«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Маңызды

ЖАУАПТЫ КЕЗЕҢ

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Тайынша ауданына жұмыс сапарымен барып, тасқынмен күрес жұмыстарын тексерді. Өңір басшысы Тайынша қаласында,  Теңдік, Донецкое және Летовочное ауылдарында болып, қалыптасқан жағдаймен жіті танысты. Қар көлемі әлі де көп және де күннің жылуына байланысты тез еруде. Ағынды судың зардаптарын болдырмау, залалын барынша азайту мақсатымен құм салынған қаптар мен инертті материалдар дайындалып, нығайту …

ЖАУАПТЫ КЕЗЕҢ Read More »

ЕРІГЕН ҚАР ЕСТІ ШЫҒАРДЫ

Шапса аңның тұяғы, ұшса құстың қанаты талатын қазақтың кең-байтақ жерінде жұртшылықты әбден әуре-сарсаңға салып,  есін шығаратын ағайынды жеті жұттың ішінде ең қатерлісі – топан су. Оның бірі, яғни  жайылым-шабындықтардың тоң болып қатып, мұздаққа айналуынан төрт түлік малдың жүдеп, пышаққа ілінуі, арам қатуы   жөнінде газетіміздің биылғы  7 наурыз күнгі санында жарияланған «Көтерем мал көктемге аман шықса …

ЕРІГЕН ҚАР ЕСТІ ШЫҒАРДЫ Read More »

БАСТЫ БАҒЫТ – МАЛ ТҰҚЫМЫН АСЫЛДАНДЫРУ

Былтыр Президент Қасым-Жомарт Тоқаев  облысқа жұмыс сапарымен келгенде «Қызылжар-Сүт» фермасындағы  сауын цехы мен мал бордақылау алаңы көрсетіліп,  қолданылатын сүт өндіру технологиясы таныстырылды. Мемлекет басшысы Қызылжар өңірінде  мал шаруашылығы өнімдерінің өндіріс көлемін ұлғайтуға мол мүмкіндік бар екеніне тоқтала  келіп,  озық өндірістік жобаларға  міндетті түрде қолдау жасалатынын,  әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар арқылы  жеңілдікпен несие беру өз тиімділігін көрсеткенін, қаржыландыру …

БАСТЫ БАҒЫТ – МАЛ ТҰҚЫМЫН АСЫЛДАНДЫРУ Read More »

Ескі әдіспен егін егетіндер көп

Облыс орталығында 2024 жылғы көктемгі дала жұмыстарын сапалы өткізу туралы семинар-кеңес өтті. Жиынға өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов, Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров, аудан әкімдері, өңір диқандары, ғалымдар мен сала мамандары қатысты. Семинар-кеңесті ашқан облыс әкімі өңірдегі егіс науқанына дайындықтың маңыздылығын атап өтті. Кейін Айдарбек Сейпілұлы елдегі агроөнеркәсіптік кешеннің дамуы туралы баяндама жасады. Өз сөзінде министр …

Ескі әдіспен егін егетіндер көп Read More »

ЕРІГЕН ҚАР СУЫ ҮЙЛЕРГЕ КІРУДЕ

Петропавлда еріген қар суы жеке тұрғын үйлерге кіріп жатыр. 28-29 наурызда “109” бірыңғай байланыс орталығына көмек сұ­раған тұрғындардан 119 хабар­ла­ма түскен. Үйлеріне су кірген тұрғындар бейнежазбаларды әлеуметтік же­ліге жүктеуде. Мәселен Петро­павлдағы Перминов көшесіндегі баспанаға су екі сағат ішінде кір­ген. Пугачев көшесіндегі үй тұрғындары “су сорғыш машинаны 5 сағаттан арттық күттік” дейді. Татьяна Чыбикина Жұмысшы кентінде …

ЕРІГЕН ҚАР СУЫ ҮЙЛЕРГЕ КІРУДЕ Read More »

Ақпараттар ағыны адастырып жүрмесін

Әр кү­німіз өмірімізге өзгеріс әкеліп, жаңалық атаулы көз ілеспес жылдамдықпен жұртқа тарау­да. Дүниежүзінің бір бұры­шын­да көбелектің қанат қаққа­нын­дай тербеліс туса, соның тол­қыны санаулы секундтар­дың ішін­де алты құрлыққа жетіп үл­гереді. Ертең болар дүниенің дү­бірі бүгін басталып, елдің дүрлі­гіп жатқаны. Сірә, бұрындары адамзат үшін ақпарат алу, кітап оқу де­ген сияқты игіліктер тек ақ­сүйектердің еншісіндегі іс болса керек. …

Ақпараттар ағыны адастырып жүрмесін Read More »

СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

Облыс әкімі жұмыс сапарымен Жамбыл ауданына барды. Мұнда өңір басшысы бірқатар нысандарды аралады. Мәселен, аудан тұрғыны Владимир Лагода көптен бері бері жиһаз өндірісімен айналысады. Бүгінгі таңда оның кәсіпорнында алты адам жұмыс істейді. Мұндағы орташа жалақы – 150 мың теңге. Кәсіпорынның негізгі тұтынушылары – жергілікті тұрғындар мен Қостанай облысының шекаралас аудандары. Бұл күні аудан орталығында “Жас …

СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ Read More »

Қызыр түнінің қасиеті

Қазақ халқының Наурыз­ды қарсы алудағы ежелгі на­ным-сенімі бойынша, дәл осы кеш­те даланы Қыдыр ата аралайды екен. Сол себепті қазақ үшін Нау­рыз түні “Қызыр түні” аталып, қа­сиетті са­нал­ған. Ал осы “Қызыр түнінде” ел ара­лай­тын Қыдыр ата­ның қазақ өміріндегі орны қан­дай? Бұл қаншалықты дұрыс? Жал­­пы адамдарға дәулет дары­тып, бақ қон­дырады дейтін ізгі се­німмен астасып жата­тын аталған әулие …

Қызыр түнінің қасиеті Read More »

ҰЛТЫМЫЗДЫ ҰЙЫСТЫРАТЫН ҰЛЫҚ МЕЙРАМ

Құрылтай шақыру – ертеден келе жатқан ата дәстүріміз. Төл тарихымызға үңілетін болсақ, бабаларымыз ұлт тағдырына қатысты қадау-қадау жайттар­ды алқалы жиындарда халық бо­лып талқылап, ақылдасып, бү­кіл елді біріктіретін шешім қа­былдап отырған. Талас құрыл­тайынан кейін Алтын Орда дербес мемлекетке айналды. Ордабасы, Қарақұм құрылтай­ла­ры қол бастаған батырлар­ды елді, жерді қорғауға ұйыстырды. Орынбордағы бі­рін­ші қазақ құрылтайында Алаш партиясы құрылды. …

ҰЛТЫМЫЗДЫ ҰЙЫСТЫРАТЫН ҰЛЫҚ МЕЙРАМ Read More »

Жаңа жылмен бірге келген жыр көші

Кешегі Шал ақын, Шөже, Орын­бай, Ақан сері, Үкілі Ыбырайлар ғұ­мыр кешкен киелі мекенде жырдың көші әманда үзілмек емес. Ғасыр­лар бойы ән мен жырға бесік бол­ған Қызылжар халқының да қара өлеңге деген ықыласы ерекше. Жыл сайын өңірде өтетін аламан айтыстарда залға лық толып отыратын сөзұғар көрермен – со­ның дәлелі. Қазақтың аузы дуалы, сөзі уәлі ақындары да …

Жаңа жылмен бірге келген жыр көші Read More »

АУЛАДАҒЫ ӘЗ-НАУРЫЗ

Наурыз мейрамына арналған мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні аясында мерекелік іс-шаралар қаламыздағы көп­қабатты үйлердің аулаларында ұйымдас­тырылды. Тұрғындар бірігіп, ор­тақ дастарқан жайып, концерт қойды, ұлттық ойындар өткізді. Сондай мерекенің бірі – Жам­был көшесі, 80 мекенжайындағы үйдің ауласында өтті. Өңір бас­шы­сы Ғауез Нұрмұхамбетов аулаға жиналған қа­ла­лықтарды Наурыз мейрамы­мен құттықтап, бірлесе ұйымдас­ты­рылған мереке үшін алғысын білдірді. – Бес …

АУЛАДАҒЫ ӘЗ-НАУРЫЗ Read More »

Қуатты армия – тыныштық кепілі

Ұлттық ұлан академиясының ұйымдастыруымен С.Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрында “Қазақстанның әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етуде әскери білім беруді дамыту” тақырыбы бойынша алтыншы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Алқалы басқосу Ресей, Бе­ларусь, Өзбекстан, Тәжікстан мем­­лекеттері өкілдерінің, Қа­зақ­­станның жоғары оқу орын­да­ры профессорлық-оқытушылық құрамының, ғалымдар­дың, әс­кери құрылым офицер­ле­рінің, таяу шетел докторант­та­рының, ас­пиранттар мен ма­гистрант­тар­дың қатысуымен өтті. Қазіргі кезеңде тактиканы …

Қуатты армия – тыныштық кепілі Read More »

Ұлы тұлғаларымыз туған елді мекендерді сақтап қалудың кешенді жоспары керек

Қызылжар өңірі жекелеген елді мекендердің жойылуы жөнінен республикада алдыңғы қатарда десек қателесе қоймаспыз. Соның дені – қазақ ауылдары. Оған себеп жетерлік. Бәрін санамалап шығуды жөн көріп отырған жоқпын. Бүгінгі сөз еткелі отырған жағдай басқа. Біздің облыста бүкіл еліміз мақтан етерлік ұлы тұлғалар шыққан ерекше үш аудан бар. Олар – Айыртау, Мағжан Жұ­мабаев және Жамбыл аудан­дары. …

Ұлы тұлғаларымыз туған елді мекендерді сақтап қалудың кешенді жоспары керек Read More »

