«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қоғам

БАЛА ТУУ КӨРСЕТКІШІ ТӨМЕН

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте “Qyzyljar”  арнайы экономикалық аймағының биылғы жұмысы қорытындыланып, алдағы жоспары талқыланды. Жалпы 12 жоба жүзеге асырылмақ. Нәтижесінде 300-ден астам тұрақты жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда. “Qyzyljar” арнайы экономикалық аймағы 2019 жылы құрылды. Жалпы аумағы 212,3 гектарды құрайды. Республика бойынша жұмыс істеп тұрған 13 экономикалық аймақтың ішінде алып жатқан …

БАЛА ТУУ КӨРСЕТКІШІ ТӨМЕН Read More »

Тынымсыз жаттығудың жемісі

Облыстық әкімдікте өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен IV Азия пара ойындарына қатысқан солтүстікқазақстандық спортшыларды қабыл­дады. Салтанатты шарада құрлықтың басты бәсекесінде қола жүлде иеленген Иван Залезняк пен оның бапкерлеріне сый-құрмет көрсетілді. Биылғы Азияның пара ойында­рына 42 мемлекеттің үздік атлеттері қатысты. Ұлттық құрама сапында үш жерлесіміз болды. Олар: Сер­гей Харламов, Иван Залезняк және Евгений …

Тынымсыз жаттығудың жемісі Read More »

Жұқпалы кеселмен күрес

Сібір жарасы – жануарлар мен адамдар үшін аса қауіпті жұқпалы ке­сел. Өңірде эпиде­миологиялық ахуал тұрақты болғанымен, сақтан­дыру жұ­мыс­тарын күшейтпей бол­май­ды. Өйткені оның тарауының ық­тималдығы жоғары ошақ­тары аз емес. Бұл туралы об­лыс әкімінің бі­рінші орынбасары Марат Тасмағам­бетов қатыс­қан жиында айтылды. Шарада облыстық сыбайлас жем­қорлыққа қарсы іс-қимыл департа­ментінің мамандары сібір жарасы бойынша тізілімді цифрландыруды ұсынды. Департамент басшысы …

Жұқпалы кеселмен күрес Read More »

ЗИЯТКЕРЛІК ОЙЫН

Петропавлда тоғызқұмалақтан жастар мен жасөспірімдер арасында ел біріншілігі өтіп жатыр. Облыс орталығында алғаш рет ұйымдастырылып отырған жарысқа Қазақстанның 16 қаласынан 16 команда қатысуда. Тоғызқұмалақтан ел біріншілігінде барлығы 445 ұл мен қыз  бақ сынауда. “Әр команда сапында 4 ойыншыдан, құрамында екі ұл мен екі қыз бар. Биылғы жарыс екі жас санаты бойынша өтіп жатыр. 9-15 жас …

ЗИЯТКЕРЛІК ОЙЫН Read More »

Алаяқтықтың кең таралған әдістері

Алаяқтар азаматтардың қалтасын қағу үшін алдап-арбаудың жаңа тәсілдерін ойлап табуда. Алдау схемалары әртүрлі болуы мүмкін: банк клиентінің бейтаныс сілтемені басуы, құпиясөзді бұзу, желіде алдамшы ұсыныстар беру және т.б. Алайда азаматтар өздерінің желідегі қауіпсіздігі қаржылық және ақпараттық сауаттылығының деңгейіне тікелей байланысты екенін есте ұстауы керек. Мысалы, алаяқтар өз тауарла­рын немесе қызметтерін интернетте түрлі сайттарда арзан бағамен …

Алаяқтықтың кең таралған әдістері Read More »

“ӘКЕ, АНАМДЫ ҰРМАШЫ!”

Елімізде жыл сайын жақын адамының қолынан 500-ге жуық қыз-келіншек көз жұмып, полицияға жан ұшыра шырқырап көмек сұраған нәзік жандардан 100 мыңнан астам қоңырау түседі. Соңғы бес жылда тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша өтініштер саны үш есеге артқан. Биылдан бастап еліміздегі өзекті мәселелердің біріне айналған отба­сы­лық-тұрмыстық зорлық-зомбылық­қа қатысты қолданыстағы кодекс баптары қатаңдатылды. Облыстық полиция департаменті берген ақпа­ратқа сәйкес, …

“ӘКЕ, АНАМДЫ ҰРМАШЫ!” Read More »

