«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Саясат

БІРЛІКТЕН АСҚАН БАЙЛЫҚ ЖОҚ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сесиясында сөйлеген сөзінде бірлік пен тұрақтылық болмаса, саяси-экономикалық реформалар жүзеге аспайтынын айрықша атап көрсеткен болатын. “Мен бұған дейін де айттым: еліміздің тәуелсіздігі және аумақтық тұтастығы бәрінен қымбат. Ел бірлігі осы мызғымас құндылықтармен қатар тұруға тиіс. Сонда ғана болашағымыз баянды болады. Татулық пен келісім тек мемлекеттік саясатта емес, …

БІРЛІКТЕН АСҚАН БАЙЛЫҚ ЖОҚ Read More »

Заңдастыру мерзімі ұзаруы мүмкін

Шетелдік көліктерді заңдастыру 1 шілдеден кейін де жалғасуы мүм­кін. Бұл туралы Ішкі істер министр­лігінің Әкімшілік полиция комитетінің “Ашық НҚА” порталында жариялаған қаулы-жобасында жазылған. “Азаматтарға заңдастыру шартта­ры туралы алдын ала хабарлан­ға­ны­на қарамастан, көптеген авто­мобиль­дер бұрынғы тіркеу орны бо­йынша есептен шығарылмаған. Тір­кеу әре­кет­те­рін жасауға тыйым са­лулар мен шектеулерге байланысты заңдас­тырудан өтпеген көліктер де жоқ емес. Мәселен, 8 …

Заңдастыру мерзімі ұзаруы мүмкін Read More »

Үздік уәкіл

Елімізде бес жылдан бері Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің “Үздік әдеп жөніндегі уәкіл” байқауы ұйымдастырылады. Конкурс “Орталық мемлекеттік органның үздік әдеп жөніндегі уәкілі”, “Жергілікті атқарушы органның үздік әдеп жөніндегі уәкілі” атты екі аталым бойынша өткізіледі. Қатысушылар конкурстық комиссияның қарауына мемлекеттік қызметшілердің имиджін арттыру және әдеп жөніндегі уәкіл институтын одан әрі жетілдіру мәселелеріне арналған эссе мен жобасын …

Үздік уәкіл Read More »

Ауызсу құны әртүрлі

Облыстық әкімдікте сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Отырыс барысында ауылдар мен елді мекендерді ауызсумен қамтамасыз ету бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижелері, бизнеске арналған жер телімдерін бөлу және инфрақұрылым тарту бойынша жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген сыртқы талдау нәтижелері және полиция департаментінің жемқорлыққа қарсы қабылданған шаралары баяндалды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық …

Ауызсу құны әртүрлі Read More »

БИЗНЕСТІ ҚОЛДАСАҚ, ЭКОНОМИКА НЫҒАЯДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев “Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам” Жолдауында жаңа экономикалық саясаттағы басты басымдық ретінде: “Жеке кәсіпкерлік бастамаларды ынталандыру, яғни мемлекеттік капитализмнен және мемлекеттің экономикаға шектен тыс араласуынан бас тарту, бәсекелестікті дамыту, яғни бәріне бірдей мүмкіндік беру, сондай-ақ ұлттық табысты әділ бөлу”, – деп атап көрсетіп, осы мақсатты жүзеге асыру жолында кезек күттірмейтін …

БИЗНЕСТІ ҚОЛДАСАҚ, ЭКОНОМИКА НЫҒАЯДЫ Read More »

Адвокаттардың рөлі артады

Қылмыс жасап, заң шеңберінде жазаларын өтеп жатқан жандардың құқықтарын қорғау, сондай-ақ олардың білікті заңгерлердің көмегімен қамтамасыз етілуін қадағалау прокуратура органдары үшін басым міндеттердің бірі саналады. Әдетте мұндай қиын жағдайда қалғандар құқықтық көмектің көрсетілмеуінен жиі жапа шегеді. Бұл әсіресе адвокаттардың жұмысына кедергі келтіреді. Тергеу мен сот процесі барысында туындайтын шектеулерді де айналып өту қиын. Бүгінде мұндай …

Адвокаттардың рөлі артады Read More »

ЕҢБЕКҚОРДЫҢ БЕЙІМДЕЛУІ ТЕЗ

“Оңтүстіктен – Солтүстікке!” бағдарламасының жүзеге асуына теріскейдегі демографиялық ахуал себеп болды. Осыған орай тұрғылықты халқы сиреп, жұмыс күші азайған өңірлерге күнгей жақтардан отбасыларды көшірудің алғашқы қадамдары жасала бастады. Бұл мәселе тезірек реттелмесе, 2050 жылға қарай солтүстіктегі тұрғындардың саны 1 млн.-ға дейін кеміп, керісінше, оңтүстік халқы 5,2 млн.-ға артады деген болжамдар айтылды. Сондықтан ішкі көші-қон проблемасын …

