«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Экономика

Экономикалық өсім тұрақты

Биылғы қаңтар айы бойын­ша облысымыздың экономика­лық дамуы­ның қысқаша қоры­тын­ды­лары белгілі болды. Тұр­ғын үй енгізу кө­лемі – 36,7, бөл­шек сауда 0,7 пайызға өсті. Не­гізгі капиталға құйылған инвес­ти­циялар көлемі – 13,9 млрд. теңге. Шаруашылық жүргізетін субъек­ті­лердің меншікті қара­жаты 72,5 пайызға жетіп, ол негізгі капиталға салынған ин­вести­цияларды қар­жыланды­рудың тетігі саналып отыр. Негізгі капиталға құйылған ин­вестицияларды игеру бойын­ша ба­сым …

Экономикалық өсім тұрақты Read More »

Жинақтау мерзімі ұзартылмақ

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі тұрғын үй жағ­дай­ларын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемде­рін пайдаланудың қолданыс­тағы ережелеріне өзгеріс­тер енгізуді ұсынып отыр. Ұсынысқа сәйкес, “Отбасы банк” депозиттерінде бір­жолғы зейнетақы төлемдері қаражатын жинақтау мерзімі 3 жылдан 8 жылға дейін ұл­ғайтылмақ. Осы жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша еліміздегі 135 мыңға жуық азамат өз қаражатын біржолғы зейнетақы төлемдері­нен “Отбасы банк” АҚ …

Жинақтау мерзімі ұзартылмақ Read More »

Жарық құны қымбаттады

Өңірде кезекті рет электр энергиясының бағасы өсті. Ақпан айының ортасынан бастап қызмет құны 3,85 теңгеге қымбаттап отыр. Бұл ретте тұрғын үйлер мен коммерциялық нысандар үшін баға әртүрті есептеледі. Тұрмыстық қажеттіліктер үшін қызмет құны 1 кВт/ сағатқа 19,2, тұрмыстық емес қажеттіліктер үшін 31,2, мемлекет қазынасынан қаржыландырылатын заңды тұлғалар үшін 38,9, әлеуметтік маңызы бар тауарлар шығаратын нысандар …

Жарық құны қымбаттады Read More »

СҮТ – ТАБЫС КӨЗІ

Он шақты жыл бұрын “Шаруа қожалықтары болашақта табысты болғылары келсе, тауарлы-сүт фермаларын ашулары тиіс” деген ой айтылған болатын. Себебі егін шаруашылығын қанша әртараптандырсақ та, ауа-райына тәуелді. Оған өткен жылы көзіміз жетті. Ал малды етке өткізу үшін өсіру де табысқа кенелтер кәсіп емес. Оның орнына тауарлы-сүт фермаларын салу – табыс көзі ғана емес, жыл бойғы тұрақты …

СҮТ – ТАБЫС КӨЗІ Read More »

ҚЫЗЫЛЖАР – ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУҒА ҚОЛАЙЛЫ ӨҢІР

Экономиканың ілгері басуы­ның басты алғышарттарының бірі – инвестиция. Ауыл шаруа­шылығы, өндіріс пен құрылысқа тиімді құйылған қаржы иесіне еселеп қайтып, халықтың да әл-ауқатының артуына септеседі. Қай елдің болмасын даму қарқы­ны инвестиция ағынымен, биз­нестің дамуына қолайлы жағдай­дың жасалуымен айқындалады. Инвестиция тарту Қызылжар өңі­рінің де әлеуметтік-экономикалық ілгерілеуіне айтарлықтай әсер етуде. Соңғы бірнеше жыл­дың көлемінде құйылған мил­лиардтаған қаржының арқасын­да …

ҚЫЗЫЛЖАР – ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУҒА ҚОЛАЙЛЫ ӨҢІР Read More »

