Көрісу – көктемнің басы
Кеңес билігі 1926 жылдан бастап Наурыз мейрамын тойлауға ресми түрде тыйым салса да, ел ішінде атап өтілетін. Үлкендер жағы “Ұлыстың ұлы күні келді” десіп, бір-бірімен төс қағыстырып, көрісу рәсімін жасайтын. “Ақ мол болсын, қайда жүрсең, жол болсын!” деген игі тілектер айтылып, көптен көріспеген ағайын құлын-тайдай шұрқырасып, арқа-жарқа болатын. Әбден тоң болып қатқан жер-ана бусанып, жыл …