«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Руханият

Азаттық туын көтерген

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада “Азаттық туын көтерген ардақты тұлға – Сырым Датұлы” тақырыбында іс-шара өтті. Шараға тарихшы ғалымдар мен 6637 әскери бөлімінің сарбаздары қатысты. Сырым Датұлы – Ресей патша­сы­ның отарлау саясатына қарсы кү­рескен Кіші жүз қазақтары көтерілі­сінің көрнекті басшысы, атақты ба­тыр, әйгілі шешен. Жасынан ел ара­сында “Бала би” атанып кеткен тұл­ға 1753 жылы …

Азаттық туын көтерген Read More »

Қылқалам шеберлері

Облыс орталығында “Сізге ын­тымақ керек!” (“You neet unity”) де­ген атаумен өткізілген көрмеде қа­ламыздың суретшілері жиналған қауымға өз туындыларын ұсынып қана қоймай, оларды сатуға мүм­кіндік алды. Қылқалам шеберлері­нің шығармалары әртүрлі стильдер мен тақырыптар бойынша са­лынған. Сөредегі картиналардың ең арзаны 10 мың теңгеге бағаланды. “Бұл шара петропавлдық суретшілердің өз өнерлерін шыңдауына мүмкіндік береді. Өткен жылғы жобамыз жақсы …

Қылқалам шеберлері Read More »

ӘР СӨЗІ — ӨСИЕТ

Кез келген тарихи тұлғаның қайраткерлік, адами болмы­сы болашақ ұрпақтың тұлға болып қалыптасуына өзіндік әсерін тигізері сөзсіз. Дауылпаз Қо­жаберген бабамыздың батырлық, жыраулық, тарихи тұл­ғасы рухани сана қалыптастыруыма ерекше ықпал етті. Мен бастауыш сыныпта оқып жүр­генде-ақ аңыз-ертегілер мен батырлар жырын қызыға оқи бас­тадым. Елін, жерін, ұлтын қорғау жолында жан алысып, жан беріс­кен батыр бабаларымыздың есі­мін ардақтау үшін …

ӘР СӨЗІ — ӨСИЕТ Read More »

Етікші

Есін білгелі көріп келе жатқаны табан мен ұлтарақ. Дене болмысы да кәсібіне икемделіп қалған: жауы­рыны еңкіш тартып, мойыны төменге қарай иіліп отырады, басының иы­ғынан жоғары көтеріле қоюы да тым сирек. Қыл тектес қалың қасына дейін төменге қарай қайырылып өсіп, кірпігіне жалғасқан. Мұрынын пысылдатып тартқыштай береді. Үне­мі төменге қарап отырғандықтан мұ­рынына өзі мидың артық сұйығы деп …

Етікші Read More »

Бағзыдан жеткен бай мұра

Халқымыздың тарихында жазба деректерден гөрі ауызша деректердің басымдылығы баршамызға мәлім. Өткен ғасырда тарих ғылымы саласында француз ғалымдарының алға кеткендігін білеміз. Солардың көрнекті өкілдерінің бірі Люсьен Февр тарихи зерттеулерде “жазбаша дерек жоқ болған жағдайда ауызша деректерді пайдалануға болатындығын” атап көрсеткен. 2012 жылы Астана қаласында тарихшылар жиынында сөйлеген сөзінде Қазақстан Республикасының сол кездегі Мемлекеттік хатшысы Марат Тажин …

Бағзыдан жеткен бай мұра Read More »

Алаш туы астында…

1917 жылдың 13-ші желтоқсанында Алаш автономиясының үкіметі – “Алаш Орда” құрылды. Оның құрамына қазақтың арда перзенттері Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейханұлы, Міржақып Дулатұлы сынды зиялы қауым өкілдері кірді. Олардың көздеген мақсаттары қазақ-қырғыз автономиясын жариялап, милиция құру, елді сақтап, халықты большевиктердің езгісінен босату болатын. Еркіндік пен тәуелсіздікке қол жеткізуді мақсат еткендердің ішінде солтүстікқазақстандықтар да болды. Алаш Ордаға …

Алаш туы астында… Read More »

АҚЫНДАРЫН ХАН ҰЛЫНДАЙ КӨРЕДІ

Айтыс – киелі өнер. Өңірімізде осынау сөз додасының өріс алуына өзіндік үлесін қосып жүргендерді көп деп айта алмаймыз. Солардың бірі жиырма жылға жуық уақыттан бері сахнада жүрген Жұмабек Рахимов. Халықаралық жыршы-термешілер мен айтыскерлер одағының мүшесі жуырда “Құлагер шабыт – сері Ақан” атты республикалық айтыста топ жарып, бас бәйгені жеңіп алған болатын. Өнерпаздың қуанышына құтты болсын …