Өкініш өзегімді өртейді

“Бала – адамның бауыр еті” деп жатамыз. Мен “бала адамның бауыр еті ғана емес, тұтас жаны” дер едім. Кез келген адам баласымен мақтанады, баласының амандығынан күш алады, перзентінің жетістіктері арқылы мерейі тасып, жаны марқаяды. 2004 жылы жұбайым, балала­рымның анасы Әзина Әуелбекова қайтыс болғанда, ұлым Алхат 15 жаста еді. Айдың-күннің аманында серігімнен айырылып, өмірім тас түнекке …

Өкініш өзегімді өртейді Read More »

Шежіре кеуде ақсақал

Өңірімізде өмірдің талай қилы кезеңдерін бастан өткеріп, білімі мен тәжірибесін еліміздің өркендеуі жолына арнаған, бүгінде жұртшылықтың құрметіне бөленіп отырған ардақты ақсақалдарымыз аз емес. Солардың бірі – Мағжан Жұмабаев ауданының құрметті азаматы Зейнолла Олжабаев. Әкеден ерте айырылып, талай шаңыраққа жазылмас жара, ұмытылмас қасірет әкелген соғыс басталғанда бұғанасы қатпаған жас бала анасына сүйеніш болып еңбекке ерте араласады. …

Шежіре кеуде ақсақал Read More »

ТУҒАН ЖЕРІН ТҮЛЕТКЕН

Мағжан Жұмабаев ауданындағы Сулышоқ ауылы бес жылдың ішінде болашағы зор елді мекендердің қа­та­рына қосылды. Осы аралықта ауылда жаңа тұрғын үйлер бой кө­теріп, әлеуметтік нысандар пайда­ла­нуға берілді. Жол жөнделіп, ауыл­ға таза су тартылды. Тұрмысқа жай­лы жағдай жасалғандықтан мұндағы халық саны үш есе өсті. Ауылдың көркеюіне жергілікті кәсіпкер Қайрат Жәнібековтің қосқан үлесі зор. “Мектепті бітірісімен Петропавл­дағы ауыл …

ТУҒАН ЖЕРІН ТҮЛЕТКЕН Read More »

СҮТ САПАСЫ СЫН КӨТЕРМЕЙДІ

Мамлют ауданына қарасты Краснознаменное ауылы тұрғында­рының негізгі табыс көзі – төрт түлік, оның сүті. Алайда бірнеше аптадан бері кіріс жоқ. Шикізат қа­былдау­шы­лар сапаның нашарлаға­нын алға тартып, сатып алуды қойған. Бұған қараша халық қа­палы. “Маслодел” жауапкершілігі шек­теулі серіктестігі өкілдерінің ай­туынша, тұрғындардан алынатын сүттің басым бөлігі талапқа сай емес. Жаңа сауылған сүтті пласт­масса шелекке құймау керек. Оның …

СҮТ САПАСЫ СЫН КӨТЕРМЕЙДІ Read More »

Алғашқы баспалдақ

Тайынша ауданындағы Чкалов елді мекенінде 2013 жылдың 30 тамызынан бастап “Дебют” шахмат-дойбы клубы жұмыс істейді. Он жылдың ішінде 150-ге жуық баланы зияткерлік ойынға тәрбиелеген клуб Сепен Көпеев пен Орынбай Сейітов есімді азаматтардың ұйытқы болуымен ашылған. “Дебют” сөзі француз тілінде бастау деген мағынаны білдіреді. Шахмат ойынындағы жүрістер фигураларды шабуыл жасауға ыңғайлы орналастырудан басталады. Орынбай Сейітовтің айтуынша, …

Алғашқы баспалдақ Read More »

ҚОЛДАУДАН ШЕТ ҚАЛМАЙДЫ

2023 жылғы 20 сәуірде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев  Қазақстан Республикасының №224-VII ҚРЗ Әлеуметтік кодексіне қол қойды.  2023 жылғы 1 шілдеде күшіне енген кодекс күші жойылған 10 заңды біріктірді. Олар: “Қазақстан Республикасындағы мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы” 1997 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы, “Қазақстан Республикасындағы мүгедектігі бойынша және …

ҚОЛДАУДАН ШЕТ ҚАЛМАЙДЫ Read More »

Үй ішінен үй тіккісі келген

Петропавл қалалық соты (судья Алмас Жұмағазин) “Еңбекшілер халық кеңесі” деп аталған астыртын сепаратистер тобына қатысты қылмыстық істі қарап, бірнеше сот отырысын өткізді. Қылмыстық кодекстің 179 және 180-баптарының 2-тармақтары бойынша (адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, не қоғамдық бірлестік лидері жасаған, не бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып жасалған, не адамдар тобы немесе алдын …

Үй ішінен үй тіккісі келген Read More »

