«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Саясат

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент Мәжілісі және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы мәлімдемесі

Құрметті отандастар! Мен Конституцияға сәйкес, Парламент палаталарының төрағаларымен, Премьер-Министрмен кеңесіп, Мәжілісті тарату және мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Жарлықтарға қол қойдым. Депутаттарға белсенді әрі жемісті жұмысы үшін алғыс айтамын. Мәжіліс пен мәслихат депутаттары еліміздегі ауқымды реформаларды іске асыруға барынша атсалысты. Олар сайлаушылармен жиі кездесу өткізді. Шалғайдағы елді мекендерге барды. Сондай-ақ жұртты толғандырған өзекті мәселелерді …

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент Мәжілісі және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы мәлімдемесі Read More »

ТҮБЕГЕЙЛІ ӨЗГЕРІСТЕР ЖАСАЛДЫ

Былтыр 1 наурызда еліміздің бас партиясының атауы “Amanat” деп өзгертілді. Ребрендинг тек маң­дайшадағы жазуды ауыстыру ғана емес, сонымен қатар партия­ның жұмыс моделін, оның құрылы­мын түбегейлі қайта құру жолында­ғы маңызды қадам болып есепте­леді. Форумда сөйлеген сөзінде Прези­дент Қасым-Жомарт Тоқаев партия­ның келешегі туралы айта келіп, Жаңа Қазақстанды құру жөніндегі ауқымды міндеттерді ойдағыдай орындау үшін алдағы мақсат-міндет­терді айқындап …

ТҮБЕГЕЙЛІ ӨЗГЕРІСТЕР ЖАСАЛДЫ Read More »

КЕЗЕКТЕН ТЫС СЕССИЯ

Жетінші шақырылған облыстық мәслихаттың кезектен тыс жиырма төртінші сессиясының қарауына облыстық мәслихат депутаттарын сайлауда бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша аудандық сайлау комиссияларының мүшелерін бекіту және облыстық сайлау комиссиясының құрамын толықтыру, сондай-ақ жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамадағы өзгерістерге байланысты мәслихат шешімдеріне бірқатар өзгерістер енгізу туралы мәселелер ұсынылды. Облыстық ардагерлер кеңесі мен облыстық …

КЕЗЕКТЕН ТЫС СЕССИЯ Read More »

ӨЗГЕНІҢ КӨЛЕҢКЕСІНДЕ ЖҮРГІМ КЕЛМЕЙДІ

деген депутаттың жүрекжарды бүкпесіз лебізінен халық сенімі­нен шығу – ең басты абыройлы міндет екенін пайымдауға бо­лады. Алдымен Жамбыл аудандық мәслихатының депутаты, “AMANAT” партиясы фракциялық тобының жетекшісі Әлия Нұр­мағамбетованің редакцияға жолдаған хатына назар аударайық: “Сенім артып, депутат етіп сайлағаннан кейін халық үмітін ақ­тауды басты парызым деп есептеймін. Негізгі жұмысыма қоса сай­лаушылар жүктеген аманатты адал атқаруға барынша …

ӨЗГЕНІҢ КӨЛЕҢКЕСІНДЕ ЖҮРГІМ КЕЛМЕЙДІ Read More »

Гүлмира Кәрімова — Сенат депутаты

14 қаңтар күні елімізде Парламент Сенатының депутаттары сайланды. Петропавлдағы Н.Погодин атындағы орыс драма театрында таңдаушылардың бірлескен отырысы өтіп, Солтүстік Қазақстан облысының атынан жоғары палатаға кім баратыны анықталды. Саяси шараны облыстық мәслихаттың хатшысы Владимир Бубенко ашып, сөзді облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Асқар Сақыпкереевке берді. Асқар Жоламанұлы Қазақстан Республикасы Конституциясының 50-ші және 51-ші баптарына сәйкес, Парламент Сенатының …

Гүлмира Кәрімова — Сенат депутаты Read More »