АҚЫНДАРЫН ХАН ҰЛЫНДАЙ КӨРЕДІ Read More »

СУРЕТШІЛЕР СИМПОЗИУМЫ

Айыртау ауданындағы “Ботай” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында ұлттық бірегейлікті нығайту, “Ботай қонысы” археология­лық ескерткішін танымал ету, мәде­ни туризмді дамыту, жастар арасын­да шығармашылық және еңбек мә­дениетін ілгерілету мақсатында “Botaı – Uly dala mádenıetі” II Халықа­ра­лық симпозиумы өтуде. Симпозиумға Канада, Германия, Франция, Бенин, Румыния, Грузия, Қырғызстан, Өзбекстан және Қазақ­станнан 20 суретші қатысып жатыр. Қылқалам шеберлері ұлы дала мә­дениетімен, …

СУРЕТШІЛЕР СИМПОЗИУМЫ Read More »

Зар заман қасіреті

Биыл дауылпаз жырау, атақты қолбасшы Қожаберген Толыбай­ұлының туғанына 360 және тарихи тұлғаның қазақ елі тарихында “Ақта­бан шұбырынды, Алқакөл сұлама” де­ген атаумен қалған заманды сурет­теген “Елім-ай” дастанының жазыл­ға­нына 300 жыл толып отыр. Осы айтулы датаға орай Сәбит Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театры көрермендер назарына “Дауылпаз баба – Қожаберген” атты қойылымды ұсынды. Бұл жолы спектакль театрдың …

Зар заман қасіреті Read More »

“ЕЛІМ-АЙ” — ЕРЛІКТІҢ ДАСТАНЫ

Киелі Тәуелсіздік жолында ұлтымыз сан ғасырлар бойы небір қилы кезеңдер мен азапты күндерді басынан өткерді. Азаттық үшін қазақтың талай қабырғалы ерлері алтын бастарын бәйгеге тігіп, жандарын құрбан етті. Ат ауыздықпен су ішіп, ер етігімен су кешкен күреске толы сол ғасырлар әлдеқашан тарихтың терең қойнауына аттанды. Бүгінде еліміз соның бәрін терең күрсініспен, ауыр қайғымен еске алады. …

“ЕЛІМ-АЙ” — ЕРЛІКТІҢ ДАСТАНЫ Read More »

ӘЛЕМДІК АРХЕОЛОГИЯ ЖАУҺАРЫ

15 тамыз – Халықаралық археологтар күніне орай Айыртау ауданындағы “Ботай” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы “Ботай мәдениетінің мұралары – әлемдік археологияның жауһары” тақырыбында республикалық далалық семинар өткізді. Семинарға еліміздің және шетелдердің  археологтары, мәдениет және білім беру саласының қызметкерлері, тарихшылар мен мұғалімдер қатысты. Семинар барысында қатысушылар Ботай және Красный Яр қоныстарында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының нәтижелерімен, сонымен қатар …

ӘЛЕМДІК АРХЕОЛОГИЯ ЖАУҺАРЫ Read More »

“Ақтабан шұбырынды” дәуірінің көркем шежіресі

Қожаберген жырау (1663-1763 ж.) мемлекеттің ішкі-сыртқы саясатына араласқан атақты жорықшы жырау, оның болмысына, маңдайына, тағ­ды­рына Жаратқан ие алуан-алуан озық та озат өлшеусіз қабілеттер да­рытқан. Ол – Әз Тәукенің кеңесшісі, әскербасы, тайпа көсемі, саясаткер, баһадүр, би, соғыс өнерінің майтал­маны. Жастайынан Самарқан пен Бұхарада мұсылманша терең білім алған, араб-парсы, шағатай тілдерін жақсы білген білімдар, сұңғыла сая­саткер, шежіреші, …

“Ақтабан шұбырынды” дәуірінің көркем шежіресі Read More »

Саф алтынның сынығындай

Тәуелсіздік таңы арайлап атқаннан бері Қызылжар өңірінің киелі топырағынан түлеп ұшып ел тарихында өшпес із қалдырған ірі тұлғалар туралы жазылған кесек туындылар аз емес. Солардың арасында тарих ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының құрметті академигі Өмірзақ Озғанбайдың жақында ғана оқырманға жол тартқан “Барлыбаевтар ақиқаты” атты еңбегі тақырып ауқымының кеңдігімен, автордың ой-толғамының тереңдігімен ерекшеленеді. Туындының …

Саф алтынның сынығындай Read More »

