«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СЕН ЫСТЫҚСЫҢ БІЗДЕРГЕ

Құйма құлақ, шежіре  қариялардың айтулары бойынша Жамбыл ауданында орналасқан Октябрь ауылының тарихы  әріден басталады.  Өткен ғасырдың 30-шы жылдары  ұжымдастыру науқаны басталғанда осы төңірекке беделді де сыйлы азаматтардың бірі – Жанкісінің Нұрбайы  әр-әр  жерде  рулас ағайындар мен туған-туыстар болып қоныс тепкен   ірілі-ұсақты  ауылдарды (Қазалы, Қаратерек, Тоқта, т.б.)  Нұрбай дөңінде біріктіріп, «Октябрь» ұжымшарына айналдырылған. Осынау игі іске …

СЕН ЫСТЫҚСЫҢ БІЗДЕРГЕ Read More »

ОРМАН – ЕЛДІҢ  ДӘУЛЕТІ

Орман – ұлан-байтақ жеріміздің өкпесі.  Біз тыныстап отырған  ауаның тазалығын сақтайды. Топырақ беті, жер асты ағыстарын реттей отырып, су және жер ресурстарының сақталынуында маңызды рөл атқарады. Атмосфераның құрамына, су балансына, топырақ бетінің жылу балансына әсер ете отырып, жануарлар дүниесінің саны мен саналуандығын реттейді. Орман биосфераның барлық компоненттеріне ықпалын тигізеді, оның орта қалыптастырушы рөлі маңызды. Облыстық …

ОРМАН – ЕЛДІҢ  ДӘУЛЕТІ Read More »

ЖАУАПТЫ КЕЗЕҢ

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Тайынша ауданына жұмыс сапарымен барып, тасқынмен күрес жұмыстарын тексерді. Өңір басшысы Тайынша қаласында,  Теңдік, Донецкое және Летовочное ауылдарында болып, қалыптасқан жағдаймен жіті танысты. Қар көлемі әлі де көп және де күннің жылуына байланысты тез еруде. Ағынды судың зардаптарын болдырмау, залалын барынша азайту мақсатымен құм салынған қаптар мен инертті материалдар дайындалып, нығайту …

ЖАУАПТЫ КЕЗЕҢ Read More »

Ерембек ӘУБӘКІРОВ: “Қызметте халыққа адал болдым”

 – Ерембек Жәмшитұлы,  сіз облыстық мәслихаттың ең алғашқы хатшысы болғандықтан мойныңызға жаңадан құрылған өкілетті органды қалыптастыру жүгі артылды. Оның  үстіне тоқсаныншы жылдардың орта кезі елдегі жағдай қиын еді. Мәслихаттың жұмысын жүйелеу оңайға түспегені анық. Сол кезеңге шолу жасасақ. – 1994 жылдың наурызында елімізде алғашқы мәслихат сайлауы өтіп, бірінші шақырылымдағы мәслихаттың депутаттар корпусы жасақталды. Облыстық мәслихаттың …

Ерембек ӘУБӘКІРОВ: “Қызметте халыққа адал болдым” Read More »

“ЕСІЛ” – ҚОЛА ЖҮЛДЕ ИЕГЕРІ

Павлодарда волейболдан ерлер командалары арасында ХХХ Қазақстан чемпионаты аяқталды. Биыл жерлестеріміз біріншіліктің қола жүлдегері атанды. Үшінші орынды сарапқа салу үшін алаңға солтүстікқазақстандық «Есіл» мен «Атырау» командалары шықты. Бұған дейін атыраулықтарды 3:0 есебімен жеңген жерлестереміз қарымта кездесуде де мүлт кетпеді. Алексей Терениннің шәкірттері айқын басымдықпен жеңіске жетті. – Өткен жылы бесінші орынды қанағат тұтсақ, биыл қола …

“ЕСІЛ” – ҚОЛА ЖҮЛДЕ ИЕГЕРІ Read More »

ЕРІГЕН ҚАР ЕСТІ ШЫҒАРДЫ

Шапса аңның тұяғы, ұшса құстың қанаты талатын қазақтың кең-байтақ жерінде жұртшылықты әбден әуре-сарсаңға салып,  есін шығаратын ағайынды жеті жұттың ішінде ең қатерлісі – топан су. Оның бірі, яғни  жайылым-шабындықтардың тоң болып қатып, мұздаққа айналуынан төрт түлік малдың жүдеп, пышаққа ілінуі, арам қатуы   жөнінде газетіміздің биылғы  7 наурыз күнгі санында жарияланған «Көтерем мал көктемге аман шықса …

ЕРІГЕН ҚАР ЕСТІ ШЫҒАРДЫ Read More »

ДАРЫНДЫ БАЛАНЫ ОҚЫТУ ДАҒДЫЛАРЫ

Дарындылық – адамның өз бойындағы  шығармашылықпен жұмыс істеуі арқылы қалыптасатын қасиет.  Оқушы дарындылығын анықтайтын психодиагностикалық әдістемелердің тиімділігін, нәтижелілігін білетін мұғалім ғана  шәкіртпен жұмыс істей алады. Дарынды оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты – олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Жас жеткіншектердің шығармашылық ізденісі мен білімге деген құштарлығы жылдан-жылға артып келе жатқандығы қуантады. Заман ағымына …