Демократиялық дәстүрлерге сай

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауында айтылған түбегейлі саяси жаңғыртулар Конституцияға енгізілген түзетулер мен толықтыруларға жалғасып, маңызды демократиялық басымдықтарды айқындап берді. Бұл билік институттарын өзгеше формада қалыптастыруға, қоғамды саяси жағынан толығымен трансформациялауға жол ашары сөзсіз. Мәжіліс пен мәслихат депутатттарының соңғы сайлауы саяси бәсекелестіктің күшеюіне айтарлықтай ықпал етіп, көппартиялылықты дамытуға және елдегі парламентаризмді нығайтуға зор серпін …

Демократиялық дәстүрлерге сай Read More »

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ШАҒЫМЫ

“AMANAT” партиясы облыстық филиалы жанындағы “Жер аманаты” комиссиясы мен қоғамдық қабылдауға жүгінген бір топ солтүстікқазақстандық шешімін таппай келе жатқан мәселелерін жеткізді. Мағжан Жұмабаев ауданындағы Полудино ауылында шабындық жерлер жетіспейді. Анатолий Бишельдің сөзіне қарағанда, тауарлы-сүт фермасы салынғалы мал жаятын және жемшөп дайындайтын жерлер тарылып кеткен. Жаңа кәсіпорынның иесі барлық жердің шөбін өзі ғана шауып алатын болған. …

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ШАҒЫМЫ Read More »

Екі үміткер де – әйел

Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Асқар Сақыпкереевтің қатысуымен өңірлік коммуникациялар қызметінде бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған баспасөз мәслихаты өтіп, Парламент Сенаты депутаттарын сайлау күніне дайындық мәселесі сөз болды. Асқар Жоламанұлының айтуынша, Солтүстік Қазақстан облысынан Сенат депутаттығына 5 үміткер ұсынылған. Барлығы да Конституция мен сайлау туралы конституциялық заңның талабына сай тексерістен өтіп, 3 үміткер тіркелген. Екі кандидаттың …

Екі үміткер де – әйел Read More »

Баланың қауіпсіздігі — бәрінен маңызды

“AMANAT” партиясы облыстық филиалы жанындағы отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өңірлік кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиында балалардың қауіпсіздігі мәселесі талқыланды. Отырыста екі негізгі мәселе қаралды. Кеңес мүшелері алғашқы сауал – оқу орындарында, интернаттар мен мектепке дейінгі мекемелерде орнатылған бейнебақылау камераларын жедел басқару орталығына қосу және білім ошақтарының аулаларында дәретханалардың болуы мәселесіне қатысты ойларын …

Баланың қауіпсіздігі — бәрінен маңызды Read More »

АСЫЛ МҰРАТ

Жуырда “Amanat” партиясының 2025 жылға дейінгі “Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!” сайлауалды бағдарламасының ал­ғашқы қорытындылары жария етіл­ді. Оның аясында белгіленген 362 іс-шараның 130-ы жүзеге асырылып, 228-і орындалу үстінде екені белгілі болды. Жол картасы азаматтардың әлеуметтік мәселелерін шешу, эко­номиканың тұрақтылығын қамтама­сыз ету, өзара бәсекелестікті артты­ру, өнім сапасын жақсарту, мем­ле­кеттік басқару жүйесін дамыту сияқ­ты бағыттарды қамтиды. …

АСЫЛ МҰРАТ Read More »

Ветеринария адамзатты емдейді

Президент Қасым-Жомарт То­қаев 2021 жылы қыркүйек айында Қа­зақстан халқына арнаған “Халық бір­лігі және жүйелі реформалар – ел өр­кендеуінің берік негізі” атты Жол­дауында ветеринария саласын же­тіл­діру, соған орай орталық пен өңір­лер арасындағы міндеттер мен құ­зыреттерді бөлу, сондай-ақ үдеріс­терді цифрландыру, мәлімет жинау, оны автоматтандыру, маман даяр­лау және олардың жалақысын кө­бейту талаптарын қойды. Жыл со­ңына дейін Үкіметке ветеринария …

Ветеринария адамзатты емдейді Read More »

