«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Сенімнің жүгі ауыр

Облыстың 11 ауданында ауылдық округ әкімдерінің сайлауы өтті. Сондай-ақ аудандық маңызы бар екі қаланың әкімі сайланды. “AMANAT” партиясы атынан сайлауға түскен Сергей Орлов Айыртау ауданына қарасты Константиновка ауылдық округі­нің әкімі болып сайланды. 1980 жылы дүниеге келген азамат Антоновка ауылдық окру­гінде бас маман болып жұмыс істеген. Оған 692 ауыл тұрғыны дауыс берді. Ал Лобанов ауыл­дық округінде …

Сенімнің жүгі ауыр Read More »

Мүгедектер құқығы

Адамның денсаулығы мен өмірі – ең басты құндылық. Сон­дықтан азаматтардың құқықта­рын қорғауға басымдық беріл­ген. Облыстық прокуратура осы іспен жүйелі түрде айналысып келеді. Жуырда облыс проку­рорлары азаматтардың құқық­та­рын қорғады. Қадағалау орга­ны өңірдің денсаулық сақтау са­ла­сына жүргізілген талдау нә­ти­жесінде қатерлі ісікке шал­дыққан азаматтардың құқық­та­ры мен мүдделерінің өрескел бұзылға­нын анықтады. Меди­циналық ұйымдар мү­ге­дектікті анықтау үшін осы санаттағы 100-ден …

Мүгедектер құқығы Read More »

ҚОНЫС АУДАРУШЫЛАРҒА ҚОЛАЙЛЫ МЕКЕН

Облыста еліміздің еңбек күші артық өңірлерден қоныс аударушылар мен қандастарды көшіру бойынша іс-шаралар жүйелі жүзеге асырылуда. Өткен жылы еліміздің 9 өңірінен (Жетісу, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстары, Астана, Алматы және Шымкент қалалары) 2460 адам және 7 елден (Ресей , Өзбекстан, Қырғызстан, Моңғолия, Қытай , Иран, Түркіменстан) 238 қандас келді. Қандастар мен қоныс аударушылар үшін …

ҚОНЫС АУДАРУШЫЛАРҒА ҚОЛАЙЛЫ МЕКЕН Read More »

МЕДИАЦИЯ – ТАТУЛАСТЫРУ ТӘСІЛІ

Медиация күніне орай Достық үйінде семинар өтті. Жиынға білім басқармасының өкілдері, ассамблея қызметкерлері және қоғам белсенділері қатысты. Өңірде медиация институты бар екенін біреу білсе, біреу білмес. Бұл – батыстан келген жаңашылдық. Ұйымның басты мақсаты – азаматтар арасында туындаған дау мен түсініспеушілікті сотқа жеткізбей шешу. Медиация – татуластыру рәсімі. Оның қоғамда атқаратын рөлі зор. Мәселен, биылғы …

МЕДИАЦИЯ – ТАТУЛАСТЫРУ ТӘСІЛІ Read More »

Радиация деңгейі талапқа сай

Облыстық экология департаментінің өкілдері кен орындарына жиі барады. Жақында табиғат жанашырлары Айыртау мен Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда болды. Мұнда бір кездері уран өндірілгені белгілі. Сондықтан мамандар гамма-сәулелену деңгейін тексерді. – Гигиеналық радиациялық қауіпсіздік стандартына сәйкес гамма-сәулеленудің көрсеткіші нормадан асып кету жайты анықталған жоқ. Тексеру көп уақытты алмайды. Қолымызда дозиметр-радиометр құрылғысы болады. Оған датчик қосылады. Сол …

Радиация деңгейі талапқа сай Read More »

МЫСЫРҒА ӘУЕ РЕЙСІ АШЫЛМАҚ

Тамыздың бірінші жексенбісі – көлік саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада салтанатты шара өтті. Өзінің де, өзгенің де өміріне жауапты қызметтің жүгін абыроймен арқалап жүргендер марапатталды. Салтанатты жиында 8 білікті маман марапатталды. Бауыржан Құсайыновтың осы салада жүргеніне 12 жылдан асыпты. Ол еңбек өтілін қарапайым жүргізушіліктен бастап, қазіргі таңда “Qyzyljar Buses” жауапкершілігі шектеулі …

МЫСЫРҒА ӘУЕ РЕЙСІ АШЫЛМАҚ Read More »

Адал еңбек – абырой

Дәнекерлеуші Нұрбек Мәнапұлы Қытайдың Алтай аймағында 1972 жылы дүниеге келген. 2005 жылы ата-жұртын аңсап жеткен ол дәнекерлеуші мамандығын игереді. Қазір Ильичевка ауылындағы “Тайынша май” зауытында еңбек етуде. – Өзімнің ата жұртыма оралғаныма қуанамын. Үш қыз, бір ұлым бар. Солтүстікке қоныс аударғаныма өкінбеймін. Мұнда бізді қуана қарсы алды. Елімнің қай өңірінде тұрсам да жұмыссыз қалған емеспін. …

Адал еңбек – абырой Read More »