Алименттен қашқан әйелдер

Қазіргі кезде алимент төлеуден жалтарып жүрген ерлерден бөлек, әйелдердің де саны артып барады. Бас прокуратураның Құқықтық статис­тика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ресми дерегі бо­йынша Қазақстанда алимент төлемегені үшін 1 618 адам іздестіріліп жатыр. Оның 142-сі – әйел. Еститін құлаққа түрпідей тисе де, елімізде отбасынан безіп, бала-шағасын қараусыз тастап кетіп жатқан әйелдер саны күн …

Алименттен қашқан әйелдер Read More »

Майталман механизатор

Марат Қожақов – саналы ғұмырын ауыл шаруашылығы саласына арнаған жандардың бірі. Қазіргі уақытта ол Қызылжар ауданына қарасты Шаховское ауылындағы “Крахмал Агро” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде еңбек етуде. 1983 жылы мектепті аяқтаған Марат Мағзұмұлы еңбек жолын кеңшарда тракторшы болып бастаған. – Жоғары сыныпта оқып жүргенде бізді аға буын өкілдері трактор, жүк көліктері мен комбайн жүргізуге баулыды. Жазғы …

Майталман механизатор Read More »

Дамудың басты шарты

Халықаралық қоғамдастық жыл сайын қараша айының екінші бейсен­бі­сін­де Дүниежүзілік сапа күнін атап өтеді. Сапа – кез келген мемлекеттің не­месе кәсіпорынның табыс кілті. Техникалық реттеу және мет­рология комитеті облыс бойынша департаментінің негізгі міндеті өнім­дердің са­па­сына бақылау жа­сау және ішкі нарықтағы тауарлар мен қызмет түр­лері­нің қауіпсіздігін қам­тамасыз ету бо­лып та­былады. Мем­лекет басшысы Үкімет пен тиісті орган­дар­дың алдына …

Дамудың басты шарты Read More »

Қызылшадан екпе қорғайды

Суық түссе тұмауға шалдыққан адамдар көбейеді. Бұл – қалыпты жағдай. Бірақ кейінгі жылдары балалар арасында қызылшаның көбеюі медицина қызметкерле­рін алаңдатып отыр. Бір кезде бұл дертке қарсы вак­цина болмай, сәбилер көп ше­тінеген еді. Қазір вакцина бар, бі­рақ көптеген ата-ана оған күмәнмен қарап, бала­ларына еккізбейтін көрінеді. Бұл – әрине, ата-аналар тарапынан жібе­ріліп отырған ке­леңсіз жағдай, әрбір ата-ана …

Қызылшадан екпе қорғайды Read More »

Көмір жеткілікті

Қыс жақындаған сайын көмірге сұраныс артуда. Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының мамандары өңірде қатты қара отын жеткілікті екенін айтуда. Жылыту маусымында облыс тұр­­ғындарын көмірмен толыққанды қам­ту үшін өңірге 420 мың тон­на отын қажет. Әзірге сату пунктеріне 237 тоннасы жеткізілген. Ол шама­мен қажетті қара отынның 57 па­йы­зын құрап отыр. Басқарма ма­ман­да­ры берген ақпарат бойынша …

Көмір жеткілікті Read More »

Таңбалау тегін

Қызылжар ауданына қа­рас­ты Боголюбово ауы­лын­да әлеуметтік жағы­нан аз қамтылған тұр­ғындардың ит-мысықта­­рына чиптер тегін қойы­луда. Облыстық ветеринария басқар­ма­сының мәліметінше, сәуір айынан бері өңірде үй жануарларына чип қою жұмыстары жүргізіліп келеді. Бүгіндері 5455 ит-мысық идентифи­кациялық таңбалаудан өткен. Оның – 103-і Қызылжар ау­данына тиесілі. – Чип қойылған жануарлардың барлығы “Tanba” арнайы ақпараттық жүйесінде тіркелді. Онда иелерінің ЖСН-і мен …

Таңбалау тегін Read More »

Грант иегерлері

Астанада “Stem Олим­пиада – білім берудегі инно­вация” атты ха­лықаралық олимпиада өтті. Оған өңірі­міздің 8-11 сынып оқушылары қатысты. Халықаралық білім бәйгесі “Ri­viera International School by Quantum” мектебінің базасында робототехника бағыты бойынша ұйымдастырылды. Бұл сында өңір атынан 3 команда бақ­тарын сынады. Олар: ЛОРД мектеп-лицей-интернаты, БЭСТ гимназиясы мен Әбу-Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға ма­мандандырылған гимназия-интер­наты. Сайыс қатысушылары робот …

Грант иегерлері Read More »