«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Саясат

Қолдау тапқан жобалар

Елді мекендердегі өзекті мәселелердің шешіліп, ондағы тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсартуда жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдарына жүктелген міндет үлкен. Аталған ұйымдар аудан-ауылдардағы оң өзгерістерге бастамашы болып, жергілікті бюджетке мониторинг жүргізеді. Осылайша шешім қабылдауда тұрғындар арасынан шыққан белсенділердің де пікірі ескеріледі. Мұның бәрі 2021 жылы қабылданған жергілікті өзін-өзі басқарудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасы аясында мүмкін болып отыр. Бұл …

Қолдау тапқан жобалар Read More »

Сайлаушылар таңдауы – Еркебұлан Мәмбетов

Орталық сайлау комиссиясы 19 наурызда өткен Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауында дауыс берудің алдын ала нәтижелерін жариялады. Өңірлерден алынған жедел деректер бойынша сайлаушылар тізіміне 12035578 адам енгізіліп, барлық сайлау учаскелеріне 6366441 ел азаматы келіп, өз таңдауын жасаған. Облыстар мен республикалық ма­ңызы бар қалалардың сайлау учаскелері берген алдын ала нә­тижелер бойынша Парламент Мә­жі­лі­сіне 6 партия өтті. Атап …

Сайлаушылар таңдауы – Еркебұлан Мәмбетов Read More »

МӘЖІЛІСКЕ АЛТЫ ПАРТИЯ ӨТПЕК

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауының алдын ала қорытындысы жарияланды. Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 54,19 пайызы бюллетень алғанын хабарлады. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Астананың аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, сайлаушылардың Абай облысы бойынша – 57,2 пайызы, Ақмола облысы бойынша – …

МӘЖІЛІСКЕ АЛТЫ ПАРТИЯ ӨТПЕК Read More »

ТАҢДАУЫМЫЗ — ТАЗА ҚАЗАҚСТАН

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында Үкімет алдына экологияны жақсарту, жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды кеңейту, қоршаған ортаны сақтау ісін дәріптеу талаптарын қойып, “Бірге – таза Қазақстан” жобасының мәнін ашып көрсетті. Парламентке Экологиялық кодекстің жаңа редакциясын талқылап, қабылдау жүктелді. Жолдауда экология, ауа тазалығы жайына ерекше көңіл бөлініп, осыған орай мейлінше ластанған 10 қаланы ортамерзімді кезеңде …

ТАҢДАУЫМЫЗ — ТАЗА ҚАЗАҚСТАН Read More »

Бақылауды күшейту қажет

Облыстық әкімдікте өңір басшысы Айдарбек Сапаровтың төрағалығымен аппараттық жиын өтті. Бірінші мәселе бойынша облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Жанар Мұсақұлованың есебі тыңдалды. Ол веб-портал деректеріне сәйкес, мемлекеттік сатып алуды жүргізуге 151,8 млрд. теңге бағытталғанын жеткізді. Оның ішінде 71,3 млрд. теңгесі ауыспалы жобаға жататындықтан, мемлекеттік сатып алуды өткізу талап етілмейді. Бүгінгі күні 93,7 млрд. теңгеге …

Бақылауды күшейту қажет Read More »

ӨҢІР МҮДДЕСІН ҚОРҒАДЫҚ

Құрметті солтүстікқазақстандықтар! 2023 жылдың қаңтар айында менің Қазақстан Республикасы Сенатының депутаты ретіндегі өкілеттігім тоқтатылды. Осыған орай мен сайлаушыларымды халық қалаулысы ретінде бес жылдан астам уақытта атқарған жұмыстарымнан хабардар етуді жөн көрдім. Парламент Сенатының мәртебесін есепке алсақ, жұмыс барысында бірінші кезекте заң шығару қызметіне, әсіресе экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік мәселелеріне басымдық берілді. Менің тікелей …

ӨҢІР МҮДДЕСІН ҚОРҒАДЫҚ Read More »

Халықаралық бақылаушыға жүктелетін міндет көп

19 наурызға белгіленген Парламент Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарын сайлау процесіне қатысатын белсенді топтың бірі – бақылаушылар. Шет мемлекеттерден және халықаралық ұйымдардан аккредиттелген бұл топ Қазақстанның әр өңірінде өз өкілеттіктері шеңберінде жұмыстар атқаруда. Олардың ішінде Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйым (ЕҚЫҰ) жанындағы Демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюроның (ДИАҚБ) бақылау миссиясының орны …

