«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Маңызды

Ауызсу тапшы ауылдар

Су – тіршілік нәрі. Елімізде сапалы ауызсуға қолжетімділік түйіткілді мәселенің бірі. Мемлекет тарапынан бұл мәселелені шешу үшін “Ауызсу” мемлекеттік бағдарламасы іске қосылды. Бағдарлама қолға алынған жылы ел бойынша қала тұрғындарының орта есеппен 83 пайызы, ауылдық елді мекендердің 70-76 пайызы ғана ауызсумен қам­тылған деп көрсетілген. Сол жыл­дарғы деректе елдегі ауыл халқының 60 пайызы су құбырларынан тара­тылған …

Ауызсу тапшы ауылдар Read More »

ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ КҮРЕТАМЫРЫ

Ұлан ғайыр кең даламыздың үстіне шашырай қонған қалалар мен ауылдарды бір-бірімен шұбап жатқан қара жол байланыстырады. Сол жолдың үстімен күніне мыңдаған көлік ел мен елді қауыштыру үшін тоқтаусыз жүйткиді. Көлік қызметіне көзіміз үйреніп кеткені сонша, “темір тұлпарымыз” жоқ кезде жақын жердің өзін алыс көріп, аяғымызға тұсау салынғандай болатынын несіне жасырайық. Ғылым мен техника ілгері жүрген …

ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ КҮРЕТАМЫРЫ Read More »

Мына қарқынмен қыркүйекке дейін үлгермейді-ау

Оқушылар жазғы демалысқа шығысымен мектептердің іші-сыртын қалыпқа келтіру, жөндеу – жылдағы дәстүр. Биыл да күрделі жөндеу жүргізіліп жатқан мектептер аз емес. Қаржы бөлінді, мердігерлер анықталды, ендігісі – жоспарлы жұмысты межелі уақытта аяқтау. Биыл облыс бойынша мектептерді күрделі жөндеуден өткізуге байланысты 52 жоба мақұлданып, 49 білім ошағына 4,3 млрд. теңге қаржы бағытталған. Ондағы 20 жоба “Ауыл …

Мына қарқынмен қыркүйекке дейін үлгермейді-ау Read More »

ТІЛСІЗ ЖАУМЕН БІРЛЕСІП КҮРЕСПЕК

Өңірімізге Ресейдің Түмен облысы төтенше жағдайлар қызметі өкілдерінен құрылған делегация келіп, жергілікті әріптестерімен өзекті проблемаларды талқылады. Делегация мүшелері облыс әкімінің орынбасары Сәтжан Аблалиевтің төрағалығымен өткен жедел жұмыс тобының кеңесіне қатысып,  табиғи және техногендік сипаттағы трансшекаралық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мәселелерін талқылады. Жиында өрт, көктемгі су тасқыны, сондай-ақ табиғат маусымының әр кезеңдерінде туындайтын, адамдар …

ТІЛСІЗ ЖАУМЕН БІРЛЕСІП КҮРЕСПЕК Read More »

БӨЛІНГЕН ҚАРЖЫ НЕГЕ ИГЕРІЛМЕЙДІ?

Облыстық әкімдікте өңірдегі жол құрылысы саласында атқарылып жатқан жұмыстар талқыланған аппарат отырысы өтті.  Аудандар мен облыс орталығындағы жолдарды жөндеуге бөлінген қаржының игерілуі сөз болды. Биыл өңірдегі 760 километр жолды жөндеуге 40 млрд. теңге қаржы бөлінген. Жоспарланған 760 километрдің 147-сі – республикалық, 480-і – жергілікті автожолдар. Ал қалғаны облыс орталығының қалаішілік жолдары. – Биыл аудан жолдарын …

БӨЛІНГЕН ҚАРЖЫ НЕГЕ ИГЕРІЛМЕЙДІ? Read More »

ТУРИЗМДІ ДАМЫТУДАҒЫ ТҮЙТКІЛДЕР

Облыстық қоғамдық кеңестің кезекті отырысында Шалқар-Имантау, басқа да курорттық аймақтар бойынша туристік әлеуетті арттыруға бағытталған шараларды күшейту және тұтынушылардың құқықтарын қорғау сияқты әлеуметтік маңызы бар мәселелер  талқыланды. Бірінші мәселе бойынша кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы туризмді дамыту және лицензиялау бөлімінің жетекшісі Қанат Шамсутдиновтың есебі тыңдалды. Оның айтуынша, осы жылдың бірінші тоқсанында табиғи, тарихи, археологиялық ерекшеліктерімен …

ТУРИЗМДІ ДАМЫТУДАҒЫ ТҮЙТКІЛДЕР Read More »

АУЫЛДАҒЫ АУРУХАНАЛАР ЖАҢАРТЫЛАДЫ

Өңірімізде “Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту” ұлттық жобасы іске асырылып жатыр. Жоба барысында ауылдарда  медициналық, фельдшерлік-акушерлік пункттер, дәрігерлік амбулаториялар  салу, еліміздің барлық аймағын заманауи көпбейінді ауданаралық орталық ауруханалар желісімен қамту жоспарланған. Тиімді бағдарлама аясында Тайынша көпбейінді ауданаралық ауруханасында күрделі жөндеу басталды. Бүгінде денсаулық сақтау мекемесінің терапевтік, перзентхана, гинекология мен балалар бөлімшелерінде жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарына …

