«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қолда барымен бөліскен ағайынға мың алғыс

Табиғаттың бес-он жылда бір рет мінезін көрсетіп, көктем шыға елдің есін жиғызып алатыны бар. Соңғы жылдары қызыл судан айтарлықтай қауіп болмай, еңсемізді тіктеп алған сияқты едік, биылғы көктем тағы да елді әуреге салды. Жаздағы құрғақшылық, күздегі шаруаларға кедергі келтірген жауын-шашын, қыста талай ауылды жарық пен жолсыз қалдырған боран мен қарға көктемгі су тасқыны келіп қосылды. …

Қолда барымен бөліскен ағайынға мың алғыс Read More »

Өткеннен сабақ алмаудың салдары

Су тасқыны әлем жұртшылығын да үлкен әбігерге салып қойды. Мәселен, Италияда  төпелеп жауған нөсер жаңбырдың соңы алапат қарғын су мен лай көшкініне ұласқан. Салдарынан  тасжолдар байланысы үзіліп, көліктерді топан су ағызып әкеткен. Көптеген ғимараттарға  зақым келген. Эквадор астанасы Кито қаласын су басуының негізгі себебі–нөсер жауын. Экологтар  климаттың өзгеруінен Колумбия, Перу, Мексика тағы басқа мемлекеттердің қатты …

Өткеннен сабақ алмаудың салдары Read More »

АРДАҚТЫ АҒА

«Мен үлкен жұмыс атқарып жатырмын. Өңірдегі өрелі журналистің бірімін, еңбегім еленбейтіні қалай?» – деп емеуірін танытпаған, ондай ойы да болмаған ардақты ағамыз Дүйсенбі Әуелбековтің туғанына 95 жыл толып отыр. Елудің ар жақ-бер жағындағы кемел шағында мен ол кісімен бірге қызмет істедім. Жазғандарын оқитын диктор едім. Бұл қызметке 1969 жылы конкурстан өтіп қабылдандым. Осы жұмыстың жетегінде …

АРДАҚТЫ АҒА Read More »

КУРСАНТТАРДЫҢ КӨМЕГІ

Халқымыздың «Ел басына күн туса, ер етікпен су кешер» деген даналық сөзі елімізде болып жатқан соңғы жағдайға дөп басып айтылғандай. Елді мекендерді судан аман алып қалу үшін күні-түні дамбы қазып, бөгет салып жүргендер арасында Петропавл қаласындағы Ұлттық ұланы әскери академиясының курсанттары да бар. Күніне 1000-нан астам қапшыққа құм толтырып, бір аптада 7 бөгет соққан академия …

КУРСАНТТАРДЫҢ КӨМЕГІ Read More »

Зылыйха БИМАҚАНОВА: “Қазақстан тарихы пәнін “Қазақ тарихы” деп өзгертетін уақыт жетті”

– Зылиха , Президентіміз жыл басында алаштанушы Дихан Қамзабекұлына берген сұқбатында биыл Жошы ұлысының 800 жылдығы ел көлемінде аталып өтілетінін айтты. Әңгімеміздің әлқиссасын осы тақырып төңірегінде бастағанды жөн көріп отырмын. – Бұл тақырып бұған дейін де көтерілген болатын. Атап айтар болсақ, 2019 жылы тамыз айында Жезқазған өңірінде ұйымдастырылған «Ұлытау – 2019» халықаралық туризм форумында Мемлекет …

Зылыйха БИМАҚАНОВА: “Қазақстан тарихы пәнін “Қазақ тарихы” деп өзгертетін уақыт жетті” Read More »

Қосымша күш тартылды

Премьер-Министр Олжас Бектенов өңірімізге жұмыс сапарымен келіп,  Есіл өзені арнасынан асып кеткен жағдайда қаланы және жақын маңдағы елді мекендерді су тасқынынан қорғауға арналған бөгеттерді нығайту жұмыстарын тексерді. Үкімет басшысы Қызылжар ауданындағы Тепличное елді мекенінде, облыс орталығындағы  Былғары зауыты кентінде қорғаныс бөгеттерінің жағдайымен танысып, 2017 жылғы су тасқынынан кейін жүргізілген жұмыстардың есебін тыңдады. Қазіргі уақытта Сергеев …

Қосымша күш тартылды Read More »

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтың өңір тұрғындарына арнаған үндеуі             

                                                           Құрметті жерлестер!        Өңірде су тасқыны жағдайы күрделі. Облыс орталығына үлкен су келе жатыр. Қиын сәтте ел басшылығы бізге қолдау білдіруде. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Премьер-Министр Олжас Абайұлы Бектенов облыста жұмыс сапарымен екі рет болды. Қазір өңірде  Үкімет басшысының бірінші орынбасары Роман Васильевич Скляр тасқынға қарсы жұмыстарға басшылық етуде Тұрғындардың өмірін сақтау–біздің …

