«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӨМІРДІ СҮЙСЕҢ, МАРЛАНША СҮЙ!..

Гүлгүл ҚУАТҚЫЗЫ, “Солтүстік Қазақстан”. Марланның массаж жасауды кәсіп еткенін бұрыннан білуші едім. Мені қызықтырғаны зағип адамның өз кәсібін тауып, жұрт қатарлы еңбектеніп қана қоймай, жұртшылықтың ризашылығына бөленіп жүрген беделі еді. “Жігерлі жігіт шығар” деймін өзіме әлі бейтаныс адаммен сұхбаттасуға бара жатып. Ал Марлан Сарымсақовпен жүздескеннен кейін менің санамда өмір туралы, денсаулықтың қадірі мен еңбектің нәсібі …

ӨМІРДІ СҮЙСЕҢ, МАРЛАНША СҮЙ!.. Read More »

БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР

Оқу орындарында Интернет желісін пайдалануға оқушылардың 58,2 пайызының мүмкіндігі бар. 2012-2013 оқу жылында 632 оқу орнының 629-ында компьютерлер бар және 605-і Интернетке қосылған. Облыс бойынша 1 компьютерге 4,2 оқушыдан келеді (Қазақстан Республикасы бойынша – 5,9 оқушы), 2011 жылы бұл көрсеткіш 5,7-ні құрады.Кең жолақты Интернетке қосылған оқу орындарының саны өсті. 2012 жылы олардың саны 54-ке өсіп, …

БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР Read More »

БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫ АТҚАРҒАН ҚЫЗМЕТТЕР

Білім беру саласында қызметтердің негізгі көлемін (93,6%-ын) мемлекеттік мекемелер көрсетеді.  2013 жылдың бірінші тоқсанында білім беру саласындағы қызметтерді 811 ұйым көрсетті. Облыстың білім беру ұйымдарының негізгі қызмет түрі бойынша орындаған қызметтерінің көлемі 9168,4 млн. теңгені құрады. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, білім беру қызметтерінің көлемі 4,8%-ға азайды.

ҰШҚАН ҰЯМЫЗҒА РИЗАМЫЗ

Фариза БУРАСОВА,М. Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледждің оқушысы,Надира БУРАСОВА,М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің студенті. Тәуелсіз қазақ елінің бүгінгі құдіреті, болашағының кепілі – кемел білім берер мектебінде десек, Уәлиханов ауданындағы өзіміз білім алған Жамбыл орта мектебі дәл сондай құтты білім ошағының бірі.Бұл – 73 жылдық тарихы бар, озат деңгейдегі мектептер қатарындағы білім ошағы. Мектебіміз биік …

ҰШҚАН ҰЯМЫЗҒА РИЗАМЫЗ Read More »

БІЛІКТІЛІК – БІЛІМ САПАСЫНЫҢ КЕПІЛІ

Ләйла ЖАНЫСОВА, “Солтүстік Қазақстан”.   Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес елімізде педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру жүйесін түбегейлі жаңғырту қолға алынды. Әсіресе, соңғы екі жылда біліктілікті арттыру тұжырымдамалық өзгерістерге ұшырап, ол осызаманғы кембридждік жүйесі элементтерімен толықты. Педагогтердің біліктілігін арттыру жүйесінің қолданыста болған тұрпаты қайта жаңғыртылып, ол үшін біліктілікті арттырудың базалық кешені құрылды. Барлық әдістемелік жұмыс ұстаздардың …

БІЛІКТІЛІК – БІЛІМ САПАСЫНЫҢ КЕПІЛІ Read More »

БИЫЛҒЫ ҰБТ БҰРЫНҒЫДАН ӨЗГЕРЕК

Қазақстандық мектеп түлектері Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсырып болды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша басталып, биылғы жылы оныншы мәрте өткізілген бұл сынақ түріне 95,5 мың түлек қатысты. Республика бойынша орташа балл – 74,5. 7 түлек ең жоғары – 125 ұпай алды. 

