Елге сыйлы абзал ана
Тоқсан жас– екінің біріне бұйырмаған торқалы той. Кейде пендешілікке бой ұрып, ұзақ жасаған адамдар жайында: «Ешқандай бейнет көрмеген, ауырдың асты, жеңілдің үстімен, шалқып балқып өмір өткізген ғой», – деген сияқты қисық сөз айтатын әдетіміз бар. Әркімнің жүрген жолы өзіне аян. Еңсерген қиындығы да, көңілін жұбатқан қуанышы да олардың әжім басқан жүзінде, тарамыс тартқан қолынанақ көрінеді. …