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтың өңір тұрғындарына арнаған үндеуі              Read More »

Ғылымның қия жолында

«Аты ғажап Ақтас көрші ауылым, Қыз-бозбала көрдім содан тәуірін. Қамсақтыда саңқыл қаққан аққу-қаз, Балқытады Жалғызтаудың» бауырын»,– деп, жерлесіміз, сыршыл ақын Кәкімбек Салықов асыл жақұттай жыр шумақтарын  арнап, әннен өшпес ескерткіш тұрғызған шағын ғана  елді  мекеннің  құнарлы топырағынан  нәр алып, елінің тау тұлғалы қадірменді азаматына айналған жандар аз емес. Бұл орайда, «СССР денсаулық сақтау ісінің озық …

Ғылымның қия жолында Read More »

Бала – ата-анаға аманат

Бүгінгі таңда  өзекті мәселелердің бірі – жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу.  Мемлекет басшысы кәмелетке толмағандар арасындағы заңға қарсы әрекеттердің кез келген түріне қарсы  профилактикалық жұмыстарды күшейтуді бірнеше рет атап көрсетті. Қазақстан Республикасы Конституциясының 27-бабының  2-тармағына сәйкес,  балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу  ата-ананың құқығы әрі міндеті болып табылады. «Неке және отбасы туралы» кодексте балаларды …

Бала – ата-анаға аманат Read More »

ҚАРҒЫН СУ ҚАМСЫЗДЫҚТЫ КЕШІРМЕЙДІ

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келіп, өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетовпен бірге су тасқыны қаупі төніп тұрған елді мекендерді аралады. Қызылжар ауданындағы  Тепличное, Прибрежное  ауылдарының, Петропавл қаласындағы Былғары зауыты кентінде, Ущев көшесінде  орналасқан  бөгеттердің, «Қызылжар Су» ЖШС-нің 1-ші және 2-ші сорғы станцияларының инженерлік-инфрақұрылымдық жай-күйімен танысты. Тексеру барысында Үкімет басшысының орынбасары  су …

ҚАРҒЫН СУ ҚАМСЫЗДЫҚТЫ КЕШІРМЕЙДІ Read More »

ҒАСЫРДАН ДА ҰЗАҚ КҮН

1995 жылдың 7 сәуірі – ел тарихындағы қаралы күндердің бірі. Осыдан 29 жыл бұрын Тәжікстанның Пшихавр таулы шатқалында әскерилер мен моджахедтер арасында 4 сағаттан аса уақытқа созылған ауыр ұрыс болып, қазақстандық 17 жауынгер қаза тауып, 40-қа жуық сарбаз түрлі ауыр жарақат алды.  Моджахедтердің  тұтқиылдан жасаған шабуылынан Пшихавр шатқалында болған қанды шайқастың тікелей қатысушысы, тәжік-ауған ардагері …

ҒАСЫРДАН ДА ҰЗАҚ КҮН Read More »

Дипфейк: алаяқтықтың жаңа деңгейі

Соңғы жылдары алаяқтар азаматтарды алдау үшін жаңа технологияларды белсенді қолдануда.  Дипфейк – бұл кибершабуылдар мен азаматтардың құпия деректерін ұрлаудың тамаша құралы, ол жоқ адамдарды «тірілтуге», кез келген дауысты, мимиканы бұрмалауға, сөйлеуге, адам ешқашан айтпаған сөздерді қосуға мүмкіндік береді. «Дипфейк технологиясы ең қуатты нейрондық желілерге негізделген, олардың көмегімен кез келген фото және бейнекескіндер жасалады, дауыстың тоналдылығы, …

Дипфейк: алаяқтықтың жаңа деңгейі Read More »

ЖҮГЕНСІЗ ЖАСӨСПІРІМДЕР

Облыстың кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты  ұрлық, бұзақылық және билік өкіліне күш қолданды деген айып тағылған Григорий Агаев пен оның төрт сыбайласына  үкім шығарды. Негізгі айыпталушы Григорий Агаев тағы екі жасөспіріммен бірге өткен жылдың 23 қазанында облыстық балалар ауруханасына баса көктеп кіріп, дәрігерлерге шабуыл жасаған. Жасөспірімдер аяғы сынып, ем алып жатқан 15 жастағы …

ЖҮГЕНСІЗ ЖАСӨСПІРІМДЕР Read More »