“МӘҢГІЛІКТІҢ” МЕРЕЙІ ҮСТЕМ

“Мәңгілік” би ансамблі Болгарияда өткен халықаралық байқауда өнер көрсетіп, бас жүлдені жеңіп алды. Бұл – жеті жыл бұрын құрылған би ансамблінің алғашқы жеңісі емес. Шілденің 16-ы мен тамыз­дың 3-і күндері аралығында Бол­гария мемлекетінде халықара­лық бишілер байқауы өтті. Ерек­ше сайысқа Қазақстаннан тек “Мәңгілік” би ансамблі шақырту алған. Олар шетелдік сахнада қа­зақ халқының ұлттық билерін ұсынды. Осы …

“МӘҢГІЛІКТІҢ” МЕРЕЙІ ҮСТЕМ Read More »

Зиянды әдеттен сақтандырды

12 тамыз – Жастар күніне орай қаламыздың түкпір-түкпі­рінде түрлі іс-шара бас­тау алды. Со­ның бірі Қазақ­стан хал­қы об­лыс­тық ас­самблеясының маңында ұйымдастырылды. Аталған ша­ра­ны “Қоғамдық да­му және ақ­парат орталығы­ның” жастар бас­тамалары бөлімі және облыс­тық волонтерлік фронт-офис пен “Болашақ” кор­по­ративтік қоры бірлесіп ұйым­дас­тырды. – Акцияның мақсаты – денсаулық сақтауға жастар мен ерік­тілерді тарту, саламатты өмір сал­тын ұстануға ынталан­дыру. …

Зиянды әдеттен сақтандырды Read More »

Саңырауқұлақтан уланған

Петропавлда саңырауқұ­лақ­тан екі әйел қатты уланып, өлім аузынан қалды. Олардың біреуі әлі де жансақтау бөлімін­де жа­тыр. Солтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау бас­қармасы­ның мәліметінше, екі оқиға да бір күнде болған, бірақ бір-біріне қа­тысы жоқ. Жексенбі күні қа­лалық көп­бейінді ауруханаға са­ңырауқұ­лақ жеп уланды деген диаг­ноз­бен 49 жастағы әйел түс­кен. Өте ауыр жағдайда түскен қала тұрғыны бірден жансақтау …

Саңырауқұлақтан уланған Read More »

“Бұйырғаны – қола”

Франция астанасы Париж қаласында Олим­пиада ойын­да­ры жалғасуда. Ұлттық құра­ма қор­жынына тағы бір медаль түсті. Осы жолы әйелдер бок­сында Назым Қызайбайдың жұл­дызы жанды. 50 келі салмақта ел намы­сын қорғаған отандасы­мыз жар­ты­лай финалда қытай­лық Ву Юмен қолғап түйістіріп, төреші­лер шешімімен ұтылды. Алай­да Олимпиада ойында­ры­ның қола жүлдесін қанжығасы­на бай­лады. Назымның бұл жүл­десі – ел қоржынына түскен үшінші қола …

“Бұйырғаны – қола” Read More »

Ұрланған астық

Полицияға Тимирязев ауда­нындағы жауапкершілігі шек­теу­лі серіктестіктердің бірінің же­тек­­ші­сі жүгінген. Шаруашы­лық ау­мағынан салмағы 200 тон­на­дан аса­тын өнім ұрланған. Анық­тал­ғандай, би­дай 2024 жыл­ғы ма­мыр айының соңында және мау­сым айының басында түнгі уа­қытта тіркемесі бар “КамАЗ” жүк көліктерімен шы­ғарылған. Шы­ғын 32 миллион тең­­геге жуық­та­ған. Облыстық крими­налдық по­лиция басқар­масы­ның қызмет­керлері аудан­дық поли­ция бө­ліміндегі әріптесте­рімен бірле­сіп жүк көлікте­рінің жүргізу­шілерін – …

Ұрланған астық Read More »

АУЫЛ МӘДЕНИЕТІНІҢ АУҚЫМЫ ТАРЫЛМАСЫН

Ақан сері, Үкілі Ыбырай, Сегіз сері сынды дүлдүлдердің дүбірі қалған Қызылжар елі – ежелден ән мен жырдың бесігін тербеткен құтты мекен. “Алыптар ауылдан шығады” дегендей осы күні ел аузында жүрген өнер майталмандарының қай-қайсысы болсын кезінде ауыл сахнасынан түлеп ұшты емес пе? Сол талантты жандардың өнерін ұштаған ауылдағы руханият ошағы – Мәдениет үйлерінің қазіргі халі қалай? …

АУЫЛ МӘДЕНИЕТІНІҢ АУҚЫМЫ ТАРЫЛМАСЫН Read More »

АҒЗАНЫ УЛАЙТЫНЫН НЕГЕ ОЙЛАМАЙМЫЗ?