ДАРЫНДЫ БАЛАНЫ ОҚЫТУ ДАҒДЫЛАРЫ Read More »

БАСТЫ БАҒЫТ – МАЛ ТҰҚЫМЫН АСЫЛДАНДЫРУ

Былтыр Президент Қасым-Жомарт Тоқаев  облысқа жұмыс сапарымен келгенде «Қызылжар-Сүт» фермасындағы  сауын цехы мен мал бордақылау алаңы көрсетіліп,  қолданылатын сүт өндіру технологиясы таныстырылды. Мемлекет басшысы Қызылжар өңірінде  мал шаруашылығы өнімдерінің өндіріс көлемін ұлғайтуға мол мүмкіндік бар екеніне тоқтала  келіп,  озық өндірістік жобаларға  міндетті түрде қолдау жасалатынын,  әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар арқылы  жеңілдікпен несие беру өз тиімділігін көрсеткенін, қаржыландыру …

БАСТЫ БАҒЫТ – МАЛ ТҰҚЫМЫН АСЫЛДАНДЫРУ Read More »

ТАСҚЫНМЕН КҮРЕС ТОЛАСТАМАЙДЫ

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов су басу қаупі бар аймақтарды тікұшақпен бақылады.   Су тасқыны болу қаупі басым аудандар қатарына Ғабит Мүсірепов атындағы, Шал ақын, Айыртау және Тимирязев аудандары кіреді. Бұл аудандарда қар әлі  қалың, белсенді түрде еріп жатқан жоқ. Оған қоса, кіші өзендер мен су өткізу құбырларында мұз кептелісі орын алуы мүмкін. Ақжар, Тайынша және Уәлиханов …

ТАСҚЫНМЕН КҮРЕС ТОЛАСТАМАЙДЫ Read More »

АСЫЛДЫҢ СЫНЫҒЫ, ТЕКТІНІҢ ТҰЯҒЫ

Осыдан үш жыл бұрын дүние­ден өткен көрнекті тарихшы, ұла­ғатты ұстаз, Тарих және әлеу­меттік ғылымдар академиясы­ның академигі, тарих ғылымда­рының докторы Қадыржан Әбуовтың туған жері – Солтүстік Қазақстан облысы, бұрынғы Кел­леров ау­данына қарасты Талап ауылы. Ағамыз Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде профессор, тарих кафедрасының меңгеруші­сі қызметтерін атқара жүріп, Отан тарихы мен өңір шежіресін ұлт­тық таным тұрғысынан зерделеп, …

АСЫЛДЫҢ СЫНЫҒЫ, ТЕКТІНІҢ ТҰЯҒЫ Read More »

Ескі әдіспен егін егетіндер көп

Облыс орталығында 2024 жылғы көктемгі дала жұмыстарын сапалы өткізу туралы семинар-кеңес өтті. Жиынға өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов, Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров, аудан әкімдері, өңір диқандары, ғалымдар мен сала мамандары қатысты. Семинар-кеңесті ашқан облыс әкімі өңірдегі егіс науқанына дайындықтың маңыздылығын атап өтті. Кейін Айдарбек Сейпілұлы елдегі агроөнеркәсіптік кешеннің дамуы туралы баяндама жасады. Өз сөзінде министр …

Ескі әдіспен егін егетіндер көп Read More »

МАҢЫЗДЫ ЖОБАЛАРДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларының орындалу барысымен танысу үшін Премьер-Министр Олжас Бектенов Қызылжар өңіріне жұмыс сапарымен келді. Үкімет басшысы бағдарлама шеңберінде коммуналдық-энергетикалық сектор және жол инфрақұрылымы нысандарының, жеңіл және өңдеу өнеркәсібінің, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің, ауыл шаруашылығы машина жасау кәсіпорындарының жұмысымен танысты. Премьер-Министр өңірдегі су қоймаларының жай-күйі мен су тасқынына қарсы іс-шаралардың сапалы әрі уақытылы …

МАҢЫЗДЫ ЖОБАЛАРДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ Read More »

ХАЛЫҚТЫҢ РУХАНИ АЙНАСЫ

Халықаралық театр күніне орай Сәбит Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрында мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Көрермен назарына “Сараң” спектаклі ұсынылып, үздік деп танылған мамандар марапатталды. Облыстық кәсіподақтар ор­та­лығының төрағасы Ерік Нұрақаев пен мәдениет, спорт, ту­ризм және ақпарат қызметкерлері кәсіподағының төрайымы Гүлнәр Қасымова өнер иелерін кәсіби мерекелерімен құттық­тап, театр – халықтың жаны, рухани айнасы екенін айтты. Өнер …

ХАЛЫҚТЫҢ РУХАНИ АЙНАСЫ Read More »