Халықаралық бақылаушыға жүктелетін міндет көп Read More »

Мал мен жанның амандығы үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында жаңа Қазақстанға анықтама бере келіп, барлық саланы түбегейлі жаңғыртуға кіріскенімізді мәлімдеді. Оның іргетасы саяси және экономикалық реформалардың үйлесімді байланысы негізінде қаланатынын, бұл елімізді дәйекті түрде ілгері дамытуды және азаматтардың тұрмыс деңгейін арттыруды қамтамасыз ететінін ерекше атап көрсетті. “Мақсатқа жету үшін мемлекеттік аппаратты жаңарту немесе кадрлық ауыс-түйіс жасау жеткіліксіз. Өзгерісті …

Мал мен жанның амандығы үшін Read More »

Бағаны өсіру – тығырықтан шығар жол емес

Өңірімізде жолдың сапасы да, жолаушыға жасалған жағдай да көңіл көншітпейді. Оны ауылдағы да, қаладағы да тұрғындардың құзырлы органдарға қарата айтылған арыз-шағымының толастамай тұрғанынан аңғаруға болады. Облыстық қоғамдық кеңестің кезекті отырысында осы мәселе қызу талқыланды. Облыста қоғамдық көліктер 123 бағыт бойынша қатынайды. Оның 8-і өңіраралық, 54-і облысішілік, 30-ы ауданішілік, 11-і қала маңындағы жақын ауылдарды қамтыса, 19-ы …

Бағаны өсіру – тығырықтан шығар жол емес Read More »

БОС ЛАУАЗЫМДАР АЗАЙДЫ

Облыстық мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы Елена Степаненко өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мемлекетік қызмет саласындағы базалық көрсеткіштер мен атқарылып жатқан реформалардың негізгі бағыттары туралы баяндап берді. Ведомство мүдделі органдармен бірлесе отырып, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейлерін арттыру бағытында кешенді жұмыстар атқарып келеді. Бүгінде өңіріміздегі мемлекеттік қызмет жүйесінде 4 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Жергілікті атқарушы …

БОС ЛАУАЗЫМДАР АЗАЙДЫ Read More »

Саяси науқанның талаптары түсіндірілді

С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада 19 наурызға тағайындалған Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары сайлауын жоғары деңгейде ұйымдастыруға және өткізуге арналған көшпелі семинар өтті. Оның жұмысына Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров, комиссия мүшесі Сабила Мұстафина, аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары мен хатшылары, аудандық және қалалық әкімдік аппараттарының басшылары, электораттық оқытудың тренерлері, саяси партиялардың …

Саяси науқанның талаптары түсіндірілді Read More »

Конституциялық соттың мәртебесі айрықша

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында елімізде Конституциялық сот институты біршама уақыт жұмыс істеген. 1991 жылы 16 желтоқсанда “Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы” Заң Конституциялық сотты Ата Заңымызды сот арқылы қорғаудың жоғары органы ретінде бекітіп, 1992 жылы 6 маусымда қабылданған “Қазақстан Республикасының Конституциялық соты туралы” және “Конституциялық сот ісін жүргізу туралы” Заңдардан кейін өз жұмысын бастаған болатын. 1995 …

Конституциялық соттың мәртебесі айрықша Read More »

Саяси бәсекеге жол ашық

Қасым-Жомарт Тоқаев президенттік қызметке кірісісімен саяси реформаларды батыл әрі жедел жүргізудің іргелі міндеттерін бірден қолға алды. “Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы” демократиялық тұрғыдан мүлде жаңа заң қабылданды, “Саяси партиялар туралы”, “Сайлау туралы”, “Парламент және оның депутаттарының мәртебесі туралы” заңдарға өзгерістер енгізілді. Жергілікті билік өкілдерінің сайланбалы болуымен қатар, мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы құзыреттерді бөлу …

Саяси бәсекеге жол ашық Read More »

ТЫҢ ИДЕЯЛАРДЫҢ ҚАЙНАР КӨЗІ

Ұлтты ұлт етіп, әлемдік деңгейге көтеретін бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу – қоғам алдындағы бас­ты мақсаттардың бірі. Бала то­лық­қанды білімге ие болып, көзқарасы қалыптасқан, қазіргі күрделі жағдай­да өз бағытын бағдарлай алатын жеке тұлға болып қалыптасып, қо­ғамнан өз орнын таба білсе, ұстаз еңбегінің ақталғаны. Мемлекет бас­шысы Қасым-Жомарт Тоқаев “Әді­летті мемлекет. Біртұтас ұлт. Бе­рекелі қоғам” Жолдауында: “Орта білімнің …

