«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қоғам

Баспана жөндеуге жарамаса, жаңасы салынады

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мен өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов Петропавл қаласында орналасқан  эвакуациялық пункттерді аралап, тұрғындармен тілдесті. Қазіргі уақытта облыс орталығында 12 пункт бар. Оның бірі № 4 мектепте орналасқан. Мұнда Заречный, Тепличный, Былғары зауыты және  Ойқала шағынаудандарынан 44 адам жайғасқан. Оларға барлық қажетті әлеуметтік жағдай жасалған. Түрлі психологиялық көмектер мен құқықтық кеңестер  көрсетіледі. …

Баспана жөндеуге жарамаса, жаңасы салынады Read More »

Су сапасы сағат сайын тексеріледі

“Қызылжар су” кәсіпорнының бірінші көтергіш сорғы станциясының электр қуатынан ажырап қалуына байланысты Петропавлды сумен қамту екі тәулікке тоқтатылған еді.  Мамандар облыс орталығына су беру үшін 24\7 режімінде жұмыс істеп, нәтижесінде балама су көзін іске қосты. Қазіргі уақытта пәтерлерде су ағып тұр. “Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтың тапсырмасы бойынша біз мұндағы энергияны қалпына келтірумен қатар екінші көтергіш …

Су сапасы сағат сайын тексеріледі Read More »

Меруерт ҚИЯСБЕК: «ҚАЗАҚ ЖЕРІНІҢ ҚҰПИЯСЫН АРХЕОЛОГТАР ҒАНА АША АЛАДЫ»

– Меруерт Қиясбекқызы, Археология институты Солтүстік Қазақстан филиалының ашылғанына көп уақыт бола қойған жоқ.  Мекеме директоры ретінде археологияның ғылымдағы  рөлі туралы айтып берсеңіз…             – Археология – қоғамның қалыптасып дамуы жайлы тарихи деректердi зерттейтін ғылым. Адамзаттың өткен тарихынан қандай да бір  мәлiмет беретiн кез келген зат дерек деп саналады.  Тарих ғылымында деректердi үлкен екi …

Меруерт ҚИЯСБЕК: «ҚАЗАҚ ЖЕРІНІҢ ҚҰПИЯСЫН АРХЕОЛОГТАР ҒАНА АША АЛАДЫ» Read More »

Мейірімнің тамшысындай

Осыдан бес жыл бұрын шаңырақ көтеріп, қайырымдылық істерді жүзеге асыруды ізгі ниет еткен «Asar-Ume» республикалық қоғамдық қоры осы уақыт аралығында көптеген жандар мен отбасыларға өз шапағатын тигізіп үлгерді. Атап айтқанда,  892 көпбалалы отбасы мен жалғызілікті аналарға үйдің кілті табыс етіліп, бес мыңға жуық балаға баспаналы болу бақыты бұйырды. Олардың арасында солтүстікқазақстандықтар да бар.   Бүгінгідей болжаусыз …

Мейірімнің тамшысындай Read More »

АЗАМАТ АСУЫ

Сынаптай сырғыған уақыт білінбей өтіп жатқанымен, тағылымды істерімен көпшілікке таныс адамдардың еңбегі жарқырап көрініп тұратыны әлмисақтан белгілі. Ондай жандардың есімдері қашанда санаңда сайрап тұрады. Сол замандастар туралы көпшілікке айтқың келсе де, оның ыңғайы үнемі табыла бермейді. Бірақ өткенсіз – бүгін, бүгінсіз – келешек жоқ, өзің құрметтейтін адам туралы, сан қырлы қасиеті, атқарған өнегелі істері жайлы …

АЗАМАТ АСУЫ Read More »

ҚОҒАМДЫҚ КЕСЕЛМЕН КҮРЕС – ОРТАҚ  ІС

Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты қоғамның сұраныстарына қарай және де ұлттық, сонымен қатар шетелдік тәжірибені ескере отырып, үнемі жетілдіріп отыруды қажет етеді. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңда іс-қимыл шараларының бірыңғай жүйесін құру, қоғамдық кеселдің кез келген көрінісіне төзбеушілік иммунитетін қалыптастыру, оған қарсы күреске  азаматтарды белсенді түрде тарту, сындарлы әріптестік орнату, басқару қызметінің үйлестіруші әлеуетін …

ҚОҒАМДЫҚ КЕСЕЛМЕН КҮРЕС – ОРТАҚ  ІС Read More »

Азық-түлік құнын негізсіз өсіргендер жазаланады

Өңірде су тасқынына байланысты әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуіне жол бермеу үшін профилактикалық жұмыс жүргізіліп жатыр. Өңірлік коммуникациялар қызметінде сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Қанат Жеңісбекұлы бағаны негізсіз өсіретіндерге айыппұл салынатынын  ескертті. «Ішкі сауда саласындағы заңнама талаптарын сақтау дәл бүгінгідей төтенше жағдай кезінде маңызды. Бұл «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы …

