«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Маңызды

Әділет – мемлекеттік саясаттың өзегі

Әділетті әлеуметтік саясат  жүргізсек қана    Мемлекет басшысы діттеген меже – «Жаңа Қазақстанды» құра аламыз.  Әділет – мемлекеттік саясаттың өзегі. Елде даму, халықта сенім болуы үшін қоғамның барлық саласы осы қастерлі қағидаға табан тірегені жөн. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» Жолдауын  жүзеге асыра отыра, біз дамыған елдермен терезесі тең мемлекетті қалыптастырамыз.   Осыған өзінің зор …

Әділет – мемлекеттік саясаттың өзегі Read More »

САПА БАҚЫЛАУДА

Биыл  Жол активтері сапасы ұлттық орталығы облыстық филиалы жергілікті атқарушы мемлекеттік органдармен жөндеу объектілеріндегі жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізу жөнінде шарт жасасты. Жөндеу жұмыстары қызған кезде  филиал қызметкерлері республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп ұстау сапасына, сондай-ақ жөнделген жолдар мен материалдарға сараптама жүргізу үшін  149 инспекциялық тексеру  жүргізді.  Оның нәтижесі бойынша 21 ереже бұзушылық …

САПА БАҚЫЛАУДА Read More »

БАЛУАНДЫҚ – ҚАНДА БАР ҚАСИЕТ

Қызылжар өңірі – талантты спортшыларға бай өлке. Әсіресе жауырыны жер иіскемеген балуандар көп. Белдесу өнерінің бірнеше түрін меңгергендер де бар. Дзюдо, самбо, қазақ күресі және белбеу күресінен республикалық, халықаралық жарыстарға қатысып, жеңіс тұғырынан көрініп жүрген Дәурен Нұрғожинді өңірімізде танымайтындар кемде-кем. Соңғы жылдары бапкерлікке ауысып, төрешілердің арасынан табылып жүр. Бірақ бозкілемнен кеткен жоқ, ардагерлер арасындағы жарыстарға …

БАЛУАНДЫҚ – ҚАНДА БАР ҚАСИЕТ Read More »

ЖҮРГЕНОВ САЛҒАН САРА ЖОЛ

Қызылжарда драма театрлардың республикалық фестивалі өтеді Үстіміздегі  жылдың 9-15 қазан аралығында облыс орталығында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтің 125 жылдығын мерекелеу аясында Қазақстан драма театрларының ХХІХ республикалық фестивалі өтеді.  Ауқымды рухани шараның өз деңгейінде ұйымдастырылуына   Мәдениет және ақпарат министрлігі мен облыстық әкімдік ұйытқы болмақ. Бұл жайында Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада өткен …

ЖҮРГЕНОВ САЛҒАН САРА ЖОЛ Read More »

ЖОЛАУШЫҒА ЖАЙЛЫ ВАГОНДАР

Бұған дейін жүк вагондары мен тұғыр жасауға маманданған  «ЗИКСТО»  зауыты  қазір жолаушылар тасымалына қажет үш түрлі – плацкарт, купе және штабтық вагондар өндірісін қолға алған.   Жуырда   зауыт негізгі тапсырыс берушісі –  «Қазақстан темір жолы»  ұлттық компаниясының еншілес кәсіпорны «Жолаушылар тасымалына»  50  жаңа жолаушылар көлігін табыстады. Бұл – тапсырыс  берушілер алып жатқан екінші партия.  Алғашқы 11 …

ЖОЛАУШЫҒА ЖАЙЛЫ ВАГОНДАР Read More »

Ұлттық қор  қаржысы – балаларға

2024 жылғы қаңтар айынан бастап еліміздің Ұлттық қорынан 18 жасқа дейінгі әр балаға арнайы есепшот ашылып, ал кәмелеттік жасқа толған балаларымыз аталмыш қордан белгілі бір сомада ақша ала бастайды. «Ұлттық  қор – балаларға» бағдарламасын былтыр қыркүйекте Қазақстан халқына жасаған Жолдауында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған еді. Мемлекет басшысы  әр отбасы елдің ұлттық байлығынан өз үлесін алуы …

Ұлттық қор  қаржысы – балаларға Read More »

АЛҒА БАСҚАН АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ

Қоғамдағы түйткілді мәселелерді шешуде үкіметтік емес ұйымдардың атқарар рөлі зор. Соңғы жылдары мұндай бірлестіктерге  мемлекет тарапынан қолдау көрсетілуде. Оқушылар сарайында «Жастардың бойына патриотизм мен азаматтықты қалыптастыруда мемлекеттің, қоғамның және отбасының ресурстарын біріктіру» деген атаумен  өткен  үкіметтік емес ұйымдардың XI  азаматтық форумында  бірқатар мәселелер ортаға салынды. Шараны облыстық ішкі саясат басқармасы мен “Қазақстанның Азаматтық Альянсы” облыстық  …