ТЫҢ ИДЕЯЛАРДЫҢ ҚАЙНАР КӨЗІ Read More »

ҮШ ӘКІМ САЙЛАНДЫ

Қызылжар ауданы бойынша 19 ауылдық округтің үшеуінде әкімдер баламалы жолмен сайланды. Рассвет ауылдық огругінде 1400-ден астам адам тұрады. Тізімдегі сайлаушылардың 95 пайызы мектепте орналасқан сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасады. №305 сайлау учаскесінің төрағасы Дмитрий Гончариктің айтуынша, әкімдік лауазымға 3 үміткер ұсынылған. Бәрі де – “Amanat” партиясының мүшелері, екеуі – өзін-өзі ұсынғандар. Бұған дейін осы …

ҮШ ӘКІМ САЙЛАНДЫ Read More »

Икемді графиктің артықшылығы көп

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің басшылығы мамандардың әртүрлі қызметтік тапсырмаларды ұтымды орындауы үшін икемді жұмыс кестесін, қашықтан жұмыс істеу, тиімді жағдайларды кеңінен пайдалану тәжірибесін одан әрі жетілдіре түсуді ұсынып отыр. Республикалық ведомствоға қарасты департамент жүргізетін белсенді іс-қимыл жоспары алға қойылған міндеттерді орындаумен қатар мемлекет пен азаматтардың өзара жедел әрекет етуін де қамтамасыз етеді. Икемді жұмыс кестесі …

Икемді графиктің артықшылығы көп Read More »

АЛЫС-БЕРІС АРТА ТҮСПЕК

Литва Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Гинтаутас Васюлис Қызылжар өңіріне жұмыс сапарымен келіп, бірқатар әлеуметтік-мәдени және өндірістік нысандарды аралады. Мәртебелі мейман 2004-2006 жылдарға арналған “Мәдени мұра” бағдарламасы аясында қалпына келтіріліп, 2008 жылы ашылған тарихи маңызы зор “Абылай хан резиденциясы” мұражай-кешенінде болып, қоладан құйылған “Ат үстіндегі Абылай хан” ескерткішін, залдардағы құнды жәдігерлерді тамашалады. Бұдан кейін …

АЛЫС-БЕРІС АРТА ТҮСПЕК Read More »

МЕМЛЕКЕТ МҮДДЕСІ БӘРІНЕН БИІК

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев соңғы Президент сайлауы қарсаңында сөйлеген сөзінде ұлтты ұйыстыратын жеті қағиданың бірі мемлекет мүддесі – қастерлі құндылық екенін атап көрсетіп, ауылдан Ақордаға дейінгі шешімнің бәрі осы тұрғыдан қабылдануы, әр істе мемлекеттік ұстаным болуы қажеттігін қадап айтты. Президент ұсынған жаңарту бағ­дарламасының түп қазығы саяси ре­формаларды жаңашылдықпен әрі дәйектілікпен жүзеге асыра отырып, әділетті мемлекет, …

МЕМЛЕКЕТ МҮДДЕСІ БӘРІНЕН БИІК Read More »

Сайланған әкім үмітті ақтай ма?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында ауыл әкімдерінің сайлау арқылы қызметке келуіне қатысты сұраныстың артқанын айта келіп, бұл маңызды қадамды жан-жақты ойластырып, дәйекті түрде жүзеге асыруды тапсырған болатын. “Келесі жылы бірқатар ауылдық округ әкімдерінің өкілеттік мерзімі аяқталады. Ауыл әкімдерінің тікелей сайлауын өткізуге болады деп ойлаймын”, – деген ұсынысынан кейін 2021 жылы 25 шілдеде …

Сайланған әкім үмітті ақтай ма? Read More »

Басты бағдар – әлеуметтік әділеттілік

Облыстық кәсіподақтар орталығы жанындағы үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Жиында Астанада өткен Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы ұйымдастырған форум жайлы айтылды. Бұл халықаралық деңгейдегі шара “Жаңа қоғамдық келісім: әділетті еңбек қатынастары” атты тақырыпта өтті. Отырыста сөз алған облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы Ерік Нұрақаев аталмыш форумның маңыздылығын атап өтіп, жергілікті салалық кәсіптік одақтардың алдағы жоспарын ортаға салды. …

Басты бағдар – әлеуметтік әділеттілік Read More »