Батыл бастамалар алаңы

Білім беру қызметкерлерінің әлеуметтік-эко­­номикалық құқықтарын, еңбек және кәсіптік мүдделерін қорғау, еңбек заңнамасының сақталуы­на қоғамдық бақылау орнату, еңбек дауларының ал­дын алу, заңнамалық түсініктемелер беру, мате­риалдық көмек көрсету, сол сияқты бос уақытты тиімді өткізу, денсаулықты сауықтыру сияқты профилактикалық қызметттерді ұйымдастыру кәсіподақтың басты міндеті болып табылады. Осыған орай кәсіподақ қозғалысының негізгі прин­циптерін басшылыққа ала отырып, ортақ күш-жі­герімізді кешенді …

Батыл бастамалар алаңы Read More »

Егіс алқабы ұлғаяды

Қызылжар өңірінде көктем­гі дала жұмыстарының ауылы алыс емес. Маңызды кезеңге диқандар да, бейінді басқарма да дайындалып жатыр. Биыл об­лыста өнімді екі есеге ұл­ғай­ту мақсатында егістік жер­дің көлемін кеңейту көзделіп отыр. Әсіресе азықтық дақыл­дарға басымдық берілмек. Облыс­тық ауыл шаруашы­лығы және жер қатынастары бас­қар­масы­ның басшысы Мей­рам Меңді­баевтың айтуынша, биыл қа­ра­құ­мық алқабы 26 мың гектар болады. Картопқа тиесілі …

Егіс алқабы ұлғаяды Read More »

ИНВЕСТОРЛАР ҮШІН ҚОЛАЙЛЫ

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Франция елінің делегациясын қабылдады.      Кездесу барысында өңір басшысы екі ел арасында жоғары деңгейдегі тұрақты байланыстар мен ерекше достық қарым-қатынастың орнағанын атап өтті. Былтыр Франция мен Солтүстік Қазақстан облысы арасындағы тауар айналымы 3,2 млн. долларды құраған. “Qyzyljar” экономикалық аймағында сіздердің өндірістеріңізді орналастыруға дайынбыз. Бизнес өкілдерін 16 ақпанда өтетін “Қызылжар Investment” халықаралық инвестициялық …

ИНВЕСТОРЛАР ҮШІН ҚОЛАЙЛЫ Read More »

Дилерлік орталық ашылмақ

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов немістің “CLAAS” компаниясының вице-президенті Нильс Ройчты қабылдап, дилерлік орталық ашу жайын талқылады. Ғауез Торсанұлы  екіжақты кездесуде жергілікті жерде ауыл шаруашылығы техникаларын шығару жобасының жүзеге асуы мен даму перспективалары туралы әңгімеледі. Шетелдік мейман комбайндар, тракторлар және тұқым себу кешендерін құрастыруды ұлғайтумен қатар ауыл шаруашылығы техникасының жаңа түрлерін шығару жоспарланып отырғанын жеткізді. Кездесуде сервистік …

Дилерлік орталық ашылмақ Read More »

ҚАЗЫНА ТИІМДІ БАСҚАРЫЛУЫ ТИІС

Еліміз тәуелсіздік алып, жаңа нарықтық экономикалық қатынастарға көшуіне байла­нысты бұрынғы құрылымдарды, оның ішінде мемлекеттік қаржы­лық бақылау саласын реформа­лау қажеттілігі туындады. Осы орайда бюджеттік үдерістердің кең ауқымды шараларының бірі – қазынашылықты құру болды. Пре­зидент Жарлығымен 1994 жылы 27 қаңтарда Қаржы ми­нистрлігі жанынан Бас қазына­шы­лық басқармасы ашылып, бұл қаржы жүйесін жандандыру және бюджеттің орындалуын тиімді басқару жолындағы …

ҚАЗЫНА ТИІМДІ БАСҚАРЫЛУЫ ТИІС Read More »