ЕҢБЕКҚОРДЫҢ БЕЙІМДЕЛУІ ТЕЗ Read More »

Адам ресурстарын дамыту орталығы

Қазақстан Республикасы Прези­денті жанындағы Мемлекеттік басқа­ру академиясы облыстық филиалын­да мемлекеттік қызметте адам ре­сурстарын дамыту орталығы ашыл­ды. Орталықтың “online” режімде өт­кен ашылуына 200 мемлекеттік қыз­метші қатысты. Аталған орталық 2023-2025 жыл­дарға арналған мемлекеттік қызмет­тің имиджін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру ая­сында ашылды. Мемлекеттік қызмет істері агент­ті­гі облыстық департаментінің бас­шы­сы Елена Степаненконың айтуын­ша, орталық мемлекеттік органдар, персоналды …

Адам ресурстарын дамыту орталығы Read More »

Қоғамның айнасы

Цифрлық технологиялар, интернеттік орта мен әлеуметтік желілер арқылы қоғамдық пікірге мониторинг жүргізу аса маңызды. Осы ретте Мемлекеттік қызмет істері агенттігі облыстық департаменті мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру үшін БАҚ пен әлеуметтік желілердегі материалдарға мониторинг жасайды. Президент Қасым-Жомарт То­қаев әлеуметтік желілердегі жұ­мыстың маңыздылығын атап өткен бола­тын. Бүгінгі таңда әлеуметтік желі­лер халықпен кері байланыс орна­тудың тиімді алаңы …

Қоғамның айнасы Read More »

Тамшылатып суару – мол өнім кепілі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауларында ауыл шаруашылығындағы ахуалдың еліміздегі азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей әсер ететінін үнемі ескертіп келеді. Осынау стратегиялық міндетті шешу жолдарының бірі – саланы дамытуға кең жол ашатын шаруалардың өзара ұжымдасуы. Қанатқақты жобаларды жүзеге асыру барысында оған қатысқан ауыл шаруашылығы кооперативтерінің егіні екі есе артық өнім берген. Ал мал басы шамамен 25 пайызға …

Тамшылатып суару – мол өнім кепілі Read More »

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТІЛЕГІ ОРЫНДЫ

Ақжар ауданының тұрғындары мені сегізінші шақырылымдағы облыстық мәслихатқа депутат етіп сайлағаннан кейін өзіме жүктелген сенім үдесінен көрінуді басты мақсат етіп отырмын. Бұл шақырылымға дейін бес жыл халық қалаулысы болған азды-көпті тәжірибеме сүйене отырып, берілген аманатқа қиянат жасамауды абыройлы борыш санаймын. Иә, ауылдықтарды толғандыратын мәселелер әлі де аз емес. Толғақты проблемаларды тұрғындармен кездесу, көшпелі мәжілістер өткізу …

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТІЛЕГІ ОРЫНДЫ Read More »

ӘСЕМ РАХМЕТОВА — СЕНАТ ДЕПУТАТЫ

Петропавлда облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттар депутаттарының бірлескен отырысы өтіп, Парламент Сенатының депутаты сайланды. Саяси шараны облыстық мәслихаттың төрағасы Владимир Бубенко ашып, отырысқа қалалық, аудандық, облыстық деңгейдегі 193 депутаттың –180-і, сондай-ақ кандидаттардың сенімді өкілдері, байқаушылар, БАҚ өкілдері қатысып отырғанын жеткізді. Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Асқар Сақыпкереев заңға сәйкес, Парламент Сенатының депутаты барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары …

ӘСЕМ РАХМЕТОВА — СЕНАТ ДЕПУТАТЫ Read More »

Ақпараттық қолдау орталығы

Өңірде “Ауыл аманаты” жобасы бойынша ақпараттық қолдау орталықтары ашылды. Бұл орталықтар табысын арттырғысы келетін ауыл тұрғындарына мал шаруашылығын дамыту, бау-бақша өсіру және шағын бизнес нысандарын ашу бойынша бағыт-бағдар береді. Сонымен қатар азаматтарға мемлекет ұсынып отырған жылдық 2,5 пайыздық жеңілдетілген несие беру жайын түсіндіреді. “AMANAT” партиясының өңірлік және аумақтық филиалдарында өткен “Ашық есік күні” ауыл тұрғындарына …

Ақпараттық қолдау орталығы Read More »