Бөгеттер нығайтылуда

Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов облыс орталығы мен Қызылжар ауданы бойынша  су тасқынының алдын алу жайын тексеріп, Ущев көшесі бойындағы, Былғары зауыты және Заречный  кенттеріндегі, сондай-ақ Тепличное мен Прибрежное  ауылдарындағы бөгеттерді бақылады. «Су  тасқынының шарықтау шегі әлі алда. Қазіргі уақытта бөгеттерді  нығайту жұмыстары жүргізілуде. Осы салаға жауапты мамандар тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру шараларын күшейтулері қажет. Эвакуациялау пункттері …

Бөгеттер нығайтылуда Read More »

Еңбекке ерте жастан баулу керек

Облыстық қоғамдық кеңестің кезекті отырысында  білім беру жүйесіндегі өзекті тақырып – оқушыларды еңбекке балу мәселесі талқыланды. Алғашқы болып баяндама жасаған  қоғамдық кеңес мүшесі Гүлбақша Мұсабаеваөңірімізде   жалқау балалардың саны артып келе жатқанын  айтты.  Жеткіншектердің дені бар уақыттарын телефондағы әлеуметтік желілерде өткізетіндіктен, олардың ел экономикасына пайда әкелетін мамандықтарға қызығушылықтары жоғалған. Олардың көбі  блогер, таргетолог болуды армандап, оңай …

Еңбекке ерте жастан баулу керек Read More »

Қызметін асыра пайдаланған

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Айдос Жүнісов өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасын жүзеге асыру бағытында атқарылып жатқан іс-шаралар туралы  баяндады.  «Бүгінгі таңда  Агенттік қызметінің басты  бағыты қоғамды жегідей жеген індеттің салдарымен емес, себебімен күресі болып табылады. Оның ішінде  азаматтардың өмір сүру сапасына кері әсер ететін келеңсіз құбылыстарға …

Қызметін асыра пайдаланған Read More »

Арзан азық-түлік бөлінеді

Өңірде күрделі су тасқынынан зардап шеккен елді мекендерге тұрақтандыру қорынан  бірінші қажетті азық-түлік тағамдары мен өнімдері  бөлінбек. Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов тұрақтандыру қорының қазіргі ахуалымен танысты. Бүгінгі таңда онда 9 мың тоннадан астам көкөніс, күріш, қарақұмық, макарон, қант, тұз, тауық еті, жұмыртқа, күнбағыс майы сияқты әлеуметтік маңызы бар өнімдер жинақталған. Бұл қор 5 айға дейін …

Арзан азық-түлік бөлінеді Read More »

Хорватия елшісімен кездесті

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Хорватияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті  елшісі Рефик Шабановичпен кездесіп, өзара ынтымақтастық мәселелері талқыланды.   Жыл басында өткен экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Хорватия үкіметаралық комиссиясының бірінші отырысында  энергетика, ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі, көлік, ақпараттық технологиялар, туризм және денсаулық сақтау салалары бойынша тығыз байланыс орнатуға уағдаласқан болатын. Осылайша екі ел арасындағы әріптестік байланыс  жаңа …

Хорватия елшісімен кездесті Read More »

ҚАЙТА ОРАЛҒАН КӨКТЕМ

Әминә ӘУБӘКІРОВА, 52 жаста. Махаббаттың қайығында сүйікті адамыңмен бірге тербелген қайран кездер-ай. Жастық шақта өмірдің қызығын көріп, әр күнді ойын-сауықпен өткізіппіз ғой. Сол жылдар менің өмірімнің жайнаған көктемі сияқты елестейді. Сол көктемді енді оралмастай көретінбіз. Оқуды енді ғана аяқтаған бір топ қыз-жігіттер мәре-сәре болып, үлкен қаланы думанға бөлеп жатушы едік. Бұрымдары беліне түскен аяулы құрбылар, …

ҚАЙТА ОРАЛҒАН КӨКТЕМ Read More »

«ҚҰС БОЛСАҢ, ЖІБЕКТЕН БАУ ТАҒАР ЕДІМ…»

Халқымыз небір қиындықты басынан өткерді ғой. Аумалы-төкпелі заманда әні мен күйінен, жыры мен сазынан айырылудың аз-ақ алдында қалғаны жалған емес.  Ұлтымыздың тұғырлы таланттары саналатын көптеген  ақынның туындылары халық әні деген атауға телінді.  Бір өкініштісі, бүгінге дейін біз  бірқатар әнді авторсыз атап, халық әні деп жүрміз. Солардың бірі – «Қараторғай». Бұл шығарманың бірнеше нұсқасы бар.  Мен  …

«ҚҰС БОЛСАҢ, ЖІБЕКТЕН БАУ ТАҒАР ЕДІМ…» Read More »