АУЫЛДАҒЫ АУРУХАНАЛАР ЖАҢАРТЫЛАДЫ Read More »

Таптырмас мүмкіндік

“Ауыл аманаты” бағдарламасы ауыл тұрғындарының табысын арттыруға бағытталған. Оған жұмыссыз азаматтар, ісін жаңадан бастаған және жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлер, қысқартылған жұмысшылар, жеке қосалқы шаруашылықтар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар және атаулы әлеуметтік көмек алатындар қатыса алады. Басты шарт – олар ауылды жерлерде тұрып, бизнес жобаларын жүзеге асыруы керек. “Ауыл аманаты” жобасы бойынша ауыл тұрғындары өз бизнесін …

Таптырмас мүмкіндік Read More »

Әлеуметтік нысандар қолжетімді ме?

2025 жылға дейінгі  “Қазақстан Республикасында мүгедек адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту туралы” Ұлттық жоспар аясында “Кедергісіз келешек” жобасы және “Amanat” партиясының жол картасы жан-жақты жүзеге асырылып келеді. Өңірде 5 жыл ішінде мүгедек адамдардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету бағытында 1294 нысанды қолайлы ету көзделген. 2021-2023 жылдар аралығында жоспарланған 776 объектінің 418-де бейімдеу …

Әлеуметтік нысандар қолжетімді ме? Read More »

ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАЙТА ЖАНДАНДЫ

Петропавлдан Ресейдің шекарасына дейінгі М-51 “Челябі – Новосібір” республикалық маңызы бар жол учаскесі 2017 жылы қайта жаңартыла бастаған болатын. Алайда жауапсыз мердігерлер мен ұзаққа созылған сот салдарынан тоқтап қалған құрылыс жұмыстары биыл қайтадан жандана бастады. Қазіргі уақытта бұл нысандағы бас мердігерлік қызмет “ҚазСтройТехник” ЖШС-ға жүктелген. Мамлюткадан “Жаңа жол” бекетіне дейін (Ресей Федерациясымен шекара) қайта жаңартылатын …

ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАЙТА ЖАНДАНДЫ Read More »

БІТІМГЕРЛІК — БАБА ЖОЛЫ

Күнделікті тұрмыста, іскерлік қарым-қатынас барысында адамдардың арасында түрлі дау-дамай орын алып жатады. Көшпелі өмірде ердің құнын екі ауыз сөзбен шешкен билеріміз мұндай дауларды өршітпей нүктесін қойып отырған. Алайда заман беті өзгеріп, билер институты жойылып, жаңа заңдар күшіне енді. Бұрынғы қара қылды қақ жарған Қазыбектеріміз жоқ. Бүгінде ел аузы дуалы азаматтарға жүгінуді қойып бір-бірін сотқа сүйреуге …

БІТІМГЕРЛІК — БАБА ЖОЛЫ Read More »

ӨНЕГЕЛІ ӘУЛЕТ – ӨРЕЛІ ҰРПАҚ

“Мерейлі отбасы” ұлттық байқауының облыстық кезеңі қорытындыланды. Оған аудандық және қалалық кезеңнен сүрінбей өткен 28 отбасы  қатысты. Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін “Мерейлі отбасы” ұлттық байқауы үш кезеңнен тұрады. Аудандық және қалалық кезең жеңімпаздары облыстық сынға жолдама алады. Ал облыстық кезеңде бағы жанған отбасы республикада өңір намысын қорғайды. Байқауға еңбекте, спортта, шығармашылықта жетістікке жеткен отбасылар …

ӨНЕГЕЛІ ӘУЛЕТ – ӨРЕЛІ ҰРПАҚ Read More »

ҚАУІПСІЗ ӨНІМ — ОТАНДЫҚ ӨНІМ

Азық-түлік қауіпсіздігі – тек Қазақстан үшін ғана емес, әлемнің барлық елдері үшін ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің және мықты мемлекет қалыптастырудың, оның табысты ұзақмерзімді дамуы мен экономикалық өсуінің басты шарттарының бірі. Алайда климаттың өзгеруі, кедейшіліктің кең етек алуы және қақтығыстар ғаламдық азық-түлік қауіпсіздігіне зор қауіп төндіріп отыр. 2022 жылдың 21 қыркүйегінде Нью-Йоркте Африка Одағы мен Еуропалық …

ҚАУІПСІЗ ӨНІМ — ОТАНДЫҚ ӨНІМ Read More »

БЛОГЕРЛІК КӘСІП ПЕ, ЕРМЕК ПЕ?