АЙЫРТАУ — АСЫЛ АЙМАҚ АРҚАДАҒЫ

Қызылжар өңірінің жауһары атан­ған, туризм саласын дамыту мем­лекеттік бағдарламасының әлеуеті жоғары ондығына кір­ген Имантау-Шалқар курорттық ау­ма­ғы демалушыларды қарсы алуға әзір. Бауыры жасыл қарағаймен қым­талып, айналасы аққайыңдармен көмкерілген айдын көлдер маңында 42 туризм нысаны бар. Танымдық де­малысты таңдайтындар тарихи-мәдени және табиғи нысандарды аралай алады. Имантау-Шалқар аймағы Айыр­тау ауданында орналасқан. Бұл жер­дің 60 пайызын орманды алқап алып …

АЙЫРТАУ — АСЫЛ АЙМАҚ АРҚАДАҒЫ Read More »

Ауыл әкімдері сайланды

Аққайың, Ғабит Мүсірепов атындағы, Қызылжар, Уәлиханов және Шал ақын аудандарының жеті ауылдық округінде әкімдер сайлауы өтті. Саяси науқанға 5437 тұрғынның 4321-і қатысып, өз таңдауларын жасады. Әкім лауазымына 19 адам өз кандидатурасын ұсынды, олардың төртеуі “Amanat” партиясы,үшеуі – өзін-өзі ұсынғандар. Дауыс беру нәтижесінде Аққайың ауданы, Власов ауылдық округіне – Максим Серіков, Аққайың ауданы, Иванов ауылдық округіне …

Ауыл әкімдері сайланды Read More »

Еліміздің жаңа картасы

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі еліміздің жаңа саяси-әкімшілік картасын таныстырды. Жоба ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа облыстар құру туралы Жарлығын іске асыру шеңберінде жүзеге асырылды. Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың 3 мамырында республикада Абай, Жетісу, Ұлытау облыстары құрылған болатын. Қазақстанның саяси-әкімшілік картасы да Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының жаңа шекаралары, сондай-ақ жаңадан құрылған …

Еліміздің жаңа картасы Read More »

ШЫҒАРМАШЫЛ ӘКІМ

“Жылдың үздік әкімі” атты рес­публикалық энциклопедиялық бай­қауына қатысқан Новоишим ауыл­дық округінің әкімі Әділжан Букпин жеңімпаз атанып, “Білім өркениеті” ұлттық инновациялық ғылыми зерттеу орталығының бірінші дәрежелі дипломымен марапатталды. Әділжан Мұратұлы айтулы до­да­да бағын сынап, өзі жетекшілік ететін округтің тыныс-тіршілігі ту­ралы эссе жазды. Энциклопедияны жинақтау жөніндегі ұйымдастыру алқасы оның жұмысын респуб­ли­калық энциклопедияға әбден лайық, елді мекендерде қолға …

ШЫҒАРМАШЫЛ ӘКІМ Read More »

ШАЛҒАЙ АУДАНДАҒЫ БЕРЕКЕЛІ БАСТАМАЛАР

Егемен еліміздің болашақтағы жарқын жолын айқындай отырып, биік белестерге жетелейтін жаңа Қазақстанды құруға атсалысу – бәріміздің басты мұратымыз. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кезекті Жолдауында: “Адал еңбек, озық білім және үздік тәжірибе әрдайым жоғары бағаланады. Мен жаңа Қазақстанның осындай ел болғанын қалаймын. Мақсатқа жету үшін мемлекеттік аппаратты жаңарту немесе кадрлық ауыс-түйіс жасау жеткіліксіз. Өзгерісті әрқайсысымыз өзімізден бастауымыз …

ШАЛҒАЙ АУДАНДАҒЫ БЕРЕКЕЛІ БАСТАМАЛАР Read More »

САЙЛАУШЫЛАРДЫҢ СЕНІМІ МАҢЫЗДЫ

“AMANAT” партиясының орталық аппаратында өткен жиында облыс бойынша сайлауалды бағдарламаны жүзеге асырудың Жол карталарының жобаларын тыңдау өтті. Жиынға облыс әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов, облыстық мәслихаттың хатшысы Владимир Бубенко, Парламент Мәжілісінің депутаттары Еркебұлан Мәмбетов, Дмитрий Колода, облыстық экономика басқармасының басшысы Қуанышбек Қалижанов қатысты. Жиын барысында “AMANAT” партиясы өңірлік филиалының төрайымы Әсем Рахметова жүзеге асырылатын жұмыс …

САЙЛАУШЫЛАРДЫҢ СЕНІМІ МАҢЫЗДЫ Read More »

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

“Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің “Қызылжар-Ақпарат” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутатын сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастыру үшін баспасөз бетінен орын берудің шарттарын жариялайды. Баспа материалдары үшін орын белгілеу тәртібі Газетте баспа материалдарына орын белгілеу “Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Конституциялық заңға сәйкес жүзеге асырылады. Баспа материалдары үшін орын белгілеу Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттығына …

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Read More »