Көрісу – көктемнің басы

Кеңес билігі 1926 жылдан бастап Наурыз мейра­мын тойлауға ресми түрде ты­йым салса да, ел ішінде атап өтілетін. Үлкендер жағы “Ұлыс­тың ұлы күні келді” десіп, бір-бі­рімен төс қағыстырып, көрісу рә­сімін жасайтын. “Ақ мол бол­сын, қайда жүрсең, жол болсын!” деген игі тілектер айтылып, көп­тен көріспеген ағайын құлын-тайдай шұрқырасып, арқа-жар­қа болатын. Әбден тоң болып қатқан жер-ана бусанып, жыл …

Көрісу – көктемнің басы Read More »

Қызметтің құлы

Бақытбек БЕЛГІБАЕВ, 49 жаста. Адам өмірі үздіксіз қозғалыс­тан тұрады. Біз шыр етіп дүниеге келген сәттен бастап жыбырла­ған тіршілікке араласып, ақырғы рет көзіміз жұмылғанша жай тап­паймыз. Тіпті ұйықтап жатқан сәтте де әр түрлі ойлар санамыз­ды сілкіп, түсімізде де тынымсыз әрекет етіп жүреміз. Кейде маған адамның саналы ғұмырының мәні де осы қозғалыс сияқты кө­рінеді. Біздің басқа тіршілік …

Қызметтің құлы Read More »

Қалың қардан қауіп көп

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұ­хам­бетов Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда су тасқы­ны­на қарсы іс-шаралардың орын­далу барысын тексерді. Рузаевкада­ғы жағдай туралы есепті тың­дап, Жембарақ және Шарық өзендерін бақылап, су өткізгіш құбырларды тазалау барысын қарады. Бірлік ауылына Есіл өзе­ні арқылы өтетін көпір құры­лысының жобасымен таны­сып, арнайы техниканың да­йын­дығын да бақылады. Сондай-ақ Ғауез Нұрмұ­хам­бетов көктемгі су тасқы­ны­на дайындықты пысықтау үшін …

Қалың қардан қауіп көп Read More »

КӨТЕРЕМ МАЛ КӨКТЕМГЕ АМАН ШЫҚСА ИГІ

Қара қоян жылы еліміздің бір­қатар өңірлерін үлкен әбігерге салып отырған жайы бар. Әсіре­се қытымыр қыстың өте жайсыз ти­гені соншалық, азын-аулақ мал өсіріп, бала-шаға нәпақа­сын айырып отырған ауылдық­тар қазіргі уақытта не істерлерін білмей, дағдарып қалған сы­ңай­лы. Өйткені ала жаз бойы қам­да­ған жемшөп қоры түгесіліп, жер­гілікті билік орындарынан көмек сұрауға мәжбүр. Об­лыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Ақжар және …

КӨТЕРЕМ МАЛ КӨКТЕМГЕ АМАН ШЫҚСА ИГІ Read More »

ОН ЕКІ АЙДЫҢ СҰЛТАНЫ

Қазақ халқы ежелден Рамазанды ерекше қастерлеп: “Он екі айдың сұлтаны”, – деп атаған. Берекесі мол айда ағайын-туыстар, көрші-қолаң бір-біріне жарапазан жырын айтып, оразаның келгенін қуанышпен жеткізіп, насихат­таған. Ал ауызашар дастарқаны рухани сұхбаттың, бата мен ізгі тілектің қайнары болған. Ауыз бекіткен адамды айрықша қадірлеп, оған ауызашар беру – бағзыдан келе жатқан салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрпымыз. Қазақстан мұсылмандары …

ОН ЕКІ АЙДЫҢ СҰЛТАНЫ Read More »

ЕСІЛ АҒАДЫ МАҒЖАННЫҢ ЖҮЙРІК ЖЫРЫНДАЙ…

Өзіміз күнделікті ортасында жүрген, аптабымен күйдіріп, аязымен тоңдыратын, бірде арқаңнан қағып марқайтатын, қызығы да, қыжылы да көп қым-қуыт мына дүние әуен мен әуезге, сарын мен сазға тұнып тұр. Тереңінен толқып көтеріліп, бір жотаның омырауын иненің көзіндей тесіп, жылт-жылт етіп ағып жатқан ерке Есілдің сылқ-сылқ күлген сылқым сылдырына құлақ түріңізші. Одан заман мен уақыттың дүбір мен …

ЕСІЛ АҒАДЫ МАҒЖАННЫҢ ЖҮЙРІК ЖЫРЫНДАЙ… Read More »

ЖАСТАРҒА ЖАҢА МҮМКІНДІК

Елімізде өңірлік кадр ре­зервте­ріне іріктеу басталды. Өңірлік кадр резервінің басты мақсаты – талантты жастар арасынан жаңаша ой­лайтын көшбасшылар, жас бас­қарушылардың тобын қалып­тас­тыру. Іріктеуге жоғары білімі және кемінде 3 жыл жұмыс өтілі бар 35 жастан аспаған Қазақ­стан азаматтары қатыса алады. Өңірлік резервке іріктеуге Қа­зақстан Республикасының Пре­зиденті тағайындаған адамдар, саяси қызметшілер, “А” корпу­сының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері, бұған …

ЖАСТАРҒА ЖАҢА МҮМКІНДІК Read More »