«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Маңызды

Халыққа жылдам интернет қажет

Өңір тұрғындары тарапынан байланыс желісі мен интернет сапасына көп шағым айтылады. Әсіресе ауылдағы ағайын ғаламтордың ғажабын сезіне алмай жүр. Айшылық алыс жерлерден көзіңді ашып-жұмғанша жылдам хабар алғызар байланыс желісінің де сапасы сын көтермейді. Облыс әкімінің орынбасары Сәтжан Аблалиев “Beeline Қазақстан” компаниясының бас директоры Евгений Настрадинмен кездесіп, өңірді сапалы байланыспен және интернетпен қамтамасыз ету жайында сөйлесті. …

Халыққа жылдам интернет қажет Read More »

ЕГЕМЕНДІКТІҢ БЕЛГІСІ

Мемлекеттік рәміздер – бұл кез кел­ген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін атрибут­тар. Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы және Әнұраны ұлт­тық болмыс ерекшеліктерімен сипат­талып жасалған. Бұл рәміздерді жа­саушылар үлкен шы­ғармашылық ізденіс танытқаны байқалады. Қазақстан Республикасы Мемле­кеттік туының авторы – Қазақстан­ның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков. Тәуелсіз Қазақ­станның Мемлекеттік Туы ресми түр­де 1992 жылы қабылданды. Көгілдір түсті …

ЕГЕМЕНДІКТІҢ БЕЛГІСІ Read More »

МЕҢГЕСЕРДІҢ ШИПАЛЫ СУЫ — МЫҢ ДЕРТКЕ ЕМ

Өңірімізде жаз маусымында жергілікті тұрғындар демалуға жиі баратын орындардың бірі – Меңгесер көлі. Суының құрамы Өлі теңізге пара-пар көлге көрші Ресейден, өзге де алыс-жақын мемлекеттерден арнайы келіп, ем қабылдайтындар көп. Облыстың киелі жерлерінің картасына енген тұзды көлдің қасиеті өңір тұрғындарына бұрыннан таныс. Шілде айының ортасынан бастап белі ауырып, буыны сырқыраған жұрт көлге қарай ағыла бастайды. …

МЕҢГЕСЕРДІҢ ШИПАЛЫ СУЫ — МЫҢ ДЕРТКЕ ЕМ Read More »

ӘСЕМ РАХМЕТОВА — СЕНАТ ДЕПУТАТЫ

Петропавлда облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттар депутаттарының бірлескен отырысы өтіп, Парламент Сенатының депутаты сайланды. Саяси шараны облыстық мәслихаттың төрағасы Владимир Бубенко ашып, отырысқа қалалық, аудандық, облыстық деңгейдегі 193 депутаттың –180-і, сондай-ақ кандидаттардың сенімді өкілдері, байқаушылар, БАҚ өкілдері қатысып отырғанын жеткізді. Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Асқар Сақыпкереев заңға сәйкес, Парламент Сенатының депутаты барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары …

ӘСЕМ РАХМЕТОВА — СЕНАТ ДЕПУТАТЫ Read More »

Тарихтан тағылым — өткенге тағзым

Егемендік алғалы тарихтың бұрын бүркемеленіп келе жатқан кезеңдері зерттеліп, шаң басқан архив деректері ғылыми айналымға түсті. Тәуелсіз республикалардың тарихшылары өткен ғасырдың 20-30 жылдары орын алған оқиғалардың әділ бағасын беру мәселесін көтере бастады. Сол жылдары жазықсыз құрбан болғандарды ақтау ісі қарқын алды. Қатаң режімнен орасан зор зардап шеккен қазақ халқы да қасіретті жылдардың зобалаңын жадынан шығарған …

Тарихтан тағылым — өткенге тағзым Read More »

СЫН САҒАТТАН СҮРІНБЕЙ ӨТ, ЖАС ТҮЛЕК!

Биыл елімізде жеті жүзге жуық білім беру мекемесі оқу жылын аяқтады. Онда 100 мыңнан астам тәрбиеленуші, оқушы және студент білім нәрімен сусындады. Оқу-ағарту министрінің бұйрығымен мектептердегі оқу жылы 31 мамырға дейін созылды. Одан әрі белгіленген тәртіп бойынша түрлі шаралар ұйымдастырылады. Сабақтар аяқталған соң, жылдың қорытындысы ретінде сынып сағаттары өтеді. Ондағы көтерілетін негізгі тақырыптар – оқу …

СЫН САҒАТТАН СҮРІНБЕЙ ӨТ, ЖАС ТҮЛЕК! Read More »

