалнамаға 17 облыстан және республикалық маңызы бар Астана, Алматы, …

АЭС: ТҮБЕГЕЙЛІ ШЕШІМДІ ХАЛЫҚ ҚАБЫЛДАЙДЫ Read More »

АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫН — АЙРЫҚША ҚОЛДАУ

Премьер-министрдің кеңесшісі Ералы Тоғжанов пен облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтің қатысуымен “Ауыл аманаты” бағдарламасын жүзеге асыру бойынша кеңес өтті. Бұл жоба ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға, тұрғындарды еңбекпен қамтуға және кәсіпкерлікті дамыту арқылы ауыл халқының табысын өсіруге арналған. Өткен жылы ауыл тұрғындарына жеке бизнесін дамыту үшін 236 жеңілдетілген несие берілді. 250 жаңа жұмыс орны құрылды. …

АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫН — АЙРЫҚША ҚОЛДАУ Read More »

Азаматтық қоғам – белсенді

Үкіметтік емес ұйымдар қоғамдағы түйінді мәселе­лер­ді көтеріп, оны шешуге атса­лысады. Осы орайда үкі­мет­тік емес ұйым мен мем­ле­кет­тік органдардың өкіл­де­рі кез­десіп, бірқатар мәсе­лелерді тал­қылады. Жиында алдымен тұрғын үй мәселесі сөз болды. Облыстағы ахуал жайлы айтылып, оны шешу жолдары қарастырылды. Айта ке­тейік, биыл дәл осындай алты кездесу өтті. – Қазіргі таңда коммуналдық қызметтердің бағасы өсіп, жарық, газ, …

Азаматтық қоғам – белсенді Read More »

Ажалдан арашалап қалды

Облыс орталығында “Жедел жәрдем” қызметкерлері зейнеткерді өлім аузынан аман алып қалды. “Жәдел жәрдем” станциясы­на 64 жастағы ер адамның ауыр халде жатқаны туралы хабар тү­седі. Зейнеткерге алғашқы меди­цина­лық көмек көрсетуге 3 ма­маннан құралған фельдшерлік бригада барған. Дәрігерлерге ер адам кеу­десі ауырып тұрғанды­ғын айт­қан. Ал ЭКГ-ны алар кез­де қан ай­налымы тоқтап қалады. Ақхалат­тылар дереу ACLs стан­дарттары бойынша …

Ажалдан арашалап қалды Read More »

Балаларға көңіл алаң

Көлік санының артуынан жол-көлік ережелерін бұзу фактілері жиіледі. Дені кәме­леттік жасқа толмағандардың қатысуымен орын алуда. Соң­ғы жеті айдың ішінде облыста осындай 55 дерек тіркелді. Сал­дарынан бір бала қаза тауып, 65-і жарақаттанды. Жол-көлік оқиғаларын және балалардың жарақаттануын алдын алу мақсатында жер­гілікті полиция қызметінің мамандары білім басқармасымен бірлесіп, кәмелеттік жасқа тол­мағандардың ата-аналарымен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Тәртіп сақшылары …

Балаларға көңіл алаң Read More »

Күдікті төртеу

Тайынша ауданы тұрғыны­ның үйіне басакөктеп кірген қа­рақшылар оның құны шамамен 640 мың теңге болатын дүниесін алып кеткен. Облыстық полиция департа­менті баспасөз қызметінің мәлі­метінше, қылмыс 9 тамызға қа­раған түні жасалған. Белгісіз адамдар 41 жастағы ауыл тұр­ғынының үйіне кіріп, оны және 12 жасар жиенін скотчпен байлап, үй­дегі бар ақшаны, екі ұялы те­лефонды және алтын бұйым­дарды қолды қылған. …

Күдікті төртеу Read More »

ЖҮРЕК СӨЗІН ЖАЗҒАН АҚЫН

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада қазақ поэзиясында өзіне тән қолтаңбасы бар қаламгер Тоқтар Зікіринді еске алу кеші өтті. Көзі қарақты оқырманға ақын әрі журналист ретінде таныс талант иесі топырақтан тысқары болса биыл 75 жасқа толар еді. “Поэзия әлемінің дарабозы” атты әдеби кешке ақынның от­ба­сы, зиялы қауым өкілдері мен жас ақындар қатысты. Шара ба­рысында ақынның …

