«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қоғам

Қызметін асыра пайдаланған

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Айдос Жүнісов өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасын жүзеге асыру бағытында атқарылып жатқан іс-шаралар туралы  баяндады.  «Бүгінгі таңда  Агенттік қызметінің басты  бағыты қоғамды жегідей жеген індеттің салдарымен емес, себебімен күресі болып табылады. Оның ішінде  азаматтардың өмір сүру сапасына кері әсер ететін келеңсіз құбылыстарға …

Қызметін асыра пайдаланған Read More »

Арзан азық-түлік бөлінеді

Өңірде күрделі су тасқынынан зардап шеккен елді мекендерге тұрақтандыру қорынан  бірінші қажетті азық-түлік тағамдары мен өнімдері  бөлінбек. Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов тұрақтандыру қорының қазіргі ахуалымен танысты. Бүгінгі таңда онда 9 мың тоннадан астам көкөніс, күріш, қарақұмық, макарон, қант, тұз, тауық еті, жұмыртқа, күнбағыс майы сияқты әлеуметтік маңызы бар өнімдер жинақталған. Бұл қор 5 айға дейін …

Арзан азық-түлік бөлінеді Read More »

ҚАЙТА ОРАЛҒАН КӨКТЕМ

Әминә ӘУБӘКІРОВА, 52 жаста. Махаббаттың қайығында сүйікті адамыңмен бірге тербелген қайран кездер-ай. Жастық шақта өмірдің қызығын көріп, әр күнді ойын-сауықпен өткізіппіз ғой. Сол жылдар менің өмірімнің жайнаған көктемі сияқты елестейді. Сол көктемді енді оралмастай көретінбіз. Оқуды енді ғана аяқтаған бір топ қыз-жігіттер мәре-сәре болып, үлкен қаланы думанға бөлеп жатушы едік. Бұрымдары беліне түскен аяулы құрбылар, …

ҚАЙТА ОРАЛҒАН КӨКТЕМ Read More »

«ҚҰС БОЛСАҢ, ЖІБЕКТЕН БАУ ТАҒАР ЕДІМ…»

Халқымыз небір қиындықты басынан өткерді ғой. Аумалы-төкпелі заманда әні мен күйінен, жыры мен сазынан айырылудың аз-ақ алдында қалғаны жалған емес.  Ұлтымыздың тұғырлы таланттары саналатын көптеген  ақынның туындылары халық әні деген атауға телінді.  Бір өкініштісі, бүгінге дейін біз  бірқатар әнді авторсыз атап, халық әні деп жүрміз. Солардың бірі – «Қараторғай». Бұл шығарманың бірнеше нұсқасы бар.  Мен  …

«ҚҰС БОЛСАҢ, ЖІБЕКТЕН БАУ ТАҒАР ЕДІМ…» Read More »

СЕН ЫСТЫҚСЫҢ БІЗДЕРГЕ

Құйма құлақ, шежіре  қариялардың айтулары бойынша Жамбыл ауданында орналасқан Октябрь ауылының тарихы  әріден басталады.  Өткен ғасырдың 30-шы жылдары  ұжымдастыру науқаны басталғанда осы төңірекке беделді де сыйлы азаматтардың бірі – Жанкісінің Нұрбайы  әр-әр  жерде  рулас ағайындар мен туған-туыстар болып қоныс тепкен   ірілі-ұсақты  ауылдарды (Қазалы, Қаратерек, Тоқта, т.б.)  Нұрбай дөңінде біріктіріп, «Октябрь» ұжымшарына айналдырылған. Осынау игі іске …

СЕН ЫСТЫҚСЫҢ БІЗДЕРГЕ Read More »

ЖАУАПТЫ КЕЗЕҢ

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Тайынша ауданына жұмыс сапарымен барып, тасқынмен күрес жұмыстарын тексерді. Өңір басшысы Тайынша қаласында,  Теңдік, Донецкое және Летовочное ауылдарында болып, қалыптасқан жағдаймен жіті танысты. Қар көлемі әлі де көп және де күннің жылуына байланысты тез еруде. Ағынды судың зардаптарын болдырмау, залалын барынша азайту мақсатымен құм салынған қаптар мен инертті материалдар дайындалып, нығайту …

ЖАУАПТЫ КЕЗЕҢ Read More »

Ерембек ӘУБӘКІРОВ: “Қызметте халыққа адал болдым”

 – Ерембек Жәмшитұлы,  сіз облыстық мәслихаттың ең алғашқы хатшысы болғандықтан мойныңызға жаңадан құрылған өкілетті органды қалыптастыру жүгі артылды. Оның  үстіне тоқсаныншы жылдардың орта кезі елдегі жағдай қиын еді. Мәслихаттың жұмысын жүйелеу оңайға түспегені анық. Сол кезеңге шолу жасасақ. – 1994 жылдың наурызында елімізде алғашқы мәслихат сайлауы өтіп, бірінші шақырылымдағы мәслихаттың депутаттар корпусы жасақталды. Облыстық мәслихаттың …