Мамыр айындағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы

Мамырда біздің облыста күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы орташа бір адамға шаққанда 15 658 теңгені құрады. Оның құрылымында азық-түліктің құны 9 395 теңге болса, азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтердің бағасы 6 263 теңге болды. Күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы халықтың әлеуметтік-демографиялық топтары бойынша есептегенде төмендегідей болды: 0-13 жасқа дейінгі балалар – 12 414 теңге, …

Мамыр айындағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы Read More »

Өмірдің орташа ұзақтығы

Соңғы он жылда Солтүстік Қазақстан облысында өмір сүрудің орташа күтілетін ұзақтығы 2,7 жасқа немесе 64,84 жастан 67,55 жасқа дейін өсті.ҚР Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша 2012 жылы Солтүстік Қазақстан облысында өмірдің орташа күтілетін ұзақтығы 67,55 жасты құрады, ол республикалық көрсеткіштен 3%-ға төмен. Қазақстанның тоғыз өңірінің ішінде біздің облыста өмірдің күтілетін ұзақтығы (ӨКҰ) республикалық деңгейден 2,06 жылға …

Өмірдің орташа ұзақтығы Read More »

2015 ЖЫЛЫ ЖАҢА ЕСКЕРТКІШ ОРНАТЫЛАДЫ

Газетіміздің үстіміздегі жылғы 9 мамыр күнгі санында “Осындай ескерткіш бола ма екен?” деген атпен (авторы – Қошан Қали) сын материал жарияланған болатын. Осы мақала бойынша Жамбыл ауданының әкімі С.Әшімовтен мынадай жауап келді:“Облыстық “Солтүстік Қазақстан” газетінде 2013 жылдың 9 мамырында жарияланған “Осындай ескерткіш бола ма екен?” атты мақала аудандық ардагерлер кеңесінің отырысында Майбалық ауылдық округінің әкімі …

2015 ЖЫЛЫ ЖАҢА ЕСКЕРТКІШ ОРНАТЫЛАДЫ Read More »

АТ ҚОЮДА ДА айды аспаннан шығарудамыз

Өткен жылы жеңгем босанып, ағам қызының атын маған қойдыртты. Бір шарты бар. Қоятын есімім “А” әрпінен басталмауы керек және құрамында “гүл, нұр” деген сөздер болмағаны жөн. Аталмыш талапты ескере отырып, Інжу деп қоймақ болдым. Өтпей қалды. Бақсам, республикалық телеарналардың бірінде көрсетілген “Астана – махаббатым менің” атты телесериалдағы басты рөлдегі кейіпкердің аты Інжу көрінеді. Әйтеуір, бір …

АТ ҚОЮДА ДА айды аспаннан шығарудамыз Read More »

СЕГІЗ ҚЫРЛЫ, БІР СЫРЛЫ СӘБИТ АҒА

Қанат АТАМАНОВ, “Солтүстік Қазақстан”. Сәбит Жүкенов 1970 жылы Шал ақын ауданының Жаңаталап ауылында көпбалалы отбасында дүниеге келген. Бала жасынан қазақтың әдет-ғұрпын, салт-жораларын санасына сіңіріп өскен ол ұлттық нақышты ұлықтауды өмірлік парызым деп есептейді. Себебі, осы күнге дейін бірнеше мамандыққа қызыққанымен, нәтижесінде қолөнерді таңдаған. “Отбасымда 8 бала болғанымен, әкем мен атамның ісін жалғастырушы – жалғыз менмін. …

СЕГІЗ ҚЫРЛЫ, БІР СЫРЛЫ СӘБИТ АҒА Read More »

СОЛ ҮЙДІҢ КЕЛЕШЕГІ НЕ БОЛАДЫ?

Қойшыбай ШӘНИЕВ,Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. “Бесобада” биік үй құлап жатырЕстиміз қылмыстық іс құрап жатыр.Петропавлда бір үйде жағдай қиынТұрғындар шұғыл көмек сұрап жатыр.

“ҚОЙ ДА ТҮГЕЛ, ҚАСҚЫР – ТОҚ”

Қойшыбай ШӘНИЕВ,Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. ҰБТ-ның алдында ұстазы,Мәселені жатыр пысықтап.Нақтылап айтсақ шәкіртін,Тәрбиелеп “ұшықтап”.

БІРТҮЙЕР

Сабыржан ШҮКІРҰЛЫ. * Жамандықты кешір дегеннің өзі – жамандық. Бұл – жамандық жасала берсін, сен қорлана бер дегенмен бір.* Қазіргі надан – оқымаған надан емес, сауатты надан.* Шын мақтау мен шын сынау – әділдік тұрғысынан тең.* Міншілдік – ұсақтық, сыншылдық – кісілік.* Іші тарға сенің жетістігің жаман әсер етеді. Ал сен оны өзіне-өзін жазалаттырдым деп …

БІРТҮЙЕР Read More »