Азық-түлік құнын негізсіз өсіргендер жазаланады Read More »

СУ ҚҰРСАУЫНДА ҚАЛҒАН ҚАЛА

Мемлекет басшысы  су тасқыны салдарынан қалыптасқан ауыр жағдайға байланысты республика халқына арнаған Үндеуінде атап өткендей,  көлемі жағынан  соңғы 80 жылдан астам бергі ең ірі табиғи  апатты еңсерудің   қажетті шаралары қабылданып,  зардап шеккен аймақтарға барлық ресурс тартылған. Аэровизуалды тексеру және дрондарды пайдалану арқылы өзендер мен су қоймаларындағы су тасқыны жағдайына мониторинг жүргізілуде. Су тасқыны салдарын жою, …

СУ ҚҰРСАУЫНДА ҚАЛҒАН ҚАЛА Read More »

ӨТЕМАҚЫ ТОЛЫҚ ТӨЛЕНЕДІ

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов  №2 орта   мектептегі эвакуциялық пунктте  қатты су тасқынынан зардап шеккен тұрғындармен кездесті. Заречный, Былғары кенті, Ойқала шағынаудандарының,  Тепличное, Прибрежное және Бескөл ауылдарының тұрғындары  уақытында эвакуацияланды. “Ең бастысы, бәрі аман. Өйткені адамның өмірі – бірінші орында. Мемлекет басшысы зардап шеккендерге барынша көмек көрсетуді тапсырды”, –  деді өңір басшысы кездесуде. Ереже бекітіліп, комиссиялар …

ӨТЕМАҚЫ ТОЛЫҚ ТӨЛЕНЕДІ Read More »

Құжаты барларға өтемақы беріледі

Өңірімізге екі күндік жұмыс сапарымен “Атамекен” ұлттық кәсіпкерлік палатасы басқарма төрағасының орынбасары Гүлнәр  Бижанова келді. Ол алдымен  облыс әкімінің орынбасары Қанат Дүзелбаевпен кездесті. Осыдан кейін бөгеттерді нығайту орындарында болып, аталған жұмысқа тартылған әскерилермен, еріктілермен әңгімелесті. Сондай-ақ өңірдің бизнес қоғамдастығымен кездесіп, төтенше жағдайда туындайтын түйінді мәселелер жайында сөйлесті. Гүлнәр  Бижанова кәсіпкерлерді  су тасқынынан зардап шеккендерге материалдық …

Құжаты барларға өтемақы беріледі Read More »

Қолда барымен бөліскен ағайынға мың алғыс

Табиғаттың бес-он жылда бір рет мінезін көрсетіп, көктем шыға елдің есін жиғызып алатыны бар. Соңғы жылдары қызыл судан айтарлықтай қауіп болмай, еңсемізді тіктеп алған сияқты едік, биылғы көктем тағы да елді әуреге салды. Жаздағы құрғақшылық, күздегі шаруаларға кедергі келтірген жауын-шашын, қыста талай ауылды жарық пен жолсыз қалдырған боран мен қарға көктемгі су тасқыны келіп қосылды. …

Қолда барымен бөліскен ағайынға мың алғыс Read More »

Өткеннен сабақ алмаудың салдары

Су тасқыны әлем жұртшылығын да үлкен әбігерге салып қойды. Мәселен, Италияда  төпелеп жауған нөсер жаңбырдың соңы алапат қарғын су мен лай көшкініне ұласқан. Салдарынан  тасжолдар байланысы үзіліп, көліктерді топан су ағызып әкеткен. Көптеген ғимараттарға  зақым келген. Эквадор астанасы Кито қаласын су басуының негізгі себебі–нөсер жауын. Экологтар  климаттың өзгеруінен Колумбия, Перу, Мексика тағы басқа мемлекеттердің қатты …

Өткеннен сабақ алмаудың салдары Read More »

КУРСАНТТАРДЫҢ КӨМЕГІ

Халқымыздың «Ел басына күн туса, ер етікпен су кешер» деген даналық сөзі елімізде болып жатқан соңғы жағдайға дөп басып айтылғандай. Елді мекендерді судан аман алып қалу үшін күні-түні дамбы қазып, бөгет салып жүргендер арасында Петропавл қаласындағы Ұлттық ұланы әскери академиясының курсанттары да бар. Күніне 1000-нан астам қапшыққа құм толтырып, бір аптада 7 бөгет соққан академия …

КУРСАНТТАРДЫҢ КӨМЕГІ Read More »

Зылыйха БИМАҚАНОВА: “Қазақстан тарихы пәнін “Қазақ тарихы” деп өзгертетін уақыт жетті”