ЖҮРЕК СӨЗІН ЖАЗҒАН АҚЫН Read More »

Толассыз жауған жаңбыр күзгі жиын-терімге кедергі келтірмесе игі

Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетовтің төрағалығымен өткен әкімдік отырысында облыстың биылғы жылдың 7 айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланды. Сонымен қатар өңір мектептерінің жаңа оқу жылына дайындығы мен күзгі орақ науқанына әзірлік мәселелері талқыланды. Биыл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі – 1, құрылыс жұмыстары 14,5, өнеркәсіптік өндіріс 3,7, инвестициялар 14,9, бөлшек сауда 2,3, тұрғын …

Толассыз жауған жаңбыр күзгі жиын-терімге кедергі келтірмесе игі Read More »

Баспанамен қамту – маңызды іс

Облыстық қоғамдық кеңесте тасқыннан зардап шеккендердің мәселесі қаралды. Қызылжар ауданында 14 елді мекен су астында қалған еді. Салдарынан 1546 үй зақымданды. Қызылжар ауданы әкімінің орынбасары Алма Нұрғалиеваның айтуынша, қазіргі уақытта 1387 үй бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр, соның ішінде 407 баспана апатты деп танылды. “980 үйді қалпына келтіру қажет, оның басым бөлігінде құрылыс жүріп жатыр. 861-ін …

Баспанамен қамту – маңызды іс Read More »

Саяжанның қадамы сәтті

Қазіргі таңда ерлер мен әйелдерге арналған мамандықтардың шекарасы жойылып, жігіттер нәзікжандардың кәсібін шебер меңгерсе, арулар да ауыр жұмыстың бел ортасында жүр. Солардың бірі – Саяжан Ералина. Өмірден ойып өз орнын тауып, кәсіби білікті маманға айналып, елімізді көркейтуге сүбелі үлес қосып жүрген жас маман құрылыс саласына кездейсоқ келмегенін айтады. Ол құрылыс саласына бала кезден қызық­қан. Айыртау …

Саяжанның қадамы сәтті Read More »

Іріктеудің соңғы кезеңі

Биыл 1 наурызда алғаш рет ел­дің барлық аймағында өңірлік кадр­лық резервке іріктеу басталған бо­ла­тын. Қазіргі таңда іріктеудің соңғы кезеңі өтіп жатыр. Мақсат – жас бас­қарушылардың аймақтық пулын қа­лыптастыру және дарынды жастар­ды өңірлерді дамытуға тар­ту. Өңір­лік іріктеуге 35 жас­тан аспаған, жо­ғары білімі және кемінде 3 жыл жұ­мыс өтілі бар аза­маттар қатысты. Өңірлік кадрлық резервке іріктеу бірнеше …

Іріктеудің соңғы кезеңі Read More »

Қоқыс беріп, тәтті алды

Петропавл тұрғындары қоқысты тәттіге, полиэтилен пакеттерді ма­та­­­дан тігілген сөмкелерге айыр­бас­тады. Бұл шара “Таза Қазақстан” жо­басы аясында ұйымдасты­рыл­ды. Басты мақсаты – қорша­ған ортаның тазалығын сақтау. Іс-шараға 100-ден астам адам қатысты. Олардың қатарында мем­ле­кеттік органдар­дың өкілдері, бюд­жет­тік сала қыз­меткерлері, жас­тар, еріктілер мен қоғам белсенді­лері бар. Олар көше­де полиэтилен пакет ұстап келе жат­қан тұрғын­дарға ма­та­дан тігілген сөмкелер мен …

Қоқыс беріп, тәтті алды Read More »

ЗАҢСЫЗ ШЕКАРА АСҚАНДАР

Соңғы жылдары шетелге барып, қара жұмыс істейтін қазақстандықтардың саны едәуір артты. Оған ол жақ­та­ғы жал­ақының көптігі басты се­беп болып тұр. Айына ең кемі 500 мың теңгеден бастап 3 млн. теңгеге дейін та­быс та­бу­ға болады екен. Сыртқы істер министрлігінің ресми мәлім­де­ме­сі­не сүйенсек, қазір қазақстандықтар арасын­да сұра­ныс­қа ие мемлекеттердің көшін Оңтүстік Корея, Ресей, АҚШ, Ұлыбритания бастап тұр. …

ЗАҢСЫЗ ШЕКАРА АСҚАНДАР Read More »