Қазақ руханиятының қарашаңырағы атанған “Soltüstık Qazaqstan” газетінің көтеріп отырған мәселесі өзекті. Шынында да күні кеше ғана алкогольді сусыннан ұрттайтындармен алысып едік, бүгін энергетикалық сусындардың салдарымен күресіп жүрміз. Бұлай жалғаса берсе, дені сау адам таппай қалуымыз ғажап емес. Себебі шаршағанда бойыңа қосымша қуат беретін сусынға құмартқандардың қатары күн санап артып келеді. Желік қуған жастардың арасында бірден …

АҒЗАНЫ УЛАЙТЫНЫН НЕГЕ ОЙЛАМАЙМЫЗ? Read More »

Жүргізуші куәлігін алу жеңілдеді

“eGov.kz” порталын пайдаланушылар енді жүргізуші куәлігін жарамдылық мерзімі аяқталған, жоғалған немесе ұрланған кезде ғана емес, сондай-ақ тегі, аты және әкесінің аты өзгерген кезде де ала алады. Енді жүргізуші куәліктерін ауыстырған кезде пайдаланушылар бұрын алынған жеке куәлігі мен паспортынан (3 жылдан аспайтын құжаттар) өз фотосын орнату мүмкіндігі пайда болды. Басты шарты фотосуреті пайдаланылатын құжат 3 жылдан …

Жүргізуші куәлігін алу жеңілдеді Read More »

Еркіндік үшін күресті

ХХ ғасырда елді оянуға, білім алуға, мәдениет пен ғылымға шақырып, тәуелсіз мемлекет атануға үндеген Алаш қайраткерлерінің арасында солтүстік өңірдің тумалары көп болғанын көзі ашық, көкірегі ояу қазақтың бәрі біледі. Атап айтқанда, олардың қатарында Мағжан Жұмабаев, Смағұл Сәдуақасұлы, Қошке Кемеңгерұлы, Бекмұхамед Серкебаев, Абдолла Байтасұлы сынды тұлғалар бар. Менің нағашы атам Мұхамеджан Бейсенов те белгілі ұлт зиялыларымен …

Еркіндік үшін күресті Read More »

АУЫЗБІРШІЛІГІ БЕКЕМ АЛҚАТЕРЕК

Ақжар ауданына газет пен оқырманның қарым-қатынасын нығайту мақсатында жолға шықтық. Қаз қатар тізілген аққайыңдар табиғаттың сәнін кіргізсе, көлге қонған бір топ аққу дала әнін айтып тұрғандай… Қызылжар, Аққайың, Тайынша аудандарын артқа тастап, аудан орталығы Талшыққа жақындағанда шұрық-тесік жолдар ойымызды бұзып жіберді. Алдымен сол кездегі аудан әкіміне сәлем беріп шықтық. Аудан басшысы Алқатеректің берекелі, ұйымшыл ауыл, …

АУЫЗБІРШІЛІГІ БЕКЕМ АЛҚАТЕРЕК Read More »

Таңат БЕЙСЕНБАЕВ: “РУХАНИЯТТАН АЛЫСТАҒАН АДАМ ДАҒДАРЫСҚА ҰШЫРАЙДЫ”

– Таңат Ошыбайұлы, әңгімені әріден бастайық, Арқаның сал-серілерін үлгі тұтқан жасқа атақты Ғарифолла Құрманғалиевтің шәкірті атанып, Батыс ән мектебінің мақамын меңгеру оңай болмаған болар. – Арқа, Жетісу, Маңғыстау, Сыр өңірі, Батыс дәстүрлі ән мектептері барын жақсы білерсіз. Арқада тұрып, бұл жақтың ән айту стилі бойымызға сіңгендіктен Ғарифолла ағайымның дәрістері оңай тие қоймады. Әскер қатарынан келген …

Таңат БЕЙСЕНБАЕВ: “РУХАНИЯТТАН АЛЫСТАҒАН АДАМ ДАҒДАРЫСҚА ҰШЫРАЙДЫ” Read More »

Келінге кеңес

Елдегі Есенбай ағай құрмал­дық бермек. Қырық жылдан астам уақыт бойы ауылдың шаң-тозаңын жұтып, еңбек етті. Енді міне, зей­нет демалысына шықпақ. Бір күн ерте бардық. Құрмалдықтың дәмі­мен бірге, елге деген сағыныш та­ғат таптырмаған. Ағай дайындық қамында екен. Алыс-жақындағы ті­лектес, ниеттес қауымның басын қоспақ. Қыс бойы жемдеулі тұрған малын сойғалы жатыр. Жарты етін қаладан келген саудагерге сат­пақ. …

Келінге кеңес Read More »

ОТБАСЫНЫҢ БЕРЕКЕСІ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың: “Әділетті Қазақстан­да еңбек адамына ерек­ше құрмет көрсетілуі тиіс. Әсіресе, ұс­таз, дәрігер, тәртіп сақшысы, құт­қарушы, жұ­мысшы, шаруа сияқты мамандардың мәртебе­сін одан әрі арттыра түсуіміз қажет, осы кәсіп иелері тиісті құрмет пен сыйға ие болғанда ғана, қоғамымыз шынымен жаңарады деп айта аламыз”, – деген сөздері ойға оралады. Пре­зидент аталған мамандықтар бойын­ша қызмет етіп жүргендер …

ОТБАСЫНЫҢ БЕРЕКЕСІ Read More »