Алдын алу маңызды
Өңір басшысы облыс орталығының көктемгі су тасқынына дайындық барысын тексеру мақсатымен су басу ықтималдығы жоғары Ойқала, Былғары зауыты шағынаудандарында, Қызылжар ауданының Тепличное, Прибрежное елді мекендерінде болып, жағдаймен танысты. “Көктемгі ағынды суларға қарсы кешенді түрде іс-әрекет ететін үйлесімді жоспар болуы тиіс. Ол бойынша қанша техника, адам күші жұмылдырылатыны айқындалып, инертті және құрылыс материалдарының жеткілікті қоры жинақталуы …