– Зылиха , Президентіміз жыл басында алаштанушы Дихан Қамзабекұлына берген сұқбатында биыл Жошы ұлысының 800 жылдығы ел көлемінде аталып өтілетінін айтты. Әңгімеміздің әлқиссасын осы тақырып төңірегінде бастағанды жөн көріп отырмын. – Бұл тақырып бұған дейін де көтерілген болатын. Атап айтар болсақ, 2019 жылы тамыз айында Жезқазған өңірінде ұйымдастырылған «Ұлытау – 2019» халықаралық туризм форумында Мемлекет …

Зылыйха БИМАҚАНОВА: “Қазақстан тарихы пәнін “Қазақ тарихы” деп өзгертетін уақыт жетті” Read More »

Қосымша күш тартылды

Премьер-Министр Олжас Бектенов өңірімізге жұмыс сапарымен келіп,  Есіл өзені арнасынан асып кеткен жағдайда қаланы және жақын маңдағы елді мекендерді су тасқынынан қорғауға арналған бөгеттерді нығайту жұмыстарын тексерді. Үкімет басшысы Қызылжар ауданындағы Тепличное елді мекенінде, облыс орталығындағы  Былғары зауыты кентінде қорғаныс бөгеттерінің жағдайымен танысып, 2017 жылғы су тасқынынан кейін жүргізілген жұмыстардың есебін тыңдады. Қазіргі уақытта Сергеев …

Қосымша күш тартылды Read More »

Бала – ата-анаға аманат

Бүгінгі таңда  өзекті мәселелердің бірі – жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу.  Мемлекет басшысы кәмелетке толмағандар арасындағы заңға қарсы әрекеттердің кез келген түріне қарсы  профилактикалық жұмыстарды күшейтуді бірнеше рет атап көрсетті. Қазақстан Республикасы Конституциясының 27-бабының  2-тармағына сәйкес,  балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу  ата-ананың құқығы әрі міндеті болып табылады. «Неке және отбасы туралы» кодексте балаларды …

Бала – ата-анаға аманат Read More »

ҚАРҒЫН СУ ҚАМСЫЗДЫҚТЫ КЕШІРМЕЙДІ

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келіп, өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетовпен бірге су тасқыны қаупі төніп тұрған елді мекендерді аралады. Қызылжар ауданындағы  Тепличное, Прибрежное  ауылдарының, Петропавл қаласындағы Былғары зауыты кентінде, Ущев көшесінде  орналасқан  бөгеттердің, «Қызылжар Су» ЖШС-нің 1-ші және 2-ші сорғы станцияларының инженерлік-инфрақұрылымдық жай-күйімен танысты. Тексеру барысында Үкімет басшысының орынбасары  су …

ҚАРҒЫН СУ ҚАМСЫЗДЫҚТЫ КЕШІРМЕЙДІ Read More »

Дипфейк: алаяқтықтың жаңа деңгейі

Соңғы жылдары алаяқтар азаматтарды алдау үшін жаңа технологияларды белсенді қолдануда.  Дипфейк – бұл кибершабуылдар мен азаматтардың құпия деректерін ұрлаудың тамаша құралы, ол жоқ адамдарды «тірілтуге», кез келген дауысты, мимиканы бұрмалауға, сөйлеуге, адам ешқашан айтпаған сөздерді қосуға мүмкіндік береді. «Дипфейк технологиясы ең қуатты нейрондық желілерге негізделген, олардың көмегімен кез келген фото және бейнекескіндер жасалады, дауыстың тоналдылығы, …

Дипфейк: алаяқтықтың жаңа деңгейі Read More »

ЖҮГЕНСІЗ ЖАСӨСПІРІМДЕР

Облыстың кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты  ұрлық, бұзақылық және билік өкіліне күш қолданды деген айып тағылған Григорий Агаев пен оның төрт сыбайласына  үкім шығарды. Негізгі айыпталушы Григорий Агаев тағы екі жасөспіріммен бірге өткен жылдың 23 қазанында облыстық балалар ауруханасына баса көктеп кіріп, дәрігерлерге шабуыл жасаған. Жасөспірімдер аяғы сынып, ем алып жатқан 15 жастағы …

ЖҮГЕНСІЗ ЖАСӨСПІРІМДЕР Read More »

Еңбекке ерте жастан баулу керек

Облыстық қоғамдық кеңестің кезекті отырысында  білім беру жүйесіндегі өзекті тақырып – оқушыларды еңбекке балу мәселесі талқыланды. Алғашқы болып баяндама жасаған  қоғамдық кеңес мүшесі Гүлбақша Мұсабаеваөңірімізде   жалқау балалардың саны артып келе жатқанын  айтты.  Жеткіншектердің дені бар уақыттарын телефондағы әлеуметтік желілерде өткізетіндіктен, олардың ел экономикасына пайда әкелетін мамандықтарға қызығушылықтары жоғалған. Олардың көбі  блогер, таргетолог болуды армандап, оңай …

Еңбекке ерте жастан баулу керек Read More »