Жатақхана құрылысы жоспарланған мерзімнен кешігуі мүмкін

Спортқа дарынды балаларға мамандандырылған олимпиадалық резервтегі мектеп-интернат-колледж тәрбиеленушілеріне арналған жатақхана құрылысы былтыр желтоқсан айында пай­далануға берілуі тиіс еді. Алайда оның салыну мерзімі жоспарланған кестеден қалып отыр. “AMANAT” партиясы облыстық фи­лиалы партиялық бақылау ко­мис­­сиясының мониторингтік тобы жа­тақхана құрылысын бақылауды қолға алған. Олар осыдан он күн бұрын нысанға барып, мәселенің мән-жайына қанықты. Құрылыс қар­қынының бәсеңдеуіне жұмысшы­лар­дың жетіспеушілігі …

Жатақхана құрылысы жоспарланған мерзімнен кешігуі мүмкін Read More »

Жерге жауапсыз қарайтындар көп

Атакәсіпті нәсіп етіп, төрт түлік малдан табыс тауып отырған ауылдағы ағайынның жаз шыға жайылымдық жер таппай қиналатыны жасырын емес. Елді мекендердің айналасындағы жердің жекеменшікке өтіп, біразының дұрыс пайдаланылмай жатқаны қарапайым халықтың қолын байлауда. Мал азығының күн сайын қымбаттап бара жатқанын айтпағанда, төрт түліктің өрісінің тарылуынан кей ауылдардағы отар-отар қойдан бүгінде ондағаны ғана қалғанын осы салада …

Жерге жауапсыз қарайтындар көп Read More »

Ауыл жолы жөнделуде

“Ауыл – ел бесігі” бағдарламасы аясында Уәлиханов ауданындағы Бидайық ауылының жолдары жөнделуде. Бұл мақсатқа ел қазынасынан 390 млн. теңгеге жуық қаражат бөлінді. Уәлиханов аудандық құрылыс, сәулет, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Амангелді Қойшыбаевтың айтуынша, биыл ауданның 100 шақырым жолы ретке келтіріледі деп жоспарлануда. – Өндіріс, Жұмысшы, Мырзағұл ауылдарына апарар 35 …

Ауыл жолы жөнделуде Read More »

Өңірімізде ат жарысы маусымы ашылды

Бәйге десе делебесі қозып, арқаланып шыға келетін ұлтпыз. Қазіргі уақытта жұртшылықтың жүйріктер жарысына деген ықыласы ерекше. Бұған өңірде өтетін аламан бәйгелерге жиылатын қалың жұртшылық дәлел. Жанкүйерлердің қолдауы мен қиқуы шабандоздарға да жігер беріп, алға бастайды. Ұлттық спортымыздың бүгінге дейін сақталып келе жатқанынына халқымыздың осы қасиеті себеп шығар, бәлкім. Жылдағы дәстүрге сай Қызылжар ауданындағы “Құлагер” ипподромында …

Өңірімізде ат жарысы маусымы ашылды Read More »

БАЛА САНЫНЫҢ АЗДЫҒЫ — БАСТЫ МӘСЕЛЕ

Ауыл – халқымыздың ұлттық құндылықтарының мәйегі, тіліміз бен салт-дәстүрлеріміздің қайнар көзі десек, мектеп – білім мен тәрбиенің, мәдениеттің алтын діңгегі. Өкінішке қарай, жыл өткен сайын елді мекен тұрғындарының саны азайып барады. Оның басты себептерінің ішінде демографиялық ахуал қатты алаңдатса, шешімін таппаған басқа түйінді мәселелер де аз емес. Әсіресе оқушылар санының күрт кемуі ойландырмай қоймайды. Мәселен, …

БАЛА САНЫНЫҢ АЗДЫҒЫ — БАСТЫ МӘСЕЛЕ Read More »

ҚАЗАҚ СЫНЫПТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

Облыс орталығында “Amanat” партиясы облыстық филиалының жанынан құрылған “Miras” қоғамдық кеңесінің отырысы өтіп, бірқатар мәселелер талқыланды. Күн тәртібіне сай алғашқы отырыста алдымен кеңестің жаңа мүшелері мен төрағасы таныстырылды. Партияның орталық бюросының мақұлдауымен кеңес төрағасы болып “Қызылжар-Ақпарат” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас редакторы Ербақыт Амантай, орынбасары болып халықаралық “Қазақ тілі” қоғамы облыстық филиалының төрағасы Жанат Мұхамеджанов тағайындалды. …

ҚАЗАҚ СЫНЫПТАРЫ КӨБЕЙЕДІ Read More »

Міндетіне салғырт мердігерлер бар

Петропавлда салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылысымен танысқан облыс әкімі Айдарбек Сапаров іргелес аумақтарды абаттандыру жұмысына да баса назар аударды. Бірқатар мердігердің жұмысына көңілі толмаған өңір басшысы өзіне жүктелген міндетті сапалы орындамаған компаниялармен келісімді бұзу керек екенін атап өтті. Өңір басшысы ең алдымен “Жас өркен” шағынауданындағы Горький көшесінде салынып жатқан үйдің құрылыс алаңында болды. 2021 жылдың …