АЛҒА БАСҚАН АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ Read More »

ҮШ АУДАННЫҢ ӘКІМІ САЙЛАНАДЫ

Облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтіп,күн тәртібінде тұрған бірқатар  мәселе қаралды. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов пилоттық өңірлердің тізбесін және 2023 жылға арналған аудан әкімдерінің сайлауын өткізу күнін белгілеу және бекіту туралы ұсыныс енгізді. Бұл мәселе тұрақты комиссияның отырысында алдын ала қаралған болатын. Тұрақты комиссияның төрайымы  Сәуле Сұрағанова аудан әкімдерінің сайлауы өтетін пилоттық өңірлер …

ҮШ АУДАННЫҢ ӘКІМІ САЙЛАНАДЫ Read More »

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ:

МЕМЛЕКЕТ ПЕН БИЗНЕСТІҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ ЖАҢА ҮЛГІГЕ КӨШУГЕ ТИІС Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Ақорда» резиденциясында отандық бизнес  өкілдерімен кездесу өткізді. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында елімізді дамытуға арналған тың тәсілдер ұсынғанын еске салды.                                                                                                                  – Біз экономиканың өсімін кемінде 6-7 пайызға жеткізуіміз керек. Ол үшін бизнестің жеке бастамаларына барынша қолдау көрсету қажет. Осы бағытта біраз шаруа …

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ: Read More »

Дәурен – қола жүлдегер

Орал қаласында самбодан шеберлер арасында әлем чемпионаты өтті. Бұл жарыста ел намысын солтүстікқазақстандық балуан Дәурен Нұрғожин абыройлы қорғап, қанжығасын қола медальмен майлады. Биыл самбодан шеберлер арасындағы әлем біріншілігінде ерлер бөлек, әйелдер өз араларында мықтыны анықтады. 35-39 жастағы спортшылар қатарында 88 килограмм салмақ дәрежесінде қызылжарлық Дәурен Нұрғожин да сынға түсті. Жерлесіміз 4 кездесудің тек бірінде сүрінді. …

Дәурен – қола жүлдегер Read More »

ТЫҢ ИДЕЯЛАР ИНКУБАТОРЫ

Елімізде  ашылып жатқан кәсіптің дені  бизнес жоспардың дұрыс құрылмауы, қолдаудың  болмауының  салдарынан 3 жылға жетпей жұмысын  тоқтатады екен.  Осы орайда өңірімізде  жас стартапшыларды қолдау мақсатында «INHUB PETROPAVLOSK» бизнес-инкубаторы  құрылып, оның салтанатты ашулы рәсімі өтті.  Елімізде   студенттер мен жас мамандардың   ІТ саласында ғана емес, басқа да түрлі жаңа инновациялық идеялары қолдауға  мұқтаж.  Бизнес-инкубатор ұйымы жетекшілерінің айтуынша,  …

ТЫҢ ИДЕЯЛАР ИНКУБАТОРЫ Read More »

БАҚЫТТЫ БАЛА  – БАЙЛЫҒЫМЫЗ

Қазіргі таңда қоғамда  жақынның да, жаттың да балаларға зорлық-зомбылық көрсетуі жиіледі. Бала жарық дүниеге шыр етіп келгеннен бастап қамқорлыққа мұқтаж. Сондықтан қоғам баланы мейірімге, қамқорлыққа бөлеп,   қауіпсіз, жайлы ортада тәрбиелеп, өсіруі тиіс. Өкінішке қарай, соңғы уақытта балалардың  үйде де, түзде де  қысымға ұшырайтыны  жайлы ақпараттар көбейді.  Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Балалар қорының (ары қарай – …

БАҚЫТТЫ БАЛА  – БАЙЛЫҒЫМЫЗ Read More »

Жұмыс істеуге жайлы

Әр  мемлекет  үшін маңызы зор, аса өзекті мәселелердің бірі – көші-қон саясаты. Еліміз тәуелсіздік алғалы бері  көші-қон саясатына баса мән беріліп келеді. Себебі, жер аумағы кең мемлекетте халықтың жайлы қоныстануы – әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықтың кепілі. Әрбір азаматтың тұрақты жұмысы, басыбайлы баспанасы болса, бұл халықтың әлеуетіне де,  өсіміне  де  оң әсер етеді.   Осы ретте  еліміздің  халық тығыз …

Жұмыс істеуге жайлы Read More »