Қараңғыдағы қойылым

Облыстық қуыршақ театрында “Степной нок­тюрн или между закатом и рассветом” атты қойылым сахналанды. Туындының ав­торы – ресейлік режиссер Ев­гений Ибрагимов. Қойылымды қазақ халқының тарихына жасалған қызықты саяхат деуге болады. Қараңғы зал. Қасқырдың дауы­сы, құстардың сайрағаны, шы­бын-шіркейдің сыбдыры, ат тұя­ғының дүбірі естіледі. Актер Нұрсұлтан Қалқабекке сахнадағы қараңғылық біраз қиындық тудырған. – Әртіске қараңғыда ойнау оңай емес. …

Қараңғыдағы қойылым Read More »

Достық мерекесі

М.Қозыбаев атындағы Сол­түстік Қазақстан университеті агротехнологиялық факульте­тінің студенттері мен Ұлттық ұлан академиясының курсант­тары арасында “Наурыз – дос­тық мерекесі” атты байқау өтті. Қатысушылар 5 командаға бө­лінді. Сайыс барысында әр топ қа­зақ, армян, өзбек, қытай, орыс ұлттарының мәдениетін, әдеп-ғұрпын таныстырып, ұлттық тағамдарын әзірледі. Білім алушылар әр ұлттың тамағын жоғары оқу орнының азық-түлік технологиясы зертханасының базасында алдын ала …

Достық мерекесі Read More »

Біліктіліктерін арттырды

Солтүстік Қазақстан мал және өсімдік шаруашылығын ғылыми-зерттеу институ­тында мал дәрігерлеріне ар­налған семинар өтті. Бұл шараның мақсаты – ветеринар­ларға сырттан әкелінген асыл тұқымды малдарды күтіп-бағуды үйрету. Облыстық ветеринария басқар­масының басшысы Жанат Әміржа­новтың айтуынша, сырттан әкелін­ген асыл тұқымды малдардың ауруы да, оның алдын алу әдістері де өзгеше. Сол себепті Астанадан про­фессорларды арнайы шақыртып, жергілікті мамандардың біліктілігін арттыру …

Біліктіліктерін арттырды Read More »

ЕРІГЕН ҚАР СУЫ ҮЙЛЕРГЕ КІРУДЕ

Петропавлда еріген қар суы жеке тұрғын үйлерге кіріп жатыр. 28-29 наурызда “109” бірыңғай байланыс орталығына көмек сұ­раған тұрғындардан 119 хабар­ла­ма түскен. Үйлеріне су кірген тұрғындар бейнежазбаларды әлеуметтік же­ліге жүктеуде. Мәселен Петро­павлдағы Перминов көшесіндегі баспанаға су екі сағат ішінде кір­ген. Пугачев көшесіндегі үй тұрғындары “су сорғыш машинаны 5 сағаттан арттық күттік” дейді. Татьяна Чыбикина Жұмысшы кентінде …

ЕРІГЕН ҚАР СУЫ ҮЙЛЕРГЕ КІРУДЕ Read More »

Алаяққа алданбау – өз қолыңызда

Кез келген танымал интер­нет-сайттарда алаяқтардың “жасырынып жүретіні” айтпаса да түсінікті. Олардың көздеген басты нысаны – жеке пайда­ла­нушылармен қатар тұтас ком­панияларға алдау схемаларын ұсына отырып, өзгенің маңдай тер, табын ақысымен тапқан қаржысын жымқырып кету. Ин­тернет-алаңдар (“Telegram”, “Whatsap” және т.б.) тек мес­сенджер ретінде ғана емес, со­нымен қатар әр­түрлі жұ­мыс тапсырмалары үшін де пай­да­ланылатыны белгілі. Ол үшін алаяқтар …

Алаяққа алданбау – өз қолыңызда Read More »

Кәсіпкер құқығын қорғау

“Әкімшілік қалау: қолдану теориясы мен практикасы” тақырыбы бойынша өткен “дөңгелек үстелге” облыстық соттың судьялары, шағын және орта бизнес өкілдері, мемлекеттік қызметшілер мен заңгерлер қатысты. Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің төрайымы Инесса Қуанова іс-шара Жоғарғы Сот пен “Атамекен” ҰКП-ның қолдауымен ұйымдастырылып отырғанын, өзекті тақырыпты талқылау барысында нақты проблемаларға баса назар аударылатынын …

Кәсіпкер құқығын қорғау Read More »

Бюджет қаражатын желге ұшырған

Өңір прокурорлары мемлекеттік сатып алу саласында қадағалауды күшейтті. Мамандар мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін арттыру бойынша шаралар қабылдауда. Облыстық прокуратураның мәліметінше, жыл басынан бері мемлекеттік сатып алуда қадағалау органының актілері бойынша 3,3 млрд. теңгенің 11 заңсыз конкурсы жойылып, 17 лауазымды тұлға түрлі жауапкершілікке тартылды. Мемлекеттік қызметтің беделін түсірген үш адам жұмыстан босатылып, үшеуіне қызметке толық сәйкес еместігі …

Бюджет қаражатын желге ұшырған Read More »