МОНОҚАЛАЛАР – АЙРЫҚША НАЗАРДА

№ 59 (21276) Сейсенбі, 22 мамыр 2012 жыл

Арайлым СМАҒҰЛОВА,
“Солтүстік Қазақстан”.

Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен селекторлық отырыс өтіп, онда моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасының жобасы қабылданды.
Аталған құжатты Министрлер кабинетінің отырысында таныстырған экономикалық даму және сауда министрі Бақытжан Сағынтаев бағдарлама жобасы облыс әкімдерінің орынбасарлары және моноқалалар әкімдерінің қатысуымен Теміртау қаласында өткен семинар-кеңесте талқыланып, барлық мүдделі мемлекеттік органдармен келісілгендігін жеткізді.

Толығырақ...

АҒАШ-ЖОҢҚАЛЫҚ ТАҚТА ЗАУЫТЫ Бәйтерек ауылында салынады

  № 59 (21276) Сейсенбі, 22 мамыр 2012 жыл

Нұрсайын ШӘРІП, “Солтүстік Қазақстан”.

Кеше өңір басшысы Серік Біләлов “Ағаш-жоңқалық тақта өндіру жөніндегі зауыт” инвестициялық жобасының тұсаукесерін өткізді. Қызылжар өңірі үшін аса маңызды мәселеге “АБД Сервис” ЖШС директоры, инвестициялық жобаны ұйымдастырушы Мұрат Қамалбаев, “Солтүстік” ӘКК, табиғи қорлар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының, ведомстволар мен ұйымдардың басшылары қатысты. 

Толығырақ...

ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДАЙ ТҮСТІ

№ 59 (21276) Сейсенбі, 22 мамыр 2012 жыл

Тоқтар ЗІКІРИН, “Солтүстік Қазақстан”.

Биылғы көктемгі егіс жұмыстары зор ұйымшылдықпен өткізілуде. Тұқым себуді жылдағыдан бірер күнге бұрын бастаған облыс диқандары бүгінде егіс алқаптарының бестен бір бөлігіне ырыс дәнін сеуіп үлгерді. 
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының кешегі күнге дейінгі жедел деректері бойынша, жоспарланған 3834,9 мың гектардың 832,3 мың гектарына дәнді дақылдар тұқымы сіңірілді. Егіс алқаптарының үштен біріне жақын дән сеуіп үлгерген Аққайың, Айыртау, Мағжан Жұмабаев және Қызылжар аудандарының егіншілері ширақ қимыл танытуда. Әзірге 12,7 және 11,0 пайыздан ғана егіс жұмысын атқарған Тимирязев пен Ғ.Мүсірепов атындағы аудандардан басқаларының үзеңгі қағыстары қатар келеді.
Соңғы жылдары айрықша көңіл бөлініп отырған майлы дақылдар тұқымын себу өте жоғары қарқында атқарылуда. Бүгінде жоспарланған 328,0 мың гектар алқаптың 211,1 мың гектарына ырыс дәні сіңірілді. Ақжар ауданы өзіне жүктелген тапсырманы қазірдің өзінде төрт есе асыра орындаса, Айыртау мен Аққайың аудандары жоспарлы межеден көрініп отыр. Сол сияқты Қызылжар, Тайынша және Есіл аудандарының диқандары да бұл жұмысқа ерекше серпін беруде.
Кешегі күнге дейін облыста картоптың 83,0 пайызы, көкөністердің 72,7 пайызы отырғызылды. Сонымен бірге 13,4 мың гектар біржылдық, 28,9 мың гектар көпжылдық екпе шөптер себілді, ал сүрлемдік жүгері себуді әзірге Қызылжар және Тайынша аудандары ғана қолға алды.

БЕС АУДАНДАҒЫ БЕРЕКЕЛІ ІСТЕР

№ 59 (21276) Сейсенбі, 22 мамыр 2012 жыл

Жандос НАУРЫЗБАЕВ,
Жеңіс ЕРМҰҚАНОВ,
журналистер.

Облыс әкімі Серік Біләлов өңіріміздің оңтүстігінде орналасқан бес ауданды аралап, көктемгі егіс барысымен және диқандардың хал-ахуалымен танысты.

Толығырақ...

Страница 1 из 7