Әр кәсіптің өз нәсібі бар
Кәсіп ашқанға дейінгі кезең үйрену мектебі болды десем, артық айтқандық емес. Осы бір қиындығы мол саламен бірден айналысуға тәуекел ете қоймадым және оған қаржылық мүмкіндік те болмады. Әйтеуір түбінде бір ат басын бұрармын деген сенім құшағында жүргенім рас. Бастапқыда кәсіпкерліктің қыр-сырын әбден меңгеріп алайын деген оймен, атап айтқанда, өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдары “Алекс” гастрономының бір …