ИНВЕСТИЦИЯ – ЭКОНОМИКАНЫ АЛҒА БАСТЫРАТЫН ТЕТІК

Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетовтің төрағалығымен өткен әкімдік отырысында облыстың 2023 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары түйінделіп, 2024 жылға арналған жоспарлар бекітілді. Алқалы басқосуда баянда­ма жасаған экономика басқар­масының басшысы Қуанышбек Қалижанов жеке салаларға тоқталып, тұтастай алғанда, негізгі көрсеткіштер бойынша оң өзге­рістер қалыптасқанын жеткізді. Ауыл шаруашылығында 851,5 млрд. теңгенің өнімі шы­ғарылған. Мал шаруашылығын­да ет өндірісі – 1,2, сүт …

ИНВЕСТИЦИЯ – ЭКОНОМИКАНЫ АЛҒА БАСТЫРАТЫН ТЕТІК Read More »

Сапасы төмен болса да сатып алуда

Өткен жылғы қолайсыз ауа райы диқандарды қыспақ­қа алға­ны белгілі. Жаз бойғы құрғақшы­лық, күзде то­лас­сыз себелеген жауын шаруаларды шығынға ба­тырды. Сол кез­де үкімет ауа ра­йы­ның қолайсыздығынан зардап шеккендерге қолдау шаралары болатындығын айтқан- тұғын. “Азық-түлік келісімшарт корпора­циясы” 4-ші, 5-ші сы­ныпты және сыныпсыз бидайды тікелей сатып алуды бастады. Астықты тапсырып, төлемдерін алып үлгерген серіктестіктердің бірі – “Әлти Гарант” …

Сапасы төмен болса да сатып алуда Read More »

Ақша-несие саясатындағы өзгеріс

Ұлттық банк базалық пайыз­дық мөлшерлемені осымен қата­рынан төртінші рет төмендетіп, ақ­ша-несие саясатын жұмсарту­ға ниетті екенін аңғартқандай. Мөлшерлеме 15,75 пайыздан 15,25 пайызға түсірілді. 2022 жыл­­дан басталған 16,75 пайыз деңгейіндегі қатаң мөлшерлеме 8 ай бойы салтанат құрды. Оның дәуірі 2023 жылдың тамызында тамам болып, 16,50 пайызға тө­мендетілді. Одан кейінгі, қазан­дағы отырыста мөлшерлеме 16,00 пайыз болып бекітілді. Қа­рашада …

Ақша-несие саясатындағы өзгеріс Read More »

Жұмыртқаға сұраныс жоғары

Облыста жұмыртқа өндірумен айналысатын 6 құс фаб­ри­касы бар. Былтыр кәсіпорындар толық қуатының тек 74 пайы­зы деңгейінде ғана өнім өндірді. Облыстық ауыл шаруашылы­ғы және жер қатынастары басқар­масы баспасөз қызметінің мәліме­тін­ше, өңір тұрғындары орта есеп­пен жылына 150 млн. жұ­мыртқа тұтынады. Облыстың құс фабрикалары қажеттілікті толық жаба алады. Мәселен 2022 жылы 705,7 млн., соның ішінде құс фабрикалары 530,7 …

Жұмыртқаға сұраныс жоғары Read More »

АУЫЛ КӨРКЕЙСЕ, ЕЛ ӨРКЕНДЕЙДІ

Өңірімізде 2020-2022 жыл­дар аралығында жүзеге асы­рыл­ған “Ауылдың дамуы – ел­дің дамуы” жобасы қорытын­ды­ланды. Еуропалық Одақ жо­ба аясында Айыртау, Қызыл­жар және Мамлют ауданда­рына 123 млн. теңге бағыт­таған. Қоғамд­ы және бизнесті дамыту үшін екі жүзге жуық адам оқытылыпты. Бұл жайында Петропавлда өткен қорытынды кеңесте айтылды. – Бұл жоба жергілікті өзін-өзі басқару тетіктерін жақсар­ту­ға, халқымыздың рухани жә­не экономикалық …