Кім озар екен, ә?.. немесе бүгінгі Асан мен Үсен

Байқал БАЙӘДІЛОВ, журналист. Асан айдын көлдің жағасынан суырған ақ борықтай аққұба келген, жасына жетпей білінер-білінбес қозықарын байлаған ұзын бойлы бозбала. Үстінде – ине-жіптен жаңа шыққан “ARMANI” фирмасының костюмі. “Diba” фирмалы көйлегінің сыртынан “Kenzo” фирмасының әдемі галстугын тағыпты. Орта мектепті жаңа ғана аяқтап жатса да, қимыл-қозғалысында, жүріс-тұрысында ерекше бір маңғаздық, сырт көзге ілінер-ілінбес өркөкіректіктің салқын лебі …

Кім озар екен, ә?.. немесе бүгінгі Асан мен Үсен Read More »

ҚЫЗҒАНЫШ ҚАСІРЕТІ (Болған оқиға ізімен)

Қырғыз МҰСАБАЕВ, еңбек ардагері. Қотанның қақ ортасындағы бұл мектеп көрген көзді сүйсіндірмей қоймайды: оны Түменнің қарағайларынан қиып салған жергілікті ағаш шеберлері еңселі ғимаратты мін-мүлтіксіз тұрғыза білген! Су алмайтын дөңестеу жерге қоныс тепкен мектеп алыстан мен мұндалап тұрады. Бөренелерінің құлақтары аппақ болып әктелген ғимарат мәңгілік мекенді елестетуші еді.

ЗАЛАЛ – 3,7 млрд. ТЕҢГЕ

Қаржы полициясы ақшаны қолма-қол ақшаға заңсыз айналдырушылардың тобын әшкереледі. Облыстық Қаржы полициясы департаментінің қызметкерлері 2007-2013 жылдар аралығында Петропавл қаласында 10-нан астам жалған кәсіпорын құрып, коммерциялық ұйымдарға салық төлеуден жалтару және ақша қаражаттарын қолма-қол ақшаға айналдыру бойынша қызмет көрсетіп келген тұлғалар тобын анықтады. Бұл жалған кәсіпорындардың қызметінен төленбеген салық түріндегі келтірілген залалдың алдын ала сомасы 3,7 …

ЗАЛАЛ – 3,7 млрд. ТЕҢГЕ Read More »

ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ ТАЗАЛЫҚТЫ ҚАДАҒАЛАЙДЫ

Петропавл қаласының Ішкі істер басқармасының қызметкерлері “құқық бұзушылыққа нөлдік шыдамдылық” және қаланы абаттандыру бойынша шараны өткізуді жалғастыруда. Полицейлер күнделікті өмірде көшелерді ластау бойынша құқық бұзушылықты анықтап қана қоймай, аумақты қалай тазарту керектігі жөнінде өздері де үлгі бола алады. Апта сайын әр бейсенбі күні қалалық полицияның жеке құрамы Ішкі істер басқармасының әкімшілік ғимараты маңын және әкімдік …

ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ ТАЗАЛЫҚТЫ ҚАДАҒАЛАЙДЫ Read More »

БОЗ КІЛЕМДЕ – МЫҚТЫЛАР

Қазақ күресінен ел чемпионатының жалауы Петропавл қаласында желбіреп, 14 облыстан және Алматы, Астана қалаларынан жиналған 165 балуан екі күн бойы боз кілем үстінде күш сынасты. Ең мықтылар күзге таман Германияда өтетін әлемдік қазақ күресі біріншілігіне жолдама алды. Өмір ШАЛАБАЙҰЛЫ, “Солтүстік Қазақстан”. Жарыстың ашылу салтанатында облыс әкімінің орынбасары Владимир Балахонцев сөз сөйлеп, өңір басшысы Самат Ескендіровтің …

БОЗ КІЛЕМДЕ – МЫҚТЫЛАР Read More »

МАҒЖАН СЕНГЕН ЖАСТАР мұғалімдер сенімін ақтады

Облыста барлығы 113 “Алтын белгіге” үміткерлер болса, солардың екеуі – Петропавлдағы Мағжан Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледж жанындағы жалпы білім беретін мектеп-лицейдің түлектері. Олардан басқа аталмыш білім ошағын тағы үш оқушы “Үздік аттестатпен” тамамдап отыр.   Ләйла ЖАНЫСОВА, “Солтүстік Қазақстан”. Ұлы бабамыздың атындағы жалпы білім беретін мектеп-лицейдің оқушылары мәртебесі өздерімен сәйкес келетін қазақтілді білім ұйымдарының арасында …

МАҒЖАН СЕНГЕН ЖАСТАР мұғалімдер сенімін ақтады Read More »