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ЖАУҺАРЫ

Абай атындағы маманданды­рылған қазақ мектеп-гимназиясы қаб­ырғасында қазақтың ұлы ақыны, ғұ­лама Абай күніне орай рухани шара ұйымдастырылды. Абай күні – руханият мерекесі. Дәл осы күні қазақтың әр баласы “Абайды қаншалықты тани алдым, жүрегінің түбіне терең бойлап жүр­мін бе?” деп, өз-өзіне сұрақ қойып, соған жауап беруі тиіс. Өйткені заманалар ауысып, дүние дидары күнде өзгерсе де, халқымыздың да­нышпанына …

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ЖАУҺАРЫ Read More »

“АҢҚЫЛДАҒАН АҚЖАРМА АҚЫН ЕДІ”

Шығармалары әр түрлі газет-журнал беттерінде басылып тұра­тындықтан, өз басым Ғафу Қайыр­бековтің есіміне оқушы кезімнен-ақ қанық болып өстім. Әсіресе есімде қалғаны – “Қазақ әдебиеті” оқулы­ғындағы “Дала қоңырауы” поэмасы­ның үзінділері. Ол қазақ даласында патша өкіметінің рұқсатымен қазақ балаларына арналып алғаш рет ресми түрде Ыбырай Алтынсарин ашқан атақты Торғай мектебі туралы болатын. Бұл шығарманың кей тұстарын мұғаліміміз мәнерлеп …

“АҢҚЫЛДАҒАН АҚЖАРМА АҚЫН ЕДІ” Read More »

Мағжанның жырларына ғашық

Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы Айнаш Сағандықова Мағжан Жұмабаевтың 100-ден астам өлеңін жатқа біледі. Ақиық ақынның өлеңдерін насихаттап жүрген ол – Аққайың ауданындағы Дайындық ауылының тумасы. 2010 жылы ауыл мектебін бітіргеннен кейін М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің колледжіне түсіп, аталмыш білім беру мекемесін, кейін жергілікті университеті құқықтану мамандығы бойынша бітірген. “Бала кезде форма киген …

Мағжанның жырларына ғашық Read More »

Дала өркениетінің бастауы

Қазақ даласы ерекше тылсым, тарихи жәдігерге бай. Оның бірі – 1980 жылы әйгілі ғалым, көрнекті тарихшы, археолог Виктор Зайберт ашқан аңызға толы құнды ескерткіш, ұлт шежіресінің бастауы саналатын Ботай қонысы. Ботай қонысындағы қазба жұмыстары кезінде археологтар ежелгі адамдардың өмірі, тыныс-тіршілігі, баспанасы туралы баяндайтын екі жүз мыңнан астам артефакт қазып алды Көне қоныс – Қазақстанның ең …

Дала өркениетінің бастауы Read More »

АЛАШТАН АТ ОЗДЫРҒАН АҚАН СЕРІ

Тасын түртсең тарих болып сөйлейтін Айыртау жерінің киелі топырағы –алты Алашқа аты мәлім талай бұлбұлдар мен дүлдүлдерді биігіне көтерген мекен. Ботайдың бауырында алғаш ат баптап, Сырымбет саласында төрелер билік құрып, Қоскөл жағасында серілер ән әуелеткен асыл мекен осы. Көркімен көрген жанның көзін арбаған Имантау мен Шалқары бар. Елі баладай әлпештеген Ақан сері де тек осындай …

АЛАШТАН АТ ОЗДЫРҒАН АҚАН СЕРІ Read More »

ӨНЕР – АДАМЗАТҚА ОРТАҚ ҚҰНДЫЛЫҚ

Үстіміздегі жылдың шілде айында Грузия мемлекетінің Озургетти қаласында Нодар Думбадзе атындағы IV халықаралық театр фестивалі өткен болатын. Халықаралық шараға Қазақстаннан екі, атап айтқанда, Құдыс Қожамьяров атындағы ұйғыр музыкалық комедия театры мен Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық қазақ сазды-драма театрының ұжымы қатысқан болатын. Қос театр төрт аталым бойынша марапатталып, елге үлкен мереймен оралды. Бұл сапардың …

ӨНЕР – АДАМЗАТҚА ОРТАҚ ҚҰНДЫЛЫҚ Read More »

“АСЫЛ СӨЗДІ ІЗДЕСЕҢ…”

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада 10 тамыз – Абай күніне арналған “Абай – ұлтымыздың мақтанышы” атты әдеби-музыкалық кеш өтті. Шараға қатысқан қалам­герлер мен студенттер қазақтың ұлы ақынының өмірі, адамзат тәрбиесінде айшықты орын алатын кемеңгерлігі жайлы әсерлі сөз сабақтады. Кешті жазушы-журналист Жақ­сы­бай Самрат жүргізді. Алғашқы болып сөз алған 6637 әскери бөлімі тәрбие және әлеу­мет­тік-құқықтық жұмыстар …

“АСЫЛ СӨЗДІ ІЗДЕСЕҢ…” Read More »