Ерембек ӘУБӘКІРОВ: “Қызметте халыққа адал болдым” Read More »

ДАРЫНДЫ БАЛАНЫ ОҚЫТУ ДАҒДЫЛАРЫ

Дарындылық – адамның өз бойындағы  шығармашылықпен жұмыс істеуі арқылы қалыптасатын қасиет.  Оқушы дарындылығын анықтайтын психодиагностикалық әдістемелердің тиімділігін, нәтижелілігін білетін мұғалім ғана  шәкіртпен жұмыс істей алады. Дарынды оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты – олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Жас жеткіншектердің шығармашылық ізденісі мен білімге деген құштарлығы жылдан-жылға артып келе жатқандығы қуантады. Заман ағымына …

ДАРЫНДЫ БАЛАНЫ ОҚЫТУ ДАҒДЫЛАРЫ Read More »

ТАСҚЫНМЕН КҮРЕС ТОЛАСТАМАЙДЫ

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов су басу қаупі бар аймақтарды тікұшақпен бақылады.   Су тасқыны болу қаупі басым аудандар қатарына Ғабит Мүсірепов атындағы, Шал ақын, Айыртау және Тимирязев аудандары кіреді. Бұл аудандарда қар әлі  қалың, белсенді түрде еріп жатқан жоқ. Оған қоса, кіші өзендер мен су өткізу құбырларында мұз кептелісі орын алуы мүмкін. Ақжар, Тайынша және Уәлиханов …

ТАСҚЫНМЕН КҮРЕС ТОЛАСТАМАЙДЫ Read More »

ЕРІГЕН ҚАР СУЫ ҮЙЛЕРГЕ КІРУДЕ

Петропавлда еріген қар суы жеке тұрғын үйлерге кіріп жатыр. 28-29 наурызда “109” бірыңғай байланыс орталығына көмек сұ­раған тұрғындардан 119 хабар­ла­ма түскен. Үйлеріне су кірген тұрғындар бейнежазбаларды әлеуметтік же­ліге жүктеуде. Мәселен Петро­павлдағы Перминов көшесіндегі баспанаға су екі сағат ішінде кір­ген. Пугачев көшесіндегі үй тұрғындары “су сорғыш машинаны 5 сағаттан арттық күттік” дейді. Татьяна Чыбикина Жұмысшы кентінде …

ЕРІГЕН ҚАР СУЫ ҮЙЛЕРГЕ КІРУДЕ Read More »

Алаяққа алданбау – өз қолыңызда

Кез келген танымал интер­нет-сайттарда алаяқтардың “жасырынып жүретіні” айтпаса да түсінікті. Олардың көздеген басты нысаны – жеке пайда­ла­нушылармен қатар тұтас ком­панияларға алдау схемаларын ұсына отырып, өзгенің маңдай тер, табын ақысымен тапқан қаржысын жымқырып кету. Ин­тернет-алаңдар (“Telegram”, “Whatsap” және т.б.) тек мес­сенджер ретінде ғана емес, со­нымен қатар әр­түрлі жұ­мыс тапсырмалары үшін де пай­да­ланылатыны белгілі. Ол үшін алаяқтар …

Алаяққа алданбау – өз қолыңызда Read More »

Жекпе-жек — батылдардың спорты

Соңғы жылдары елімізде аралас жекпе-жек спорты қанатын кеңге жайып келеді. Сөзімізге отандық файтерлердің халықаралық аренада атой салып, “М-1” және “UFC” сынды турнирлерде жеңіске жетулері дәлел. Петропавлдағы “Қызылжар” спорт клубының бапкерлері отандасымыз Шавкат Рахмонов сияқты атақты спортшы тәрбиелеу үшін барын салып жұмыс істеуде. Клубтың басшысы әрі бапкері Жалғас Тортуловпен сұхбатта осы және өзге де жайттар туралы …

Жекпе-жек — батылдардың спорты Read More »

Ақпараттар ағыны адастырып жүрмесін

Әр кү­німіз өмірімізге өзгеріс әкеліп, жаңалық атаулы көз ілеспес жылдамдықпен жұртқа тарау­да. Дүниежүзінің бір бұры­шын­да көбелектің қанат қаққа­нын­дай тербеліс туса, соның тол­қыны санаулы секундтар­дың ішін­де алты құрлыққа жетіп үл­гереді. Ертең болар дүниенің дү­бірі бүгін басталып, елдің дүрлі­гіп жатқаны. Сірә, бұрындары адамзат үшін ақпарат алу, кітап оқу де­ген сияқты игіліктер тек ақ­сүйектердің еншісіндегі іс болса керек. …

Ақпараттар ағыны адастырып жүрмесін Read More »

Бағдаршамның сары белгісіне өтсе, айыппұл салына ма?