Ғаламтор желісінің өміріміздегі орны артқан сайын мамандықтар саны көбейе түсуде. Әсіресе әлеуметтік желі арқылы табыс тауып отырғандар көп. Мыңдаған оқырман жинап, өз өмірін жариялап, қаралымды қаржыға айналдырып жүргендерге жастар да еліктей бастаған. Блогер ұғымының пайда болға­ны­на біраз уақыт болғанмен, осыдан бірнеше жыл бұрын ғана жастар ара­сында кең таныла бастады. Бі­реу­лер оған “болашақтың мамандығы”, – деп …

БЛОГЕРЛІК КӘСІП ПЕ, ЕРМЕК ПЕ? Read More »

ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС ҚАЖЕТ

Облыс әкімі Айдарбек Сапаров коммуналдық кәсіпорындардың басшыларымен жедел кеңес өткізді. Бұл кездесуге түрткі болған – Петропавл қаласы тұрғындарының коммуналдық қызметтің сапасына қатысты айтқан шағымдары. Әсіресе су құбырлары, электр және жылу желілерін жөндегеннен кейін жолдар қалпына келтірілмей, тұрғындарға қолайсыздық тудырып отыр. Өңір басшысы мұндай келеңсіздікке жол беруге болмайтынын, бұдан былай құрылыс жұмыстарын жүргізген компания он күннің …

ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС ҚАЖЕТ Read More »

ӘРІПТЕСТІК АЯСЫ КЕҢ

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті шетелдік әріптестерімен ынтымақтастық миссиясын нығайта түсуде. Академиялық ұтқырлық саясаты – университеттің басты ұстанымдарының бірі. Бұл бағытта әр мамандық бойынша таңдалған ел бар. Ауыл шаруашылығы факультеті Қытайдың жетекші агротехнологиялық жоғары оқу орындарының бірімен әріптестік орнатқан. Жақында аспан асты елінің делегациясы жергілікті унверситетке келіп, екі жаққа тиімді кездесу өткізді. М.Қозыбаев атындағы СҚУ …

ӘРІПТЕСТІК АЯСЫ КЕҢ Read More »

Кіл мықтыда кім мықты?

Аққайың ауданының орталығы Смирново ауылында “Ақ бидай – 2023″ жазғы спорт ойындарының шымылдығы түріліп, салтанатты рәсімге өңір басшысының бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов қатысты. “Ақ бидай” спорт ойындарының жалауы көтеріліп, алауы тұтанып, барлық 13 ауданнан сайдың та­сындай іріктелген 1500-ден астам спортшының салтанатты шеруінен кейін сөз ал­ған Марат Иманбайұлы жазғы спорттық мерекеге қатысушыларды облыс әкімі Айдарбек Сапаровтың …

Кіл мықтыда кім мықты? Read More »

Жұмыспен қамтуда жүйелілік жоқ

Өңір басшысы Айдарбек Сапаровтың төрағалығымен өткен облыстық әкімдіктің кезекті отырысында халықты жұмыс­пен қамту және өсімдіктерді қорғау мәселелері талқыланып, нақты міндеттер белгіленді. Алдымен жұмыспен қамтуды үй­лестіру және әлеуметтік бағдарла­малар басқармасының басшысы Ринат Елжасовтың есебі тың­далды. Баяндамашы тұрақты жұмыс орындарын құру ар­қылы азамат­тардың табысын арт­тыру, өмір са­пасын жақсарту жергі­лікті атқару­шы органдар қыз­метін­дегі басым бағыт екенін өз сөзіне …

Жұмыспен қамтуда жүйелілік жоқ Read More »

Балық өсіру – табысты кәсіп

Өңірімізде балықшылардың кәсі­би мерекесі аталып өтті. Қала ма­ңындағы “Пестрое” көлінде жиналған кәсіп иелерін облыс әкімінің орынбасары Сәтжан Аблалиев төл мерекелерімен құттықтап, Құрмет грамотасы мен Алғыс хат табыстады. Балық шаруашылығы – ел эко­номикасында өзіндік орны бар, тарихи мән-мағынасы жоғалмаған, адамзаттың ең көп шұғылданатын ата кәсіптерінің бірі. Дүниежүзілік балықшылар күні 1985 жылдан бері 27 шілдеде аталып өтсе, …

Балық өсіру – табысты кәсіп Read More »

ЕМХАНАДАҒЫ ЕНЖАРЛЫҚ

Өңір басшысы Айдарбек Сапа­ровтың Петропавлдағы №1 қалалық емханаға ескертусіз келуі тектен тек емес. Өйт­кені әлеуметтік желілерде адамдар­дың жергілікті медицина­лық қызметтің сапасына көңілдері толмай, жиі шағымданатынын жақ­сы білгендіктен, жағдайды нақты білуді ұйғарды. Ғимаратқа енуі сол екен, тіркеу бөліміндегі ұзын-сонар кезекті көрді. Емхана басшылығын қызмет орнынан тап­пады. Науқас жандар дәрігердің қа­былдауына та­лон алу үшін таңғы сағат 6-дан …

ЕМХАНАДАҒЫ ЕНЖАРЛЫҚ Read More »