Міндетіне салғырт мердігерлер бар Read More »

АТ ҮСТІНДЕ ӨТКЕН ҒҰМЫР

Абылай ханның бозбала күнінде жарқ етіп, қазаққа ерлігімен танылған, жекпе-жекке шығып, қалмақтың Шарыш батырын өлтіріп, хан тағына отырғаннан кейінгі ғұмыры шайқастарға, азаттық жолындағы күреске толы болғандығы аян. Осындай аласапыран кезеңдерде қазақтың баһадүр батырлары, от ауызды, орақ тілді шешендері Абылайдың арқасүйерлеріне, көмекшілеріне айналды. Сондай ержүрек тұлғалардың бірі – Жанатай Ақанұлы. Шыны керек, былайғы жұрт Жа­на­тай батырдың …

АТ ҮСТІНДЕ ӨТКЕН ҒҰМЫР Read More »

МАШИНА ЖАСАУШЫЛАР ФОРУМЫ

Астана қаласында Қазақстан машина жасаушыларының XI форумы өтті. Оның аясында машина жасау және металл өңдеу бойынша “Kazakhstan Machinery Fair 2023” халықаралық мамандандырылған көрмесі ұйымдастырылды. Бұл көрмеге Солтүстік Қазақстан облысының өкілдері де қатысты. Аталған саланың ірі кәсіпорындары, заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етушілер мен тұтынушылар, түрлі мемлекеттік сектор өкілдері, бизнес-қауымдастықтар бас қосты. Форумның пленарлық отырысына қатысушылар машина жасау …

МАШИНА ЖАСАУШЫЛАР ФОРУМЫ Read More »

Дала төсіндегі дүбір

Өңірімізде дала төсін дүбірге толтырар көктемгі егіс науқаны басталды. Еңбек көрігін қыздырған диқандар 4,5 млн. гектар алқапқа дән себуді жоспарлап отыр. Облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының мәліметінше, биыл егіс алқаптарында ылғал жабу жұмысы 100 пайыз жүргізілді. Ылғал жапқанның ырысы мол болары анық. 3,2 млн. гектарға дәнді және бұршақты, 960 мың гектар алқапқа майлы …

Дала төсіндегі дүбір Read More »

Қызыл жалын шарпыған үйлердің тұрғындарына өтемақы беріледі

7 мамыр күні Петропавлдың “Береке” шағынауданында өрт шығып, қызыл жалын тұрғын үйлерді шарпыды. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 18:57-де Петропавлдағы Сенная көшесіндегі қураған қамыс жанып жатқаны жөнінде хабар түскен. Желдің екпіні сол күні секундына 20-23 метрге дейін жеткендіктен, өрт 4-ші қауіпсіздік деңгейінде деп бағаланды. – Қатты желдің салдарынан әрі күн ыстық болғандықтан …

Қызыл жалын шарпыған үйлердің тұрғындарына өтемақы беріледі Read More »

МЫҢ ТАҒЗЫМ САҒАН, МАЙДАНГЕР!

Жеңіс күніне орай өңір басшысы Айдарбек Сапаров қалада тұрып жатқан соғыс ардагерлері – Қожатай Некібаев пен Иван Клименконың үйлеріне арнайы барып, мерекемен құттықтады. Жыл сайын қатары сиреп бара жатқан майдангерлердің бүгінде жетеуінің көзі тірі. Мерекеге орай қарт жауынгерлермен жүздескен облыс әкімі олардың ел басына күн туған сәтте халыққа қорған болғандарын айтты. – Сіздерді Жеңіс күнімен …

МЫҢ ТАҒЗЫМ САҒАН, МАЙДАНГЕР! Read More »

Бабалар рухына бас иді

7 мамыр – Отан қорғаушы күніне орай облыс орталығындағы Ағынтай мен Қарасай батырлардың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Аталған шараға өңір басшысы Айдарбек Сапаров пен облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменттің мамандары, әскери сала ардагерлері мен жастар қатысты. Салтанатты шара қатысушылары ескерткішке лек-легімен келіп, гүл қойып, тағзым етті. Шын мәнінде бұл жандар тек ескерткішке айналған …

Бабалар рухына бас иді Read More »

Түйінді мәселелер көп

Облыстық кәсіпкерлер палатасы жанындағы агроөнеркәсіп кешені және тамақ өнеркәсібі кеңесінің отырысында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер бал өнімін өткізуге, жер телімдеріне, субсидиялауға, жөн-жосықсыз тексерулерге қатысты қиындықтарды талқылады. Оған облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Мейрам Меңдібаев қатысты. Басқосуда кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Марат Ысқақов палата жанынан құрылған 6 салалық кеңестің белсенді жұмыс істеп жатқанын, …

Түйінді мәселелер көп Read More »