Қазақ сыныптары көбейді

Қазіргі таңда Петропавл қаласында 36 білім ордасы бар. Оның ішінде мемлекеттік тілде оқытатын мектептер саны – 6. Жылдан жылға қазақша оқимын деген бала саны артқанымен,  мемлекеттік тілде білім беретін мектептерде орын саны шектеулі. Сондықтан биылғы оқу жылында облыс орталығындағы үш мектепте қазақ сыныбы ашылды. Осыған дейін қазақ тілінде оқитын балалардың санын арттыру мақ­сатында жаңа 2023-2024 …

Қазақ сыныптары көбейді Read More »

АЖАРЫ ГҮЛДЕЙ ЖАЙНАҒАН

Уәлиханов ауданының құрылғанына — 95 жыл Биыл қазаққа құт мекен болып, ұлтымыздың мақтанышына айналған, талай айбынды тұлғаларды тудырған Уәлиханов ауданының құрылғанына 95 жыл толып отыр. Ғасырға жуық уақыт ішінде бұл мекен ауқымды өзгерістерді бастан кешіріп, тарихтың талай сынынан өтті. Уәлиханов ауданының 95 жылын мерекелеу салтанаты аудандық Мәдениет үйінде бастау алды. Салтанатты шараның әлқиссасы осы жерден …

АЖАРЫ ГҮЛДЕЙ ЖАЙНАҒАН Read More »

АДАМ ҚҰҚЫҒЫ — ЕҢ ҚЫМБАТ ҚАЗЫНА

Қазақстанның дербес ел, егемен мемлекет, еркін халық екенін білдіретін Ата Заңымыздың қабылданғанына биыл 28 жыл толады. Тарихтың таразысына салып қарасақ бұл уақыт аз да, көп те емес. Алайда осынау жылдар бедерінде елімізде көптеген игі істер атқарылды. Қазақстан адамның құқығы мен бостандығына кепілдік беретін зайырлы мемлекетке айналды. Негізгі құжатта Қазақстан Республикасы өзін құқықтық мемлекет ретінде жариялай …

АДАМ ҚҰҚЫҒЫ — ЕҢ ҚЫМБАТ ҚАЗЫНА Read More »

Бағынған биік белестер

Аумағы 4,5 мың шаршы шақырымды алып жатқан Тимирязев ауданы Қостанай облысымен және өңіріміздің Жамбыл, Шал ақын, Ғабит Мүсірепов атындағы аудандармен шектеседі. Ауданда 16 ауылдық округ бар. Тимирязево, Ақсуат, Дмитриевка, Комсомольское, Мичурино, Москворецкое сияқты ірі ауылдар ауданның дамуында үлкен орын алады. 60 жылдың ішінде ауданымызда көптеген өзгерістер орын алып, жаңа белестер бағындырылды. Биылғы мерейтой қарсаңында соның …

Бағынған биік белестер Read More »

ТАМЫЗ КЕҢЕСІ: ЖАҢА МАҚСАТТАР МЕН МІНДЕТТЕР

Тамыз конференциясының өңірдегі жұмысы екі күнге жалғасып, алғашқы күні облыстық секция аясында мұғалімдерге ортақ мәселелер мен оларды шешу жолдары талқыға түсті. Биылғы алқалы жиынның басты ерекшелігі – Тамыз кеңесі жалпыреспубликалық сипат алып, білім беру процесінің әр қырын қамтып отыр. Осылайша еліміздің 20 өңірінде берілген тақырыптар бойынша жиындар ұйымдастырылды. Өңірімізге келген меймандар мен жергілікті мамандар “Педагог …

ТАМЫЗ КЕҢЕСІ: ЖАҢА МАҚСАТТАР МЕН МІНДЕТТЕР Read More »

Қосымша  гранттар

Өңір басшысы Айдарбек Сапаровтың төрағалығымен облыстық әкімдікте 2023-2024 оқу жылына мемлекеттік білім беру тапсырысын орындау жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Гранттар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау үшін беріледі. Биыл жаңа оқу жылына жергілікті бюджеттен қосымша 68 грант бөлінді. Мамандар еңбек нарығының сұранысын ескере отырып даярланады, атап айтқанда, денсаулық сақтау саласы бойынша …

Қосымша  гранттар Read More »

ДИҚАНДАР — ДАЛА ТӨСІНДЕ

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен кезекті баспасөз маслихаты “2023 жылғы астық жинау науқанының барысы” тақырыбына арналып, облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Мейрам Меңдібаев баяндама жасады.  Биыл облысымызда 4,5 млн. гектар жерге дән сіңірілген.  Оның 3,4 млн. гектары – дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар, 685,8 мың гектары – майлы дақылдар, 28 мың гектары – …

ДИҚАНДАР — ДАЛА ТӨСІНДЕ Read More »