АУЫЛ — БЕРЕКЕНІҢ ОРДАСЫ Өңір басшысы барлық ауданды аралап шықты

Облыс әкімі Айдарбек Сапаров 8 күнде өңірдің бүкіл аудандарын аралап шықты. Өңір басшысының сапары Айыртау және Ғабит Мүсірепов атындағы аудандарда аяқталды. Сапар барысында тұрғындармен кездесулер өткізіп, азаматтарды жеке қабылдады. Ауылдықтар негізінен білім беру, денсаулық сақтау, жол, ауызсу мәселелерін көтерді. Облыс әкімі бұған дейін Тайынша ауданында болып, мұндағы елді мекендердің жағдайын көрді. Ауданның инфрақұрылымы дамыған, ауқымды …

АУЫЛ — БЕРЕКЕНІҢ ОРДАСЫ Өңір басшысы барлық ауданды аралап шықты Read More »

БЕЛСЕНДІЛІК АРТПАЙ, ЖҰМЫС ЖАНДАНБАЙДЫ

Үстіміздегі жылы Мемлекет басшысының тапсырмасымен қоғамдық кеңестердің құрамы, жұмыс жоспары түбегейлі жаңартылған еді. Осыған сәйкес ақпан айынан бастап жаңа құраммен іске кіріскен облыстық қоғамдық кеңес жыл аяғында атқарған жұмысын қорытындылады. Әуелі облыстық білім басқармасы 2023 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекітуді ұсынды. Облыстық білім басқармасы басшысының …

БЕЛСЕНДІЛІК АРТПАЙ, ЖҰМЫС ЖАНДАНБАЙДЫ Read More »

Ауылдағы ағайынға жағдай жасалса, қалаға қоныс аударушылар азаяр еді

Облыс әкімі Айдарбек Сапаровтың аудандарға сапары жалғасуда. Бұл жолы өңір жетекшісі Тимирязев және Шал ақын аудандарында болып, тұрғындардың көкейінде жүрген сауалдарына жауап берді. Бұл аудандарда халық саны азайып келеді. Егер мәселе шешімін таппаса, бұл екі аудан болашақта біріктірілуі мүмкін. Сондықтан Айдарбек Сапаров аудан басшыларын, жергілікті кәсіпкерлерді ауылдағы ағайынның жағдайын жақсарту жолында күш біріктіруге шақырды. Облыс …

Ауылдағы ағайынға жағдай жасалса, қалаға қоныс аударушылар азаяр еді Read More »

Партия филиалына төраға сайланды

С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада “AMANAT” партиясы өңірлік филиалының кезектен тыс XXXIV конференциясы өтті. Онда бір жыл бойы атқарылған жұмыс қорытындыланып, партия филиалының төрағасы сайланды. Аталған шараға “AMANAT” партиясының хатшысы Жігер Қалиев, саяси кеңес мүшелері, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары, бастауыш партия ұйымдары мен “Жастар рухы” жастар қанатының өкілдері қатысты. Жыл басынан бері партияның облыстық және …

Партия филиалына төраға сайланды Read More »

ҮКІМЕТТІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

Астанада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті. “Бүгін еліміздің биылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне тоқталамыз. Алда тұрған басты міндеттерді айқындаймыз. Қордаланған мәселелер аз емес. 11 айда экономиканың өсімі 4,6 пайыздан 2,7 пайызға дейін төмендеді. Инфляция соңғы 14 жылда болмаған деңгейге жетті. Қазір бұл көрсеткіш – 19,6 пайыз. Мұндай ахуал жұрттың табысына және әл-ауқатына кері …

ҮКІМЕТТІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ Read More »

ӨҢІР БАСШЫСЫН ҚАБЫЛДАДЫ

Сол­түстік Қазақстан облысының әкімі Айдарбек Сапаров Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болды. Ол өңірді дамыту жоспары мен берілген тап­сырмалардың орындалуы жөнінде мәлімет берді. Президент Солтүстік Қазақстан облысының жаңадан тағайындалған әкіміне өңірлерді дамыту және тұр­ғын­дардың әл-ауқатын арттыру жө­нінде бірқатар нақты тапсырма бер­ді. Сондай-ақ ауыл шаруашылығына жан-жақты қолдау көрсету арқылы ауылдардың өркендеуін қамтама­сыз етуді, инфрақұрылымдарды жаң­ғыртып, көлік-логистикалық …

ӨҢІР БАСШЫСЫН ҚАБЫЛДАДЫ Read More »