“Бұдан былай бағдаршамның сары белгісіне өткен жүргізушілерге айыппұл салынатыны жайлы естіп-біліп жатырмыз. Тиісті ереже қабылданды ма әлде талқыланып жатыр ма? Мен мұндай ұсынысты қолдайтындардың қатарындамын. Бұл әрекетті жол-көлік апаттарын барынша азайтудың тиімді жолы деп түсінемін”, – депті редакцияға жолдаған сауалында 30 жылдық өтілі бар жүргізуші Сәркен Аймұқанов. Сұрақ иесіне облыстық полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының …

Бағдаршамның сары белгісіне өтсе, айыппұл салына ма? Read More »

СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

Облыс әкімі жұмыс сапарымен Жамбыл ауданына барды. Мұнда өңір басшысы бірқатар нысандарды аралады. Мәселен, аудан тұрғыны Владимир Лагода көптен бері бері жиһаз өндірісімен айналысады. Бүгінгі таңда оның кәсіпорнында алты адам жұмыс істейді. Мұндағы орташа жалақы – 150 мың теңге. Кәсіпорынның негізгі тұтынушылары – жергілікті тұрғындар мен Қостанай облысының шекаралас аудандары. Бұл күні аудан орталығында “Жас …

СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ Read More »

Шеттегі қазақтар да тойлайды

Ұлыстың ұлы күнін шетте жүрген қазақ диаспорасының өкілдері де атап өтеді. Мәселен АҚШ-тың Флорида штатында қазақ азаматтары бұл күні отбасыларымен жиналып, кең дастарқан жайып, ұлттық киім киюді дәстүрге айналдырған. Менің АҚШ-та тұрып жатқа­ны­ма 2,5 жыл болды. Былтыр “Uni­versity of Florida” жоғары оқу ор­нын та­мам­дап, халықаралық биз­нес ма­гистрі атандым. Қазіргі уа­қытта мамандығым бойынша жұ­мыс істеп, тәжірибе …

Шеттегі қазақтар да тойлайды Read More »

ҰЛТТЫҚ КИІМ – СӘНІҢ

Петропавл қаласының 67 жастағы тұрғыны – этно стильдегі киім үлгілерін тігудің шебері. Көп жыл бойы ұлттық нақыштағы киім тіккен Марзия Мордвинцева зейнетке шықса да, сүйікті кәсібінен қол үзген емес. Он саусағынан өнер тамған ісмер жан қорабынан ине-жібі мен қажетті маталарын шыға­рып, татар халқының ұлттық киі­мінің ажырамас бөлігі – те­бе­тейдің түр-түрін тігеді. Оның са­ны қазір шамамен …

ҰЛТТЫҚ КИІМ – СӘНІҢ Read More »

Жергілікті футболшыларды тарту қажет

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов жергілікті “Қызылжар” футбол клубының басшылығымен, жаттықтырушылар құрамымен және ойыншыларымен кездесті. Өңір басшысы клуб президенті Григорий Лорияны мерейлі 70 жасқа толуымен құттықтады. – Біздің клуб жаңа маусымды бастап кетті. Команданың алдында премьер-лигада сәтті өнер көрсету міндеті тұр. Сондай-ақ клубқа жергілікті футболшыларды тартуға да көңіл бөлу керек, – деді облыс әкімі. Футболды дамыту …

Жергілікті футболшыларды тарту қажет Read More »

ЖАС ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ АҚЫЛШЫСЫ

Оқушы кезімде де, Петро­павл қаласындағы педагогика институтының физика-математика факультетінде білім алған шақта да, ауыл мектебінде мұ­ғалім болған жылдары да жаз­ғандарым облыстық “Ленин туы” (қазіргі “Soltüstık Qazaq­stan”) га­зетінде жиі болмаса да жарық кө­ріп тұратын. Оның үстіне біздің ауылдағы әскерде бірге болған достарына қонаққа келетін газет тілшісі Жарасбай Сүлейменов (қазір белгілі қоғам қайраткері, жазушы) мені журналист болуға …

ЖАС ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ АҚЫЛШЫСЫ Read More »

ҒАЛЫМНЫҢ АТЫНДАҒЫ ДӘРІСХАНА

М. Қозыбаев атында­ғы Солтүстік Қа­зақ­стан университетінде Қа­­зақстанның еңбек сі­ңір­­­ген қайраткері, про­фес­сор, Қазақстан Жо­ға­ры мек­тебі ұлттық ғы­лым академиясының ака­деми­гі Зарқын Тай­шыбай атын­дағы дәріс­хананың ашы­лу салта­наты өт­ті. Атал­мыш іс-шараға зия­лы қауым өкілдері, про­фес­сордың шәкірт­тері және сту­денттер қа­тысты. Меймандар, ең алдымен, қа­лам­гердің кітаптары қойылған көр­мені тамашалады. Кейін ұла­ғатты ұстаздың өмір өткелдеріне арналған бейнефильм көрсетіл­ді. Зарқын Тайшыбай атындағы дәрісхананың …

ҒАЛЫМНЫҢ АТЫНДАҒЫ ДӘРІСХАНА Read More »