АУЫЛ КӨРКЕЙСЕ, ЕЛ ӨРКЕНДЕЙДІ Read More »

Санаторийі жоқ солтүстікте шипажай есігін айқара ашпақ

Ем іздеген, денсаулығын сауықтырғысы келген өңір тұрғындары қа­зір көбіне еліміздің басқа өңірлеріндегі санаторийлерді таңдап жүр. Се­бебі солтүстікте бірде-бір шипажай жоқ. Петропавлдағы қос мекеме – “Солнечный” профилакторийі мен “Транссиб” санаторий-профилакторийі табиғаты әсем жерде орналаспағандықтан көпшіліктің барғысы келмейді. Біздің өңір аумағында өзі­нің сұлулығымен, жасыл желе­гі­мен, таза ауасымен, емдік қасиеті мол суы және лайымен қазақстандықтар ғана емес, көрші …

Санаторийі жоқ солтүстікте шипажай есігін айқара ашпақ Read More »

Маңызды іскерлік байланыс

Еліміздегі ірі кәсіпорындар­дың бірі саналатын “Петро­павл ауыр машина жасау” за­уыты мұ­най және газ саласы жабдық­тарын шығаруға ма­ман­данған. Өнім сапасы EN ISO 9001-2008 ха­лықаралық стан­дарттар тала­бы­на толық жа­уап береді. Соңғы жылдары мұнда ас­панасты елінің кәсіпкерлері­мен бірлесіп, жаңа жобалар жү­зеге асырылып келеді. Соның бірі – ұшқышсыз ұшу аппарат­та­рын өндіру бойынша қоста­раптық ынтымақтастық мемо­рандумы­на қол қойылып, жаңа буын …

Маңызды іскерлік байланыс Read More »

Декларацияны кімдер тапсырады?

Облыстық мемлекеттік кіріс­тер департаменті жалпыға бір­дей декларациялау туралы ха­барлайды. Үшінші кезең шеңберінде 2024 жылы активтер мен міндет­теме­лер туралы декларацияны 1 қаң­тардан бастап заңды тұлға­лар­дың басшылары мен құрыл­тай­шылары (қатысушылары), да­ра кәсіпкерлер, сондай-ақ олар­дың жұбайлары тапсыруы тиіс. Бұл талап әрекетсіз және қызме­тін тоқтатқандарға да қолданы­лады. Азаматтық кодекстің норма­ла­ры­на сәйкес, филиалдар мен өкілдіктер заңды тұлғалар болып табылмайтындықтан, 2024 …

Декларацияны кімдер тапсырады? Read More »

Артық төленген салық

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің об­лыс бойынша департаменті мемлекеттік бюджетке төле­нетін төлемдерге мониторинг жүргізіп, кәсіпкерлік субъек­тілерінің салық сомасын артық төлегенін анықтады. Ведомство баспасөз қызме­тінің мәліметінше, мониторинг 2022-2023 жылдар кезеңіне жүр­гізілген. IV санаттағы объектілер­дің операторлары қоршаған ор­та­ға эмиссия үшін өздігінен қате есептеу салдарынан бюджетке шамамен 96 млн. теңге артық салық төлеген. Осындай барлы­ғы 210 жағдай белгілі …

Артық төленген салық Read More »

2024 жылы қанша жарна төлейміз?

МӘМС жарналары мен аударымдары бойынша ставкалар өзгеріссіз қалады. Бірақ базалық есептік көрсеткіштің (ең төменгі жалақының (ЕТЖ) жаңа мөлшерлерінің бекітілуіне байланысты төлем сомалары өзгереді. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры болжау басқармасының басшысы Ақтолқын Сұлтанова төлеушілердің барлық санаттары бойынша түсініктеме берді. Жұмыс берушілер қызметкер үшін жалақының 3 пайызы мөл­шерінде аударымдар жүргізеді, бұл ретте салық салынатын ай са­йынғы табыс …

2024 жылы қанша жарна төлейміз? Read More »